Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қала туралы || Қаланың рәміздері

Қаланың рәміздері

Қаланың рәміздері Петропавл қаласының елтаңбасы туралы ереже

Қала әкімшілігінің 2002 жылғы _____ № __ қаулысына

№ 3 қосымша

Петропавл қаласының елтаңбасы Петропавл қаласының рәмізі болып табылады.

Осы ереже Петропавл қаласы елтаңбасының (бұдан әрі — Елтаңба) сипаттамасын, оның жаңғыртылуы мен ресми қолданылуын анықтайды.

1. Елтаңбаның сипаттамасы

Елтаңба айналасы дәстүрлі қазақ ою — өрнегімен жиектелген шаңырақтың бейнесін ұсынады. Елтаңбаның төменгі жағында — «Петропавл» деп жазылған лента.

Шаңырак 21 ғасырдың басындағы қаланы топығырақ сипаттайтын 4 элемент — нышанды біріктіреді:

«кілт» — географиялық орналасқан жері «Қазақстанның солтүстік қақпасы»;

«бидай масағы (бауы)» — ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуі дамыған аграрлы аймақ орталығы;

«тістегершік» — өнеркәсіп және машина жасау;

«ашылған кітап» — білім және мәдениет.

Түрлі — түсті бейнедегі Елтаңба — 2 түсті: сары және көк-жасыл.

2. Елтаңбаны жаңғырту

Жаңғыртылған Елтаңба бейнесі оның мөлшерінен байланыссыз қала әкімі аппаратында сақталатын этолонның түрлі-түсті немесе қара-ақ бейнелеріне дәл келуі тиіс.

Елтаңбаның бұрмалану жағдайларын болдырмау мақсатында оны жаңғыртқан жағдайда нобай қала сәулетшісімен міндетті бекітуіне жатады.

3. Елтаңбаны қолдану

Елтаңба бейнесі қойылуы мүмкін:

  • Қала әкімі аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелері, қалалық мәслихат, бюджеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында;
  • қала әкімі, қалалық мәслихат хатшысының кабинеттерінде, қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың мәжілістері өткізілетін залдарда, сондай-ақ басқа өңірлердің ресми делегацияларын қабылдайтын залдарда;
  • қала әкімі аппараты мен қалалық мәслихаттың ресми басылымдарында;
  • қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының естелік құттықтамаларында, алғыс хаттарында;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аншлагтарында;
  • қаланың қөрінісі бейнеленген полиграфиялық өнімде (ашық хаттар, плакаттар, жалаушалар), сыртқы, ақпарат құралдары мен жарнамаларда.

Елтаңбаны коммерциялық, жарнамалық және өзге-де мүдделерде қалалық қәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қолдануға рұқсат етіледі.

Петропавл қаласының дамуы мен оның тыныс-тіршілігінің ерекшелітерін көрсететін визит картасы Елтаңба болып табылады. Ол периметрі бойынша қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен шеңбер түрінде орындалған және стильге келтірілген скиф қалқанды бейнелейді. Шаңырақ (қазақтың дәстүрлі киіз үйінің төбесіндегі орталық саңылауы) Елтаңбаның оюына үйлесімді келіп тұр, оны бекітетін доғалар шеңберді 4 бөлікке бөледі, оның әрқайсысында XXI ғасырдың басындағы Петропавлды сипаттайтын 4 негізгі элемент бейнеленген. Жоғарғы секторда «Қазақстанның солтүстік қақпасы», қаланың географиялық орналасқан жерінің нышаны кілт орналасқан. Бұдан әрі қала, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін маңызы зор болып келетін бидай масағы орналасқан. Төменгі бөлігінде қаланың жоғары мәдени және білім-деңгейін көрсететін ашылған кітап бейнеленген. Келесі секторды өнеркәсіп пен өндірісті бейнелейтін тістегершік алып жатыр. Мемлекеттік тілде қала атауы жазылған лента композицияны аяқтайды.

03.05.2012 12:59


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімБолашағымыз — бірліктеҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы