Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы Петропавл қаласының әкімі, комиссия төрағасы
Трикачев Александр Владимирович Петропавл қаласының прокуроры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Бердағұлов Арман Сағатұлы Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)
Ғалеев Қайролла Төлейұлы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Глотов Евгений Сергеевич Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Грабарь Лидия Николаевна «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ басшысы (келісім бойынша)
Жұмабаев Жанат Жеңісұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)
Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысы (келісім бойынша)
Мұқышев Кеңес Таңатарұлы «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Мұхатов Жандос Амангелдіұлы Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Пронина Юлия Дмитриевна «Мол Табыс» ЖШС «Проспект СК» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Салкеев Талғат Дәулеткенұлы «ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Петропавл қаласы бойынша кірістер баскармасы» РММ басшысы (келісім бойынша)
Самойлов Виктор Николаевич «ПЗТМ» АҚ зауытының еңбек ардагері (келісім бойынша)
Серікбаева Анар Мейрамқызы Петропавл қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы
Смағұлов Асан Жетпісбайұлы Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Петропавл қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы
Соболева Любовь Ивановна «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Петропавл қалалық филиалы президиумның мүшесі (келісім бойынша)
Сүлейменов Абылай Жәлелұлы Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі
Өрікбаев Асқар Қазкенұлы «Петропавл қаласының Әділет басқармасы» РММ басшысы (келісім бойынша)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Қала әкiмдiгiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Қала әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды және жұмыс iстейдi, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлдi.

2018 жылғы 1 жарты жылдықта бекiтiлген отырыс өткiзу жоспарымен көзделген мәселелер қаралған Комиссияның 2 отырысы өткiзiлдi. Өткiзiлген отырыстар нәтижелерi бойынша ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берiлдi.

Тiкелей бөлiмдермен жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау және өңдеу үшiн қолайлы алаң құру мақсатында 2017 жылғы 21 қарашадан бастап әкiмдiкте пилоттық режимде «Ашық әкiмдiк» жобасы бастау алды, оның негiзгi қағидалары айқындылық және барынша ашықтық болып табылады.

Жоба аясында электрондық кезек және кеңесшiлермен ресепшн енгiзiлдi.

Құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi сақтау мақсатында бекiтiлген жоспарға сәйкес құқықтық жаппай оқулар өткiзiледi. Осылайша, ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 5 отырыс өткiзiлдi.

Қала әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге, жер учаскелерiне кезекте тұрғандар тiзiмi орналастырылған, олар жыл сайын өзектендiрiледi.

Қала кiтапханаларында тұрақты түрде «Маңызды мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл», «Әдебиеттегi сыбайлас жемқорлық тақырыбы» кiтап көрмелерi жұмыс iстейдi.

Қала әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнде және ведомстволық қарасты мекемелерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша плакаттар мен ақпараттық парақтар iлiнген.

Банк филиалдарында, кәсiпорындарда, қала мектептерiнде, балабақшаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы 2000-нан астам парақша орналастырылған.

Мектептерде өнегелi, жауапты, бастамашыл және әлеуметтiк құзыреттi азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшiн жағдайлар жасау мақсатында Петропавл қаласының 36 жалпы бiлiм беретiн мектебiнде 2850 оқушы санымен «Адал Ұрпақ» ерiктi мектеп клубтары құрылды.

Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ, мемлекеттiк мекемелердiң және қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестелерi қала әкiмiнiң сайтында жарияланған, сондай-ақ, тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс қала әкiмдiгiнде жалғасатын болады.

Заң бөлiмi
басшысының м.а. Е. Ефремова

2018 жылғы 1 тоқсан iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Мемлекет басшысымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiмен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Қала әкiмдiгiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ескерту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.

Осылайша, 2018 жылғы 26 қаңтарда сағат 11-00-де қала әкiмдiгiнде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның ұлықтылығы — Жолдаудың басты бағыты» атты бiрыңғай ақпараттық сағат өткiзiлдi, оның барысында «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi мiндеттерi жарияланды.

Ағымдағы жылғы 31 қаңтарда Әдеп Кодексiнiң нормаларын және мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы талқылау болды.

2018 жылғы 09 ақпанда СҚО бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң департаментi Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Е. Сатановтың қатысуымен құқықтық жаппай оқу болып, оның барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және ҚР Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп қодексiн сақтау жөнiндегi мәселелер талқыланды.

2018 жылғы 01 ақпанда Петропавл қаласының әкiмдiгiнде «Адал жол — Честный путь» акция-марафоны басталды. Акция аясында түрлi форматтағы сипаттта iс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, пiкiрталастар, флеш-мобтар, дәрiстер, кездесулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үндеухаттар тарату) өткiзiлдi. Акция-марафон аяқталған соң Петропавл қаласында 2018 жылғы 03 наурызда эстафета Аққайың ауданына табысталды.

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi арнайы бөлiмдер құрылды, сондай-ақ көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң Стандарттары мен Регламенттерi орналастырылды.

Жыл сайын қала әкiмi аппаратында Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын жақсарту бойынша Iс-шаралар жоспары бекiтiледi, соның iшiнде 2018 жылға арналған, ол қала әкiмiнiң сайтында орналастырылады.

ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген (2017 жылғы 07.06. № 339 өзгерiстер енгiзiлдi) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес сегiз мемлекеттiк орган (Дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, бiлiм, кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы, ветеринария, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi) және қала әкiмi аппаратының АХАЖ 92 мемлекеттiк қызмет көрсетедi, олардың 26 қызметi баламалы яғни «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және мемлекеттiк органдар арқылы және 16 қызмет баламасыз негiзде, тек қана «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы.

2018 жылғы 30 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысы өткiзiлдi, онда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша жүргiзiлген жұмыс мәселелерi және «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ және мемлекеттiк бағынысты мекемелердегi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша қабылданатын шаралар туралы талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мәселелерi құқықтық жаппай оқу отырыстарында бiрнеше рет қаралған болатын. Осылайша, 2018 жыл iшiнде мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлық тақырыбына 2 құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтi дәрiптеу жөнiндегi маңызды мiндеттердiң бiрi БАҚ-ты тартумен ақпараттық-үгiт жұмысын кеңiнен жүргiзу болып табылады. Қалалық баспа басылымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа-жоқ», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Тәртiптiк кеңес», «Әдеп жөнiндегi кеңес», «Жемқорлық орға жығады» айдарлары ашылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа қала әкiмдiгi қызметкерлерiнiң 10 мақаласы жарияланды. Qyzyljar телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа бейнероликтер трансляциялауды жүзеге асырады.

Қала кiтапханаларында тұрақы түрде «Негiзгi мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл», «Сыбайлас жемқорлық әдебиетте» кiтап көрмелерi жұмыс iстейдi.

Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер мен қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестесi қала әкiмiнiң сайтында орналасқан, сондай-ақ тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жұмысы қала әкiмдiгiнде жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң
басшысы А. Серiкбаева

2017 жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды, оның қызметi туралы ақпарат қала әкiмiнiң сайтында орналастырылған.

2017 жыл iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi, онда Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментi басшысының м.а. К.М. Шаймұқанов сөз сөйледi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселе бойынша қаланың IIБ жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы А.Ж. Смағұлов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы, қаржы, құрылыс, бiлiм бөлiмдерiнiң басшылары есеп бердi. Персоналды басқару қызметiнiң басшысы мемлекеттiк қызметшiлердiң қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өтуi туралы баяндады.

Ағымдағы жылғы 4 тоқсанда кезекке қою және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселе қаралды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелерi бiрнеше рет құқықтық жаппай оқу отырыстарында қаралды. Осылайша, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен 10 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте қала әкiмдiгiнде Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментi басшысының орынбасары Е.Ф. Степаненко, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментiнiң инспекторы С.Н. Зайцеваның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл тетiктерiн талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсiндiру бойынша семинар-кеңес өткiзiлдi.

2017 жылғы 17 қазанда сыбайлас жемқорлықтың әр көрiнiстерiне нөлдiк төзiмдiлiктi қалыптастыру мақсатында қала әкiмiнiң аппаратымен «Парасыз болашаққа. Бiрге!» аясында әкiмдiк қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдiк топпен кездесуi өткiзiлдi.

2017 жылғы 29 қарашада сағат 11-00-де барлық қала мектептерiнде (9-11 сынып оқушылары және мектеп мұғалiмерi үшiн) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат бойынша бiрыңғай сағат өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтi таныту бойынша маңызды мiндеттердiң бiрi БАҚ тартумен ақпараттық-насихаттау жұмысын кеңiнен жүргiзу болып табылады. «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» қалалық баспа басылымдарында «Коррупции — нет», «Борьба с коррупцией», «Тәртiптiк кеңес», «Әдеп жөнiндегi кеңес», «Жемқорлық орға жығады» айдарлары жұмыс iстейдi. Qyzyljar телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында бейне роликтер көрсетiледi.

Қала кiтапханаларында тұрақты түрде «Маңызды мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл», «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Әдебиеттегi сыбайлас жемқорлық тақырыбы» кiтап көрмелерi жұмыс iстейдi.

И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананың оқу залында СКУ колледжiнiң оқушылары арасында «Нұр отан» партиясының қалалық филиалымен бiрлесiп «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Қала әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнде Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар намыс кодексi мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң орналастырылған стендтар орнатылған.

Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ, мемлекеттiк мекемелердiң және қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестелерi қала әкiмiнiң сайтында жарияланған, сондай-ақ, тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс қала әкiмдiгiнде жалғасатын болады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилпктикасы бойынша қала әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Қала әкiмдiгiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша үлкен жұмыс жүргiзiлуде.

Петропавл қаласы әкiмдiгi жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және профилактика мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия жұмыс iстейдi. 2017 жылға бекiтiлген Жоспараға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 2 отырысы болып өттi, 2017 жылғы 31 наурызда, 16 маусымда және 28 қыркүйектегi. Отырыс барысында берiлген ұсыныстар мен нақты тапсырмалар мемлекеттiк органдар басшыларының тұрақты бақылауында.

2017 жыл iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа мемлекеттiк органдардың мамандарымен 7 құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi. Сонымен қатар, 2016 жылғы 29 қаңтарда Петропавл қаласы бойынша Салық басқармасы салық заңнамасын түсiндiру бөлiмiнiң бас маманы Б. Баржақсымовтың, 2017 жылғы 17 мамырда — Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы К.М. Шаймұқановтың қатысуымен

Тұрақты негiзде сенiм телефоны, «Проспект СК», «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланғаны туралы ақпарат жұмыс iстейдi, ғимаратта жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне, соның iшiнде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерiне арналған жәшiк орналасқан.

Жыл сайын басқарма қызметкерлерi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кiрiстерi мен салық салу объектiсi болып табылатын мүлiктерi туралы салық органына декларация бередi.

2012 жылы қала әкiмдiгiнiң жанынан бiлiм және жер қатынастары бөлiмдерiмен «бiр терезе» қағидасы бойынша ХҚКО ашылған болатын (қазiр ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы). ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген (2017 жылғы 07.06. № 339 өзгерiстер енгiзiлдi) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес сегiз мемлекеттiк орган (Дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, бiлiм, кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы, ветеринария, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi)және қала әкiмi аппаратының АХАЖ 91 мемлекеттiк қызмет көрсетедi, олардың 25 қызметi баламалы түрде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясымен көрсетiледi, яғни «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және мемлекеттiк органдар арқылы және 14 қызмет баламасыз негiзде, тек қана «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы.

2017 жылғы 8 ай iшiнде қаланың жергiлiктi атқарушы органдарымен халыққа барлығы 58648 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, соның iшiнде мемлекеттiк органда көрсетiлгенi — 24582, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» ҮЕАҚ — 21537 мемлекеттiк қызмет, веб-портал арқылы — 12529 қызмет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мақсатында Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап барлық мемлекеттiк сатып алулар электрондық түрде өткiзiледi, ол сыбайлас жемқорлықтың себебi болып табылатын және бәсекелестiкке қабiлеттiлiк деңгейiн төмендетуге, бюджет қаражаттарын мақсатсыз жұмсауға әкелетiн тапсырыс берушi мен жеткiзушiнiң арасындағы келiсу мүмкiндiгiн азайтуға шақырады.

Қала сайтында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге, жер учаскелерiне кезектегiлердiң тiзiмi орналасқан, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегiлердiң тiзiмi сондай-ақ қала әкiмдiгiнiң 1 қабатында орналасқан.

Қалалық баспа басылымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Этика жөнiндегi кеңес» жұмыс iстейдi, 22 мақала жарияланды. «Қазақстан Петропавл», «МТРК», «1 Северный» арналарында эфирге 20 сюжет шықты. Қаланың қоғамдық орындарында 5 билбордтарда, 10 пилонда баннер кенебi орнатылған.

Қала әкiмдiгiнде вируталды қабылдау жұмыс iстейдi, оған қаланың әрбiр тұрғыны оны қызықтыратын мәселемен жүгiне алады. WEB-сайттың мекен-жайы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында жарияланған petropavl.sko.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментiнiң ағымдағы жылғы наурыздағы «Есiктен есiкке дейiн» акциясы шеңберiнде қаланың iшкi саясат бөлiмiмен пара бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ақпаратпен 4500 дана плакат және Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң байланыс деректерiн көрсетумен күштеп пара алушылық жағдайында азаматтарға жаднама басуда және оны қаланың қоғамдық орындарында таратуға көмек көрсетiлдi.

Сыбайлас жемқорлық құық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмi басшысы А. Серiкбаева

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң қаулысына өзгеріс енгізу туралы (2017 ж. 22.02. №379)

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Қала әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың ең өзектi мәселелерi қаралды.

