Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласының әкімі М.И. Тасмағанбетовтің халық алдында есеп беру баяндамасы

Құрметті қалалықтар!

Өткен жыл тұтастай ел үшін де және жеке әр қазақстандық үшін де атаулы даталар мен саяси маңызды оқиғаларға толы болды.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жетістіктері дүниежүзілік қауымдастықта мойындалған қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының және елдің сенімді дамуының негізгі өзегі болды.

Қазақстан ірі интеграциялық идеялар мен жобалардың бастамашысы болып табылады, олар Кеден одағы, Еуразэқ, Еуразиялық экономикалық одақ, G-global жобасы және басқа да көптеген жобалар.

Біз еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын, астананың 20 жылдығын атап өттік. Біздің Астана халықаралық Экспо-2017 көрмесін өткізу шеңберінде 100 мемлекетті және оннан астам халықаралық ұйымдарды қабылдады.

Бүгін Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы және Болашаққа бағдыр: «ухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы — Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуына бағытталған негізгі стратегиялық құжаттар болып табылады.

Өткен жыл мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асырудың бастауы болды, оның басты мәселесі тұрғын үй құрылысына жеке құрылыс салушыларды ынталандыру болып табылады.

Экономиканың барлық салаларындағы көрсеткіштердің жылдан жылға жақсарып келе жатқанына біз барлығымыз куәміз. Өнеркәсіп және бизнес дамуда, ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа әлеуметтік нысандар ашылуда.

Ел Президенті Н.А. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы

елде жүзеге асырылып жатқан реформалардың логикалық жалғасы болып табылады және елдің технологиялық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша импульс береді. Біздің іске асыруымыз қажет он негізгі міндеттер анықталды. Жолдаудың басты өзегі халықтың интеллектуалдық және рухани жағынан дамуына, адами капиталдың сапасын арттыру және тиімді мемлекеттік басқару арқылы инновациялық процесті қамтамасыз етуге негізделген ел экономикасының барлық салаларының әлеуетін арттыру болды.

Есеп беру кездесулерін өткізу қалалық биліктің жұмысын қала тұрғындарының жүйелі және күнделікті өмірде жаңадан пайда болатын өзекті мәселелерімен шоғырландыруға мүмкіндік береді. Және де қалалық құрылымдардың тікелей міндеті — болжамды іске асыру үшін барлық күш-жігерін салу екенін айта кету керек.

Қалалықтардың халыққа есеп беру кездесулеріндегі ұсыныстар мен өтініштер призмасы арқылы 2017 жылғы қорытынды бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қаланың оң даму динамикасы туралы айтады.

Өнеркәсіп

Қала экономикасының негізін мұнай өндіретін компаниялар, мұнай-химия және мұнай өңдеу кәсіпорындары үшін техникалар, мұнай-газ жабдығын, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған бұрғылау станоктарын, темір жол вагондарын, полиэтилен және темір құбырлар, әртүрлі құрылыс және электр оқшаулағыш материалдар, тамақ өнімдерін және көптеген басқа да заттар шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындары құрайды.

Тәуелсіздік жылдары қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Жыл сайын олардың материалдық-техникалық базалары жақсаруда, шығарылатын өнімдердің түрлері кеңейтілуде.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпордарымен 2017 жылы 155,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол 2016 жылғы көлемнен 4,9%-ға көп.

Өңдеуші өнеркәсіпте өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 63,3% құрайды, 98,3 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, ол өткен жылдағыдан 1,2 есе көп.

Өңдеуші өнеркәсіп салалары арасында өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы тамақ өндіру саласына келеді — 35,5% және машина жасауға — 18,4%.

Азаық-түлік өнімдері өткен жылғыдан 6,5%-ға өсумен 50,8 млрд. теңге сомаға өндірілді.

Қаланың машина жасау кәсіпорындарының өндіріс көлемі 2017 жылы 32,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылғыдан 1,6 есе көп.

Біздің ел индустриялық-инновациялық даму жолымен келеді және мұнда Петропавл қаласының кәсіпорындары мемлекеттік бағдарламаларға қатыса отыра, маңызды рөл атқарады.

Екінші бес жылдықта 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлерді қолдау картасына қала бойынша 1026 жаңа жұмыс орнын құрумен 13 млрд. теңге сомаға 19 жоба енгізілді.

2017 жылы 4,4 млрд. теңге сомаға 5 жоба іске асырылды. 213 жаңа жұмыс орны құрылды. Тек «Масло-Дел» ЖШС Петропавл филиалында ғана 6 желтоқсанда ел Президенті Н.Ә. Назарбаевқа телемост шеңберінде сүт зауытын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жоба таныстырылды, атап айтқанда «Тетро пак» технологиялық жабдығын шығару өндірісінің жаңа желісі енгізілді. Оның қуаты тәулігіне 320 тонна шикізат өндіруге мүмкіндік береді, бұл ретте 120 жұмыс орны ашылды.

Шағын және орта бизнес

Экономиканың қазіргі даму жағдайында басым бағыттарының бірі ретінде шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау үшін кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады.

Бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнес жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 79 ұсынысы мақұлданды, олардың 65% халыққа қызмет көрсету жобаларына, 18% — құрылыс материалдарын, текстиль, ағаш және басқа дайын өнімдер өндіруге, 17% — азық-түлік өндірісіне келеді.

Мемлекет тарапынан жеңілдетілген кредитпен 5,4 млрд. теңге сомаға займ қамтылған. Жобаларды іске асыру 222 жұмыс орнын құрумен 2020 жылға дейін болжалуда, ағымдағы жылы 151 жұмыс орны құрылды. Бағдарламаны іске асырған кезден бастап — 3,5 мыңнан аса жұмыс орны. Бағдарламаны іске асырған кезден бастап 40 млрд. теңгеден астам сомаға қала кәсіпкерлерімен барлығы 580 жоба мақұлданды.

Бағдарламаны іске асырған кезден бастап «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасының ең ірі қатысушылары қаланың мынадай кәсіпорындары болып табылады: «Единство» ЖШС, «ПҚМЗ» ЖШС, «Радуга» ЖШС, «РимҚазАгро» ЖШС, «ПНТК» ЖШС, «ViZaVi Company» ЖШС, «МДМ сауда компаниясы» ЖШС, «Таткрафт-Инвест» ЖШС.

«Бизнес жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын пайдаланған мынадай кәсіорындар отбасылық бизнес өкілдері болып табылады: «Радуга» ЖШС, «Тез тұрғызатын ғимараттар мен имараттар зауыты» ЖШС, ЖК Жүнісов Б.Н.

Сауда және қызмет көрсету саласы

Индустриялық қоғамнан индустриялықтан кейінгіге ауысу кезінде күшті даму алған ең қарқынды шаруашылық саласы болды.

Осылайша, өткен жылы қала кәсіпорындарымен 148,9 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар және қызметтер іске асырылды, 2016 жылмен салыстырғанда 13,9 млрд. теңгеге көп.

Елдің Тәуелсіздік күні қарсаңында «МДМ сауда компаниясы» ЖШС 20-шы шағын ауданда «Сity Mall» сауда орталығымен ең ірі мәдени-сауықтыру кешенін ашты. Тек Қазақстандағы №1 ең ірі қарқынды дамудағы бөлшек сауда желісі «Magnum Gars Carry» 302 жұмыс орнын құрды.

2018 жылы 300 адамды жұмыспен қамтитын, әлемдік стандартқа сай келетін жалпы алаңы 7,5 мың ш.м. «Hampton by Hilton» сауда-қонақ үй кешенінің қрылысы аяқталады.

Өршілдігі мен ауқымдылығы кем емес жоба ол пайдалануға енгізілуі ағымдағы жылдың соңында келетін «Dostyk Mall» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы, 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Береке шағын ауданын дамыту шеңберінде 2 сауда объектісінің құрылысы аяқталады, оның біреуі тұрмыстық қызмет көрсету орталығы және монша, екінші — «Северный» әмбебап дүкендер желілері.

Тұрғын үй құрылысы

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жалпыұлттық сипаттағы басым бағыттар және міндеттер болып табылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға енгізу 136,0 мың м2 құрады, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар арқылы жалпы алаңы 83,3 мың м2 көп пәтерлі тұрғын үйлер іске қосылды.

Тұрғын үй құрылысын іске асыруға өткен жылы 5,029 млрд. теңге бөлінді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда тұрғын үйдің өсу қарқынын 66%-ға қамтамасыз ете отырып, жергілікті атқарушы орган қорынан көп пәтерлі тұрғын үй салу динамикасын 2 есе қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

1003 пәтерлік 11 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 7 үй, Береке шағын ауданында, Ж. Қизатов к. бойында, алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз, Жуков көшесінің бойындағы төрт 100 пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша іске асырылған жобалар ЖАО-да тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

«Нұрлы жер» инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қалада жеке тұрғын үй құрылысын өсіруге бағытталған Солнечный к. тұрғын үй салу бойынша тағы да бір пилоттық жобаны іске қосуға мүмкіндік берді.

2018 жылы алаңы 70,61 м2 алғашқы 72 бір пәтерлік үй Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кредит беру жүйесі арқылы іске асырылатын болады. 2018 жылғы 4-тоқсанда келесі 139 жеке үй өз иелерін табатын болады.

Келешекте 1 пәтерлі, 2-пәтерлі және 4-пәтерлі сегіз тұрғын үй құрылысын жобалау үшін тағы 56 жер учаскесі анықталды.

Береке ш/а Байболов көшесі, 67 мекен-жайында ҚИК желісі бойынша 116 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды.       

2016 жылдан бастап «Бәйтерек Development» АҚ желісі бойынша соңғы уақытта алғаш рет Береке ш/а 231 пәтерлік 3 ірі панельді үй тұрғызылды. Тұрғын үйлердің құрылысы қала аумағындағы жалғыз үй құрылысы комбинаты — «Единство» ЖШС жергілікті материалдарды қолдана отырып жүргізілуде.

Қаланың қазіргі бар аудандарын перспективалық құрылыс салу және дамыту үшін, соңғы 3 жылда магистральдық инженерлік желілермен қамтамасыз етуге қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Тек өткен жылы ғана 4,1 млрд. теңгеге жұмыс көлемі орындалды.

2017 жылғы үшінші тоқсанда Жас Өркен ш/а магистральды жылумен жабдықтау желісі іске қосылды, ол көп қабатты тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандар салуға арналған қаланың оңтүстік бөлігіндегі жылу энергиясын өткізу қабілеттілігін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. Дәл осы уақытта осы ауданда канализациялық сорғы станциясын жайластырумен қуаты 300 м3/сағ магистральдық сумен жабдықтау және су бұру жүйесі жұмыс істей бастады.

Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді тоқтаусыз қамтамасыз ету мақсатында қуаты 110 м3/сағ электр станциясының құрылысы аяқталды.

Жаңа құрылыстарды инженерлік желілермен жарақтандыру және іргелес аумақты абаттандыру үшін ағымдағы жылы өткен жылы тапсырылған 11 үйге коммуникациялардың барлық түрлері өткізілді.

Қолданыстағы жылумен жабдықтау желілерінің тозу пайызының жоғары болуына байланысты, оларды қайта жаңарту және салуға ерекше назар аударылады. Пайдалануға бұрын енгізілген диаметрі 1000 мм, ұзындығы 3 531 қ. м.ТМ-3 жылу магистралі Жас Өркен ш/а және қаланың орталық бөлігін жылумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берді.

Екінші ірі жоба Береке ш/а, т/ж вокзалы ауданы мен Жұмысшы кентінің жылумен жабдықтау параметрлерін жақсартуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта 2017 жылдан бастап Ду1020 мм УН-3-05-ден УН-3-06-ға дейін жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жобасы шеңберінде Береке-2 ш/а жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, телефондандыру, канализация және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы басталды.

Құрылыс саласын қаржыландыру ағымдағы жылы 7,9 млрд.теңгені құрады. Жалпы алаңы 85,3 мың м2 1149 пәтерлік 12 тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде Береке ш/а Ж. Қизатов к. 160 пәтерлік 2 жалгерлік-коммуналдық, Жас Өркен ш/а, Береке ш/а, Ж. Қизатов к., 815 пәтерлік 9 үй Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы және 96 пәтерлік үй «Береке» шағын ауданында «Бәйтерек Development»АҚ арқылы.

Қала халқын тоқтаусыз заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2018-2019 жылдарға арналған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2Ду1000 мм жылу магистралін (сақтайтын жалғастырушы желі) салуға, қуаты 110/10кВ қосалқы электр станциясы, телефондандыру магистральдық желісі Жас Өркен ш/а., Солнечный-2 ш/а инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға сараптаманың оң қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттама бар.

Оңтүстік ш/а инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және Жас Өркен ш/а таратушы электрмен жабдықтау желілерін дамыту және жайластыру бойынша ЖСҚ өзірлену сатысында.

Магистральдық инженерлік желілер қуаттарын іске қосу үшін 2018 жылға 2,3 млрд. теңге бөлінді.

Құрылысты дамыту үшін 2018-2019 жылдарға Жас Өркен ш/а екі 64 пәтерлік тұрғын үй, Заводская к-де 80 пәтерлік қаңқалы үй, 2-ші Первомайская к. 93 пәтерлік №1 үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Петропавл қаласында тұратын балаларды тәрбиелеу, оқыту, күтіп бағу және қарауға педагогикалық және медициналық қызмет көрсету үшін бүгінгі күні 2050 орындық 10 балабақша құрылысына жобалар әзірленген, оның ішінде 90 және 140 орындық 2 балабақша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Қалада әлеуметтік объектілер салу қоғамның спортпен айналысуына және тұтастай алғанда қаланың мәдени дамуына қызығушылықты барынша арттырады. Осы мақсатта Оқушылар сарайын салу жүргізілуде, оны қаржыландыру Үкімет резервінен қамтамасыз етілді. Аяқталуы а. ж. тамыз айына жоспарлануда.

Сондай-ақ, МЖӘ жағдайында 2017 жылдың соңында Жас Өркен ш/а әмбебап теннис орталығының құрылысы аяқталды.

Сәулеттік бейнені жақсарту облыс орталығын дамытудың басым бағыттардың бірі болып табылады.

Облыстық қала құрылысы кеңесінде берілген облыс әкімі Қ. І. Ақсақаловтың тапсырмаларына сәйкес, Жас Өркен, Береке, Кірпіш, Солнечный, Орман шағын аудандары ауқымды құрылыс салу және дамыту аумақтары болып табылады.

Жас Өркен ш/а 192 пәтерлік 16 қабатты, 24 орындық шағын орталығымен 312 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үйдің, 332 пәтерлік 9 тұрғын үйдің, 144 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, Прокуратура ғимаратын, 500 орындық театр, 252 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй, үш 18 қабатты тұрғын үй салу көзделген.

Айналма жолда Қожаберген — жырау монументі орнатылатын болады. Экспозиция салт аттының мүсіні бейнесін, гүлмен көгалдандыру, жарықтандыруды болжайды.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында Солнечный ш/а ТЖЖ түзетілді. Жобамен ені 160 м радиалды бульвар құру, 2094 жер учаскесінде бірыңғай сәулеттік стильде тұрғын үйлер салу ұсынылды. Оңтүстік ш/а 973 тұрғын үй құрылысын көздейтін ТЖЖ келісу сатысында.

Қаланың эстетикалық келбетін жақсарту үшін үш көше бойынша: Жамбыл, Мир және Интернациональная көшелеріндегі ғимараттардың қасбеттерін бояу жұмыстары орындалды. Бүгінгі күні 51 үйдің қасбеттері көркейтілді.

Ірі қалалар үлгісінде заманауи сәулеттік келбет беру үшін Кизатов және С. Мұқанов к. 2 үйдің қасбеттерінде граффити орындалды.

Қала жұртшылығының өтініштері негізінде қала жастарының ұсыныстарын ескере отырып, Мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту жүргізілді, оған колоннада орнату және фонтанды жаңарту кіреді. Соның арқасында, әлеуметтік-мәдени және мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған жаңа алаң пайда болды.

Эстетикалық келбет беру үшін Жамбыл, Жұмабаев, Мир к-нің бойындағы қаланың сыртқы келбетін нашарлататын қоршауларды бөлшектеу, он гараждарды көшіру жүзеге асырылды.

Сауда алаңдарын кеңейтумен объектілердің сыртқы келбеті жаңартылды — ол «Интеркабель», «АРС», «Сулпак», «Бриз», «Леди Босс». Заманауи жобалық шешімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қасбеті жаңғыртылды.

Жамбыл к-де ескірген нысандардың орнына ситиборд заманауи үлгісіндегі 9 жарнамалық құрылғы орнатылды.

8 ғимараттты, Есіл өзені арқылы өтетін көпірді көмескі жарықтандыру жұмысы орындалды. «Семейный», «Мебельвиль», «Амиго» сауда үйлерінің, «Есіл» мейрамханасының, «Су 808» ЖШС әкімшілік ғимаратының, «Волна» дүкенінің қасбеттерін қайта жаңартудың эскиздік ұсыныстары өзірленді.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық саласын қаржыландыру мәселелері Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. І. Ақсақаловтың қолдауымен шешілуде. Осылайша, өткен жылы 13,9 млрд. теңге бөлініп, 2016 жылғы бюджеттен 30,2%-ға асты.

Аула ішіндегі өтпе жолдардың асфальт-бетон жабындарын орташа жөндеу бойынша жұмыс жалғастырылды, 106 аула абаттандырылды, 486,6 млн. теңге жалпы сомаға 80 балалар ойын алаңы жайластырылды. Жұмыс ағымдағы жылы да жалғастырылатын болады.

Қала көшелерін орташа жөндеуге Үкімет резервінен 2 млрд. теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен 720 млн.теңге, осының арқасында ұзындығы 37 км 29 қала көшесін орташа жөндеу мүмкін болды, бұл 2016 жылғыдан 2,5 есе көп. Жұмыс барысында тротуарлар, жол жиегіндегі тасты, гүлзарларды жайластыру, 110 аялдама павильондарын және 25 көше қиылыстарында бағдаршам объектілерін орнату жүргізілді.

352,6 мың шаршы метр алаңда топырақ жабынымен106 көшеде қиыршық тас жабу, 583,6 млн. теңге жалпы сомаға жалпы ауданы 26,1 мың ш.м. 69 көше учаскесінің жүретін бөлігін шұңқырлы жөндеу жұмыстары орындалды.

Электрмен жабдықтау желілерін бөлшекту, жайластыру және ішінара ауыстыру жұмысын, асфальт-бетон және кеспе тастар төсемдерін жайластыру, қиыршық тастан жолдар жайластыру, велосипед жолдарын, балалар автодромын, спорт алаңы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар ойын алаңдарын жайластыру, шағын сәулет нысандарын — орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер, ротонда, қыш құмыралар және т. б. орнатумен, мүсіндік композиция, автокөлік қоятын тұрақ және күзет орындарын жайластырумен, көгалдар жайластырумен алаңдарын, гүлзарлар орнату, ағаштар мен бұталар отырғызу, көмескі жарықпен колоннада орната отырып, қалалық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту жұмысы жүргізілді.

Өткен жылы қаланың үш көшесін жарықтандыруды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 500,0 млн. теңге бөлінді. Ол Жамбыл көшесі айналма жолдан Шәжімбаев көшесіне дейін, М. Жұмабаев көшесі Ульянов көшесінен Чкалов көшесіне дейін, К. Сүтішев көшесі Жабаев көшесінен Потанин көшесіне дейін. 954 жарық диодты энергия үнемдейтін шам орнатылды. Үнемдеу енгізудің бастапқы кезеңінде 10%-ды құрайды, кейін — 50%. Ағымдағы жылы жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

 Қазақстан Конституциясы к. жалпы алаңы 21250 ш. м. өрнек тас жабынын жөндеу, К. Сүтішев к. 2466 ш. м. өрнек тас жабынын ауыстыру жүргізілді.

Абаттандыру аясында 1530 түп қарағай мен 6297 қм ағаш қоршау отырғызылды, сенбілік аясында 2000-нан аса ағаш-бұта түрлері отлрғызылды, 18 мың ш. м. гүлзарлар жайластырылды.

Өткен көктемде Петропавл қаласы Есіл өзені алқабының тасуы барлық болжамдардан асып кетті. Өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Су тасқыны ауқымынан Былғары және Заречный кенттерінің тұрғындары көп зардап шекті.

Су тасқынына қарсы дайындық іс-шараларын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында ел Үкіметі резервінен Былғары кентінің қоршау бөгетін қайта жаңартуға 2,6 млрд.теңге бөлінді.

Жоба бойынша бөгетті қайта жаңартуға ұзарту 3127 метрге көзделген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда қоршау бөгетін қайта жаңартудың жалпы ұзындығы 3,1 шақырым, ауданы 24 мыңнан астам шаршы метр, биіктігі 5,5 метр. Бөгеттерді қайта құру кезінде судың соңғы жылдарғы көтерілу деректері ескерілді.

Білім

Білім беру саласын қаржыландыру қала бюджетінің 70% құрады немесе 8,4 млрд. теңге. 2017 жылы 34 білім беру мекемесінде 57 күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге 341,9 млн. теңге бөлінді, ол өткен жылмен салыстырғанда 47 млн. теңгеге көп.

«№14 Орта мектеп» КММ терезе блоктарын ауыстыруға ЖСҚ дайындауға және жобаны сараптауға 220 мың теңге бөлінді. А. Гагарин ат. №14 орта мектептегі терезе блоктарын ауыстыруға 13,0 млн. теңге қажет, осыған байланысты 2018 жылы қаражат бөлу туралы облыстық білім беру басқармасына өтініш жіберілді.

№4 орта мектепте 28,0 млн. теңгеге 133 терезе блогы орнатылды.

2017 жылы 10 мектепке 250 жұп шаңғы сатып алу үшін (№№ 4, 7, 9, 14, 40, 42, 43 ОМ, Бірінші гимназия, Бірінші лицей, қазақ мектеп-гимназиясы) бюджеттен 5,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 10 білім беру ұйымына спорттық керек-жарақтар сатып алынды.

Өткен жылы асхана жабдықтарын жаңартуға бюджеттен 2,9 млн. теңге бөлінді.

Үшінші жыл қатарынан қала мектептерінің оқушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен 100-пайыздық қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы 138 750 дана сатып алуға 349,3 млн.теңге жұмсалды.

Алайда жаңартылған білім беру мазмұна көшуге байланысты оқушылар саны күрт артты, ол оқушы орнының тапшылығына әкелді. Осылайша, 2016 жылы 1-ші сынып оқушылардың саны 3 036 құрады, ол 2015-2016 оқу жылымен салыстырғанда 826-ға көп. 2017 жылы бірінші сыныптарда 3 мыңға жуық бірінші сынып оқушылары оқуды бастады. Жалпы бүгін қала мектептерінде 25 мыңнан астам бала оқиды.

Бүгін оқушы орындарының тапшылығы байқалады, ол орыс тілінде білім беретін мектептерде 1 697 орын, қазақ және аралас тілді мектептерде — 2 107. Оқушы орындарының тапшылығы барлығы 3804 орынды құрайды.

Оқушылар контингентінің артуына байланысты №10 Н.К. Крупская ат. орта мектеп, №8 эстетикалық тәрбие мектеп-кешені, «әл-Фараби» лицей-мектебі, №6 орта мектеп 2017-2018 оқу жылы үш ауысымды оқытуға көшті.

Оқу орындарын ұлғайту қажеттілігінің туындауына байланысты, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен ағымдағы жылы Жас Өркен және тиісінше Береке шағын аудандарында 900 орындық және 600 орындық екі жалпы білім беретін мектеп құрылысы басталды.

Білім беру саласында мектепке дейінгі тәрбиемен 8925 бала қамтылды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін 8235.

МЖӘ шеңберінде 2543 бала мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарға барады.

Қазіргі уақытта балалардың балабақшаға кезектілігі 10031 құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейін 632, ал 2016 жылы осы санатта 3 489 бала тұрды.

Балалардың қамтылуын арттыру мақсатында 2017 жылы концессияық жобалар бойынша 2 балабақша салу есебінен 529 орын пайдалануға берілді, олар 90 орындық «Нұр бала» және 140 орындық «Ақ қайың» балабақшалары, Позолотин к. бұрынғы «Радуга» балабақшасын қайтару және қайта жаңарту есебінен 197 орын, қазір ол «Ашық аспан-2» ЖШС, сондай-ақ қолданыстағы 4 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымды кеңейту есебінен 102 орын. «Орман» ш/а 140 орындық балабақша 2017 жылғы халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ұсыныстарды орындау шеңберінде салынды.

Соның арқасында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен амтамасыз ету мәселесі толық шешілді балалардың қамтылуы 100% құрайды.

Сонымен қатар, бірден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 58,1% құрайды. Ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мәселесін барынша шешу үшін бөбекжай топтарын ұлғайту қажет.

Қазіргі уақытта жұмыс істейтін 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бөбекжай-бақша нысаны бойынша ерте жастағы балаларды қабылдау мүмкіндігі жылына 550-ден аспайды, ал 2 жастан 3 жасқа дейінгі санаттағы қажеттілік 2700-ден аса баланы құрайды.

3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту бойынша мәселені шешу үшін 2018 жылғы қаңтардан бастап 9 балабақша «бөбекжай-бақша» мәртебесіне ауыстырылды.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2017 жылғы 31 желтоқсанға тіркелген жұмыссыздар саны 797 адамды құрайды немесе жұмыс күшінен 0,7%.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша тұрақты жұмыс орындарына 3398 адам орналастырылды, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 705 адамға немесе 20% артық.

2017 жыл ішінде 2860 жаңа жұмыс орны құрылды, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 455 жұмыс орынға немесе 9% артық. Оның ішінде 103 жұмыс орны өнеркәсіп саласында, 299 құрылыс саласында, 468 халыққа қызмет көрсету саласында, 78 білім беру саласында.

Қаланың 9 ұйымында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, 657 жұмыссыз азамат жолданды.

691 адам кәсіби оқудан өтті, ол 2016 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық.

2017 жылы екі бағдарлама бойынша жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен 128 мүмкіндігі шектеулі адам қамтылды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 31 адамға артық.

Қаланың 47 кәсіпорнында 253 әлеуметтік жұмыс орны құрылды немесе 2016 жылмен салыстырғанда 169 әлеуметтік жұмыс орнына артық.

Тұтастай алғанда, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етуге 315,6 млн. теңге сомада қаражат жолданды, ол 2016 жылдан 1,5 есеге көп.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту бөлімімен бос жұмыс орындарына жиырма жәрмеңке ұйымдастырылды, тұрақты жұмыс орындарына 3390 бос орынға өтініш білдірілді. Жүгінген жұмыс іздеушілер саны 2017 жылы 2153 жұмыссызды құрады.

Жалпы санынан 1985 адам немесе 92% жұмыс іздеуші белсенді жұмыс түрлерімен қамтылды, одан 350 адам уақытша қоғамдық жұмыстарға, 120 әлеуметтік жұмыс орындарына, 300 кәсіби оқытуға, 75 жастар тәжірибесіне, 1050 тұрақты жұмыс орындарына жолданды.

Жастар тәжірибесінен өту үшін 35,06 млн. теңге сомада бюджеттік қаражат бөлінді, 100% игерілді. 139 адам жолданды, жастар тәжірбесі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына 81 адам орналастырылды.

2017 жыл ішінде 1420 отбасы тұрғын үй жәрдемақысын пайдаланды. 2016 жылмен салыстырғанда осы көмекті төлеуге арналған қаржылық қаражат көлемі 2,9 млн. теңгеге артып, 34,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 3,7 млн. теңге 250 отбасы — ТКШ жаңғырту бағдарламасының қатысушыларына ай сайынғы шығындар есебіне аударылды. Сонымен қатар, 164 аз қамтылған отбасы үйге ортақ жылуды есептеу құралдарын орнатуға тұрғын үй көмегін алды.

Жыл басынан барлығы 153,5 млн. теңге сомаға 3775 тұрғынға әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 28,7 млн. теңге, өмірдің қиын жағдайында қалған тұлғаларға 86 млн.теңге.

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, ыммен сөйлеу мамандары мен жеке көмекшінің қызметтерін алуға 2017 жылға арналған бюджетпен 204,7 млн. теңге көзделген болатын. 203 азаматқа 21,6 млн. теңге сомаға жеке көмекшілердің қызметтері көрсетілді, 15,5 млн. теңгеге 155 естуі бойынша мүгедекке ыммен сөйлеу маманының қызметтері көрсетілді, 167,6 млн. теңге сомаға 976 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 131 адамға артық.

5334 азаматқа 14,0 млн. теңге сомаға «Әлеуметтік такси» қызметі көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру мақсатында Мүгедектерге ұсынылатын техникалық (көмекші) компенсаторлық құралдар және арнайы қозғалу құралдары тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілді: бейнекомпьютерлерді веб-камерасы бар ноутбукке, компьютерлік тифлокешендерді сөздер құраумен экрандық қолжетімділікті бағдарламалық қамтамасыз етумен ноутбукке, диктофондарды дыбыс хабарламасы мен диктофоны бар ұялы телефондарға ауыстыру.

Протездік-ортопедиялық, тифло-сурдо техникалық және міндетті гигиеналық құралдар тізбесіне 24 астам атау енгізілді.

2017 жылы 515 азамат немесе 150 табысы кедейлік шегінен төмен отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алушылар саны 190 азаматқа немесе 36,9% азайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеудің жалпы сомасы 20,2 млн. теңгені құрады.

АӘК алушылар саны 2 жылдан бері 304 алушыны (94 отбасы) құрайды, ол өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 193 алушыға (45 отбасы) немесе 39% аз.

Петропавл қаласы бойынша кедейлік деңгейі 0,4% құрайды.

2017 жылға «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы» бюджетпен 5,2 млн. теңге бөлінді. 179 азамат (378 бала) қамтылды, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 37 отбасына (66 балаға) немесе 17,8% аз.

Өтініш білдірген аз қамтылған отбасылар қатарынан атаулы әлеуметтік және 18 жасқа дейін төленетін балалар жәрдемақысына ағымдағы жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында іске асырылатын жобаларға 4 адам, тұрақты жұмыс орындарына 46, қоғамдық жұмыстарға 38, әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам орналастырылды, кәсіби оқытуға 20 адам жолданды.

2017 жылғы он екі айда үйде оқытылатын, ерекше сұраныстары бар балаларды материалдық қамтамасыз етуге 99 отбасына жалпы сомасы 5,0 млн. теңге тағайындалды және төленді, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 173,1 мың теңгеге артық.

«Өрлеу» ақшалай көмекпен шартталған пилоттық жоба аясында жұмыс жалғасуда, ол әлеуметтік көмекті, әлеуметтік қызметтерді және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын біріктіреді. Ағымдағы жылы жобаға 49 отбасы 217 алушы жұмылдырылды, оған 9,3 млн. теңге жолданды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,3 мың теңге.

Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында үйде қызмет көрсету бойынша 6 бөлімше жұмыс істейді. Оның 5 бөлімшесі жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге және 1 бөлімшесі мүгедек балаларға арналған.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерімен 481 зейнеткерге және мүмкіндігі шектеулі адамға, 80 мүгедек балаға қызмет көрсетілуде.

Өткен жылы барлығы 159,5 млн. теңге сомаға 24991 азамат қайырымдылық көмекпен қамтылды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 121,7 млн. теңгеге артық.

Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында азаматтарды жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсетуге өтініштер санының өсу үрдісін атап өткен жөн, қарау нәтижесі бойынша уәкілетті органмен жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұлғайту, жұмысқа орналастырылған азаматтардың санын ұлғайту, құрылатын жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, жұмыссыз қала халқын мемлекеттің әлеуметтік саясатының іске асырылатын бағыттарына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, халықпен әлеуметтік жұмыстың оң бағыттары ретінде азаматтардың табыстарының өсуіне байланысты тұрғын үй жәрдемақысын көрсетуге жүгінетін аз қамтылған отбасылар санының азаюы болып табылады.

Табыстары кедейлік шегінен төмен тұрғындар санының азаюы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюында, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылған азаматтардың жұмысқа орналасуында, халық табысының артуында көрініс табады.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға Әлеуметтік көмек көрсету саласында сондай-ақ қаржыландырудың артқанын атап өту қажет.

Ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалау

Петропавл қаласының аумағында күн сайын 72 мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау объектісінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүзеге асырылды, соның ішінде қаланың 12 ішкі сауда объектісінде — қала базарында, 3 ет өңдеу кәсіпорнында, 8 ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында және 49 ішкі сауда объектісінде — супермаркеттерде, ет дүкендерінде.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының ветеринариялық-санитариялық талаптарының 229 бұзушылығы анықталды. Ветеринариялық заңнама бұзушылықтарын жою туралы 100 ұйғарым шығарылды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау үшін Петропавл қалалық аумақтық инспекциясына 50 материал тапсырылды, оны қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,4 млн. теңгеге 48 әкімшілік айыппұл салынды.

Кеселдердің алдын алу бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар кешенін өткізу арқылы тұрақты негізде Петропавл қаласының аумағындағы эпизоотикалық жағдайға ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізіледі.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Қаланың мәдениет мекемелері жұмысының негізгі көрсеткіштерін талдау саланың тұрақты даму үрдісін көрсетеді. Қала аумағында 13 объект жұмыс істейді, оның ішінде 3 театр, 3 мұражай, 3 кітапхана, 1 кинобейнеқорды сақтау және пайдалану орталығы, 1 филаромония, 1 халық шығармашылығы орталығы, 1 қалалық мәдениет үйі. Қалалық бюджет қаражаты есебінен 2 мекеме жұмыс істейді: Қалалық мәдениет үйі және И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана.

Қалалық мәдениет үйінде 21 ұжым жұмыс істейді, оның құрамында 559 қатысушы бар. Оның 6-уы 420 бала айналысатын балалар ұжымы.

«Халықтық» және «Үлгілік» атағы бар ұжымдардың сандық және сапалық құрамы бұрынғы деңгейде қалды: 6 ұжымның «халықтық» атағы бар, 2 — «үлгілік». Вокалдық-хор, фольклорлық, хореографиялық және басқа жанрлар тұрақты дамуда.

2017 жылы Қалалық мәдениет үйімен 334 іс-шара өткізілді, оларға 118 107 адам қатысты.

2018 жылғы 1 қаңтарға кітапхана қоры 143690 дана құжатты құрайды, оның ішінде, мемлекеттік тілде — 23153. Есепті кезең ішінде қала кітапханаларының қоры 2859 данаға толықтырылды, соның ішінде мемлекеттік тілде — 1076. Қала кітапханаларындағы оқырмандар саны 10218, кітап алушылар 222794, келушілер саны 95950 құрайды.

Мәдениет ұйымдарын қамтамасыз етуге бюджеттен 211 млн. теңге бөлінді, ол өткен жылмен салыстырғанда 46 миллионға көп. Қалалық мәдениет үйін қаржыландырудың жалпы көлемі 171,3 млн. теңгені құрады, 2016 жылы 130,7 млн. теңге.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің арту үрдісі байқалуды, ол орындардағы материалдық-техникалық базаның жақсаруымен, ақылы іс-шараларды жетілдірумен шартталған. 2016 жылы Қалалық мәдениет үйімен 7,0 теңге сомаға ақылы қызметтер көрсетілді, 2017 жылы — 8,2 млн. теңге.

Тарихи — мәдени мұраны сақтау мақсатында қала бойынша 116 ескерткіш есепте тұр, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері — 102, монументалдық өнер ескерткіштері — 14.

Спорт

Елбасы бұқаралық спорт түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөледі және нәтижесі әрбір азаматтың әл-ауқаты мен денсаулығы болып табылатын елдегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың маңыздылығына ерекше назар аударады.

Қаламызда оң өзгерістер орын алуда.

Қалада 400-ден аса спорттық құрылым жұмыс істейді.

2017 жылы Петропавл қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылды.

Тұрғын үй аулаларында және білім беру ұйымдарының аумағында жасанды жабынымен 9 жаңа шағын футбол алаңы орнатылды.

17 аулада көше жаттығу құрылғыларының кешені орнатылды. «Street workout» республикалық федерациясымен «Жастар» стадионында, Мәдениет және демалыс саябағында street workout көше күш гимнастикасымен айналысу үшін жаттығу құрылғысының 2 кешені орнатылды.

Орталық саябақта қайта жаңарту аясында баскетбол ойынына арналған жарақат қауіпсіздігі негізімен заманауи алаң орнатылды.

«Жастар» стадионында қайта жаңарту өткізілді, пластиктен жаңа отыратын орындар, жаңа электрондық тақта орнатылды, жүгіру жолына тартандық жабын төселді.

«Қарасай» стадионының футбол алаңындағы жасанды жабынды ауыстыру жүзеге асырылды.

Барлық жоғарыда айтылғандар, дене шынықтырумен айналысатын халық үлесін қала халқының жалпы санынан 29,5% дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамту мақсатында қалада 13 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің сыныптан тыс жұмыс орталығы жұмыс істейді.

Спорттың материалдық базасын дамыту спорттық-бұқаралық жұмысты айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

Жыл бойы 200-ден аса спорттық іс-шара өткізілді. «Денсаулық күні», КСРО спорт шебері А. Мартыновичті еске алу құрметіне көпкүндік веложарыс, медициналық қызметкерлер арасындағы қалалық спартакиада, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы «Надежда» қалалық спартакиадасы, «Шаңғышы күні» және т.б. ең ауқымдылары.

Ең ауқымды іс-шаралардың бірі әуесқой командалар арасындағы футболдан ашық қала чемпионаты болды, оған 20 команда қатысты, ол 400-ден аса адам. Сәуір айынан қазан айына дейін барлығы 200 ойын өткізілді. Петропавл қаласынан және облыс аудандарынан әуесқой спортшылар қатысты.

Сондай-ақ, қысқы спорт түрлерін дамытуға да көңіл бөлінеді. Конькимен жүгіруден, шаңғы жарыстарынан, шайбамен хоккейден жарыстар өткізіледі.

Маусым айынан тамыз айына дейін қала аумағында пинерболдан, балалар мен ересектер арасында баскетболдан, бокстан жарыстар өтті. Осы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық жарыстарға қатысты.

«Король ринга 2017» атты бокстан жарыстарда петропавлдық Әділ Нұржауыпов 1 орынға ие болды.

Пестрое көлінің жағажайында «Дельфин» ОРБЖСМ жаттықтырушыларының құрамы барлық ниет білдіргендерге жүзуден сабақтар өткізді. Тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан шағын футбол алаңдарында футболдан, күрестен, кекушинкай каратэдан, бес тас, асық ату ұлттық спорт түрлерінен жаттығулар өткізілді. Аулалық клубтармен әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

Астана күнін мерекелеу аясында жаппай веложүгіру өтті.

Қыркүйекте жаңартылған «Жастар» стадионында еңбек ұжымдарының арасында I-ші «Қызылжар 2017» спартакиадасы өткізіліп, оған 400-ден аса адам қатысты. 3 күн бойы еңбек ұжымдарының спортшылары 7 спорт түрлерінен жарысты. Жарыс нәтижелері бойынша «Қызылжар су» ЖШС 3 жалпы командалық орынды жеңіп алды, ООТЖ спортшылары екінші орын болды, ПАМЖЗ ұжымы бірінші жалпы командалық орынды жеңіп алды.

Спортты дамытудағы жүйелік тәсіл спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Петропавл қаласының спортшылары 2017 жылы мына спорт түрлерінен жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізді:

2017 жылғы Азия чемпиондары: Мухин Ринат (шаңғы жарыстары), Ильгиз Нуриев және Максим Волков (шайбалы хоккей), Луценко Алексей, Бахтияр Қожатаев, Жандос Бижігітов (велоспорт), Баталов Алексей, Шахова Серафима, Фролова Виктория және Фролова Антонина (армрестлинг), Ямпольский Антон және Мухамеджанова Алина (спорттық акробатика аралас жұп).

Азия Чемпионаттарының жүлдегерлері: Захаров Артем — 2 орын, (велосипед спорты), Беисов Сұлтан — 3 орын (еркін күрес), Эктова Ирина — 2 орын (жеңіл атлетика).

Әлем және Еуропа Чемпионаттарында Солтүстікқазақстандық атлеттер елімізді лайықты ұсынады. Осылайша, ағымдағы жылғы шілдеде кекушинкай каратэдан Қаппасов Данияр Еуропа чемпионы болды. Креч Роман спринтерлік көпсайыс бойынша Әлем Чемпионатының қола медаліне ие болды, Тай боксынан юниорлар арасындағы Әлем чемпионатында Ермагамбетов Шамиль және Исаков Давид 2 орынды иеленді.

Түрікменстанда өткен 5-ші Азия ойындарында 1 орынға — грек-рим күресінен Данияр Каленов, топтық веложарыстан 1 орынға — Захаров Артем, жеңіл атлетикадан 3 орынға — Михаил Литвин ие болды.

Қытайдағы 29 жазғы Универсиададан ауыр атлет Айдар Қазов 1 орынды жеңіп алды.

2018 жылы Петропавл қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту және халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Әлеуметтік мемлекетті дамытудың маңызды негізі азаматтық қоғамды қалыптастыру, ашықтық, мемлекеттік орган жүйесінің жұмысындағы ашықтық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

Штаттық құрам 421 қызметкерді құрайды, 58 бос лауазым.

Өткізілген жедел-профилактикалық және жоспарлы іс-шаралар нәтижесінде қала аумағында тіркелген қылмыстар саны 3892 құрады, ол өткен жылғы деңгейден 27,8% немесе 5394 қылмысқа төмен.

Статистикаға сәйкес 2017 жылы облыс орталығының аумағында бұған дейін сотталғандармен жасалған қылмыстардың 6,5% немесе 1190-нан 1113-ке дейін, мас күйінде жасалғандар 5,7%, 598-ден 564-ке дейін, қоғамдық орындарда 11,7%, 1092-ден 964-ке дейін, көшелерде 6,8%, 397-ден 370-ке дейін; отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 5% немесе 17-ден 16-ға дейін айтарлықтай төмендегені байқалады.

Ойын-сауық мекемелері бойынша 107 рейдтік іс-шара өткізілді, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2017 жылғы өткен кезеңнің нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен 182 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шаралар өткізу барысында 1615 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд кезінде ІІБ 823 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, сонымен қатар, СҚО КБО және Кәмелетке толмаған балаларға арналған баспанаға 140 жасөспірім орналастырылды.

2016 жылмен салыстырғанда ЖКО санының 35%, жарақаттанғандардың 50%, соның ішінде қаза болғандардың 25,61% төмендеуі байқалады. Осылайша, 2017 жылы 91 жол-көлік оқиғасы болды, оның салдарынан 3 адам қайтыс болды және 122 жарақаттанды.

Облыс орталығы аумағында оперативті жағдайды тұрақтандыру, қылмыстардың алдын алу және өсуін болдырмау мақсатында ағымдағы жылы учаскелік инспекторлармен алдын алу субъектілерінің мүдделі органдарымен бірлесіп қылмыс жасағаны үшін бұған дейін сотталған және есепте тұрған адамдармен, мас күйінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасайтын адамдармен алдын алу жұмыстарын белсендіру үшін, сондай-ақ, тұрмыста, көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу, сауда нүктелерін жою және үйлерде құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сатуды болдырмау, мақсатты рейдтер және оларды тексеру бойынша басқа да профилактикалық іс-шаралар өткізу бойынша іс-шаралар кешені жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы

Елбасымен мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайту ісіндегі негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

Осыған байланысты, қала әкімдігінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі — Комиссия) құрылды және жұмыс істеуде. Өткен жылы 3 отырыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер қаралды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы

Қала әкімдігімен 91 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Ағымдағы жылғы 11 айда 81085 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 30811 қызмет, мемлекеттік органдар арқылы 35737 қызмет, Электрондық үкімет порталы арқылы 14537 қызмет көрсетілді.

Жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау және өңдеу үшін қолайлы алаң құру мақсатында 2017 жылғы 21 қарашадан бастап әкімдікте «Ашық әкімдік» жобасы бастау алды, электрондық кезек енгізілді, кеңесшілер жұмыс істейді.

Осы алаңның артықшылығы бейне және аудио тіркеу камераларын орнату арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, ыңғайлы электрондық кезек жүйесі, мамандардың жұмыс уақытын оңтайландыру, қызмет көрсету процесін бірінші қабаттағы кабинеттерге ауыстыру арқылы қызмет алу кезінде тосқауылдарды барынша азайту, өзіне-өзі және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсетудің қосымша аймақтарын жайластыру болып табылады.

Қала әкімдігімен, қалалық ведомстволар және қызметтермен жыл ішінде 2017 жылғы есеп беру кездесулерінде қалалықтармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.

Бекітілген Іс-шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жүйесі жасалған. Қала тұрғындарының талаптарын іске асыру барысы әкімдік отырыстарында тоқсан сайын талқыланып, материалдарды телеарналарда, қалалық «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттерінде кеңінен жариялаумен, ай сайын жаңартып қала әкімінің арнайы сайтына орналастырумен, қалалықтардың негізгі, өмір үшін маңызды талаптарын шешудің нақты жолдары, оларды қаржылық қамтамасыз ету, уақытында орындау туралы барлық қалалық мемлекеттік органдар мен қызметтердің басшыларын тыңдаумен аппарат және жұмыс кеңестерінде жүйелі қаралды.

Сонымен қатар, қалалықтардың талаптарын орындау бойынша жүйелі және сапалы жұмысты қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы қала әкімімен есеп беру кездесулерінде сұрақтар қойған азаматтармен кездесулер өткізу арқылы Іс-шараларға енгізілген мәселелерді шешу барысы жеке пысықталды, онда мемлекеттік органдар мен қызметтердің басшылары әр талаптың орындалуы туралы есеп берді. Тікелей өтініш берушілермен осындай нақты бақылау және жұмыс сапасын бағалау барлық жүргізіліп жатқан жұмысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шешімдердің нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша проблемалардың басымдылығына және бюджеттің мүмкіндігіне сәйкес қалалық Іс-шаралар жоспарымен бекітілген 389 тапсырманың барлығы орындалды.

Талаптардың ең көп саны — олардың жалпы санынан 338 немесе 86% қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысы бойынша айтылды. Бұл ретте қалалықтарды алаңдататын басты проблемалар болып мыналар қалуда:

абаттандыру — 220 талап; жолдарды жөндеу және салу — 57 талап; қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмысы — 17 талап; жылумен, сумен жабдықтау — 6 талап немесе 5%; тұрғын үйді жөндеу, оларды сумен, -жылумен, -жарықпен жабдықтау — 44 талап.

Абаттандыру

Барлық 220 тапсырма орындалды.

ШСН, балалар аттракциондарын, спорт кешендерін, құм әкелумен құмсалғыш, орындықтар, урналар орнатумен мына көшелер бойынша тұрғын үйлер аулаларында 28 балалар ойын алаңы жайластырылды: хименко, 14; Шухов, 16; Гашек, 11 «А»; Мүсірепов, 9; Мир, 177; Мир, 132; Мир, 191-193; Мир, 107; — Интернациональная, 38; Интернациональная, 6; Интернациональная, 15,19; Бөкетов, 2; Жамбыл, 137; Алтынсарин, 266; Шәжімбаев, 15; Горький, 179; Парковая, 161, 187; Чкалов, 65; Абай, 53; Сүтішев, 15; Чайковский, 21; Батыр Баян, 3; Ухабов, 5; Гагарин, к., 7; Жамбыл, қ.к., 1А, 1Б.

Сонымен қатар, Новопавловка кенті Новицкий к., 10 мекен-жайнда ойын алаңындағы аттракциондарды жөндеу және Сенная кентіндегі бұрын жайластырылған алаңға құм әкелу орындалды.

Көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы 50 өтетін жолды асфальттау мына көшелер бойынша жүргізілді: Шухов, 16; Мұхамед-Рахимов, 35, 60; Уәлиханов, 19; 44-48-48А; Мүсірепов, 7; 9; 20; Я. Гашек, 11А; Новая, 112; 122; Мир, 193 — Мүсірепов, 16А, 18А №5 ОМ; Жуков, 21; 21А; 23; 23А; Володаровский, 75-77; Мир, 177; 179;191; 193; 219-221; 248; Астана, 48; Парковая, 187; Кошуков, 2; 12; Островский, 82; 147; Гагарин, 7; 23; Гоголь, 36; Театральная, 55 — 57; 55А — Брусиловский, 12; Интернациональная, 10; 25; 48; 57; 79; Брусиловский, 15 — Жұмабаев, 95; Бөкетов, 14; Амангелді, 167-169 — Абай, 62 — Алтынсарин, 188; Бостандық, 17; 86; Заводская, 36; Партизанская, 185 — Васильев, 18; Абай, 53; Чайковский, 19; Ухабов, 5; 6; Мир, 248; Украинская, 230.

Комиссиялық тексеру жүргізіліп, жұмыс көлемі анықталды, шығыстар сметасы жасалды, 2018 жылғы бюджетте алдағы жылы мына көшелер бойынша тұрғын үйлердің өтетін жолдарын бірінші кезекте жөндеуге қаржыландыру қаражаттары жоспарланды: Мир, 131; 158; 187; 290; Бостандық, 27; Сәтбаев, 42; 45; Уәлиханов, 11; Әуезов, 147; 173; Жамбыл, 150; Астана, 40; Театральная, 47; Рижская, 22; Парковая, 161; Жуков, 21Б; Уәлиханов, 11; Интернациональная, 8; Володарский, 3; Жұмабаева, 290.

Жамбыл, 258; Новая, 110; Мүсірепов, 7; Брусиловский, 34 мекен-жайындағы аулаларда және осы үйдің бүйір жағында; Новая — Пионерская; Парковая — Заводская; Гоголь — Интернациональная, 94 көшелерінің қиылысындағы, Гагарин к., 7; Тухачевский к.,73 тұрғын үйге баратын жолдағы, Коминтерн көшесінен 308-ші Краснознаменный полк көшесіне дейінгі учаскелерде, Белинский, 69; Жамбыл қ. к., 1А мекен-жайындағы су бөлетін мұнараның жанындағы учаскелерде жүргізілген жөндеу жер қазу жұмыстарынан кейін аумақты қалпына келтіру бойынша 12 талаптың барлығы орындалды.

17 талап бойынша қала аумақтарындағы канализациялық жүйелер мен құдықтарды көктемгі тазарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде Рижская к., 1Д мекен-жайындағы аулада, «Амантор» ПИК; Брусиловский к.,5 мекен-жайындағы құдықтың канализациялық люгін қалпына келтіру; Жамбыл — Бөкетов көшелерінің қиылысында нөсер қабылдағыш жайластыру; Уәлиханов, Караванная, Украинская, Панфилов, Калини, 2-ші Первомайская, 8, Мүсірепов, Жұмабаев, Чернышевский, Коминтерн, Малышев көшелері, Жұмысшы кентінің көшелеріндегі ашық жауын канализациясын жөндеу, қалпына келтіру және тазарту; Бензострой, Жұмысшы кенті, Ойқаланың су басу учаскелеріндегі суды мотопомпалармен және тазартақыш машиналармен тартып шығару; Прохладная к., 21 мекен-жайында ағын суларды бұру жұмысы орындалды. «Спутник 1» бақ өсіру аумағынан суды тартып шығару үшін өткізу қуаттылығы сағатына 150 куб/м помпа орнатумен ұзындығы 875 метр су өткізу құбыры жайластырылды, ол барлық көктем-күз кезі ішінде жүргізілді.

Бөкетов к.,2; 44; Интернациональная, 3; 8-10; 48; 79; 92; Айыртауская, 8; Брусиловский, 12; Рижская, 1Д; Мир к, 119; 136; 158; 177; 193; 219; 248; Володарский, 3; Победа, 14; Уәлиханов, 28; Мүсіроепов, 8А; 14; Гашек, 17А; Мұхамед-Рахимов, 52; 60; Шәжімбаев, 136; Чайковский к, 5-9; Парковая, 187; Жамбыл, 137; 258; Әуезов, 182 — Чайковский, 3-9; Сейфуллин к.,60; Чкалов к., 65; Алтынсарин к.,231; Жұмабаев к., 290; Тимирязев к.,23; Батыр Баян к., 3; Ахременко к., 16; Сәтбаев к., 17; Кошуков к., 4-6; Астана к., 11; Советская к., 45; Чайковский к.,19; Бостандық к., 78; 86; Островский к.,157; Гоголь к., 25; Егемен Қазақстан к., 40; Абай к., 47 — Мир к., 107; Жамбыл қ.к., 1А тұрғын аулалардағы, Мир — Мүсірепов көшелерінің қиылысындағы ауру, апаттық ағаштарды кесу, сирету бойынша барлық 56 талап орындалды; Брусиловский к., 74 үйдің жанындағы бұталар кесілді.

Сенная база кенті тұрғындарының көп жылғы өзекті мәселесі шешілді — оның аумағындағы қамыс шабылды.

1-ші Сенная, 29, Побелянский, Ахременко, Белинский, 69, Досмұхамбетов, Залманов, Воровский, 120, Калинин, Дульский, Новицкий, Первомайская, 8, Февральская, Дубынина, Чернышевский, Киевская, Павлов, 308-ші Краснознаменный полк, Сейфуллин, Матвеев, Заовражная, Лазутин, Рыжов, Жұмабаев, 205 — Шәжімбаев, 73, Казахстанская правда, 215; Выемка 137 км көшелерінің бойындағы, Былғары зауыты, Заречный кенттерінің, Ойқала шағын ауданының көшелерінен; Шухов к., 16 тұрғын ауладағы; № 3 қалалық емханаға баратын жолдан қарды сапалы механикаландырылған тазарту және шығару бойынша барлық 23 ескерту жойылды. Қала көшелерін қардан механикаландырылған тазарту жұмысын жүргізу көшелердің қиылысқан жолдарын тазартуды ескерумен жүргізілді, аялдамалық алаңдар көктайғаққа қарсы материал себумен қардан жақсырақ тазартыла бастады.

11 тапсырма бойынша аялдама павильондарын орнату жүргізілді: Мүсірепов көшесінің тақ жағынан Мир және Жамбыл көшелерінің аралығында; Борки кентіндегі соңғы аялдамада; Әуезов көшесінің тақ жағындағы «Қазақстан» кинотеатрының жанында; Егемен Қазақстан көшесіндегі «Южный» базарының жанында; Уәлиханов к., 6 мекен-жайында.

Партизанская — Васильев көшелерінің қиылысындағы аялдама павильонын жөндеу жүргізіліп, орны ауыстырылды; ЖҚЕ сәйкес Парковая к. «Индира» дүкенінің жанындағы аялдама павильонының орнын ауыстырудан бас тартылды.

Қизатов к. «Орман» шағын ауданына бірінші бұрылыста; Шәжімбаев көшесінің екі жағында Мир және Жамбыл көшелерінің арасындағы Универсальная к. «Оралкерамика» фирмасының жанында «Қажеттілік бойынша аялдама» ақпараттық көрсеткіші орнатылды.

Дем алуға арналған жаңа аймақтар, спорт және балалар алаңдарын, спортпен жаттығу құрылғыларын, балалар автоқалашығын, аллеялар, тротуарлар жайластырумен, жаңа қылқанды және жапырақты ағаштар отырғызумен Қалалық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту бойынша кешенді жұмыс орындалды.

Қаланың басты магистралды жаяу жүргіншілер күре жолы — Қазақстан Конституциясы к. Мир к-нен Жұмабаев к-не дейін және Жұмабаев к-нен Казахстанская правда к-не дейін; сондай-ақ облыстық және қалалық әкімдіктердің жанын қайта жаңарту және абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілді.

Қалалықтардан келіп түскен талаптарды ескерумен жазғы шомылу маусымының басталуына Пестрое көлі мен Есіл өзенінің жағасындағы 2 қалалық жағажайды дайындау бойынша жұмыс орындалды; қосымша қоқыс контейнерлерін, урналар, орындықтар орнатумен, Новопавловка және Жұмысшы кенттеріндегі зираттарға кіре беріс және өтетін жолдардың төмендеген жерлеріне ұсақ тас себу, ағын суларды бұру және тартып шығарумен 700 текше м.-ден аса көлемде қалалық зираттар аумағын санитарлық тазарту, қоқыстарды шығару жүргізілді. Кіре берісте қалқан — жол көрсеткіштер, жол белгілері орнатылды.

Қизатов к. салынып жатқан мешітке іргелес аумақты абаттандыру жүргізілді; Мир к., 132 үйдің бүйіріндегі жеңімпаз жауынгерге панносын жөндеу және Брусиловский к.,5 үйдің бүйіріндегі бүлінген «Орақ пен балта» құрылғысын бөлшектеу орындалды.

Тұрғындардың талабы бойынша Батыр Баян к., № 35 дүкен мен балабақша аралығын; 4-ші Линия к., 16 үй мен Қазақ мектеп-гимназиясының арасындағы учаскені санитарлық тазарту және заңсыз қоқыстарды шығару орындалды. «Таза орман» экологиялық акциясы шеңберінде Мещан орманы аумағын санитарлық тазарту және қоқыстарды шығару жүргізілді.

Қала аумағындағы бұралқы жануарларды аулау жоспарлы жүргізілді, соның ішінде Жұмысшы кенті тұрғындарының ескертулері бойынша.

Жолдарды жөндеу және салу

Қалалықтардың 57 талабының барлығы орындалды. Қатты жабынмен жолдар мен тротуарларды жөндеу бойынша 27 талап іске асырылды және 30 — қара жолдарды жөндеу бойынша.

Уәлиханов к-ң тақ жағы Мүсірепов к-нен Хименко к-не дейінгі учаскедегі өтетін жолдың; Қизатов к-сі Шухов к-нен Солнечный кентіне дейінгі; Рижская к., Мүсірепов к-нен Гашек к-не дейінгі; Заводская; Калинин, Украинская; Чайковский к. Жамбыл к-нен Астана к-не дейінгі; Караванная к., айналма жолдан автомобиль айналып өтетін жолға дейінгі учаскеде; № 26 ОМ пен балабақшаға өтетін жолдың асфальт жабынын орташа жөндеу жүргізілді.

Егемен Қазақстан к, № 17 ОМ жанындағы учаскенің, Калюжная к. № 14 ОМ өтетін жолдың; Новая к., 108 — Мүсірепов к., 18 үйлер кіреберістерінің; Жамбыл қ,к., 1А үйге өтетін жолдың жол жабыны қалпына келтірілді. Батыр Баян к-сі жағынан айналма жолға жөндеу жүргізілді.

Чайковский к-не Жамбыл к-нен Астана к-не бейін; Шәжімбаев к-не Жамбыл к-нен Пушкин к-не дейін; Радище к.; Павлов, Смирнов, Жуков, Болатбаев, Коминтерн к-лері; Рижская к. Мүсірепов к-нен Пушкин к-не дейінгі өтетін жол бөлігін ағымдағы шұңқырлы жөндеу жүргізілді.

«Орман» шағын ауданындағы Таң-Шолпан, Қуат, Алтын Дала; Новицкий көшелерінің бойындағы жолдардың өтетін бөлігіне; Воровский к., Ыбраев к-нен Ермак к-не дейін және Медведев к-нен Толстой к-не дейін; К. Цеткин к. Караванная к-нен Побелянский к-не дейін; Лесная к. Халтурин к-нен Некрасов к-не дейін; Соленика к. Панфилов к-нен Украинская к-не дейін; 8-ші Март к. Пугачев к-нен Лазутин к-не дейін; Матвеев к. Укаинская к-нен Островский к-не дейін; Суворов к. Заовражная к-нен Садовая к-не дейін; 314-ші Атқыштар дивизиясы к. Попов к-нен Маяковский к-не дейін; Заовражная к. Панфилов к-нен Михеев к-не дейін; Добролюбов к. Панфилов к-нен Укаинская к-не дейін; 1-ші, 2-ші Кірпіш, Комсомолская к.; Юбилейный, Чернышевский, Жамбыл, 1Б-1Г қ.к.-рі; 4-ші Шмидт қ.к. Лозовский к-нен Кошевой к-не дейін; Украинская — Союзная к-нің қиылысындағы көше, Пушкин бұрылыс к.; «Элегия» бақ өсіру серіктестігіне өтетін жолға ұсақ тас төсеу, ұсақ тас жабынын жайластыру жұмысы жүргізілді.

Павлов, Смирнов көшелеріінің бойында, қоғамдық жолаушылар көлігі қоғалысының бағыты бойынша Солнечный кентінде; «Горизонт», «Веснянка», «Лада», «Огонек», «Черемушки», «Северяночка», «Энергостроитель», «Тихая роща», «Куйбышевец», «Космос» бақ өсіру серіктестіктеріне жалпы ұзындығы 107 км қара жолдар жоспарлаумен гредірленді.

6 талап бойынша «Ақ көгершін» балабақшалары; Алтынсарин к., 231 тұрғын үйге; Кошуков к. Сәтбаев к-нен Ахременко к-не дейін; «Южный» базарынан «Алтын Адам» қонақ үйіне дейін тротуарлар салу және жөндеу жұмысы орындалды.

Сонымен қатар, Громова көшесін; Жамбыл к. Чайковский к-нен Шухов к-не дейін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірленді, Воровский к., 3 үйге және Алтынсарин к-гі «Юность» дүкеніне өтетін жолдарды жөндеуге шығыстар сметасы жасалды, 2018 жылғы бюджеттен алдағы жылы аталған көшелер бойынша бірінші кезекті жұмыстар өндіру үшін қаражат бөлінді.

