Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

2020 жылдың қорытындылары бойынша Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысын талдау

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия — бұл кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмысын үйлестіретін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган, ол отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырылады (айына кемінде 2 рет). Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жүзеге асырылады.

2020 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 25 отырысы (2019 жылы — 26) өткізілді, оның ішінде 3 отбасы тұратын жерде көшпелі отырыс, 13 комиссия отырысы бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді. 140 материал қаралды (2019 жылы — 166).

Комиссия отырыстарының хаттамаларын талдау:

  • Оқу сабақтарына ұзақ уақыт қатыспайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты 20 материал қаралды.

Қаланың білім беру мекемелерінде балалардың қадағалаусыз қалуының, дәлелсіз себептермен мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында сынып жетекшілері, мектептердің әлеуметтік педагогтары және ювеналды полицияның мектеп инспекторлары оқушылардың сабаққа қатыспауының күнделікті мониторингін жүзеге асырады, балаларды оқу процесіне қайтаруға шаралар қабылдайды.

Кәмелетке толмағандарды оқытудан жалтару жөніндегі материалдардың негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай және карантиндік шаралар енгізу кезеңіне келеді.

Оқу сабақтарын 10 және одан да көп күн өткізгені үшін 5 заңды өкіл ҚР ӘҚБК 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды оқуға қайтару шаралары да қабылданды.

Аталған мәселе бойынша қаралған оқушылар білім беру ұйымдарында оқуын сәтті жалғастырып, қашықтықтан оқыту үшін қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері шешілгенін атап өткен жөн.

  • үйден кету себебінен кәмелетке толмағандарға қатысты 8 материал.
  • девиантты және құқыққа қарсы мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға қатысты 26 материал;

Оқытудан жалтарған, құқық бұзушылық жасаған, үйден жүйелі түрде өз бетімен кететін кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік ықпал ету шараларының бірі арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру болып табылады.

Мәселен, 2020 жылдың өткен кезеңінде СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының қаулысына сәйкес:

  • Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымына 3 кәмелетке толмаған жіберілді.
  • арнайы мектептен келгендер — 7 кәмелетке толмаған, олардың 4-еуі қала мектептерінде оқиды. Кәмелетке толмағанның мінез-құлқына, оқуына және өмір сүру жағдайларына бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ арнайы мектептен келгендерді оңалту және бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
  • Ата-ана міндеттерін орындамайтын ата-аналарға қатысты 81 материал;

Комиссия қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі олардың денсаулық жағдайына теріс әсер ететін және олардың өміріне қауіп төндіретін қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды анықтау, сондай-ақ тәрбиесі кәмелетке толмағандардың дене, психикалық және моральдық дамуына теріс әсер ететін, сондай-ақ балаларға қатыгездікпен қарайтын кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден, оқытудан және асыраудан жалтарған ата-аналарды немесе заңды өкілдерін анықтау болып табылады.

Ата-аналармен жұмыс отбасы қолайсыздығының барлық аспектілерін ескере отырып, жүйелі түрде жүргізіледі. Комиссия отырысы барысында заңды өкілдерге ата-ана міндеттерін орындау бөлігінде ҚР заңнамасы түсіндіріледі, отбасының қолайсыздығын жою бойынша шаралар ұсынылады, жағдайды түзету үшін белгілі бір мерзім беріледі. Комиссия мүшелері консультациялық және құқықтық көмек, ата-аналарға жұмысқа орналасуға, АӘК алу үшін құжаттарды жинауға, медициналық мекемелерге жүгінуге және т. б. көмек көрсетеді.

Жеке профилактика шаралары оң нәтиже бермеген жағдайда, кәмелетке толмаған балаларға қатысты заңды өкілдерді ата-ана құқықтарынан айыру туралы мәселе қойылады. 2020 жылы ата — ана құқықтарынан айыру шаралары 23 балаға қатысты 15 ата-анаға (2019 жылы — 24 балаға қатысты 18 ата-ана), 4 балаға қатысты 2 ата-ана құқықтарын шектеуге (2019 жылы — 9 балаға қатысты 8 ата-ана) қолданылды.

