Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Ардагерлердiң үндеуi

Құрметтi петропавлдықтар!
Қымбатты бiздiң балаларымыз және немерелерiмiз!

Бiз, аға ұрпақ өкiлдерi, қарияларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық сенбiлiгiн өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң шешiмiн қолдау туралы үндеу жолдап отырмыз.

Бағымызға қарай, бiз бейбiтшiлiк пен келiсiмдiлiк жағдайында өмiр кешiп отырмыз, зейнетақымызды тұрақты түрде аламыз. Бiз, қарттар, ауыр өмiр жолын жүрiп өттiк, әлi де сол жолмен жүрiп келе жатырмыз. Өмiр бiзге мейiрiмдiлiк танытты дей алмаймыз: балалық шақтан айырылдық, суық, аштық, соғыс, қираған шаруашылықтарды қалпына келтiру, тың игеру, ғарыш, жаңа егемендi мемлекет құру сияқты қиындықтарды бастан кешiрдiк. Бiздiң арамызда Ұлы Жеңiстi жақындатқан 67 сарбаз, 3892 тыл еңбеккерi, құрсаудағы Ленинград тұрғындары, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен жерлестерiмiз бар. Бiз әрбiр күнiмiзге, балаларымыз бен немерелерiмiздiң, көршiлерiмiз бен жақындарымыздың жетiстiктерiне, туған қаламыздың амандығына, айналамызда болып жатқан жақсылық атаулының бәрiне қуанамыз. Ал жанымыздағы адамдар бiздi түсiнбесе, керек емес деп есептесе, керiсiнше, жабырқаймыз. Бiз бала кезiмiзден бастап өмiрге, еңбекке деген сүйiспеншiлiкке, адамдарға қамқорлық жасауға, көңiл бөлуге тәрбиелендiк. «Алаған қолым береген» деген мәтел тектен-текке айтылмаса керек.

Қарттар күнiне бөлген сiздердiң көмектерiңiз өздерiңiзге табыс, денсаулық пен жақсылық сыйласын!

Құрметпен, С.Ф. Башкиров, Петропавл қаласының құрметтi азаматы, Ұлы Отан соғысына қатысушы;

Г.В. Кухарь, Петропавл қаласының құрметтi азаматы, еңбек ардагерi;

А.Е. Липовой, Петропавл қаласының құрметтi азаматы, тыл еңбеккерi;

А.И. Мишин, Петропавл қаласының құрметтi азаматы, еңбек ардагерi;

С.Қ. Тасеменова, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрайымы;

Е.И. Кужелева және т.б.

Қайырымдылық қаражатын және демеушiлiк көмек аудару үшiн реквизиттер:

БИН 961141002819
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Петропавл қалалық филиалы
«БанкЦентрКредит» АҚ ИИК КZ 338560000000044019
БИК KCJBKZKX
КБЕ 18, КНП 119
Телефон/факс: 46-50-71
Мекенжай: 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23, 114-шi кабинет (қалалық әкiмдiк).

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018

Қаралым саны: 912

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Промышленная Революция 4.0
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13
14
15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қаржы орталығы
A- A A+