Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Экономика || 2016 жылғы қалалық бюджеттiң бюджеттiк бағдарламаларын орындау туралы аналитикалық есеп

2016 жылғы қалалық бюджеттiң бюджеттiк бағдарламаларын орындау туралы аналитикалық есеп

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
2017 ж.________№___
қаулысына қосымша

2016 жылғы қалалық бюджеттiң
бюджеттiк бағдарламаларын орындау
туралы аналитикалық есеп

Қалалық бюджеттiң кiрiс бөлiгi 109%-ға атқарылды. Жоспар 11690,9 млн. теңге болған жағдайда кiрiстер 12714,1 млн. теңгенi құрады.

Жоспар 1023,2 млн. теңгеге асыра орындалды, соның iшiнде пәтерлер сатудан тiскен кiрiстер есебiнен — 918 млн. теңге, меншiктi кiрiстер — 105,2 млн. теңге (көлiк — 58 млн. теңге, мемлекеттiк баж — 36,2 млн. теңге, тағы басқалары — 11 млн. теңге).

2015 жылға қарағандағы динамика: 112,1% (+1375,9 млн. теңге).

Соның iшiнде кiрiс көздерi бойынша:

Әлеуметтiк салық: жоспар — 5068,8 млн. теңге, нақты орындалу — 5064,2 млн. теңге немесе 99,9% (-4,6 млн. теңге). Кiрiс көлемiнiң iшiндегi үлес 40%-ды құрады.

Алкоголь акцизi: жоспар — 2500 млн. теңге, нақты орындалу — 2492,6 млн. теңге, 99,7% (-4,6 млн. теңге). Кiрiс көлемiнiң iшiндегi үлес 19,6%-ды құрады.

Пәтерлер сатудан түскен кiрiстер: жоспар — 308 млн. теңге, нақты орындалу — 1225,9 млн. теңге, (+918 млн. теңге). Кiрiс көлемiнiң iшiндегi үлес 9,6%-ды құрады.

2016 жылғы бюджет шығындары 60%-ға жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер есебiнен қаржыланлырылды. 18,8 млрд.теңге бөлiндi, бұл 2015 жылға қарағанда 2 млрд. теңгеге көп. Бұл ретте, бюджеттiң ағымдағы шығындарына 6,8 млрд. теңге бағытталды, дамыту бюджетi 12 млрд.теңге.

Шығындар 99,4%-ға игерiлдi. 30934,8 млн. теңге жоспар негiзiнде 30730 млн. теңгеге шығындар атқарылды.

Орындалмау сомасы — 204,8 млн. теңге (2015 жылы орындалмау 356,7 млн. теңгенi құрады (99%).

РБ бөлiнген нысаналы трансферттер 98,5%-ға игерiлдi (орындалмау 182,6 млн. теңге).

Жергiлiктi бюджеттiң қаражаты 99,9%-ға игерiлдi (орындалмау 22,2 млн. теңге).

Құрылыс саласы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы негiзiнде РБ есебiнен — 181,1 млн. теңге (92,1%) тұрғын-үйлердiң аумағын абаттандыру бойынша:

Береке ш.а. 75 пәтерлi тұрғын-үйге ИКИ (№3 алаң, №1 үй) — 31,5 млн. теңге («Титан-Север» ЖШС);

Береке ш.а. 75 пәтерлi тұрғын-үйге ИКИ (№3 алаң, №2 үй) — 29,5 млн. теңге («Титан-Север» ЖШС);

Береке ш.а. 75 пәтерлi тұрғын-үйге ИКИ (№3 алаң, №3 үй) — 31,8 млн. теңге («Титан-Север» ЖШС);

Жуков к. бойынша №1 78 пiтерлi тұрғын-үйге ИКИ — 14,4 млн. теңге («Қият-Құрылыс» ЖШС);

Береке ш.а. 116 пәтерлi тұрғын-үйге ИКИ — 45,4 млн. теңге («Севимсталькон» ЖШС);

Береке ш.а. 96 пәтерлi тұрғын-үйге ИКИ — 28,5 млн. теңге («Севимсталькон» ЖШС);

Бұл шығындарды 2017 жылы толық қолдану жоспарлануда.