  • 5 материал-кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқа да мәселелер.

Комиссия отырысында қаралғаннан кейін тұрмысы нашар отбасылар және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар, тұрмысы нашар отбасылар өңірлік деректер базасына енгізіледі. Бұдан әрі есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен отбасыларға тұрмыстық және еңбекке орналастыру, өзге де көмек көрсету бойынша комиссия ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізіледі.

Петропавл қаласы бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың өңірлік деректер базасында 82 отбасынан 127 бала есепте тұр. Дербес есеп жүргізу тәртібіне сәйкес кәмелетке толмағандарды деректер базасынан шығару туралы шешімді Комиссия осы отбасының немесе кәмелетке толмаған баланың әлеуметтік оңалтуы туралы мәліметтер негізінде қабылдайды. 2020 жыл ішінде 68 отбасынан 117 бала есептен шығарылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша комиссия 178 балаға көмек көрсетті:

  • 20 кәмелеттік жасқа толмағандар білім мекемелеріне қайтарылды,

9 ата-ана жұмыспен қамтылды, 8 ата-ана алкогольге тәуелділіктен наркологиялық орталықта емделуден өтті, 4 бала психикалық денсаулық орталығына есепке қойылды және т.б.

Кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқықтық білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйін зерделеу мақсатында 2020 жылы комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарын, қадағалаусыз және панасыз қалуын талдау мәселесі бойынша профилактика жүйесі органдары басшыларының 18 (2019 жылы — 15) есебі тыңдалды.

Жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын қараусыз және қадағалаусыз балаларды, кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ балалар еңбегінің заң емес түрлерін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және басқа да республикалық және өңірлік жедел-алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында қала аумағында 114 рейдтік іс-шаралар өткізілді (2019 жылы 152).

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның қызметі жергілікті атқарушы органның тұрақты бақылауында. Жыл сайын Петропавл қаласы әкімдігінің отырыстарында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы есеп тыңдалады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қараған материалдарды талдау жалпы Петропавл қаласында қалыптасқан алдын алу жүйесі кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйіне әсер етуі мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қала әкiмдiгiнiң 2019 жылғы
«____»____________№_____
қаулысына қосымша

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелетке толмағандар iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамы

Хабибулин Асқар Ерижепұлы Петропавл қаласы әкімі орынбасары, комиссия төрайымы
Рамазанова Сара Миронова «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Завьялова Елена Николаевна Петропавл қаласы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Жалкенова Зарина Төлебайқызы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ әдіскер (келісім бойынша)
Абушева Эльмира Мунировна «Петропавл қаласының полиция басқармасы» ММ ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Завьялов Олег Владимирович «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ ҚМК бас дәрігері (келесім бойынша)
Тоқбаева Дина Тастенқызы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Петропавл қаласы пробация қызметінің инспекторы (келісім бойынша)
Лапшина Ирина Владимировна «Нұр Отан» партиясының мүшесі (келісім бойынша)  
Орлова Алина Геннадьевна «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)  
Мырзахметова Әмина Маратқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ бас маман  
Сыздықова Алтынай Қожабайқызы «И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана» КММ әдіскері (келісім бойынша)
Трусова Зинаида Михайловна еңбек ардагері (келісім бойынша)
Тұяқова Альфия Көшімқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ҚММ қорғаншы-әдіскері
Уәлиев Данияр Серікұлы Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Шарабар Елена Александровна «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Психоневрологиялық диспансері» ШЖҚ КМК нарколог дәрігері (келісім бойынша)  
Мұхаметғалеев Жанат Әнуарбекұлы   «Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ бас маман (келісім бойынша)
Гумарова Зарема Хаджимуратовна «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт орталығы» ҚБ мүшесі (келісім бойынша)

2020 жылғы 1 жарты жылдықтағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелеттiк жасқа толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия жұмысы туралы ақпарат

2020 жылғы 6 айда бойынша Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы кәмелеттiк жасқа толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның 11 отырысы, соның iшiнде отбасылардың тұрғылықты жерлерi бойынша 3 көшпелi отырыс, бейнеконференцбайланысы арқылы 2 отырыс өткiзiлдi.

Комиссия отырысы хаттамаларының талдауы аталған кезеңде комиссиямен 73 материалдың қаралғанын көрсетедi. Соның iшiнде:

  • сабақтарға ұзақ уақыт бармаған кәмелетке толмаған балаларға қатысты 11 материал қаралды. Балалардың сабаққа бармау себебi отбасы тұрмысының нашарлығы, қала бойынша мекен-жайларын жиi ауыстыру, ата-ана тарапынан тиiстi бақылаудың жоқтығы, кәмелеттiк жасқа толмағандардың қаңғыбастыққа бейiмдiлiгi болып қалып отыр;
  • девиантты және құқыққа қарсы мiнез-құлықтары бар кәмелетiк жасқа толмағандарға қатысты 10 материал;
  • ата-аналық мiндеттерiн орындамаған ата-аналарға қатысты 47 материал;
  • үйден кетiп қалу себебi бойынша кәмелеттiк жасқа толмағандарға қатысты 5 материал қаралды.

Петропавл қаласы бойынша 2020 жылғы 6 айда кәмелеттiк жасқа толмағандар арасында қылмыс жағдайының талдауы жасөспiрiмдер арасында қылмыстың төмендегенiн көрсетедi. 2020 жылдан бастап кәмелеттiк жасқа толмағандармен 6 қылмыс жасалған, өткен жылдың ұқсас кезеңiнде 11 факт тiркелген.

Кәмелеттiк жасқа толмағандарға тәртiптiк ықпал жасау шараларының бiрi болып оларды арнайы мектепке жiберу болып табылатынын атап өткен жөн, осылайша 2020 жылғы өткен кезеңде кәмелеттiк жасқа толмағандардың iсi бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысына сәйкес Алматы қаласындағы арнайы бiлiм беру ұйымына — 2 кәмелеттiк жасқа толмағандар жiберiлдi.

Аталған кезеңде кәмелеттiк жасқа толмаған балаларын асырау мен тәрбиелеу бойынша ата-аналық мiндеттерiн тиiстi атқармағаны үшiн 98 ата-ана ҚР ӘҚБ Кодексiнiң 127 бабы бойынша жауапқа тартылды. Үлкендердiң қарауынсыз кәмелеттiк жасқа толмағандардың түнгi уақытта жүру жағдайлары бойынша ҚР ӘҚБ Кодексiнiң 442-бабы 2-бөлiмi бойынша ата-аналарды жауапқа тарту материалдарының саны азайған. Өткен жылдағы 460 қарсы 245 жағдай анықталған.

Қадағалаусыз қалудың, балалардың себепсiз мектепке келмеуiнiң алдын алу мақсатында қаланың бiлiм беру мекемелерiнде сынып жетекшiлерiмен, мектептiң әлеуметтiк педагогтарымен және ЮПБ мектеп инспекторларымен оқушылардың сабақтан қалуы бойынша күн сайын мониторинг жүзеге асырылады, 2019 жылдың 4 тоқсаны мен 2020 жылғы оқу жылындағы арақашықтықтан оқыту жағдайында балалардың бiлiм беру мекемелерiне оралуы үшiн шаралар қолданды.

Өткiзiлген iс-шаралар нәтижесiнде түрлi негiздер бойынша 2020 жылғы 6 ай қорытындысы бойынша 39 кәмелетке толмаған анықталып, профилактикалық есепке қойылды, 2019 жылдың ұқсас кезеңiнде — 37 жасөспiрiм, 63 тұрмысы нашар отбасы тiркелдi. Петропавл қаласы ПБ ювеналды полиция бөлiмшесiнде есепте 58 кәмелетке толмаған, 92 тұрмысы нашар отбасы бар.

Ережеге сәйкес Комиссия отырыстарында материалдарды қарау нәтижелерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдарға заңды өкiлдердi ата-аналық құқықтарынан айыру туралы 12 ұсыныс енгiзiлдi. Аталған ұсыныстарға сәйкес ювеналды полиция бөлiмшесiнiң инспекторлары құжаттарды жинайды, қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдар сотқа ата-аналық құқықтарынан айыру туралы талап арыздар жолдайды.

Кәмелетке толмағандармен жүргiзiлетiн тәрбиелеу, құқықтық, бiлiм беру және сауықтыру жұмысының жағдайын зерделеу мақсатында комиссия отырыстарында балалар мен жасөспiрiмдердiң құқық бұзушылықтарын, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың талдауы мен есептерi тыңдалады.

Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссиямен кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу органдарына заң бұзушылықтарды жою туралы 2 ұсыныс жолданды.

Қазiргi уақытта өмiрде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы нашар отбасылардың дербес деректер банкiне 79 отбасынан шыққан 159 кәмелетке толмаған туралы деректер енгiзiлдi. Барлық материалдар қала әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияда қаралды.

Комиссия хатшысы Петропавл қаласының прокуратура бағыты бойынша кәмелеттiк жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi мобильдi топтың жұмысына қатысты. Осы мобильдi топтың мiндетi — кәмелеттiк жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi бойынша өкiлеттi мемлекеттiк органдар жұмысының тиiмдiлiгi, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету (соның iшiнде зорлық-зомбылық, девиантты және өз-өзiне қол жұмсау мiнез-құлық төңiрегiндегi құқық бұзушылықтың төмендеуi).

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия жұмысының жағдайы туралы мүдделi ведомстволарды ақпараттандыру мақсатында кәмелеттiк жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жүйесi органдарына, сонымен қатар Петропавл қаласы әкiмiнiң веб-сайтына мәлiметтер жiберiледi.

Петропавл қаласы әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмысы туралы ақпарат

Петропавл қаласы әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi мәтiн бойынша Комиссия) қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде жүзеге асырылады және мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметiн үйлестiруге бағытталған, ол отырыстарды өткiзу арқылы жүзеге асырылады.

Комиссия мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, 10 және одан да көп күн сабақтарға қатыспайтын балалар мен жасөспiрiмдер бойынша мәлiметтердi қамтитын сабаққа қатысудың ай сайынғы мониторингiн жүргiзедi. 2019-2020 оқу жылының басында сабақтарға дәлелсiз себептермен қатыспайтын оқушылар анықталған жоқ. Алайда, 2019 жылы комиссияда оқудан жалтарған қала мектептерi мен колледждерiнiң оқушыларына қатысты 15 материал қаралып, барлық оқушылар сабақтарға қайтарылды. Барлық жағдайларда заңды өкiлдер әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Оқудан жалтарған, құқық бұзушылық жасаған, үйлерiнен жүйелi түрде кететiн кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелiк ықпал ету шараларының бiрi арнайы бiлiм беру ұйымдарына орналастыру болып табылады. Өткен кезеңде осындай 9 материал қаралды, 6 кәмелетке толмағанға қатысты (2018 жылы-7) талап — арыз сотпен қанағаттандырылды. Алматы қаласының арнайы бiлiм беру ұйымынан 4 жасөспiрiм қайтып оралды, олардың одан әрi тұратын және оқитын орны белгiлендi.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен жүргiзiлетiн тәрбие, құқықтық бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерделеу мақсатында комиссия отырысында мемлекеттiк органдар мен мекеме басшыларының балалар мен жасөспiрiмдердiң құқық бұзушылықтарын, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша 15 есебi мен ақпараты тыңдалды.

Алдын алу жүйесiнiң барлық мүдделi ведомстволардың қатысуымен рейдтiк iс-шаралар тұрақты түрде өткiзiледi.

