Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласының әкімі Б.С. Жұмабековтің 2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы баяндамасы

Құрметті қалалықтар!

2020 жылы біздің жұмысымыз Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Коронавирус пандемиясына байланысты мемлекеттік органдардың, экономиканың барлық сегменттерінің және әрбір азаматтың жұмысы ерекше шектеулер жағдайында жүргізілді. Өкінішке орай, осындай жағдайда өз жұмысын жалғастыра алмаған кейбір кәсіпорындар, жұмыстарын уақытша тоқтатты. Алайда, негізгі көрсеткіштер сақталды, кейбір бағыттар бойынша өсім байқалады.

Бюджет

2020 жылы қала бюджеті 62,8 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда (44,7 млрд. теңге) 37,4 млрд. теңгеге артты. Өсім 68% құрады.

Бюджет қаражаты инфрақұрылымды салуға және дамытуға — 18,5 млрд. теңге; абаттандыруға — 4,2 млрд. теңге; «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға — 6 млрд. теңге және т.б. бағытталды.

2021 жылға бекітілген бюджет 44,4 млрд. теңгені құрайды.

Инвестициялар

2020 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 97,9 млрд. теңгені құрады, ол 2019 жылмен салыстырғанда 21,4 млрд. теңгеге артық (76,5 млрд. теңге) Өсім 28,4% құрады.

Бүгінгі күні «Радуга» ЖШС көтерме-тарату орталығы мен заманауи көкөніс қоймасы жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы Орталық Азиядағы ең ірі отандық трансформаторлар өндірушісі ALAGEUM ELECTRIC электр техникалық өнім зауытын іске қосады, инвестициялар көлемі — 6,3 млрд. теңге құрайды.

«Claas» неміс компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын жасау жобасына 3 млрд. теңге бөледі, 100 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

YDA Holding түрік компаниясымен бірлесіп 500 төсек-орынды облыстық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда.

Жоспарда дәрілік заттарды («Фармакопея»), сондай-ақ орама және пигментті қағаз (Orkendeu Qagaz) өндіру бар.

Сондай-ақ бірқатар перспективалық инвестициялық жобалар пысықталуда.

Өнеркәсіп

Қала — Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік орталығы болып табылады, сол себепті бұл саланы дамыту стратегиялық тұрғыдан маңызды.

2020 жылы қала кәсіпорындары 199,1 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2019 жылға (167,8 млрд. теңге) қарағанда 31,3 млрд. теңгеге артық. Өсім 5,9%.

«ЗИКСТО» АҚ көрсеткіштер 5 есе өсті. 300 вагон шығарылған өнім көлемі 15,3 млрд. теңгені құрады. Осы жылы «КТЖ» АҚ 51 млрд. теңгеге зауыттың өнімін сатып алады.

«Петромашзавод» ЖШС көлемі 2,2 есеге, «Радуга» ЖШС — 1,5 есеге (3,8 млрд. теңгеден 6 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

«ВФ Поиск» ЖШС (28,5%), «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ (11,2%) ірі машина жасау зауыттарында көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ жаңа электрондық өнім шығаруды бастады — біздің облыста ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де сұранысқа ие 54 мың компьютерлік техника шығарды.

Ағымдағы жылы «SMBGROUP Family» ЖШС полипропилен ыдысының өндірісі, ультрапастерленген сүт пен қаймақты өндіру және буып — түю жөніндегі «Масло-Дел» ЖШС желісі іске қосылды.

2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін, ең алдымен, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 312 жұмыс орнын құрумен 5,3 млрд. теңгеге 3 жобаны іске асыру күтілуде. Бұл «Максимальный размах CORPORATION» ЖШС ет және көкөніс жартылай фабрикаттарын өндіру фабрикасының құрылысы.

Кәсіпкерлік

Қалада 19,6 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 9,4 млрд. теңгеге 335 жоба қаржыландырылды, оның ішінде:

  • кепіл мүлкі жоқ қарыз алушылар үшін 2,7 млрд. теңгеге 163 жоба кепілдендірілді;
  • пайыздық мөлшерлемені төмендетумен 5,7 млрд. теңге несие сомасына 151 жоба қаражаттандырылды;
  • өндірістік инфрақұрылымды, сыртқы және сыртқы инженерлік желілерді дамытуға 932,6 млн. теңге сомасында 6 жоба мақұлданды.