Осылайша, 2017 жылғы 31 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысы өткiзiлдi, онда Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментi басшысының м.а. К.М. Шаймұқановтың қала әкiмдiгi мемлекеттiк мекемелерiнiң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауын жүргiзу туралы ақпараты тыңдалды, «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ басшысы Ж.Қ. Бәкiшев және «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысының м.а. А.Қ. Қасымғожина сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту бойынша қабылданатын шаралар туралы есеп бердi.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

Жыл нәтижесi бойынша қала әкiмдiгi коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауын жүргiзу туралы шешiм қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың алдын алу мәселелерi құқықтық жаппай оқыту отырыстарында да қаралады. Осылайша, 2017 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

2016 жылғы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Осыған байланысты қала әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды, оның қызметi туралы ақпарат қала әкiмiнiң сайтында орналастырылған.

Қала әкiмдiгiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырыстарында ең өзектi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi қаралады.

Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткiзiледi.

Осылайша 2016 жыл iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi, онда қала әкiмi аппаратының басшысы, бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, қаржы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, iшкi саясат, кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы есеп бердi.

Осы мәселенi қарау нәтижелерi бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша алдын алу жұмысын белсендiру жөнiнде ұсыныстар берiлдi.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауды ескерту мәселелерi құқықтық жаппай оқыту отырыстарында бiрнеше рет қаралды. Осылайша, 2016 жылы мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына 12 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

Жыл соңында 2017 жылға арналған Комиссия жұмысының жоспары құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Заң бөлiмiнiң басшысы А. Серiкбаева

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы ақпарат Zip (5 Kb)

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Петропавл қаласының әкiмдiгiмен қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Елбасымен мемлекеттiк басқару жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстермен күрес Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту iсiндегi негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде белгiлендi.

Осыған байланысты қала әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) құрылды, оның қызметi туралы ақпарат қала әкiмiнiң сайтында орналастырылған.

2015 жыл iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 3 отырысы өткiзiлдi, онда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы, экономика және бюджеттiк жоспарлау, мәдениет және тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт, қаржы, құрылыс бөлiмдерiнiң басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы есеп бердi.

Сыбайлас құқық бұзушылықтар жасауды ескерту мәселелерi құқықтық жаппай оқыту отырыстарында бiрнеше рет қаралды. Осылайша, 2015 жылы мемлекеттiк мекемелердiң мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына 10 құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

«Қызылжар нұры» және «Проспект СК» қалалық газеттер беттерiнде тұрақты түрде «Құқықтық-түсiндiру жұмысы» және «Обратная связь с читателем», «Нет коррупции», «Мы против коррупции», «Жемқорлық — iндет, жою — мiндет» айдарлары жұмыс iстейдi.

Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ, мемлекеттiк мекемелердiң және қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестелерi қала әкiмiнiң сайтында жарияланған, сондай-ақ, тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Қала әкiмiнiң сайтында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй, жер алуға кезекте тұрған азаматтардың тiзiмдерi жарияланған. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезекгiнде тұрғандардың тiзiмi қала әкiмдiгiнiң 1 қабатында орналастырылған, онда әрбiр ниет бiлдiрушi осы тiзiмдермен таныса алады.

Орындаушылық тәртiптiң талдауы қала әкiмi аппаратының тұрақты бақылауында. Апта сайын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн орындау мониторингi жүргiзiледi, ол мемлекеттiк мекеме басшыларына және тiкелей орындаушыларға, сондай-ақ, аппарат басшысына және қала әкiмiнiң орынбасарларына жеткiзiледi.

Қала әкiмдiгiнде виртуалды қабылдау жұмыс iстейдi, оған қаланың әр тұрғыны оны қызықтыратын мәселемен жүгiне алады. WEB-сайттың мекенжайы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында petropavl.sko.kz жарияланған.

Қала әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнде Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар намыс кодексi мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң орналастырылған стендтар орнатылған. Сенiм телефондары туралы ақпарат, сондай-ақ, мемлекеттiк мекемелердiң және қала әкiмi аппаратының азаматтарды қабылдау кестелерi қала әкiмiнiң сайтында жарияланған, сондай-ақ, тоқсан сайын «Проспект СК» және «Қызылжар нұры» газеттерiнде жарияланады.

Ведомстволық бағынысты мекеме басшыларының түрлi сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн болдырмау бойынша тұрақты жұмыс жүргiзiлуде. Бюджет қаражаттарын нысаналы пайдалануға және мемлекеттiк сатып алудың ашықтығына тұрақты бақылау қамтамасыз етiледi.

Комиссия жұмысы олардың кез-келген көрiнiстерiне уақытылы және мақсатты әрекет ететiндiктен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша оң нәтижесiн бередi, тұтастай мемлекеттiк органдар қызметiндегi жалпы жағдайды бағалайды және көредi.

Заң бөлiмiнiң
басшысы А. Серiкбаева

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 10:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.07.2018 16:49

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Промышленная Революция 4.0
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17
18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
A- A A+