Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Петропавлда патриоттар форумы өттi

Петропавлда патриоттар форумы өттi

Петропавлда 4 маусым мемлекеттiк рәмiздер күнiне орай Патриоттар форумы ұйымдастырылды. Оған зиялы қауым өкiлдерi, еңбек ұжымдары, әскерилер мен жастар, сондай-ақ облыс әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахмет қатысып, Жастар сарайына жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

1992 жылы 4 маусымда алғаш рет Қазақстанның жаңа мемлекеттiк рәмiздерi бекiтiлдi. Сондықтан бұл күн ел тарихында ерекше мәнге ие. Жыл сайын Республика бойынша айтулы датаға орай түрлi шаралар өткiзiледi. Бүгiнгi патриоттар форумы оған дәлел.

Мадияр Қожахмет, облыс әкiмiнiң орынбасары:

— Қазақстандықтар сiздердi ҚР мемлекеттiк рәмiздер күнiмен шын жүректен құттықтаймыз. ҚР мемлекеттiк рәмiздерi бұл егемендiк пен тәуелсiздiктiң, халық бiрлiгi мен мемлекеттiк билiктiң атрибуттары. Сол себептi 4 маусым Тәуелсiздiк күнi секiлдi маңызды мейрам. Нағыз патриоттық мереке болып табылады. Тек егемендi елдер де ғана өзiнiң мемлекеттiк туы мен гимнi, елтаңбасы болады. Сондықтан да көк байрақтың астында барлығымыздың жүрегiмiз отан деп соқсын.

Жиын барысында өз iсiне адал, жоғары азаматтық ұстанымы және патриоттығымен көзге түскен түрлi сала мамандары марапатталды.

Марапатталғандардың арасында ТЖД Ақжар аудандық бөлiмiнiң аға инженерi Диана Жапарова да бар. Нәзiк жан мұндай жауапты әрi машақатты мамандықты абыроймен атқарып жүр. Темiрдей қатал тәртiпке бағынып, ерлермен иық тiресе қызмет етiп жүрген ару құтқарушы мамандығын таңдағанына еш өкiнбейдi, керiсiнше мақтан тұтады.

Диана Жапарова, СҚО ТДЖ Ақжар аудандық бөлiмiнiң аға инженерi:

— Әрине мемлекеттi рәмiздер күнiне арналған форум бұл мемлекеттiк қызметкерлерге үлкен абырой. Неге десеңiз әрбiр қызметкер осы елi үшiн, халқыүшiн қызмет етедi.Өзiм ТЖД — да жұмыс iстегесiн бiздiң қызметiмiз ол құтқару қызметi. Бұл ендi ешқашан халықтың денсаулығына зиян келтiрмеу және де халықтың әрбiр адамның өмiрiн құтқарып қалу, мүлiктерiн сақтап қалу деген осы бiздiң қызметтегi жiгiттер күнде — күнде ерлiк жасап жатады. Соны бiз мақтан тұтып, осы қызметте жұмыс iстеген үлкен бiр абырой және де мың да бiр сауап деп өзiм есептеймiн.

Мерекелiк шараға жиналғандардың басым бөлiгi — жастар. Олардың айтуынша елiмiздiң елдiгi мен егемендiгiн паш ететiн мемлекеттiк рәмiздердi әрбiр Қазақстан тұрғыны ардақтауы тиiс. Өз кезегiнде мұндай форумдар өскелең ұрпақты отансүйгiштiкке тәрбиелеп, патриоттық сезiмдерiн нығайтары сөззсiз.

Сәния Мұқанова, каратэден Еуропа және Қазақстан чемпионы:

— Бүгiн бiздiң қаламызда, сондай-ақ бүкiл Қазақстанда үлкен мерекелiк шара өтiп жатыр. Бұл датаның маңызы зор. Бiр қуантарлық жағдай, бүгiнгi шараға жиналғандардың басым бөлiгi жастар. Осындай отансүйгiш, патриот жастармен Елiмiздiң болашағы жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Елiмiз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Шара концерттiк бағдарламаға ұласты. Мың бұралған бишiлер мен әсем дауысты әншiлердiң өнерi мерекенiң шырайын ашып, жиналған жұртшылыққа көтерiңкi көңiл күй сыйлады.

Ақпарат көзi: http://petropavltv.kz/kz

Петропавлда патриоттар форумы өттiПетропавлда патриоттар форумы өттi

Мақаланың шыққан күні: 04.06.2018

Қаралым саны: 801

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Промышленная Революция 4.0
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14
15
16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
A- A A+