«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі
Билеттердiң құны, оларды сатып алу орындары
ЭКСПО-2017 көрменiң ресми сайтында билеттердiң құны:
- тiркелген күнi бар билеттер — 4000 теңге,
- күнi белгiленбеген билеттер — 6000 теңге.
Билеттердi «Қазпочта» АҚ барлық бөлiмшелерiнде, қаланың туристтiк фирмаларда «Турист» (Амангелдi к., 141, тел. 46-35-56), «Прогресс» (Интернационал к., 55, тел. 46-98-44), «Рахмет» ойын-сауық орталығының 2 қабатында (ЭКСПО-2017 ресми билеттер кассасы), сондай-ақ көрменiң ресми сайтында (http://expo2017astana.com) сатып алуға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтарына жеңілдік билеттері көзделген.
Жеңілдік билеттерді сатып алуға құқығы бар адам санаттары | Билет құны |
ҰОС қатысушылары мен мүгедектері | Тегін |
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар | Тегін |
Барлық топтағы мүгедектер | Тегін |
Жетім балалар | Тегін |
6-жасқа(қоса алғанда) дейінгі балалар | Тегін |
Оқушылар | Билет құнынан 50% |
Студенттер | Билет құнынан 50% |
Зейнеткерлер | Билет құнынан 50% |
Көп балалы ата-аналар | Билет құнынан 50% |
4 не одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, көп балалы отбасылар | Билет құнынан 50% |
Шет елдердің азаматтарына жеңілдіктерқолданылмайды. Тек, 6 жасқа дейінгі балалар үшін кіру еркін.
Толығырақ ақпаратты http://expo2017astana.com ресми сайтынан ала аласыздар.
Мақаланың шыққан күні: 29.11.2017 16:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2017 16:13