Басқа ББӘ бойынша — 1,5 млн. теңге — жұмысқа жарамсыздық парақтарына және бос орындарға байланысты пайда болған үнемдiлiк.

Жергiлiктi бюджет — 22,2 млн. теңге (99,9%).

Құрылыс — 8,6 млн. теңге:

  • Береке ш.а. сақтандыру бөгетiнiң құрылысына ЖСҚ жасау — 0,5 млн. теңге үнемдеу (ҚБ);
  • тұрғын-үйлердi салуға ЖСҚ жасау бойынша мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу — 5,6 млн. теңге (ҚБ);
  • Береке-2 ш.а. жылу жолының құрылысына ЖСҚ дайындауға — 0,5 млн. теңге үнемдеу (ҚБ);
  • Солнечный-2 кентiнде ИКИ дамыту және абаттандыру (1 кезек) — 1,4 млн. теңге, конкурс өтпей қалды;
  • теннис орталығы құрылысының ЖСҚ бойынша мем.сараптамадан үнемдеу — 0,6 млн. теңге.

Спорт — 1,3 млн. теңге жарықтандыру бойынша жұмыстарды атқару мүмкiн болмағандықтан жабық спорт ғимаратының құрылысы аяқталмай қалды.

ТКШ — 10,4 млн. теңге: КОС жобасы бойынша авторлық және техникалық қадағалау бойынша үнемдеу — 6 млн. теңге; мемлекеттiк сатып алудан үнемдеу — 4,4 млн. теңге.

«Бiлiм беру» саласы бойынша 7658,2 млн. теңгеге шығындар қаржыландырылды, соның iшiнде РБ есебiнен — 2942,4 млн. теңге; ОБ — 24,1 млн. теңге, ҚБ — 4691,7 млн. теңге.

2015 жылмен салыстырғанда шығындар 1639,4 млнүтеңгеге өстi немесе 27,3%.

Ағымдағы жөндеу бiлiм берудiң 22 мекемесiнде өткiзiлдi (73,8 млн. теңге, соның iшiнде ЖБ — 24,3 млн. теңге, РБ — 49,5 млн. теңге).

Күрделi жөндеу 212 млн. теңге сомасына 27 мекемеде өткiзiлдi. Өткiзiлген жұмыстар: шатырды жөндеу (№2, 21 орта мектеп, Дарын мектебi), терезе блогтарын ауыстыру (Бiрiншi гимназия, №7, 43 ОМ, БЭСТ, Петушок және Ақ-көгершiн сәбилер балабақшалары), жылыту жүйелерiн жөндеу (№2 ОМ), электрмен жабдықтау жүйелерiн жөндеу (№2 ОМ), санитарлық тораптарды жөндеу (БЭСТ), ғимараттардық қасбетiн жөндеу.

Арнайы мектепке дейiнгi ұйымдарға бармайтын, дамуындағы ақаулары бар 7 жасқа дейiнгi балаларға кешендiк педагогикалық және әлеуметтiк-психологиялық түзету бойынша көмек көрсету үшiн жағдайлар жасалды. Көмекке мұқтаж болған 220 балаға 12 маманы бар 2 кабинет ашылды.

Мектеп оқушылары 100%-ға тегiн кiтаптармен қамсыздандырылды (НТ — 121 млн. теңге, ҚБ — 18,4 млн. теңге). 392 компьютер сатып алунды. Асханаларда технологиялық жабдықтарды ауыстыруға 7,7 млн. теңге жұмсалды.

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы» бағдарламалары бойынша жылдық доспар 9466 млн. теңгенi құрады, кассалық орындалу 9455,6 млн. теңге немесе 99,9%.

РБ есебiнен қаржыландыру — 6619,9 млн. теңге, ОБ — 1410,1 млн. теңге, ҚБ — 14366 млн. теңге. 2015 жылмен салыстырғандағы шығындардың өсiмi 1857,8 млн. теңгенi құрады немесе 24,5%.

2016 жылы қала көшелерiнде 671,2 млн. теңгеге шұңқырларды жөндеу және орташа жөндеу, 38 млн. теңгеге топырақты жолдарды ұсақ тастармен төсеу жүргiзiлдi.

Орташа жөндеу 16,8 км. аумақта 13 көшенiң бөлек телiмдерiн қамтыды, соның iшiнде «Заречный» кентiне кiре берiс көше.

8 аялдама павильондары, 25 бағдаршам, 21 мың км-ге жаяу жол, 25 мың км. көгал орнатылды.

Топырақты жолдарды ұсақ тастармен төсеу жұмыстары 250 мың км. аумақтағы, 56,5 км. ұзындықтағы 97 көше бойынша жүргiзiлдi (2015 жылдан 39,5 км-ге көп). Жұмыстармен Береке, Подгора, Кирпичный, Карьерный, Рабочий, Копай, Солнечный, Борки, қаланың орталық бөлiгi, 5 бақ шаруашылықтарының бiрлестiктерiне кiрме жол қамтылды.

Жаңа жаяу жолдар 19 мың км-ден артық аумақта 12 көше бойынша орнатылды: мәдениет пен демалыс саябағында, Заречный кентiнде.

Балалар ойындарының алаңдары 80 үй аулаларында орнатылды, шығындар — 29,8 млн. теңге.

Асфальт-бетондық төсемдердi орташа жөндеу 91 мың. км-ден артық аумақта өткiзiлдi, бұл 107 үй аумақтарын қамтиды, шығындар — 274,4 млн. теңге.

«Ракета», «Тихая роща», «Каштан» — 3 бақ шаруашылығының бiрлестiктерiнде сыртқы электрмен қамту жүйелерiн орнату бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Бұл 1450 бақ учаскелерi. Бюджет шығындары 20 млн. теңгенi құрады.

11 аялдама павильондары орнатылды, 5 бақ шаруашылықтарының бiрлестiктерiне апаратын 3 км. топырақты жолдарды ұсақ тастармен төсеу жүргiзiлдi.

Қ. Конституциясы көшесiн қайта құру жобасына сәйкес жарықтық-әуендiк фонтаны, 30 бiрлiк шағын сәулеттiк формалары бар «Қызылжар» кешенi сатып алынды, Амангелдiден Парковаяға дейiнгi көшеге және театр алаңына 12 мың м2 аумағында тас төсеуiштердi ауыстыру жүргiзiлдi.

Қалалық мәдениет пен демалыс саябағында шағын сәулеттiк пiшiндер, мүсiндердiң композициялары бар «Ана мен бала» саябағы орналастырылды. Бұнда тас төсемелерi салынды, көгалдандыру жүргiзiлдi, негiзi жарақат алудан қауiпсiздендiрiлген және көше жаттығу құрылғыларының жиынтығы бар (8 жаттығу құрылғысы) көп функционалды спорт алаңы жабдықтандырылды. Скейт-парк орнатылды.

К.Сүтiшев-М.Жұмабаев көшелерiнiң қиылысында тас төсемелерi орнатылып, шағын сәулет пiшiндерi, сәндiк жарықтандыру, қоршау, көгалдандыру жүргiзiлдi.

Жеңiс саябағында күштiк гимнастикамен айналысатын жаттығу құрылғылары орнатылды (стрит-воркаут). Бұндай жаттығу құрылғылары Борки кентiнде, Абай к. 82, Театральная к. 47 мекен-жайларындағы тұрғын-үйлердiң алаңдарында орналастырылды. 4 дана жасанды төсемелер жабылған мини-фудбол алаңы тұрғын-үй алаңдарында орналастырылды (Партизан 185, Қизатов 5п, Бiрiншi гимназия, түзету мектеп-интернаты).

«Құрылыс» бағдарламалары бойынша жылдық жоспар 7356 млн. теңге, кассалық орындалу 7166,3 млн. теңге немесе 97,4%, игерiлмеу 189,7 млн. теңге.

РБ есебiнен — 2122,8 млн. теңге, ОБ — 4834,3 млн. теңге, ҚБ — 209,2 млн. теңгеге шығындар қаржыландырылды.

10 тұрғын-үй құрылысына iшкi қарыздар есебiнен бөлiнген 3399,5 млн. теңге сомасындағы қаражат (облигация) толық көлемде игерiлдi.

Бюджет қаражаты есебiнен жас отбасыларға 75 пәтерлi тұрғын-үй тапсырылды. Барлық санаттағы азаматтар үшiн «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкi» жүйесi бойынша өткiзiлген 220 пәтерлi 3 үй (55, 75, 90 пәтерлi тұрғын үй) тапсырылды. Есептi жылы бұл мақсаттарға 820 млн. теңге жұмсалды.

Ж. Қизатов көшесi, В9 мекен-жайы бойынша орналасқан 126 пәтерлi жалдамалық-коммуналдық тұрғын-үй пайдалануға тапсырылды. Бұл нысанды құруға 295,9 млн. теңге жұмсалды.

Ұлттық қор қаражатының есебiнен 2303,9 млн. теңге сомасына 12 тұрғын-үй жобаларына сыртқы инженерлiк жүйелердiң құрылысы, «Жас-Өркен» шағын ауданында инженерлiк-коммуналдық инфрақұрылымдар дың құрылысы 2-кезек (жылумен қамтамасыз ету) — 549,6 млн. теңге, сумен қамтамасыз ету — 129,9 млн. теңге, электрмен қамтамасыз ету және РТП 10/0,4 кВт электр жүйелерiне қосу — 183,5 млн. теңге, «Северная» электрлiк қосалқы станциясы — 647 млн. теңге жүргiзiлдi.

«Халықты әлеуметтiк қорғау» саласы бойынша 763,5 млн. теңгеге шығындар қаржыландырылды, соның iшiнде РБ есебiнен — 261,4 млн. теңге, ОБ — 3,4 млн. теңге, ГБ — 497,8 млн. теңге. 764,5 млн. теңге жылдық жоспар негiзiнде 99,9% игерiлдi.

Жұмыс берушiлердiң өтiнiмдерi бойынша тұрақты жұмыс орындарына 1390 адам орналастырылды. (2015 жыл — 2621 адам). 2405 жаңа жұмыс орындары ашылды (2015 жыл — 2526 адам).

Қаланың 30 ұйымында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, оған 868 жұмыссыз адам бағытталды.

Кәсiптiк оқытуды 190 адам өттi, оқыту аяқталған соң 74%-ы жұмысқа орналастырылды.

«Мәдениет» саласы бойынша шығындар 167,3 млн. теңгеге қаржыландырылды, соның iшiнде РБ есебiнен — 28,4 млн. теңге, ҚБ — 138,9 млн. теңге. Бөлiнген қаражат 100% игерiлдi.

2015 жылмен салыстырғанда шығындардың өсiмi 48,8 млн. теңгенi құрады немесе 41,2%.

550-ден аса жалпы қалалық iс-шаралар өткiзiлдi.

«Iшкi саясат» бағдарламалары бойынша 37,5 млн. теңге сомасына шығындар қаржыландырылды, соның iшiнде РБ есебiнен — 5 млн. теңге, ОБ — 5 млн. теңге, ҚБ — 27,5 млн. теңге. Толық көлемде игерiлдi. 2015 жылмен салыстырғандағы өсiм 13,8 млн. теңгенi құрады немесе 58,2%.

2016 жылы Жастар бастамаларының орталығын қаржыландыру мәселесi шешiлдi. Штат 8 бiрлiк мөлшерiнде жасақталды, материалдық-техникалық база мәселелерi шешiлдi.

Мемлекеттiк-әлеуметтiк тапсырыс аясында жастар саясаты бойынша 6 жоба iске асырылды. 48 мың адамның қатысуымен 315 iс-шара өткiзiлдi.

«Спорт» саласы бойынша шығындар 208,7 млн. теңге сомасына қаржыландырылды, соның iшiнде РБ есебiнен — 52,5 млн. теңге, ОБ — 146,2 млн. теңге, ҚБ — 10 млн. теңге. 212,7 млн. теңге жылдық жоспар негiзiнде 208,7 млн. теңге игерiлдi немесе 98,1%. 2015 жылмен салыстырғандағы шығындардың өсiмi 107,8 млн. теңгенi құрады немесе 91,6%.

23 мың адамның қатысуымен 170 жалпы спорттық iс-шаралар өткiзiлдi.

10.07.2017 12:11


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы