Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы
Петропавл қаласының әкiмдiгi

Жұмабеков Болат Серікұлы Петропавл қаласының әкімі, комиссия төрағасы
Мұхатов Жандос Амангелдіұлы Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Айманов Нұрлан Бақдәулетұлы   «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысының орынбасары (келісім бойынша)  
Арынғазинов Ерлан Темірханұлы Петропавл қаласы Пробация қызметі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)  
Асылбеков Данияр Ерболұлы «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы  
Бердағұлов Арман Сағатұлы Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)  
Грабарь Лидия Николаевна   «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша)  
Гүлмира Жәкенқызы   «Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ басшысы  
Евтушенко Татьяна Степановна «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК клиникалық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Жолдаспаев Данияр Біржанұлы «Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ басшысы  
Қожағұлов Нұржан Болташұлы Полиция басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)  
Мұқышев Кеңес Таңатарұлы «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)  
Науанова Мафруза Тасболатқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы  
Орлова Алина Геннадьевна «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы (келісім бойынша)  
Пронина Юлия Дмитриевна «Мол Табыс» ЖШС «Проспект СК» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)  
Самойлов Виктор Николаевич   «ПЗТМ» АҚ зауытының еңбек ардагері (келісім бойынша)
Соболева Любовь Ивановна «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Петропавл қалалық филиалының президиум мүшесі (келісім бойынша)  
Сұрағанова Айнагүл Ағыбайқызы «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысы  
Тұрғанбеков Қанат Бақытбекұлы Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша)  
Өрікбаев Асқар Қазкенұлы «Петропавл қаласының Әділет басқармасы» РММ басшысы (келісім бойынша)

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы

 

2019 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi қоғамның тұрақты даму шарттарының бiрi болып табылады және қоғамдық қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимылдың кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала әкiмдiгiнiң жанынан Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылып, жұмыс iстейдi. 2019 жылдың 1 жарты жылдығында комиссияның 2 отырысы өткiзiлдi, онда қала мектептерiнiң оқушылары арасында, нашар отбасылардан шыққан және қауiп тобындағы кәмелетке толмаған балалармен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолдарда және қоғамдық орындарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, дiни экстремизмнiң алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер қаралды. Өткiзiлген отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты бақылауда тұрған ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берiлдi.

Петропавл қ. IIБ мәлiметтерi бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 0,8%-ға (18 ж. 1 жарты жылдығындағы 239-дан 19 ж. 1 жарты жылдығындағы 241-ге дейiн); автокөлiк ұрлығы 100%-ға (3-тен 0-ге дейiн), пәтер ұрлығы 57,9%-ға (228-тен 96-ға дейiн), бұзақылық 19,7%-ға ( 66-дан 53-ге дейiн); қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 0,7%-ға (418-ден 415-ке); көшелерде жасалатын қылмыстар 9,8%-ға (164-тен 148-ге дейiн) азайды.

Алайда, оң нәтижелерге қарамастан, денсаулыққа ауыр зиян келтiру 52,2%-ға (35-тен 18-ге дейiн), өлiмге әкелiп соқтырған қылмыстар 28,6%-ға (7-ден 9-ға дейiн), ұрлық 3,4%-ға (1107-ден 1145-ке дейiн), тонау 30%-ға (50-ден 65-ке дейiн), кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 61,5%-ға (13-тен 21-ге дейiн), отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 85,74%-ға (7-ден 13-ке дейiн) секiлдi қылмыстардың артуы байқалады.

Қазақстан Республикасының 2011 жылдан 2050 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасының субъектiлерi үшiн құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың халықпен байланысын белсендi дамытумен құқық бұзушылық профилактикасының тиiмдi жүйесiн құру және кез келген құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушiлiк» басым бағыттар болып табылады.

Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн арттыруға бағытталған шаралар қабылдануда. Бейнесюжеттер көрсетiлiп, билбордтар орнатылды және заңға бағынушылық мiнез-құлықты насихаттайтын буклеттер таратылады.

Көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, қылмыстарды «Iзiн суытпай» ашу, жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында 40 жедел-профилактикалық iс-шара өткiзiлдi.

Ай сайын учаскелiк полиция инспекторлары халықпен кездесулер өткiзедi. Жиындар бейне және фото тiркеумен ПИК аулаларының жанындағы аумақтарда өтедi.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 72 рейдтiк iс-шара ұйымдастырылды.

Балалар мен жасөспiрiмдердi спорттық және бос уақыт iс-шараларымен көбiрек қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында қала мектептерiнде бос уақыт қызметi белсендi түрде жүргiзiледi: спорттық, көркем, би, юннаттық-биологиялық үйiрмелер 4000 астам оқушыны қамтиды.

2 қосымша бiлiм беру ұйымы жұмыс iстейдi: «Мектептен тыс жұмыс балалар-жасөспiрiмдер орталығы» КММ (орталықта 22 балалар-жасөспiрiмдер клубы жұмыс iстейдi) және «Жас Дарын» Өнер мектебi» МКҚК. 35 жалпы бiлiм беретiн мектеп базасында 3999 оқушыны қамтитын 257 спорттық секция мен үйiрме жұмыс iстейдi.

Бүгiнгi күнi облыс орталығында жүйелi түрде дене шынықтырумен және спортпен 64 281 адам айналысады немесе қала халқының жалпы санының 29,5%. Дене шынықтырумен және спортпен белсендi айналысу үшiн қалада 400-ден астам спорт имараттары жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғастырылатын болады.

Заң бөлiмi басшысы Н. Дёрова

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi қоғамның тұрақты дамуы шарттарының бiрi болып табылады және қоғамдық қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылыққа қарсы iс-қимылдың кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала әкiмдiгiнiң жанында Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды және жұмыс iстейдi. 2018 жылғы 1 жарты жылдықта Комиссияның 2 отырысы өттi, оларда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында, қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында өз-өзiне қол жұмсаудың алдын алу, 2017-2019 жылдырға арналған құқық бұзушылықтың алдын алудың кешендi жоспарын iске асыру бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер қаралды.

Петропавл қаласының IIБ мәлiметтерi бойынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 18,6%, (388-ден 316-ға дейiн; ө.ж. маусым 475) көшелерде жасалған қылмыстар саны 30,6% (157-ден 109-ға дейiн; ө.ж. маусым 200), мас күйiнде 11,5% (192-ден 170 дейiн; ө.ж. маусым 231) адамдар тобымен жасалған қылмыстар 30,2% (86-дан 60 дейiн; ө.ж. маусым 101); кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 18,2% (11-ден 9-ға дейiн ө.ж. маусым 11); отбасылық тұрмыстық қатынастар саласы бұрынғы деңгейде — 3 (ө.ж. маусым 5). Алайда, оң нәтижелерге қарамастан, бұған дейiн сотталғандармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 56,3% (245-тен 383-ке дейiн, ө.ж. маусым 288) өсуiне жол берiлдi. Жыл басынан берi адам өлтiру, адам өлiмiмен аяқталған ауыр дене жарақаттары, қарақшылық, бопсалаушылық, бұзақылық, алаяқтық секiлдi құқық бұзушылық түрлерiнiң өсуiне жол берiлдi.

Ағымдағы жылы «Қауiпсiз жол», «Құқықтық тәртiп» жедел-профилактикалық iс-шаралар өткiзiлдi.

Қоғамдық тәртiптi сақтауға жалпы саны 347 адамнан тұратын құқық қорғау бағытындағы 87 қоғамдық құрылым жасағы (жалпы саны 127 адам5 студент жасағы) қатысады. Қаланың 39 жалпы бiлiм беретiн мекемесi 100% бейнебақылау жүйелерiмен жабдықталған.

Жасөспiрiмдiк қылмыстардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторымен қалалық оқу орындарында құқықтық сауаттылық мәселелерi бойынша 635 дәрiс, әңгiмелесу, дөңгелек үстел өткiзiлдi. Ойын-сауық мекемелерi бойынша 63 рейдтiк iс-шара өткiзiлдi.

Балаларды және жасөспiрiмдердi спорттық iс-шаралармен кеңiнен қамту мақсатында, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшiн қаланың әр түрлi аудандарында (ДСР, Жұмысшы кентi, Заречный, Черемушки, 19-шы шағын аудан, 20-шы шағын аудан, қаланың Орталық бөлiгi, Борки және т.б.) 21 балалар жасөспiрiмдер клубы жұмыс iстейдi.

2018 жылғы 26 наурыздан 28 наурызды қоса кезеңде «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» облыстық акциясы өткiзiлдi.

Бүгiнгi күнi облыс орталығында дене шынықтыру және спортпен қала халқының жалпы санынан 64 281 адам немесе 29,5% айналысады. Дене шынықтырумен және спортпен белсендi айналысу үшiн қалада 400-ден аса спорттық құрылым жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмi
басшысының м.а. Е. Ефремова

2018 жылғы 1 тоқсан iшiнде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi қоғамның тұрақты даму шарттарының бiрi болып табылады және қоғамдық қарым-қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етудiң кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

2018 жылғы 30 наурызда Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысы өткiзiлдi, онда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жалпы бiлiм беретiн мектептерде және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында кәмелетке толмағандар арасында өзiне-өз қол жұмсаудың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылдың басынан Петропавл қаласының IIБ мәлiметi бойынша жалпы алғанда, құқық бұзушылықтарды тiркеу — 27,8%, соның iшiнде ауыр құқық бұзушылықтар 19,3% төмендегенi байқалуда. Алайда, барлық құқық бұзушылық түрлерi бойынша тiркеудiң төмендеуi кезiнде, аса ауыр қылмыстар санатының 39,9% өсуi байқалуда, ол адам өлтiру 8,3%, адам зорлаудың ауыр түрлерi 33,3%, бопсалаушылық 33,3%, соның iшiнде ауыр санаттағы бопсалаушылық 100% және ауыр бұзақылық түрлерi — 100%. Аталған құқық бұзушылықтарды ашу 100% құрады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Петропавл қаласы IIБ ЖПҚ учаскелiк инспекторлары ай сайын халық алдында есеп беру кездесулерiн өткiзедi, онда учаскелiк полиция инспекторлары құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу саласында атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп бередi. 2018 жылғы 1 тоқсанда 1005 азамат, 40 ПИК төрағаларының қатысуымен 40 есептi кездесу өткiзiлдi.

Қоғамдық тәртiптi сақтауға құқық қорғау бағытындағы жалпы саны 340 адам 69 қоғамдық құрылым жасағы (саны 134 адам 5 студент жасағы) қатысады.

Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алуда заңсыз алкоголь өнiмдерiн сататын азаматтарды анықтау және жауапкершiлiкке тарту маңызды рөл атқарады. Жыл басынан 16 құқық бұзушылық анықталды.

Жасөспiрiмдiк қылмыстың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларымен қалалық оқу орындарында құқықтық сауаттылық мәселелерi бойынша 545 дәрiс, әңгiмелесу, дөңгелек үстел өткiзiлдi. 38 рейдтiк iс-шара ұйымдастырылды.

Нашар отбасыларды, қиын өмiрлiк жағдайында қалған балаларды анықтау мақсатында халықтың осал топтарын, тәуекел топтарын тексеру бойынша жұмыс белсендiрiлдi.

Қала мектептерiнде және 21 жасөспiрiмдiк клубта 13 мыңға жуық оқушыны қамтумен 459 үйiрме және спорттық секция ұйымдастырылды.

Барлық бiлiм беру мекемелерi iшкi және сыртқы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Барлығы 1757 камера орнатылған, оның iшiнде 961 iшкi бақылау, 796 сыртқы бақылау камерасы.

Қала халқын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында 2018 жылдың басынан 4 мыңға жуық адамды қамтумен 60 iс-шара өткiзiлдi. Қысқы кезеңде қысқы спорт түрлерiне үлкен көңiл бөлiнедi, конькимен жүгiру спорты, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей бойынша жарыстар өткiзiледi. Тұрғын үйлердiң спорттық алаңдарында шағын футболдан жаттығулар өткiзiледi. Бос уақыт өткiзудi ұйымдастыру мақсатында жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, «Надежда» және «Бодрость» әуесқой жүгiрушiлер клубтары, шахмат клубы жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

2017 жылғы қорытынды бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы қоғамның тұрақты даму шарттарының бiрi болып табылады және қоғамдық қатынастарды жетiлдiру мен құқық бұзушылыққа қарсы iс-қимылдың кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды және жұмыс iстейдi. Осылайша 2017 жыл iшiнде Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi. Отырыстарда Петропавл қаласы аумағындағы қылмыстың жағдайы және құқық бұзушылық профилактикасы жөнiнде қабылданатын шарала туралы, қоғамдық тәртiптi қорғауға азаматтардың ерiктi қатысуы, белгiленбеген орындардағы рұқсат етiлмеген сауданы болдырмау туралы және белгiленбеген түнгi уақытта алкоголь өнiмiн сатумен айналысатын бизнес субъектiлерiне қабылданатын шаралар туралы мәселелер қаралды.

Қала аумағында тiркелген қылмыстар саны 3824 қылмысты құрады, ол өткен жылғы деңгейден 29,1%-ға төмен немесе 5394 қылмыс.

Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстың 12,4%-ға (1190-нан 1042-ге дейiн) айтарлықтай төмендегенi байқалады; мас күйiнде 14,4%-ға (598-ден 512-ге дейiн); қоғамдық орындарда 15,8%-ға (1092-ден 919-ға дейiн); көшелерде 9,1%-ға (397-ден 361-ге дейiн); отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 47,1%-ға (17-ден 9-ға дейiн).

Топта қылмыстық құқық бұзушылық жасағандардың 15,7%-ға (178-ден 206-ға дейiн) өсуiне жол берiлген. Қылмыстың осы түрi негiзiнен жұмыссыздық тұрмыстың жағдайсыздығы және маскүнемдiк себептi жасалатындықтан осы өсiм мүмкiн болды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңды iске асыру шеңберiнде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз!», «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты бiрқатар акциялар өткiзiлдi.

2017 жылғы 1 тамыздан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында «Әйелдердi қолдау орталығы» қоғамдық бiрлестiгiмен тұрмыстық зорлық-зомбылық құбандары болған әйелдер және адамдарды сату құрбандары болған әйелдер үшiн баспана ашылды.

Қылмысқа қарсы күрестi күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақстаныда «Көршiлiк қарау», «Қауiпсiз қала» бағдарламалары жұмыс iстейдi, «Автобус», «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь», «Транзит» сияқты бiрқатар жедел-профилактикалық iс-шаралар өткiзiлдi, пәтерлердiң иелерiмен, ПИК қызметкерлерiмен тұрақты негiзде профилактикалық жұмыс жүргiзiледi, «Құқықтық тәртiп», «Жеткiншек», «Есептегiлер» жедел-профилактикалық iс-шаралары өткiзiлдi.

Азаматтардың 842 пәтерi орталықтандырылған қадағалау пульттерi арқылы күзетiледi. Сондай-ақ азаматтардың 20 пәтерi, коттедждерi мемлекеттiк емес күзет құрылымдарымен физикалық күзетiледi. Халықпен жұмыс жасаудың арқасында бүгiнгi күнi облыс орталығында 13 ПИК аулаларында өздiгiнен бейнебақылау камераларын орнатты, тұрғын үйлердiң 3 824 подъезiнде кодты кiлттер, 645-iнде домофондар орнатылған.

«Жас полиция көмекшiлерi» жасағы құрылды және белсендi жұмыс iстейдi. Құқық бұзушылық профилактикасы мақсатында барлық бiлiм мекемелерi сыртқы және iшкi бейнебақылау камераларымен жарақтандырылған.

Жастардың бос уақытын қамтамасыз ету және шығармашылық әлеуетiн дамыту мақсатында Петропавл қаласында қатысушылар арасында жастар өкiлдерi бар 18 шығармашылық ұжым жұмыс iстейдi.

Бiлiм мекемелерiнде саламатты өмiр салтын қалыптастыру бойынша iс-шаралар кешенi жүйелi өткiзiлiдi — сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да өткiзiледi. Қала мектептерiнде 13369 оқушыны қамтумен 484-тен аса үйiрме жұмыс iстейдi, қосымша бiлiммен оқушылардың 45% қамтылған.

Қалалық Мәдениет орталығында 2017 жылғы 23 ақпанда «Домой» халық драматеатры актерлерiнiң қатысуымен қойылым болды. Осы қойылым нашақорлық проблемаларына арналды.

Петропавл қаласының кiтапханаларында «Зиянды әдеттер — қор болған өмiр», «Шынайы емес әлемнiң нақты қаупi», «Өмiрдi әкететiн құмартушылық», «Жалған әдетке елiктемеу» кiтап көрмесi ресiмделдi.

Балалар мен жеткiншектердi спортпен айналысуға тарту үшiн 12 балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi жұмыс iстейдi, онда спорт секцияларытегiн түрде өткiзiледi, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ашық есiк күндерi өткiзiледi, 21 балалар-жасөспiрiмдер клубы және шығыс жекпе-жегi бойынша қоғамдық бiрлестiк жұмыс iстейдi. Қалада 400-ден аса спорт имараттары жұмыс iстейдi. Қала аумағында жасанды жабынмен 5 жаңа шағын-футбол алаңы және волейбол, баскетбол және шағын-футбол ойындарына арналған жарақат қауiпсiздiктi негiзбен заманауи көп функционалды спорт алаңы орнатылды.

Қалалықтардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында тренажер залдары, фитнесс-орталықтар, «Надежда» және «Бодрость» жүгiрiс әуесқойларының клубы, шахмат клубы жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.

Құқық бұзушылық профилпктикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтi құрайтын маңызды, қоғамның тұрақты даму шарттарының бiрi болып табылады. Әлеуметтiк басқару саласындағы қызметтiң ерекше түрi бола тұра, профилактика қоғамдық қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимылдың кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1797 қаулысымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды. Ведомствоаралық комиссия өз жұмысын Құқық бұзушылық профилактикасының өңiрлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес жүргiзедi. Отырыс бекiтiлген жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткiзiледi.

Осылайша, 2017 жылғы 31 наурызда қала әкiмдiгi жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының отырысы өткiзiлiп, онда Петропавл қаласы аумағындағы қылмыстың жағдайы, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы бойынша қабылданатын шаралар туралы, азаматтардың қоғамдық тәртiптi қорғауға ерiктi қатысуы туралы мәселелер қаралды.

2017 жылғы 16 маусымдағы комиссияның кезектi отырысында жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс профилактикасы, адамдар сатуға байланысты қылмыстың алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмағандар арасында құқық түсiндiру жұмысын жүргiзу, Петропавл қаласы аумағындағы белгiленбеген орындарда рұқсат етiлмеген сауданы болдырмау жөнiндегi мәселелер қаралды.

Отырыс нәтижелерi бойынша профилактикалық iс-шаралар өткiзудi жалғастыру, қалада қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, құқық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, саламатты өмiр салтын қалыптастыру бойынша тапсырмалар берiлдi. Осы тапсырмалар орындалуда.

Ағымдағы жылғы 8 айда Петропавл қаласы бойынша тiркелген қылмыс санының 33,8%-ға (4286-дан 2838-ге дейiн), ауыр және өте ауыр қылмыстар 24,0%-ға (417-ден 317-ге дейiн), кiсi өлтiру 33,3%-ға (12-ден 8-ге дейiн), денсаулыққа ауыр зиян келтiру 36,7%-ға (49-дан 31-ге дейiн), ұрлық 31,2%-ға (2677-ден 1841-ге дейiн) төмендегенi байқалады. Бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған қылмыстар саны 57,2%-ға азайды.

Қылмысқа қарсы күрестi күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауiпсiздiктi күшейту мақстаныда «Көршiлiк қарау», «Қауiпсiз қала» бағдарламалары жұмыс iстейдi, «Автобус», «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь», «Транзит» сияқты бiрқатар жедел-профилактикалық iс-шаралар өткiзiлдi, пәтерлердiң иелерiмен, ПИК қызметкерлерiмен тұрақты негiзде профилактикалық жұмыс жүргiзiледi, «Құқықтық тәртiп», «Жеткiншек», «Есептегiлер» жедел-профилактикалық iс-шаралары өткiзiлдi.

Азаматтардың 842 пәтерi орталықтандырылған қадағалау пульттерi арқылы күзетiледi. Сондай-ақ азаматтардың 20 пәтерi, коттедждерi мемлекеттiк емес күзет құрылымдарымен физикалық күзетiледi. Халықпен жұмыс жасаудың арқасында бүгiнгi күнi облыс орталығында 13 ПИК аулаларында өздiгiнен бейнебақылау камераларын орнатты, тұрғын үйлердiң 3 824 подъезiнде кодты кiлттер, 645-iнде домофондар орнатылған.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактика мақсатында қалалық маршруттық автобустарда 250 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Тәулiк сайын қоғамдық тәртiптi сақтауға 239 полиция қызметкерi мен Ұлттық Гвардияның әскери қызметшiсi кiрiседi. Оның 74 патруль наряды, 29 автопатруль, 7 «Модуль» стационарлық күзетi, Петропавл қ. IIБ күшi берiлген 12 жаяу маршрут және 6637 әскери бөлiмшенiң 24 жаяу маршруты.