71,6 млн. теңгеге 15 мемлекеттік грант берілді.

Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жергілікті тауарлар өндірісін қолдау үшін екінші деңгейлі банктер 8,1 млрд. теңгеге 14 жобаны мақұлдады және қаржыландырды, сондай-ақ 3,5 млрд. теңгеге жобаның бизнес-жоспары әзірленуде. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді несиелеу оларға 6%-бен несие алуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында 51 кәсіпкер 567,1 млн. теңге сомасына кредит алды. 68 жұмыс орны құрылды.

Кредиттер ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қызметін ашу және кеңейту үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 6 500 АЕК (18 960 500 теңге) дейінгі сомаға 6%-бен беріледі.

Несие алу үшін «Бастау-Бизнес» жобасы аясында бизнес-жобаларды қорғау немесе «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы міндетті шарттар болып табылады.

Жұмыстың басқа бағыты — «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 2020 жылы одан 263 адам өтті. Жаңа Бизнес-идеяларды іске асыруға бағдарлама қатысушыларына 347 мемлекеттік грантқа 188,4 млн. теңге бөлінді. Грант алушылар ішінен 122 үміткер — 29 жасқа дейінгі жастар, 30 — аз қамтылғандар, 14 — қоныс аударушылар, 11 — мүгедектер, 6 — көп балалы отбасылар, 3 — пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар. Қызмет түрлері бойынша қызмет көрсету саласы (304), сауда (28), мал шаруашылығы (8), құс шаруашылығы (3), білім беру (4) дамыды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ға артып, 45 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 4,2 млрд. теңгеге артық (40,8 млрд. теңге).

Қаланы дамытудың басымдығы тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы болып қала береді, ол үшін бюджеттен 18,5 млрд. теңге көзделген.

Құрылыс 40 алаңда жүргізілді (26 бюджеттік және 14 коммерциялық үй).

2020 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру 2019 жылға қарағанда 19,4% өсіммен 183,5 мың шаршы метрді құрады.

Негізгі құрылыс қаланың үш ауданында: Жас Өркен және Береке шағын аудандары, сондай-ақ Уәлиханов көшесі бойындағы учаскеде жүргізілуде.

Аталған аудандарда мектептер мен инфрақұрылымның басқа да әлеуметтік нысандары салынған және құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жер қатынастары

Петропавлда жер қорын пайдалануға және жер учаскелерінің нысаналы мақсатының сәйкестігіне бақылау жүргізілуде.

2020 жылы анықталған бұзушылықтар негізінде 63 материал қалыптастырылып, тексеріс жүргізу үшін жер инспекциясы басқармасына жолданды. 9 учаске коммерциялық мақсаттар үшін сот тәртібімен мәжбүрлеп алынды. Сондай-ақ, бау-бақшадағы 58 жер учаскесі иесіз жылжымайтын мүлік ретінде мемлекеттік меншік болып танылды.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 44 бұзушылық жойылды.

Қабылданған шаралар талдауы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тексеруден кейін учаскелерді мақсаты бойынша пайдаланатынын көрсетіп отыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Қала тұрғындары үшін тұрғын үй аулаларын абаттандыру маңызды болып табылады.

Жоспар бойынша 73 аулаға 2020 жылы 32 мың тұрғынның жағдайын жақсартумен 621 млн. теңгеге 95 аула аумағына (135 мың шаршы метр) асфальт төселді.

Жұмыс тобы барлық аула аумақтарына комиссиялық тексеру жүргізді, асфальт салу, балалар алаңдары мен спорттық жаттығу құрылғыларын жайластыру, ескі және апатты ағаштарды кесу қажеттілігі анықталды. Кезекте тұрғандардың тізімі қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. 2021 жылы тағы 60 аулаға асфальт төсеу, ал келесі жылы осы жұмыс түрлерін аяқтау жоспарлануда. Қазір 128 аула аумағына асфальт төсеуге кезек құрылды (140 мың шаршы метр).

Осылайша, қалада 5 мыңнан астам қала тұрғындарын қамти отырып, 58 балалар ойын алаңы орнатылды.

Петропавл үшін өзекті болған автокөлік тұрағы мәселесі шешілді. 1160 машина-орынға арналған жалпы ауданы 28,5 мың шаршы метр 45 тұрақ жабдықталған, 12 аула аумағында 24 шлагбаум, СҚО ПД ЖБО шығарумен 9 тұрақта 19 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Петропавлда Береке шағын ауданында, Қизатов-Хименко, Абай — Әуезов көшелерінің қиылысында, Брусиловский көшесінде (Казахстанская правда көшесінен Н. Назарбаев көшесіне дейін), Потанин көшесінде, қазақ театрының жанында және қайта жаңартылған вокзал маңы алаңында жаңа 7 гүлбақ пайда болды. Аталған гүлбақтардың жанында шамамен 15 мыңға жуық қала тұрғыны тұрады.

Сондай-ақ абаттандыру аясында 14 көшеде (Әуезов, Семашко, Абай, Назарбаев, Жамбыл, Батыр Баян, Қизатов, Уәлиханов, Т.-М. Рахимов, 9 мектеп, Васильев, Тоқсан би, Гастелло, Радищев) тротуарлар жайластырылды, 138 көше мен бау-бақша қоғамдарына 10 кіреберіс жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Абаттандырумен жеке сектордың 7,5 мың тұрғыны, 1500 саяжай иесі және 17 саяжай қоғамдастығы қамтылды. Потанин көшесінде, Солнечный-2 кентінде, Панфилов және Украинская көшелерінде (Караванная к. бастап Побелянский к. дейін) 15,2 км нөсер кәрізі салынды. Жеке сектордағы осы аулаларда шамамен 3 мың қала тұрғыны тұрады.

2016-2019 жылдар аралығында қалада 14 көшені жарықтандыру желілері қайта жаңартылды. Өткен жылы Потанин, Гастелло, Байболов, Ыбыраев, Уәлиханов; Индустриальный қысқа к.; Кеншінбаев; Әуезов; Астана; Букетов көшелерінің учаскелерінде көшені жарықтандыру желілері қайта жаңартылды. 896 жарықдиодты шам мен 568 тірек орнатылды. Қалада барлығы 18 074 шам орнатылған, оның ішінде 3 494 энергия үнемдегіш, 14 580 ескі үлгідегі шамдар.

Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) гранты есебінен Панфилов, Украинская, Коминтерн, Ульянов, Мұқанов, Егемен Қазақстан, Труд, Васильев, 314-ші атқыштар дивизиясы, Универсальная, Рыжов, Лиза Чайкина көшелеріндегі, сондай-ақ Борки кентіндегі ескі ЖКУ шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстырумен 1950 дана тегін жаңартылды.

Сондай-ақ, көше қиылыстарында 78 белгі (11,9 млн.теңге), 4 қиылыста бағдаршам объектілері (29,9 млн. теңге), 12 жарықдиодты жол белгісі (4,5 млн. теңге) орнатылды. 28,8 млн теңгеге ауданы 3826 ш.м. әлеуметтік нысандарға үш кіреберіс жол салынды.

Крепостная көшесінің бойымен ұзындығы 0,9 шақырым жол салынды. Жол құрылысы қарқынды дамып келе жатқан Береке шағын ауданы мен қаланың орталық бөлігін байланыстырды, бұл Әуезов көшесіндегі автомобиль көлігінің қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Ұзындығы 1,9 шақырым үш көшені (Семашко, Алтынсарин, Кеншінбаев көшелері) орташа жөндеу аяқталды.

Қаланы дамыту саясаты аулаларды кешенді жаңартуды және қала тұрғындарының үй маңындағы аумақтарды абаттандыру жобаларын әзірлеуге қатысуын көздейді. Асфальт салу, балалар алаңын орнату, апаттық ағаштарды кесу, автомобильдерге арналған тұрақты және қоқыс контейнерлеріне арналған учаскені жабдықтау, жарықтандыру жүргізу көзделеді.

2021 жылға арналған жоспарда:

  • Жұмабаев көшесін қайта жаңарту (Пионерская к. бастап Чкалов к. дейін);
  • Алтынсарин көшесі (1,7 км) және Громова көшесі (0,7 км) бойынша екі жаңа жол салу;
  • Ойқала, Жұмысшы кенті, Береке аудандарының жеке секторының 65 көшесіне қиыршық тас төсеу;
  • 15 көшенің тротуарларын жайластыру (ауданы 26,6 мың ш. м);
  • нөсер кәрізінің құрылысын аяқтау (Вокзал маңы алаңы және Халтурин көшесі).

Жолаушылар тасымалы

Петропавл қаласында жолаушылар тасымалы саласы жаңғыртылуда. Қалада 10 автобус және 10 шағын автобус бағыттары жұмыс істейді, барлығы 220 бірлік жылжымалы құрам жұмылдырылған. Күн сайын бағыт бойынша 197 бірлік жылжымалы құрам шығады. Аталған бағыттарға 4 ЖШС және 7 жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді.

Инфрақұрылымның, жолаушылар ағынының жай-күйін зерттеу, көлік құралдары паркінің құрылымын талдау, маршруттық желіні оңтайландыру және халықтың өтініштері бойынша шағын аудандарды автобус қатынасымен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қалада жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуді енгізу бойынша электрондық билеттеу жүйесі енгізілуде, оны «ALEMPAY» ЖШС өз инвестициялары есебінен жүргізеді. Электрондық билеттеу 4 бағытта енгізілген: «27», «16», «26М», «6», қолма-қол ақшамен және картамен төлеу — 80 теңге.

Орын алған проблемаларды шешу үшін облыс әкімі Қ.І. Ақсақаловтың қолдауымен 2021 жылы 100 автобус сатып алуға қажетті бюджет қаражаты бөлінді. Олардың жетеуі облыс орталығының бағыттарында тестілеуден өтіп жатыр.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау

2020 жылы экономиканың жетекші салаларында 3012 жаңа жұмыс орнын құру бойынша жоспар 100%-ға орындалды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 307 немесе 11%-ға артық. Сонымен қатар, 6716 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі бағыты жалақының тұрақты өсуі болып табылады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 167 558 теңгені құрады және 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 15,2%-ға өсті.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында 766 отбасына 274,1 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 619 отбасына 5,9 млн теңге тұрғын үй көмегі, оның ішінде ТКШ жаңғырту бойынша 40 отбасына көмек көрсетілді.

Білім

2020 жылы білім беру саласын қаржыландыру 2019 жылғы деңгейге қарағанда 28,4%-ға ұлғаюмен 14,9 млрд. теңгені құрады.

Петропавлда үш ауысымды оқу орындарының мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Ол үшін жаңа заманауи мектептер салынуда. Мәселен, 2019 жылы Береке шағын ауданында 600 орынды, ал 2020 жылы Жас Өркен шағын ауданында 900 орынды мектеп пайдалануға берілді. 2021 жылы Ш.Уәлиханов-Чкалов көшесінде 900 орынды тағы бір мектептің құрылысы аяқталады, бұл оқушыларға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Бұл мақсатқа 498 млн теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 2020 жылы 8 жоба бойынша 6 білім беру мекемесінде 269,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. 72 жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы бағдарламасының қатысушылары қатарынан 36 орын.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен «Балапан бөбек-бақшасы» ғимаратының ПХВ терезе блоктарын ауыстыру бойынша күрделі жөндеу және № 10 ОМ аумағын абаттандыра отырып қоршауды ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ, 9 мектепте шамдарды ауыстыру, периметр бойынша жарықтандыру, есік блоктары, акт залының едендерін жөндеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаланың 20 мектебі бойынша жалпы сомасы 28,4 млн. теңгеге автоматтандырылған өрт дабылын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Компьютерлік парк 95%-ға жаңартылған — биыл 2800-ге жуық техника сатып алынды.

Ағымдағы жылы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру педагогтарының жалақысы 25%-ға ұлғайды.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 2020 жылы — «Қуырмаш» бөбекжай-бақшасы», «ТайРам» ЖШС 14 орынға кеңейтілді.

2021 жылға Ш.Уәлиханов-Чкалов көшелері қиылысында 280 орынды жергілікті бюджет қаражатына 1 балабақша салу, Крылов көшесі, 54/1 т.ү. 1 бойынша «Батыр» б/б МКҚК 44 орынға кеңейту жоспарланған, бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту пайызын 64,1%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау

Петропавл аумағында халықтың медициналық қызметтерді алу қажеттілігін өтейтін 1757 бірлік төсек қоры бар 4 облыстық денсаулық сақтау мекемесі, 352 төсек-орынға 2 қалалық аурухана, облыстық стоматологиялық және 3 қалалық емхана, 68 жеке ұйым орналасқан.

Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында тез құрастырылатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Ол жаңа жабдықтармен, соның ішінде заманауи компьютерлік томография және рентгенография аппараттарымен жабдықталған.

Орталықтан алыс орналасқан Береке шағын ауданының тұрғындарын қабылдау үшін бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салынуда.

