Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қоғам

Короновирустық инфикцияны алдына алу бойынша халыққа жадынама

Коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша шаралар жүргiзу кезiндегi еңбек қызметiнiң ерекшелiктерi

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк дәрiгерiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығына сәйкес үйде карантин кезеңiнде қызметкерлерге медициналық ұйымдарға бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсiмделедi.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнiндегi шаралар шеңберiнде жеке ұйымдардың қызметi шектелген.

Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметiн жүзеге асырудың әртүрлi тетiктерi қарастырылған, соның iшiнде толық емес жұмыс уақыты режимiн белгiлеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б.

Мысалы, тараптардың келiсiм бойынша және өндiрiстiк процесс мүмкiндiк берсе, карантин кезеңiнде жұмыс берушi қашықтан орындалатын жұмыс белгiлеуi мүмкiн.

Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келiсiмi бойынша (жұмыс берушiнiң актiсiнде және еңбек шартында) белгiленедi, ал жалақы жұмыскердiң нақты жұмыс iстеген уақытына төленедi.

Бұл шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жұмыс берушi жұмыскер үшiн тоқтап тұру жағдайын жариялайды.

Еңбек Кодексiнiң 112-бабына сәйкес  жұмыс берушiге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресiмдеу тәртiбi және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерiнен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгiленедi.

Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрып қалу уақытындағы жалақы ең төменгi жалақыдан жоғары болуы мүмкiн.

Ата-анасының бiреуiне ақылы еңбек демалысын беру туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 93-бабына сәйкес кезектi еңбек демалысы демалыс кестесiне сәйкес немесе кестеден тыс қажет болған жағдайда тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

Осыған байланысты жұмыс берушiлер балалармен қалуға мәжбүр болған ата-аналардың бiреуiне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бередi.

Мақаланың шыққан күні: 18.03.2020 17:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.09.2020 08:40

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков