Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ

И. Шухов атындағы қалалық кiтапхана 1976 жылы Петропавл қаласында орталандыруды жүзеге асыру кезiнде орталық қалалық кiтапхана № 10 қалалық жаппай кiтапхана базасында ұйымдастырылған. 1977 жылы кiтапхана Пролетарская, 65 көшесiнде жаңа ғимаратқ көштi, қазiргi кезде Брусиловский көшесi, 65. 1977 жылдың желтоқсан айында Орталық қалалық кiтапханасына қазақстандық белгiлi жазушысы Иван Петрович Шуховтың аты берiлдi. «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ бағынатын кiтапханалар: № 1 кiтапханасы, 2005 жылы 30 қыркүйекте ашылды, № 2 кiтапхана 2007 жылы I тоқсанында берiлдi, Зағиптар және нашар көретiн азаматтарға арналған мамандырылған кiтапхана.

Мекен жайы: СҚО, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесi, 65.

Директор: Г.Т. Бикенева

Телефон, факс: 33-19-57 қабылдау

500-410 — бухгалтерия

500-411 — қорды толықтыру және өңдеу бөлiмi

500-409 — ересек абонемент

Е-mаil: shuhov_lib@mail.ru

Сайт: http://shuhovlibrary.sko.kz/

Жұмыс тәртiбi:
Сағат 10.00-ден, 19.00-ге дейiн
Демалыс күнi — жұма
Айдың соңғы күнi — санитарлық күн

2020 ж. 01.01. кiтап қорының жағдайы туралы

Қалалық бюджеттен қызмет көрсететін нысандар бойынша көрсеткіштердің атаулары Өлшеу бірліктері
Қызмет көрсететін қалалық кітапханалардың саны 4 бірлік
Кітап қоры
соның ішінде мемлекеттік тілде
144383 дана
24175 дана
Сатып алынған кітаптар,
соның ішінде мемлекеттік тілде
6143 бірлік
1241  
Кітап қорының толығу бөлігі 4,3%
Мемлекеттік тілде кітап қорының бөлігі 16,7%
Доля библиотечного фонда, введенного в электронный каталог %
Орталықтандырылған кітапханалық жүйеге келушілердің саны соның ішінде көру қабілеті бойынша мүгедектер, зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған қаладағы жалғыз кітапханаға келу   адам
Оқырмандар саны 10839
Келушілер саны 101824
Кітап берілім саны 236362

Бiздiң Республикамыздың өмiрiнде маңызды оқиғаны нұрландыратын шаралар Петропавл қ. ОКЖ кiтапханаларымен дайындалып, өткiзiлдi. 2019 жылы негiзгi тiрек коворкингтiң ашылуы болды.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ15 мамыр күнi И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананы «Jastar Time» атты таңғажайып, жарқын, қайталанбас кiтапхана түнi баурап алды!

Iс-шара Қазақстандағы жастар жылына арналды, сондықтан қаланың жас тұрғындары негiзгi қатысушылары болды. Ауыр күннен кейiн жастарға әдебиет, музыка, би, театр әлемiне саяхат жасау ұсынылды. Кiтапханамен танысуға, өз бiлiмi мен эрудициясын тексеруге, қиялын жаңғыртуға, шығармашылық қабiлеттерiн көрсетуге мүмкiндiк берiлдi.

Кiтапхана түнi жастарға арналған coworking орталығын ашудан басталды. Кештiң жалғасы ретiнде coworking-те Modern Qazaqstan жастар қозғалысы мен Солтүстiк Қазақстан облысының Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған «Family start» клубының тұсаукесерi өттi. «Отбасы клубы» жастар мәселелерiн шешуге, отбасы мен некенiң даму мәселелерiн көтеруге көмектеседi.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММСонымен қатар басқа алаңдарда да iс-әрекеттер орын алды. Кiтапханаға кiрген әрбiр келушi «Көше музыкасы» джем-сейшнге қатыса алды, онда көше музыканттары Саккада мен Лукьянченко Кирилл еркiн стильде ойнап, импровизация жасады. «Приятная компаниия» алаңында өз қолдарымен бұйым жасап, «Әдеби дартс» ойнап, ойындар мен викториналарға қатыса алды.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ«Селфи в библиотеке» фотозонасы аса танымал болды. Қонақтарға баннердiң жанында, сондай-ақ букфейс стилiнде модельдiң бетi кiтаптың мұқабасымен қатар ұстап, өзiнiң суретiн жасау ұсынылды, бұл қиялды, көркемдiк көрiнiс пен қолдың ептiлiгiн талап етедi. Жастар фото жасап, оларды #bookfase және #shuhovlibrary хештегiмен әлеуметтiк желiлерге салды.

Кiтапхана қонақтары «Book» квизге белсене қатысып, өздерiнiң бiлiмдерiн көрсеттi. Ең бiлiмдiлер сыйлықтар алды.

«Жұлдызды сәт» косплей-дефиле Кiтапхана түнiнiң жарқын оқиғасына айналды. Косплейдiң жеңiмпаздары: Мария Лырчикова, Нұрсұлтан Төлебай мен Елизавета Гуляева.