Өткен жылы жедел жәрдем машиналарының паркі жаңартылды.

Мәдениет және спорт

Петропавл аумағында 16 мекемеден тұратын мәдениет объектілерінің дамыған желісі жұмыс істейді.

«Қалалық мәдениет үйі» МКҚК 21 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. 2020 жылы 4 жаңа топ қосылды.

Мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасуда. Осылайша, 2020 жылы қалалық мәдениет үйі үшін заманауи жарық жабдықтары сатып алынды, ғимараттың қасбетіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Петропавлда бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Спортпен тұрақты түрде 66,9 мың адам шұғылданады, бұл халықтың 30,5%. Дене шынықтырумен айналысу үшін 478 спорт ғимараты жұмыс істейді. 2020 жылы 3 стадион жаңартылды: «Қарасай», «Жастар», «Динамо». Тұрғын үйлердің аулаларында 6 жаңа спорттық жаттығу кешені орнатылды.

2021 жылға арналған жоспарда: дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, тағы 10 көше жаттығу құралын орнату және қаланың шағын аудандарында шағын стадиондар салу көзделген.

Есеп беру кездесулерінде айтылған талаптарды орындау

Петропавл қаласының әкімдігі, қалалық ведомстволар мен қызметтер 2020 жылғы қаңтардағы есеп беру кездесулерінде қала тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.

Проблемалардың басымдықтары мен бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес қалалық іс-шаралар жоспарымен бекітілген 167 тапсырманың ішінде барлығы орындалды.

Ең көп талап — 137 немесе 82% Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысы бойынша айтылды.

Бұл ретте, қала тұрғындарын толғандыратын мына мәселелер:

  • абаттандыру мәселелері — 100 талап;
  • жолдарды жөндеу және салу — 10 талап;
  • көшелер мен тұрғын үй аулаларын жарықтандыру — 15 талап;
  • қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмысы — 4 талап;
  • тұрғын үйлерді жөндеу, оларды сумен және жылумен қамтамасыз ету — 8 талап.

Аула аумақтарын абаттандыру

К. Сутюшев, 49; Брусиловский, 74 — Астана, 9,11 — Букетов, 77; Шухов, 36; Тоқсан би, 21; Букетов, 51 тұрғын үйлерінің аулаларында спорт кешенін, құмсалғыштар, әткеншектер, орындықтар, жәшіктер орнатумен 5 балалар ойын алаңы жайластырылды.

14 талап бойынша Заречная, 54, 56, 58; Шухов, 36 — Болатбаев, 2; 2А; Ыбыраев, 17А; Интернациональная, 83; Тоқсан би, 21; Жамбыл, 296; Букетов, 51; Партизанская, 185; Жуков, 26; Парковая, 121; Букетов, 38 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына және Қазақстан Конституциясы, 49, Чайковский, 18 көшелері бойындағы контейнерлерге апаратын жолдарға асфальт төселді.

Жамбыл, 296; Володарский қысқа көшесі, 24; Уәлиханов, 48; Сәтпаев, 48; Алматы, 50; Алтынсарин, 161, 172; Букетов, 38, 42; Кеншінбаев, 2,8; Гашек, 4А, 11а; Шухов,14, 36; Брусиловский, 74; Т. Мұхамед-Рахимов, 31,48 Уәлиханов, 30; Назарбаев, 264, 339А; Жуков, 26; Уәлиханов,19; Алтынсарин,172; Тоқсан би, 102; Радищев, 7А; Амангелді, 141; 2-ші Заречная, 54; Астана, 7; Жамбыл, 296; 1-ші Заречная, 98; Мүсірепов, 10; Уральская, 9; Сутюшев, 17 — Ульянов, 34, 36 тұрғын үйлерінің аулаларында 132 ауру, апаттық ағаштарды кесу және бұтақтарын кесу бойынша 37 өтінім орындалды. Солнечный кентіне кіреберісте жолды көруге кедергі жасайтын, жылу трассасының бойындағы өскіндер алынды.