Осылайша, 2019 жылдың шiлде айының бiрiншi онкүндiгiнде бiлiм бөлiмiнiң, қорғаншылық және қамқоршылық органының, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның, Петропавл қаласының прокуратурасы өкiлдерiнiң қатысуымен 3 мобильдi топ ұйымдастырылды, олар тұрғылықты жерi бойынша 69 тұрмысы нашар отбасына барды, құқықтық, консультациялық көмек көрсетумен, 8 заңды өкiл жұмысқа орналастырылды, 38 отбасына АӘК (атаулы әлеуметтiк көмек) алу үшiн құжаттар жинауды жүзеге асыру ұсынылды, сондай-ақ аталған отбасыларда тұратын кәмелетке толмағандар бос уақыттарын ұйымдастыру нысандарына (тегiн секциялар мен үйiрмелер) тартылды. Аталған мобильдi топтар тоқсан сайын барып тексередi, осылайша, 2019 жылдың соңғы тоқсанының қорытындысы бойынша бiрқатар тұрмысы нашар отбасылар анықталды, оларға қатысты профилактикалық және әлеуметтiк-оңалту сипатындағы шаралар қабылданып, 9 отбасына атаулы әлеуметтiк көмектi ресiмдеуге көмек көрсетiлдi.

Қадағалаусыздық пен панасыздықты ескерту бойынша алдын алу жүйесiнiң барлық органдарының толық қатысуы үшiн комиссия қала аумағында қиын өмiрлiк жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды және тұрмысы нашар отбасыларды дербес есепке алуды жүргiзедi. 2019 жылы жеке есепке 168 кәмелетке толмаған бала қойылды, 27 кәмелетке толмаған бала есептен шығарылды. Жеке есеп жүргiзу тәртiбiне сәйкес, кәмелетке толмағандарды деректер базасынан алып тастау туралы шешiмдi осы отбасыны немесе кәмелетке толмаған баланы әлеуметтiк оңалту туралы мәлiметтер негiзiнде комиссия қабылдайды. Қазiргi уақытта жеке базада 86 отбасыдан шыққан 168 бала бойынша деректер бар.

Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды, тұрмысы нашар отбасылардың балаларын, сондай-ақ балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiн пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында тұрақты негiзде «Түнгi қаладағы балалар», «Жасөспiрiм» және басқа да республикалық және өңiрлiк жедел-алдын алу iс-шаралары өткiзiледi.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жедел-профилактикалық iс-шаралар аясында қала аумағында 152 рейдтiк iс-шара өткiзiлдi (2018 жылы 168). 65 кәмелетке толмаған (2018 жылы — 68 кәмелетке толмаған), 60 тұрмысы нашар отбасы (2018 жылы — 63 отбасы) анықталды және есепке қойылды.

Кәмелетке толмағандардың алкогольдiк iшiмдiктердi және басқа да зиянды заттарды қолдануының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкогольге мас күйiнде қылмыс жасауының алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерi бойынша алдын алу рейдтiк iс-шаралар өткiзiледi, олардың барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының Ювеналдық полициясымен 1333 құқық бұзушы (2018 жылы — 1721), оның iшiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң (бұдан әрi — ҚР ӘҚК) 1-т. 442-бабы бойынша Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болғаны үшiн — 34 заңды өкiл (2018 жылы — 29) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Рейдтiк iс-шаралар заңнамамен белгiленген жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекi өнiмдерiн сату фактiлерiнiң жолын кесу мақсатында өткiзiлдi. Осы iс — шаралар барысында ҚР ӘҚК 133-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарға темекi және темекi өнiмдерiн сату) — 4 құқық бұзушылық (2018 жылы 2) анықталды. Кәмелетке толмағандарды мас болу күйiне дейiн жеткiзудiң 1 фактiсi анықталды, нәтижесiнде құқық бұзушы ҚР ӘҚК 131-бабы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, айыппұл салынды.

Балалар мен жасөспiрiмдердiң бос уақытын ұйымдастыру кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстың маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Балалар мен жасөспiрiмдердi спорттық демалыс iс-шараларымен көбiрек қамту мақсатында қаланың әртүрлi шағын аудандарында балалар-жасөспiрiмдер клубтары өз жұмысын жүргiзуде. Оқу жылы бойы қала мектептерiнде үйiрмелер мен секциялар жұмыс iстейдi. Жазғы демалыс кезiнде өмiрдiң қиын жағдайына тап болған және «тәуекел тобында» есепте тұрған балаларға сауықтыру лагерлерiне тегiн жолдамалар берiлдi.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жүйесi органдарының мүдделi ведомстволарының бiрлескен қызметiн үйлестiрудiң нәтижесi облыс орталығының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуiн 66,6% — ға, 2018 жылы жасалған 24 қылмыстан 2019 жылы 18-ге дейiн төмендету болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияға жүктелген үйлестiру функциясына байланысты оны жүзеге асырудың негiзгi нысаны айына кемiнде екi рет өткiзiлетiн комиссия отырыстары болып табылады.

2019 жылы Комиссияның 26 отырысы (2018 жылы — 26) өткiзiлдi. Кәмелетке толмағандарға, ата — ана мiндеттерiн орындаудан жалтарған заңды өкiлдерiне қатысты 166 (2018 жылы-167) материал қаралды. Барлық қаралған материалдар бойынша заңды өкiлдерге, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға орындау үшiн уақытылы жiберiлетiн ұсынымдармен қаулылар шығарылды.

20 заңды өкiлге қатысты материалдар оң динамиканы белгiлеу, отбасыларды әлеуметтiк оңалту бойынша қабылданған шаралардың тиiмдiлiгiн талдау мақсатында қайта қаралғанын атап өткен жөн.

2019 жылдың 12 айында ата-ана мiндеттерiн орындаудан жалтарған ата-аналарға қатысты 90-нан астам материал (2018 жылы 80-нен астам материал) қаралды. ҚР ӘҚК 127-бабы бойынша 162 ата — ана әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды (2018 жылы-152). Алдын алу шаралары нәтиже бермеген жағдайда, ата-аналарға соңғы шаралар қолданылады: заңды өкiлдердi ата-аналық құқықтарынан айыру бойынша материалдар жиналады.

2019 жыл кезеңiнде 18 ата-ана кәмелетке толмаған балаларға қатысты ата-ана құқығынан айырылды (2018 жылы 24 ата-ана), 8 ата-ана 9 балаға қатысты ата-ана құқықтарынан шектелген (2018 жылы 11 балаға қатысты 4 ата-ана). Сонымен қатар, 2 балаға қатысты айырып алу жүзеге асырылды (2018 жылы 4 балаға қатысты).

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссияның қызметi жергiлiктi атқарушы органның тұрақты бақылауында. Жыл сайын Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң отырыстарында кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның қызметi туралы есеп тыңдалады.

Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссия қараған материалдарды талдау жалпы Петропавл қаласында қалыптасқан алдын алу жүйесi кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қорғауға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйiне әсер етуге қабiлеттi деген қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.­­­­

Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қызметінің нәтижелері туралы ақпарат

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Петропавл қаласының аумағында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) өз жұмысын жүзеге асырады.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады, оның дербес құрамына қалалық мәслихат депутаты, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет, полиция, қоғамдық бірлестіктер және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді. Қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары комиссия төрағасы болып табылады.

Комиссия жұмысының негізгі мақсаты отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады. Комиссия отырыстары «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде әзірленген жыл сайынғы жұмыс жоспарына, сондай-ақ, Комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия отырыстары кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің, білім, денсаулық сақтау ұйымдары мен ішкі істер органдары өкілдерінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етумен, сондай-ақ, прокурорды шақырумен, қажеттілігіне қарай кем дегенде айына 2 рет өткізіледі.

2018 жылы Комиссияның 26 отырысы өткізілді (2017 жылы — 25). Кәмелетке толмаған балаларға, олардың ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаратын заңды өкілдеріне қатысты 167 материал қаралды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия жұмысы туралы ереженің 8-бабына сәйкес, жұмыс жағдайын зерделеу мақсатында, балалар мен жасөспірімдердің бұзушылықтары, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша оң тәжірибені жинақтау мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларының 9 есебі тыңдалды, оның ішінде:

  • «Психоневрологиялық диспансер» ШЖҚ КМК — Петропавл қаласы оқу мекемелерінің кәмелетке толмаған оқушыларының зиянды заттарды қабылдауының алдын алу;
  • «Әйелдерді қолдау орталығы» облыстық қоғамдық бірлестік — тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы;
  • «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ қорғаншылық және қамқоршылық секторы — ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды балалар үйіне орналастыруды болдырмау мақсатында отбасыларға беру бойынша қабылданатын шаралар туралы. Қамқоршылардың (қорғаншылардың), асырап алған ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларының заңды мүдделерін сақтауы;
  • Петропавл қаласының полиция басқармасы — учаскелік инспекторлар мен балалардың қадағалаусыз қалуын ерте анықтау және алдын алу жүйесі мемлекеттік мекеме өкілдерінің жұмысы туралы, кәмелетке толмаған балалары бар бейәлеуметтік отбасылар анықталды.
  • «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ — мүдделі органдармен кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігі туралы. Демалыс кезінде кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудың мониторингісі;
  • «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ — мүдделі органдармен кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігі туралы. Демалыс кезінде кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудың мониторингісі;
  • «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК — құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыс жағдайын талдау;
  • «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ — «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу қорытындылары;
  • «Петропавл қаласының Машина жасау колледжі» КММ — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жағдайын талдау.

Қиын өмірлік жағдайда, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда қалған кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік оңалту, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және күту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамайтын ата-аналарды анықтау мақсатында Комиссия Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция қызметкерлерімен, қаланың білім беру мекемелерінің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп нашар отбасыларға жүйелі апта сайын барады, оның нәтижесінде балалардың әлеуметтік-қауіпті жағдайда болуының себептері анықталады.

Отбасыларға бару нәтижелері бойынша материалдар комиссия отырыстарында қаралады. 2018 жылғы 12 айда ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаратын ата-аналарға қатысты 80 материал қаралды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 127-бабы бойынша 152 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық іс-шаралар нәтижесін бермеген жағдайда, ата-аналарға қатысты ақырғы шара қабылданады: заңды өкілдерді ата-аналық құқықтарынан айыру бойынша материалдар жиналады.

2018 жылғы кезеңде 24 ата-ана 31 кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-аналық құқығынан айырылды, 4 ата-ананың 11 балаға қатысты ата-аналық құқықтары шектелді, 4 балаға қатысты айырып алу шарасы қолданылды.

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде білім және балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілдерімен саяжайлар мен саяжай шаруашылықтарын, базарларды, қолайсыз отбасыларын, автожуу мен автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын, темір жол және автобус вокзалдарын, ойын-сауық орындарын, компьютер салондарын, үйлердің жертөлелерін тексерумен 403 рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында әлеуметтік себептермен білім ұйымдарына бармаған балалар айқындалған жоқ.

Комиссия мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ай сайын 10 және одан да көп күн оқу орындарына бармайтын балалар мен жасөспірімдер бойынша мәліметтер бар сабаққа қатысу мониторингін жүргізеді. Қала мектептері мен колледждерінің сабақтан жалтаратын 22 оқушысы айқындалды, барлығы сабаққа қайтарылды. Сонымен қатар, оқудан жүйелі жалтару, қаңғыбастық себепті ювеналды сот шешімі бойынша арнайы білім мекемелеріне 7 кәмелетке толмаған орналастырылды. 2018 жылы 6 жасөспірім арнайы білім мекемелерінен қайта оралды, Комиссия шешімі бойынша барлығы бұрынғы оқу орны бойынша оқу орындарына орналастырылды.

Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, дәлелсіз себептермен жалпы білім беретін оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды, қолайсыз отбасылардың балаларын, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында тұрақты негізде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және басқа республикалық және өңірлік жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Жедел-алдын алу іс-шаралары аясында 2018 жылдың қорытындысы бойынша қала аумағында 168 рейд өткізілді. 68 кәмелетке толмаған, 67 ата-аналық міндеттерін орындамайтын ата-ана анықталып, есепке қойылды. Жасөспірімдермен алкоголь ішімдіктерін және басқа зиянды заттарды қолданудың алдын алу, сондай-ақ мас күйінде кәмелетке толмағандармен қылмыстар жасауды ескерту мақсатында ойын-сауық орындары бойынша алдын алу рейдтік іс-шаралары өткізіледі, олардың барысында Петропавл қаласы Полиция басқармасының ювеналды полициясымен 1721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде Кодекстің 2-бөлігі 442-бабы бойынша (кәмелетке толмағандардың тәуліктің түнгі уақытында үйден тыс болуы) — 29 заңды өкіл (2017 жылы — 29).

Рейдтік іс-шаралар сондай-ақ заңнамамен белгіленген жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекі өнімдерін сату фактілеріне жол бермеу мақсатында өткізілді. Осы іс-шаралар барысында Кодекстің 200-бабы (21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сату) бойынша 15 (2017 жылы — 78) дүкенші және дүкен мен ойын-сауық орындарының иелері, Кодекстің 133-бабы (кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және темекі өнімдерін сату) бойынша 2 (2017 жылы — 26) құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарды алкогольдік мас күйге келтірудің 2 фактісі анықталды, нәтижесінде құқық бұзушылар Кодекстің 131-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және айыппұл салынды.

Рейд кезінде Петропавл қаласының Полиция басқармасына 799 кәмелетке толмағандар жеткізілді, бұл ретте кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және кәмелетке толмағандарға арналған панаға 192 жасөспірім орналастырылды.

Сонымен қатар, балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша тиісті мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру және тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналарға қатысты шаралар қабылдау мақсатында Комиссия кәмелетке толмағандардың құқықтарын, заңды мүдделерін бұзуды жою және аталған отбасыларының тұрмыс жағдайларына бақылау жүргізу бойынша ұсыныс енгізеді. 2018 жылы Комиссия 5 ұсыныс жіберді (Петропавл қаласының жашина жасау колледжі, Қалалық білім бөлімі, Петропавл қаласының Полиция басқармасы).

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерді спорттық демалыс іс-шараларымен көбірек қамту мақсатында қаланың әр шағын ауданында 21 балалар-жасөспірімдер клубы өз жұмысын жүргізеді.

2018-2019 оқу жылы қала мектептерінде 17040 баланы қамтумен 717 үйірме және 86 секция жұмыс істейді. Жазғы демалыс кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған және «тәуекел тобында» есепте тұрған балаларға сауықтыру лагерьлеріне тегін жолдамалар берілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдына алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі органдары мүдделі ведомстволарының бірлескен қызметін үйлестіру нәтижелері облыс орталығы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуін 17,3%-ға азайту болып табылады, 2017 жылы жасалған 30 қылмыстан 2018 жылғы 25-ке дейін.

Тұтастай, Петропавл қаласында қалыптасқан алдын алу жүйесі кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жағдайына ықпал етуге қабілетті. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия қызметі жергілікті атқарушы органның тұрақты бақылауында. Осылайша, Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы есеп Петропавл қаласы әкімдігінің отырыстарында жыл сайын тыңдалады.

Бұдан әрі, Комиссия жұмысы өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын нақты орындауға негізделіп, балалар мен ата-аналарды ведомствоаралық бақылауды, отбасындағы қолайсыздықты ерте анықтауды күшейтуге, психологиялық-педагогикалық, медициналық, құқықтық қолдау және сауықтыруға жағдай жасауға бағытталатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 10:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2021 16:09

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Наурыз 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6
7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
«БЖЗҚ» АҚ
Қаржы орталығы
A- A A+