Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкiмiнiң есеп беру кездесуiнiң қорытындылары мен 2021 жылғы 5 ақпандағы халыққа есеп беру кездесуi барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулердi орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы ақпарат

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2021 жылғы 5 ақпанда қалада онлайн форматта халыққа есеп беру кездесуi өткiзiлдi, ол республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде және қала әкiмiнiң ресми сайтында кеңiнен жарияланды.

Мынадай дайындық жұмысы жүргiзiлдi: кездесу өткiзу уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен қала әкiмiнiң сайтында кеңiнен ақпараттандыру жүргiзiлдi, баяндама жарияланды, қала аумағында тұрғындардың ескертулерiн, ұсыныстары мен пiкiрлерiн жинау үшiн жәшiктер орналастырылды, call-орталық жұмысы, Facebook, Instagram, youtube интернет-платформаларында есеп беру кездесудiң онлайн-көрсетiлiмi, Telegram-бот, қала әкiмiнiң ресми сайты, WhatsApp мобильдi қосымшасы арқылы ұсыныстар мен ескертулер жинау, кездесу өткiзу күнi аталған жұмыс барлық тұрғындар үшiн есеп беру кездесуiнiң ашықтығы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Барлық тұрғындар сұрақ қою, жәшiктер, әлеуметтiк желiлер, қала әкiмдiгiнiң электронды поштасы мен телефондары, БАҚ арқылы ұсыныстарын бiлдiру мүмкiндiгiне ие болды.

Өткiзiлген есеп беру кездесулерiне 10730 адам қатысты, оның iшiнде 27 адам немесе 10% сөз сөйледi.

Есеп беру кездесулерiн дайындау және өткiзу барысында 152 ұсыныс пен ескерту айтылды. Оның iшiнде жәшiктер арқылы 21 ұсыныс, колл-орталық, Facebook, Instagram, Telegram-бот қосымшасы, WhatsApp арқылы 131 ұсыныс түстi.

Есеп беру кездесулерi қатысушыларының пiкiрi, айтылған ұсыныстар мен ескертулерiн талдау — халық алдында жария есеп беру кез-келген адамның өмiр сүру сапасына тiкелей байланысты өзектi пробелмаларды шешудiң пәрмендi тетiгiне айналғанын көрсетiп отыр.

Бұл диалог мемлекеттiк органдардың жұмысын жария және ашық етуге, тұрғындарды қаланың проблемаларын шешуге белсендi қатысу үшiн тартуға мүмкiндiк бередi.

Есеп беру кездесуiне дайындық және өткiзу кезiнде тұрғындардан түскен барлық талаптар әкiмдiктiң бөлiмдерiмен, қалалық қызметтермен, ПИК төрғаларының кеңесiмен, қалалық мәслихат депутаттарымен және қала әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарларымен толықтай пысықталды.

Оның iшiнде 59 сұрақ мәселелердiң басымдылығына және бюджет мүмкiндiктерiне сәйкес халыққа есеп беру кездесуi барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулердi орындау жөнiндегi қалалық iс-шаралар жоспарына енгiзiлдi.

Жалпы санынан талаптардың көп бөлiгi 51 немесе 34 % қаланың тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы жұмысы жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiлдi, оның iшiнде мына мәселелер бойынша:

Абаттандыру бойынша  — 27 талап;

Жолдарды жөндеу мен салу бойынша — 8 талап;

Жолаушылар көлiгiнiң жұмысы бойынша — 1 талап;

Жарықтандыру бойынша  — 5 талап;

Жылумен, -сумен жабдықтау бойынша — 3 талап;

Тұрғын үй мәселелерi — 7 талап.

Сонымен қатар, басқа салалар бойынша 8 талап енгiзiлдi, соның iшiнде:

Жер мәселелерi бойынша — 3 талап.

Құқық қорғау органдарының жұмысы бойынша — 3 талап,

Басқа мәселелер — 2 талап.

Есеп беру кездесуi қатысушыларының түсiндiру мен жеке қарауды қажет ететiн, сондықтан қалалық iс-шараларға енгiзiлмеген 93 өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiмде орындаушылар БАҚ түсiнiктеме берiп, өтiнiш берушiлерге жазбаша жауаптар бередi немесе авторлармен кездеседi.

Есеп беру кездесуiн өткiзу кезiнде әкiмдiкте тұрғындар талаптарының орындалуын бақылау жүйесi пысықталып, олардың орындалуына апта сайын мониторинг жүргiзiледi. Әкiмдiк бөлiмдерiнiң және қалалық ведомстволардың басшыларына қабылданатын шаралардың уақыттылығына және пәрмендiлiгiне жеке жауапкершiлiк жүктелген.

2021 жылғы 5 ақпандағы қала әкiмi Б.С. Жұмабековтiң халыққа қорытынды есеп беру кездесуi барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары — қоса берiлiп отыр (ZIP 60 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2021 00:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.02.2021 00:02

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Сәуір 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
«БЖЗҚ» АҚ
Қаржы орталығы
A- A A+