11 талап бойынша Пугачев 221, Володарский қысқа көшесі, 24, Халтурин,167, Сәтпаев, 156, Абай, 63 көшелері, Новопавловка кенті бойынша ашық нөсер кәріздерін жөндеу, қалпына келтіру және тазарту, су бұру және көлденең құбырларды булау жүргізілді: Матвеев, 95 — жаяу жүргіншілер көпірі жабдықталды; «Старт», «Насосная», «Жигули» бау — бақша серіктестіктерінде ұзындығы 12 метр құбыр төсеу арқылы еріген суды бұру жүргізілді; «Қазақтелеком» АҚ — 10 құдық; «Қызылжар су» ЖШС — 92; «Тазарту имараттары» МКК — 162; «ПТС» ЖШС — 20 кәсіпорындарымен қала көшелері бойынша, сондай-ақ, Астана көшесі, 7 үй ауласындағы құдықтың деңгейі асфальт деңгейіне көтерілді. «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС Советская көшесі бойынша жүргізілген жөндеу жер қазу жұмыстарынан кейін аумақ қалпына келтірілді.

4 талап бойынша «Росинка» дүкенінің жанында ақпараттық тақтайшалар мен көрсеткіштерді орнатумен аялдама павильондары жабдықталды; Украинская көшесінде өрнек тастар салумен және орындықтармен шыны аялдама павильоны («Емхана» аялдамасы) орнатылды. «Дорсигнал» ЖШС кәсіпорны 18 аялдама павильонында ақпараттық тақтайшалар мен 16 қоқыс жәшігін орнатты.

Новопавловка кенті, Рыжов, Караванная, Крепостная, Шухов, Калюжная, Потанин, Сәтпаев көшелері, Володарский қысқа көшесі, Победа, Назарбаев 292, Қазақстан Конституциясы, Абай көшелерін механикаландырылған тазалау және қарды шығару сапасы бойынша ескертулер алынды.

Интернациональная көшесі, 39, Назарбаев, 268, Гоголь, 36 үйлерінің кіреберістерінде 3 аула аумағына қоршау орнатылды.

Кестеге сәйкес Сәтбаев көшесі, 48 және Шухов көшесі, 36 мекенжайындағы контейнерлік алаңдарды ауыстыру, Абай көшесі, 102 мекенжайындағы қоқыс контейнерлерін ауыстыру, Назарбаев көшесі, 292 мекенжайындағы қоқыс шығару мәселелері бойынша қала тұрғындарының 4 талабы орындалды.

Аула аумақтары мен көшелерді жарықтандыру бойынша 14 талап орындалды. Новицкий көшесі, 10; Московская, 135; Жуков, 26; 2-ші Семашко қысқа көшесі, 10; 3-ші Кирпичный қысқа көшесі; Букетов, 38, Шухов, 14; Тоқсан би, 102, Театральная, 47, Интернациональная, 12, Жуков, 26, сондай-ақ Борки кентінде, кәсіптік-педагогикалық колледжге дейінгі Студенческая көшесі бойынша көшені жарықтандыру желілері қалпына келтірілді. Алматы көшесі, 11 үйдің ауласына жарықтандыру жүргізу техникалық жағынан мүмкін емес.

Жылумен жабдықтау мәселелері бойынша «ПТС» ЖШС Амангелді көшесі, 141 және Алматы көшесі, 50 жылу трассаларының осы учаскелерін абаттандыру бойынша жұмыстар орындалды.

Қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмысы

2020 жылы № 2 және № 6 бағыттарға конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін жолаушылар мен багажға қызмет көрсету құқығына уақытша куәліктер берілді. Бір жыл бойы рейдтер барысында осы бағыттарға санитарлық нормаларды сақтамау бойынша әкімшілік хаттамалар жасай отырып, 11 хабарлама жазылды.

Барлық автобустар мен шағын автобустарда жолаушылар көлігінің жұмысын бақылауды арттыру үшін GPS жүйесі орнатылған, жол жүру ақысын төлеу бойынша сараланған тариф енгізілуде.

Ағымдағы оқу жылында Кірпіш кентінен балаларды мектепке дейін тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі шешілетін болады. Балаларды тасымалдау схемасы мен тәртібі жасалды, шағын автобус сатып алуға бюджеттік өтінім мақұлданды.

Тұрғын үй қорының жай-күйі

Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен лифтілерін жөндеу бойынша 6 талап түсті.

Өткен жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге қаржы бөлінген жоқ. Қаражат бөлу бойынша жұмыстар кезектілікке сәйкес жүргізілетін болады. Онымен қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

«Севказэнергосбыт» ЖШС және Н. Назарбаев көшесі, 126 мекенжайындағы «Авентис Групп» ЖШС мердігерлік ұйымымен жылу энергиясын есептеу құралын орната отырып, күштік кабель ауыстырылды.

«Лира» ЖШС мердігерлік ұйымы Жуков көшесі, 26 бойынша тұрғын үйдің барлық подъездеріндегі есік ойықтарының ақауларын жойды.

«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС шарттық міндеттемелері аясында қызмет көрсетілетін коммуналдық үйлердің тұрғындарымен есеп беру жиналыстары өткізіледі.

Кеншінбаев көшесі, 2 және 8 тұрғын үйлердің қасбеттерін бояу, тігістерді жылыту және Кошуков көшесі, 12 үйдің қасбетін бояу бойынша жұмыстар орындалды.

Жолдарды жөндеу және салу

Қала тұрғындарының жол жөндеу бойынша 21 талабы орындалды. Новопавловка кентіндегі Сафронов көшесі, Дульский көшесі, Новицкий көшесі; Халтурин көшесі, Матвеев көшесі, Ломоносов көшесі; Радищев, Московская, Соленик, Пугачев, 2-ші Заречная, Чернышевский, Космонавтов, Ертіс, Семашко, Партизанская көшелері; Сәтпаев көшесі Батыр Баян көшесінен Гастелло көшесіне дейінгі бөлігінде тротуарларды жайластыру Новопавловка, 1-ші Заречная қара жолының жүргін бөлігіне қиыршық тас төсеп, тегістеу бойынша жұмыстар орындалды.

Қизатов көшесі бойынша айналма жолдан Борки кентіне бұрылысқа дейінгі жол бөлігінде, Солнечный кентіне дейін жол жиегіне қиыршық тас жабынын төсеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы 10 мектептің, оның ішінде № 8 орта мектептің аула аумақтарын асфальттау бойынша жұмыстарды жүргізуге бюджеттік өтінім мақұлданды.

«Ыбыраев көшесін 5-Сенная көшесінен Залманов көшесіне дейін қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Заңсыз орнатылған гараждарды бөлшектеу бойынша талаптар пысықталды. Шухов көшесі, 36 үйлердің аулаларында 14 металл гараж, Казахстанская правда көшесінде — 32 гараж бөлшектелді. Гараждарды бөлшектеу жұмыстары жалғасады.

Шухов, 16, Гашек, 11А, Сутюшев, 51, Украинская, 219 көшелеріндегі тұрғын үйлердің аулаларында спорттық жаттығу кешендері орнатылды.

Володарский көшесі, 126 мекенжайындағы «Рецепт здоровья» дәріханасының жұмысы қайта жанданды.

«Океан» сауда үйінің маңында саяжай тұрғындарының өнімдерін сатуға арналған сауда қатарлары орнатылды. Сонымен қатар, ет өнімдерін сататын 2 дүңгіршек орнатылды. Сауда объектілеріне мониторинг жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесіп, олар үнемі тексеріледі.

Жолдардағы, қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларындағы қауіпсіздік

Қала тұрғындары жолдардағы, қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша 19 талап айтты.

Қалалық полиция басқармасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп, «Жаяу жүргінші өткелі» жол белгісін орнату және Борки кентінде, Зеленая көшесі, Сәтпаев көшесі мен Фрунзе көшесі, Батыр Баян және Тельман көшелері, Малышев көшесі мен Потанин көшесі қиылысында жол белгісін қою мәселелері бойынша 6 тапсырманы орындады.

Бетон блоктарын бөлшектеу және шлагбаумдар орнату, есірткі заттарын сату бойынша мәселелер пысықталып, үш өтініш берушіге түсініктеме берілді. Тұрғылықты жері жоқ тұлғалар жөніндегі 3 өтініш және тұрақ орындарын заңсыз жайластыру мәселелері бойынша шаралар қабылданды. Абаттандыруда жіберілген бұзушылықтар үшін «Арыс» ЖШС қонақ үйінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. 3 пәтер жалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрметті жерлестер!

Біздің алдымызда тұрақтылықты сақтап, 2021 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында біз Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген міндеттерге сәйкес жұмыс атқаратын боламыз, ол біздің азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруға негіз болады. Алдағы уақытта бізге бірігіп, ауқымды жұмыс атқару қажет.

Мақаланың шыққан күні: 01.02.2021 18:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.02.2021 17:46

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Сәуір 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
«БЖЗҚ» АҚ
Қаржы орталығы
A- A A+