Жастардың бос уақытын қамтамасыз ету және шығармашылық әлеуетiн дамыту мақсатында Петропавл қаласында қатысушылар арасында жастар өкiлдерi бар 18 шығармашылық ұжым жұмыс iстейдi.

Қалада 400-ден аса спорт имараттары жұмыс iстейдi. Мәдениет және демалыс саябағында көше тренажерлерi орнатылып, скейтбордистер мен велосипедистердiң СМШ айналысуына арналған скейт-бақ салынды, Тәуелсiздiк Стелласының жанындағы тренажерлерге жарақат қауiпсiздiктi негiз құрастырылды, сондай-ақ Борки кентiндегi колледж аумағында және Абай к., 82 және 47 тұрғын үйлердiң аулаларында тренажерлер орнатылды.

Қалалықтардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында тренажер залдары, фитнесс-орталықтар, «Надежда» және «Бодрость» жүгiрiс әуесқойларының клубы, шахмат клубы жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылық пен қылмыстар профилактикасы жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмi басшысы А. Серiкбаева

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi қоғамның тұрақты дамуының, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандартына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтiң маңызды құрамдас шарттарының бiрi болып табылады.

Осыған байланысты 2017 жылғы 31 наурызда қала әкiмдiгiнiң жанында Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өткiзiлдi.

Комиссия отырысында 2016 жылы Петропавл қаласының аумағындағы қылмыстың жағдайы және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар және азаматтардың қоғамдық тәртiптi сақтауға ерiктi қатысуы туралы мәселелер қаралды.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

Осылайша, 2016 жылғы 12 айда 5394 (5979) қылмыстық құқық бұзушылық тiркелдi, тiркеудiң төмендеуi — 9,8%. Қылмыстарды ашу 49,8% құрады.

Ауыр және ең ауыр қылмыс түрлерiнiң 408-ден 371-ге дейiн немесе 9,1% төмедегенi байқалады. Қылмыстың осы түрiн ашу 86,6% құрады.

Жүргiзiлген жұмыс нәтижесiнде тiркелген ұрлықтар саны — 7,7% (233-тен 215-ке дейiн), бұзақылық — 56,3% (174-тен 76-ға дейiн), алаяқтық — 34,4% (552-ден 362-ге дейiн), қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар — 17,5% (1323-тен 1092-ге дейiн), қала көшелерiндегi қылмыстар — 22,6% (513-тен 397-ге дейiн) төмендедi.

Полиция қызметiнiң негiзгi басымдықтарының бiрi азаматтардың және жалпы қоғамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, қоғамдық тәртiптi сақтауға жүйелi бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, тәулiктiк режимде IIБ Жедел басқару орталығына шығарумен 80 бейне камера, саны 421 адам құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың 69 жасағы жұмыс iстейдi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

2016 жылғы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi қоғамның тұрақты дамуының, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандартына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтiң маңызды құрамдас шарттарының бiрi болып табылады.

Осыған байланысты қала әкiмдiгiнiң жанында Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды және жұмыс iстейдi.

Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткiзiледi.

Осылайша, 2016 жыл iшiнде Ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi, онда қылмыстың жағдайы және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар; кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу; адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатуға байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу; кез-келген құқық бұзушылықтарға «нөлдiк төзiмдiлiктi» қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы, тұрғындар арасында маскүнемдiк пен араққұмарлықтың алдын алу; бiлiм беру мекемелерi объектiлерiнiң жанындағы желiлердi өртке қарсы сумен жабдықтау және өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарымен жабдықтау туралы мәселелер қаралды.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

2016 жылғы қорытындылар бойынша қала аумағында жасөспiрiмдiк қылмыстардың 46,2%, ауыр және ең ауыр қылмыс түрлерiнiң 9,1%, тiркелген адам өлтiру жағдайларының 29,4%, ұрлықтың 7,7%, бұзақылықтың 56,3%, алаяқтықтың 34,4%, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 17,5%, көшелердегi 22,6% төмендегенi байқалады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы Zip (6 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысында тәртiпсiздiк пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қамтамасыз ету жөнiндегi 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар жоспары Zip (67 Kb)

Тәртiпсiздiк пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қамтамасыз ету жөнiндегi 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар жоспары Zip (180 Kb)

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтi құрайтын маңызды, қоғамның тұрақты дамуы шарттарының бiрi болып табылады. Әлеуметтiк басқару саласындағы қызметтiң ерекше түрi бола тұра, профилактика қоғамдық қатынастарды жетiлдiруге және құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимылдың кешендi шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған Бағдарламаларды орындау үшiн қала әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1797 қаулысымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды.

Комиссия құрамына негiзiнен барлық құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерi кiрдi: iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментi, бiлiм, спорт, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, облыстың қылмыстық-атқару жүйесi, iшкi саясат, әдiлет, «Әйелдердi қолдау орталығы» қоғамдық бiрлестiгi, жұмыспен қамту, қаланың қылмыстық-атқару инспекциясының өкiлдерi.

2015 жыл iшiнде Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 3 отырысы өткiзiлiп, онда жоспарда көзделген мәселелер қаралды.

Осылайша, Комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандар мен жастарды спортпен айналысуға тартатын спорт инфрақұрылымы мен бос уақытты өткiзу мекемелерiн дамыту туралы, кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бойынша; жол қозғалысы қауiпсiздiгi бойынша; есiрткiлердiң заңсыз айналымы фактiлерiнiң жолын кесу және оны айқындау және Петропавл қаласы арқылы есiрткi транзитiнiң жолдарын кесу мен есiрткi профилактикасы шаралары бойынша бiлiм мекемелерiнде факультативтiк сабақтар, дәрiстер ұйымдастырудың жай-күйi туралы, наркологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларды медициналық-әлеуметтiк сауықтыру қызметтерiн нығайту туралы; өңiрдегi нашақорлықты таратуға қарсы iс-қимыл мәселелерi туралы; маскүнемдiктi ерте анықтау, Мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы, Қазақстан Конституциясы және Әуезов көшелерiндегi стихиялық сауда фактiлерiн анықтау бойынша өткiзiлген рейдтiк iс-шаралардың қорытындылары бойынша және тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша өткiзiлетiн жұмыс туралы, соның iшiнде қасақана кiсi өлтiру профилактикасы мәселелерi бойынша ҮЕҰ өзара iс-қимыл туралы.

Қала мектептерiнде 2014-2015 оқу жылы 12 мыңнан аса оқушыны қамтумен 627 үйiрме және 205 спорт секциялары ұйымдастырылды, ол мектептерде оқитын балалар мен жеткiншектердiң жалпы санының 65,5%-ын құрайды. Петропавл қаласы IIД кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi бөлiмшесiмен бiрлесiп «Түнгi қаладағы балалар», «Бос уақыт», «Құқықтық тәртiп», «Жеткiншек» оперативтiк-профилактикалық рейдтер жүйелi түрде өткiзiледi.

Петропавл қаласында 300-ден аса спорт имараттары жұмыс iстейдi. Жастарды спортпен айналысуға тарту үшiн 16 спорт ұйымы (12 балалар-жасөспiрiмдер спорт метебi, 2 жоғары спорт шеберлiгi мектебi, олимпиадалық резерв даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат), 21 балалар-жасөспiрiмдер клубы және шығыс жекпе-жегi бойынша қоғамдық бiрлестiк.

Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар профилактикасының негiзгi шарасы, олардың тарапынан құқыққа қарсы тым қатал әрекеттi болдырмау мақсатымен құқық бұзушылық жасаған тұлаларды анықтау және есепке қою жұмысы болып табылады. Учаскелiк полиция инспекторларымен тұрақты түрде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлалармен жаппай және жеке жұмыс жүргiзiледi, оларды профилактикалық есепке қоюдың уақытылылығы қамтамасыз етiледi.

Қоғамдық тәртiптi және құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ететiн қызметтер жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шаралар тұрақты негiзде қабылданады.

Қылмыспен күрестi күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртiп», «Тiлемсектiк» оперативтiк-профилактикалық iс-шара өткiзiлдi, «Көршiлiк қадағалау» бағдарламасы жұмыс iстейдi, пәтерлер иелерiмен, ПИК қызметкерлерiмен профилактикалық жұмыс тұрақты негiзде жүргiзiледi.

«Құқық бұзушылық прафилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 09:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 11:42

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22
23
24
25 26 27 28 29 30  
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
Қаржы орталығы
A- A A+