«Бруклин» би мектебiнiң бишiлерi қатысқан «Перезагрузка» би баттлы барлығын жақсы көңiл-күймен және күш-қуатпен қуаттады. Бұл позитивтi көңiл-күй келесi iс-әрекетке — «Бос микрофон» шығармашылық mix-ке қатысушыларға көмектестi, онда кез-келген тiлек бiлдiрушi өз талантын көрсете алады. Кеш бойы мерекелiк көңiл-күйдi фьеки, мимы мен айналы адамдар жасады.

Кiтапхана түнi би кешiмен және ешкiмдi бей-жай қалдырмаған күмiс шоумен аяқталды.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММҚала тұрғындары арасында Петропавл қ. орталық алаңында 12.06.19 ж. И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапханамен «Жүгiретiн кiтап» («Кiтапханадағы волентерлер» жобасы аясында) акциясы өттi. Жүгiретiн кiтап — әлеуметтiк мәдени акция. Алғаш рет 2018 жылы Ресейде өткiзiлдi. «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММОл кiтапханаларды инновациялық және креативтi кеңiстiктi, қала картасында мәдени өмiрдiң оралығының бiрi және танымдық бос уақыт орны ретiнде белгiлi етуге бағытталған. Акция интеллектуалды жүгiрiс түрiнде өттi. Кiтапхана қызметкерлерi мен волонтерлер Қазақстан Конституциясы көшесi бойымен алдын ала жоспарланған бағыт бойынша бiр уақытта бастады. Олар өтiп бара жатқан адамдарға олардың эрудициясын тексеру үшiн қарапайым сұрақтарды қойды. Дұрыс жауап бергендердiң әрқайсысы Жүгiруге қатысқандардан сыйға қызықты кiтап алды. Қатысқандар — 40.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММЖеңiс Күнiн мерекелеу аясында 8 мамыр күнi сағат 12-де И. Шухов атындағы Орталық қалалық кiтапхананың ұжымы темiр жол вокзалында және сапаржай аумағында «Соғыс жылдарындағы әндер» атты акциясын өткiздi. Әскери киiм киген кiтапхана қызметкерлерi соғыс жылдарындағы «Катюша», «Смуглянка», «Журавли» және «День Победы» әндерiн орындады. Акция өткiзу туралы алдын ала вокзалдар әкiмшiлiгiмен келiсiлдi. Акция сәттi өттi, жолаушылар бiрге ән шырқап, қол шапалақтап, көздерiне жас алды.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММЕресектер абонементiнде «Кiтап қуанышқа» ұраны бойынша «Пакетное чтение» акциясы өттi.

Оқырмандар әдемi пакетке безендiрiлген кiтапхананың логотипi бар әртүрлi жанрдағы сүйiктi кiтаптарды таңдап алды. Сонымен қатар, оқырмандарды тосынсый ретiнде, бiлiм символы болып табылатын алма сыйi күттi.

Бүкiл әлемде танымал #bookfacefriday флешмобын И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана да қолдауға бел буды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап бiз әр жұма сайын фото суреттi салып, оның астына #bookfacefriday деп жазамыз. Фотоны бiз өзiмiз жасаймыз: ол үшiн лайықты кiтаптарды таңдап алып, оларды қызметкерлер мен оқырмандардың келбетiне келтiрiп фотоға түсiремiз. Өте қызықты және ерекше суреттер бар. Bookface бiзге қиял, өнертапқыштығымызды танытып, өзiне жаңа бейненi елестетiп және түпнұсқа фотосуреттi алуға мүмкiндiк бередi.

Шағын тарих. Бiр күнi Нью-Йорк көпшiлiк кiтапханасының әрiптестерiне тамаша ой келдi. Оқырмандар үшiн Инстаграммдағы өз аккаунтын қалай тартымды ету керек. Олар модель — кiтапханашылар мен оқырмандардың бет әлпетi кiтап мұқабаларымен қатар жүретiн фотосуреттердi жариялай бастады. Суреттер аптасына бiр рет жұма күнi жарияланады, осы жерден флешмобқа #bookfacefriday атауын берген хэштэг шықты. Ой өте жұқпалы болып шықты, оны басқа кiтапханалар мен бүкiл әлемнiң әртүрлi адамдары тез үйренiп алды.

Бүгiн бұл қағаз кiтаптарды қорғауға арналған нағыз флешмоб, оған бүкiл әлем бойынша кiтапханалар, баспалар, кiтап дүкендерi және жай ғана кiтап оқуды және кiтаптарды сүйетiндер қуана қатысады. Барлық Фотоны Сiз бiздiң Instagram #shuhovlibrary бетiнде көре аласыз.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ

И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапханада Book Slam өттi.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММBook Slam — салыстырма түрiнде бұл кiтапдарды жылжытудың жаңа формасы болып табылады. Бұл форма ойын кездесу жөнiнде, жылдамдық және тұпнұсқалық әрекетке жақын келуiне байланысты. Әр апта сайын кiтапхананың қызметкерлерi жаңа кiтаптарды насихаттау үшiн, өздерiнше таңдап алған кiтап және авторы туралы ақпарат айтып бердi. Book Slamа барысында Джон Бойнның, Мальчик в полосатой пижаме. Мотт Исцеляющая и Г. Стайна. Искусство бега под дождем атты кiтаптар ұсынылды.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ2019 ж. 26-27 қыркүйек айында арнайы кiтапхана меңгерушiсiнiң м.а. В.Н. Ясакова Алматы қаласының ҰК «Жастардың потенциалы: Кiтапхана — iске асырылатын қабiлеттердiң кеңiстiгi» тақырыбында өткен 1 жалпықазақстандық арнайы кiтапханалардың жас кiтапханашыларына арналған слетiне қатысты. Шара барысында дөңгелек үстел, семинар-тренинг өткiзiлдi.

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ2019 ж 11.12. И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананың оқу залында ҚР Тәуелсiздiк күнiне арналған «Егемендi елiм, тәуелсiз Қазақстаным менiң» атты музыкалық-тақырыптық композиция өттi.

Шара барысында ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiк күнi қарсаңында елiмiздiң жетiскiтерге жеткен жолдары туралы және тәуелсiздiк сияқты ұлттық мерекенi баршамыз ерекше жанындай сезiнуi керек екенi туралы, сондай-ақ библиограф Мелешкевич Г.С. тарихи драмалық «Томирис» атты премьера фильмi туралы, кино өнерi жайлы да айтып кеттi. Шараға төтенше жағдай бойынша мекеменiң қызметкерлерi және ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары қатысты. Сонымен қатар шараға «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiмдегi дарынды балаларға мамандырылған мектеп интернатының, №8 орта мектебiнiң оқушылары қатысты және Томирис сән театр өнерiнiң ұжымы «Алтын адам», «Астана» киiмдерi коллекциясын көрсеттi.

№2 кiтапхана «Тұмар» халықтық би ансамблiнiң қатысушыларын «Жүз жылдықты жарып шыққан домбыра үнi!» атты өнер сағатына қатысу арқылы домбырада қонақта болуға шақырды. «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММШараны жүргiзушi мереке қонақтарына ерекше қызықты әңгiме айтып бердi: «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ«Даланың шуы, тау сарқырамасының, қарлы боран және көктемгi құстардың дыбысы — осының барлығы қазақ аспабы — домбыра шығарады…». Сонымен қатар, қонақтарға қазақтың музыкалық мәдениетiнiң басты символы-домбыраға арналған «Домбыра — дастан» атты көрме-инсталляциясы ұсынылды. Кейбiр деректер бойынша бұл құралдың 4000 жылдық тарихы бар және 2007 жылы отандық ғалымдар анықтаған бiрегей мәдени құбылыстар тiзiмiне енген Қазақстанның жетi ұлттық қазынасының бiрi болып табылады. 2010 жылы домбыра Гиннестiң рекордтар кiтабына енгiзiлген. Домбыра — тұтас әлем. Өзiнiң таңданысын, домбыраға деген ерекше құрметiн әрдайым ақындар мен жазушылар бiлдiрдi. Домбыраға деген сүйiспеншiлiкке толы өлең жолдарын Абай, Iлияс Жансүгiров, Сәкен Сейфуллин, Қадыр Мырза-Әли және т.б. қалдырды. Ауқымды көрмеде Қазақстанның музыкалық өнерi, танымал әншiлер, домбырашы-композиторлар бойынша әдебиетпен танысып қана қоймай, әр түрлi домбыраларды қолға алып тартуға болады.

Әдеби өлкетану

«И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММАқын Э. Андроновтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Поэзияның мәңгi оты» әскери поэзия сағаты 15.05.19 ж. И. Шухов атындағы ОҚК оқырмандары арасында өткiзiлдi. Iс-шараға Петропавл қаласының «Бiлiм» алғашқы партия ұйымының төрайымы Шәрбан Нигановна Таймулина, тыл еңбеккерi, Қазақстан халқы Ассамблеясының орыс қауымының ақсақалы, қалалық ардагерлер кеңесiнiң мүшесi Владимир Михайлович Тимошин қатысты. Iс-шараға қатысушылар Э. Андроновпен кездесу туралы өз естелiктерiмен бөлiстi. Кiтапханашы Ұлы Отан соғысының ардагерi, жерлесiмiз Энгельс Романович Андроновтың өмiрi мен шығармашылығымен таныстырды. Э. Андронов өлеңдерiн соғысқа дейiн жаза бастады, сондықтан оның «поэтикалық тәжiрибесi» 65 жылдан астам. Энгельс Романовичтiң өлеңдерiнде-романтизм, азаматтық ұстаным, патриотизм басым. Соғыс қасiретiн бастан кешкен және миллиондаған сарбаздардың өмiр жолы бейбiт еркiн өмiр екенiн түсiнетiн адам ғана осылай жаза алады. «Нетленная память», «Эхо войны» жинақтарынан ақынның өлеңдерi оқылды. Э. Андроновтың өмiрi туралы деректi фильм көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 14:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2020 10:21

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9
10
11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
«БЖЗҚ» АҚ
Қаржы орталығы
A- A A+