Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Коммуналдық меншік

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен коммуналдық саланың проблемалық мәселелерi бойынша азаматтардың қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдау айдың әрбiр екiншi және төртiншi дүйсенбiсiнде сағат 15-00-ден 18-00-ге дейiн мына мекенжайда: Петропавл қаласы, Парковая көшесi, 57 «В», 347 кабинетте жүргiзiледi.

Анықтамалар және қабылдауға жазылу үшiн телефон 8 712 53-37-23.

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы

Артық және қолданылмайтын мүлік туралы ақпарат

Хабарлама

«Петропавл қ. әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi» КММ Петропавл қаласының коммуналдық меншiк объектiлерiн сату бойынша тендер өткiзiлетiндiгi туралы хабарлайды.

Сауда 2017 жылғы «20» мамырда 10.00 сағатта Мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнiң www.gosreestr.kz веб-порталында өткiзiледi.

Жекешелендiру объектiсiн сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидаларына (бұдан әрi — Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Тендерге мына объектiлер қойылады:

1. Петропавл қаласы әкмiдгiнiң «Коммунхоз» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң» мүлiктiк кешенi ретiнде:

Бастапқы бағасы — 145 774 000 теңге.

Мәрелiк бағасы — 145 774 000 теңге.

Кепiлдiк жарнасы — 21 866 100 теңге.

Кәсiпорынның заңда мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қ. Ущев к, 2.

Тендердiң шарты:

  • Кәсiпорын қызметiнiң бейiнiн оның баралық жұмыс iстеу кезеңiнде мүлiктiк кешен ретiнде сақтау.

22.05.2015 ж. № 2 кредиторлық шартқа сәйкес 1 485 591 теңге сомасында 2021 жылдан 2025 жылға дейiнгi мерзiмде өшiрумен (жыл сайын 99 039 400 теңге) Петропавл қаласының бюджетi алдында мiндеттемелерi бар.

2. «Қызылжар оранжереясы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiмi бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мыналарды мүлiктiк кешен ретiнде:

Бастапқы бағасы — 272 121 000 теңге.

Мәрелiк бағасы — 272 121 000 теңге.

Кепiлдiк жарнасы — 40 818 150 теңге.

Кәсiпорынның заңды мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., .Ю.Медведев к, 41.

Тендердiң шарты:

  • Кәсiпорын қызметiнiң бейiнiн оның баралық жұмыс iстеу кезеңiнде мүлiктiк кешен ретiнде сақтау.

Саудаға қатысу үшiн кепiлдiк жарна мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай оператордың деректемелерiне енгiзiледi: «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, БСН 050540004455, «Казкоммерцбанк» АҚ, КБе-16, КНП 171 (кепiлдiк жарнаның мөлшерiне банктiк қызметтердiң төлемi енбейдi). Төлемдi тағайындау — тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна.

Назар аударыңыз! Тiзiлiм веб-порталының өтiнiмдi қабылдаудан бас тартуына қатысушының хабарландыруда көрсетiлген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауданың өткiзiлетiнi туралы хабарламада көрсетiлген кепiлдiк жарнаның бiрыңғай оператордың арнаулы транзиттiк шотына тендердiң басталуына екiсағат қалғанға дейiн түспеуi негiзболып табылады.

Тендерге қатысу үшiн тiзiлiм веб-порталында мыналарды көрсете отырып алдын ала тiркелу қажет:

  1. жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi ЖСН), тегi, аты, әкесiнiң аты (болса);
  2. заңды тұлғалар үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), толық атауы, бiрiншi басшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болса);
  3. кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктiң есепшотының деректемелерi;
  4. байланыс мәлiметтерi (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).

Жоғарыда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда қатысушы бiржұмыскүнi iшiнде тiзiлiм веб-порталына енгiзiлген мәлiметтердi өзгертедi.

Тендер қатысушысы ретiнде тiркелу үшiн тiзiлiм веб-порталында қатысушының саудаға қатысу туралы өтiнiмiн ЭСҚ қойылған нысан бойынша тiркеуқажет.

Тендерге қатысушыла тiзiлiмдегi арнаулы бөлiнген веб-парақшада электрондық конвертке жүктелген, тендер қатысушысы қолқойған бағаұсынысын электрондық (сканерленген) көшiрмелерiн қоса берiп өтiнiмiн тiркейдi.

Тендердi өткiзу тәртiбi

Тендерге қатысуға өтiнiмдердi ашу тiзiлiмнiң веб-порталы арқылы сауданың өткiзiлуi туралы хабарламада көрсетiлген сауданың күнi мен уақыты болғанда автоматты түрде жүргiзiледi (толығырақ www.gosreestr.kz).

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады. Егер тендерде екi немесе одан да көп қатысушылардың ұсынысында бiрдей жоғары баға көрсетiлсе, бұл қатысушылардың арасында өтiнiмiтендердiң басқа қатысушыларының өтiнiмiнен бұрын қабылданған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Тендер жеңiмпазы сауда қорытындылары туралы электрондық пошта арқылы тендер аяқталғаннан кейiн электрондық хаттамаға қолқою үшiнхабардар етiледi.

Тендердегi сауда қорытындылары туралы хаттама тiзiмнiң веб-порталында қалыптасады, оған сатушы және тендер жеңiмпазы саудаөткiзiлген күнi ЭСҚ қолдана отырып қол қояды.

Сауда қорытындылары туралы хаттама сауда қорытындылары және жеңiмпаз бен сатушының тендер қорытындысы болып табылатын шарттарда жекешелендiру объектiсiн сатыпалу-сату келiсiм-шартына қолқою мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады.

Жеңiмпазбен сатыпалу-сатукелiсiм-шартына сауда қорытындылары туралыхаттамаға қолқойған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде.

Тендер жеңiмпазы сатушыға сатыпалу-сату келiсiм-шартына қол қоярда түпнұсқаларын салыстыру үшiнұсына отырып келесiқұжаттардың көшiрмелерiн не болмаса келесi құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады:

  1. жеке тұлғалар үшiн: төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың көшiрмесi;
  2. заңды тұлғалар үшiн: заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк не болмаса анықтама.

Заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттың, сондай-ақ төлқұжат пен заңды тұлға өкiлiнiң жекебасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

Шетелдiк заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыстiлдерiне нотариалды куәландырылған аудармасымен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiнұсынады.

Тендер жеңiмпазы сонымен қатар сатушыға сатып алу-сату келiсiм-шартына қолқоярда өтiнiмге қосаберiлген құжаттардың түпнұсқаларын не болмаса нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейiн бiржұмыс сағатының iшiнде қайтарылады.

Сауда қатысушыларын тiркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және тендердiң басталуына екiсағат қалғанда аяқталады.

«Петропавл қ. әкiмдiгiнң қаржы бөлiмi» КММ тұрған жерi: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23, 2-шi қабат, № 209 кабинет.

Тендердi өткiзу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе (8-7152) 504158 телефоны бойынша алуға болады.

Қазақстанның мемлекеттік мүлікті басқару мәселері жөніндегі құқықтық базасы

  1. 2011 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидасын бекіту туралы» №920 Қаулысы.
  2. 2015 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы» №17 Бұйрығы.
  3. 2015 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы Қағидасын бекіту туралы» №212 бұйрығы
  4. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шағын және орта кәсіптік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін сенімгерлік басқаруға және олар алып жатқан жер учаскелерін өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін беруге және меншікке бере отырып кейіннен өтеусіз халыққа қызмет көрсету саласын дамыту Қағидасын бекіту туралы» №1140 Қаулысы.
  5. 2015 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының ауыл-шаруашылық Министрінің «Су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға немесе жалға алуға беру Қағидасын бекіту туралы» №19-5/293 Бұйрығы.
  6. 2015 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің м.а. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын бекіту, әзірлеу, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау Қағидасын бекіту туралы» №249 Бұйрығы.
  7. 2015 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің м.а. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын орындау бойынша есептерді беру және әзірлеу Қағидасын бекіту туралы» №248 Бұйрығы.

2017 жылғы 31 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. әкімдігінің «2017 жылы жекешелендіруге жататын Петропавл қаласы бойынша коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 382 қаулысы өзгеріс енгізу туралы» № 953 Қаулысы Zip (610 Kb)

2017 жылы «Коммунхоз» МКК, ШЖҚ «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» МКҚК, «Қызылжар саябағы» МКҚК (жол картасы) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Zip (347 Kb)

2017 жылғы 16 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. әкімдігінің «Кейінен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруге жататын Петропавл қаласы коммуналдық мүлік объктілерінің тізбесін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 851 Қаулысы Zip (10 Mb)

2017 жылы «Коммунхоз» МКК, ШЖҚ «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» МКҚК, «Қызылжар саябағы» МКҚК (жол картасы) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Zip (376 Kb)

2017 жылғы 22 ақпан Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. әкімдігінің «2017 жылы жекешелендіруге жататын Петропавл қаласы бойынша коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» № 382 Қаулысы Zip (538 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017 10:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.11.2018 17:38

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
Қаржы орталығы
A- A A+