Қоғамдық жолаушылар көлігі жұмысы

Жолаушылар тасымалын қамтамасыз етудің сапасын жақсарту бойынша 17 талаптың барлығы орындалды.

Ведомствоаралық комиссияның жолаушылар легінің аздығына байланысты Радиомаяктан № 44 ОМ дейін; тұрақты жолаушылар легінің болмауына байланысты 2618 км разъезіне дейін; осы қозғалысты жүзеге асыратын № 45 жаңа саяжай бағытының ашылуына байланысты саяжай кезіне «Түркістан» МОСО-нан жаңа автобустар бағыттарын ашудан бас тартылды.

№ 24М бағытының қозғалыс сұлбасын «Береке» шағын ауданынан Сенная база кентіне дейін жоспарланған өзгертуге байланысты № 23М Вокзал ауданындағы Балалар емханасына дейін; жолаушылар легінің аздығына байланысты № 41 саяжай бағытын Вокзал маңы алаңына дейін ұзартудан; Уәлиханов көшесімен жүретін қолданыстағы автобус бағыттары қозғалысының сұлбаларын өзгертуден бас тартылды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартумен, басшыларға, механиктерге және жүргізушілерге айыппұл салумен есеп беру кездесулерінде шағымдар түскен №№ 2, 4А, 7, 19М, 23М; 24М бағыттары бойынша автобустар қозғалысы қалыпқа келтірілді. № 23М автобус бағытының хабарлау жүйесіне Байболов к. (5-ші Сенная) «Қажеттілік бойынша» аялдама пункті қосылды.

Шарттық міндеттерді орындамағаны, автобустар қозғалысының бекітілген кестесін жүйелі бұзғаны үшін №№ 7 және 19М бағыттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындармен-тасымалдаушылармен шарттар бұзылды.

Қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмыс сапасын арттыру үшін қала аумағында лауазымды тұлғалар мен жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартумен оның жұмысын бұзу фактілерін айқындау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Жолаушылар көлігінің санитарлық және техникалық жағдайы тұрақты бақылауға алынды.

Су-, жылумен жабдықтау

Барлық 25 талап орындалды. Айыртауская к.,8, Мир к.,193 тұрғын үйлерді сумен жабдықтау қалпына келтірілді.

Новопавловка кенті Новицкий көшесіндегі су бөлетін мұнара жұмысындағы бұзушылықтарды жою; Борки кентіндегі барлық су бөлетін мұнаралар орналасқан аумақтарды абаттандыру (асфальттау, бетондау, ұсақ тас төсеу) бойынша жұмыстар жүргізілді.

Выемка 137 км көшесіндегі үйлерге су құбырын салу бойынша талап пысықталды. Комиссиялық тексеру жүргізілді, қаражат бөлінді, ЖСҚ әзірленді. Оның құрылысына қаражат қажеттілігі 2018 жылғы бюджетке енгізілді.

Ішкі жылу жүйелерін кешенді тексеру және реттеу есебінен Болатбаев к., 4; Новая к., 122; Центральная к.,14; Шухов к., 5А; Сәтбаев к., 42; Гоголь к., 20; Астана к., 50; Чайковский к., 21; Қазақстан Конституциясы к., 50; Алтынсарин к., 165; Жамбыл к., 137; Горький к., 173; Интернациональная к., 71; Мир к., 345; Тенистая к., 17; Гастелло к.,46 тұрғын үйлердегі температуралық режим қалыпқа келтірілді.

Комсомолская к., 7 тұрғын үйге жылу жүйесіне кіретін құбырдың диаметрі ұлғайтылды. Ыбраев к., 9, 11, 15; Ахременко к., 16 тұрғын үйлердегі жылу есептегіш коммуналдық есепке қойылды.

Жарықтандыру

Барлық 25 талап орындалды.  «Ласточка» балабақшасынан №43 орта мектепке дейінгі учаскедегі және Уәлиханов к., 23-25 үйлердің аралығындағы көше жарығы қалпына келтірілді.

Алтынсарин к.,339; Сәтбаев к.,17; Уәлиханов к.,46 тұрғын үйлердегі көше жарығы қалпына келтірілді.

Әкімшілік ғимараттарды және тұрғын үйлердің қасбеттерін декоративті көмескі жарықтандыру жұмысы жалғастырылды. Бюджет қаражаты есебінен қаланың магитральды көшелеріндегі: Мұқанов,68; 91; Жамбыл, 125; 150; 154; 170; Брусиловский к., 58 көп қабатты тұрғын үйлерді көмескі жарықтандыру орындалды.

Тұрғын үйлерді жөндеу және тұрғын үй мәселелері

Қалалықтармен қойылған 13 өзекті мәселенің барлығы орындалды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өрттен кейінгі Гашек к.,3 мекен-жайындағы жатақханаға жүргізілген күрделі жөндеудің кемшіліктері жойылды.

Әуезов к., 182 тұрғын үйдегі электр энергиясын беру, оның жиі ауыспалылығы салдарынан бұзылуы жойылды. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берумен Мир к., 193 тұрғын үйдің кабель желісін кешенді тексеру жүргізілді.

Ыбраев к., 15 тұрғын үйдегі канализация жүйесі құбырын тазарту, Ухабов қ.к., 15 үйдің жертөлесіндегі канализациялық құбырды ауыстыру іс-шаралары орындалды.

Қизатов к., 5П және 5Р мекен-жайындағы жаңа салынған үйлердің барлық коммуналдық желілерін қосудағы бұзушылықтар жойылды.

Болатбаев к., 4 тұрғын үйдің пәтер иелерімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді, нәтижесінде нысаналы қаражат жинау есебінен төбені жөндеу туралы шешім қабылданып, ол жазғы кезеңде жүргізілді.

Новая к., 112 тұрғын үйдің пәтер иелерімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша, соның ішінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ішкі электр желілерін жөндеу; Парковая к., 161 тұрғын үйді Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша лифтерді күрделі жөндеу және Интернациональная к., 57 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу (осы үйдің қасбетін бояу жүргізілді) шарттары мен тетіктерін түсіндірумен жиналыс өткізілді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша Гоголь к., 20 тұрғын үйдің төбесін күрделі жөндеу; Мир к., 158 және Хименко к., 9 тұрғын үйлердің лифтерін күрделі жөндеу 2018 жылға жұмыс жоспарына енгізілді.

Жолдар, қоғамдық орындар мен тұрғын аулалардағы қауіпсіздік

Қалалық ішкі істер басқармасы мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық 19 тапсырманы орындады.

Қалалықтардың талаптарына сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік легін жеңілдету мақсатында: Хименко-Уәлиханов, Мир — Жуков, Заводская — Әуезов, Батыр Баян — Медведев, Ухабов — Гагарин, Тоқсан би — Кеншінбаев көшелерінің қиылысында бағдаршам объектілері; Гашек — Мұхамед-Рахимов к-ң қиылысында жаяу жүргіншілер өтетін жер; Әуезов — Заводская, Жамбыл — Володарский, Набережная — Победа және Победа — Қизатов көшелерінің қиылысында «Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады» жол белгілері; «Южный» базарының жанында Егемен Қазақстан к-ң бойында «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгілері орнатылды.

Сонымен қатар, Ведомствоаралық комиссияда осы учаскеде жасанды жылдамдықты шектеу жайластырумен жаяу жүргіншілер өтетін жер жабдықтауға байланысты Караванная к-нің бойындағы №44 ОМ жанында қосымша бағдаршам объектісін орнатудан бас тартылды.

Түнгі көңіл төтеру және кальян мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды айқындауға арналған рейдтік профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Кошуков к., 2, Чайковский к., 15-19, Шухов к.,32А, Алматы -Тоқсан би және Егемен Қазақстан — Бостандық көшелерінің қиылысындағы тұрғын аулаларда алдын алу жұмысы және тұрғындардың шағымын болдырмау мақсатында ҚІІБ кейін оларды пысықтаумен қаңғыбас тұлғаларды айқындау бойынша күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Учаскелік полиция инспекторларымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрақтар, аулаішілік автотұрақтар жайластыру мәселелері бойынша Новая к., 71, 108, 110, 112; Мүсірепов к., 20 ұрғын үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Үй жануарларын ұстау және қыдырту ережесін бұзғаны үшін Бөкетов к.,77 үйдің тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚІІБ қызметкерлері Заречный кентінің тұрғындарымен кейін учаскелік полицияның кандидатурасын бекітумен есеп беру жиналысын өткізді.

Желілерді дамыту, әлеуметтік сала объектілерінің материалдық базасын нығайту

Барлық 15 талап іске асырылсын.

«Орман» шағын ауданында 140 орындық балабақша құрылысы аяқталды. №4 ОМ терезе блоктарын күрделі жөндеу орындалды, талаптарға сәйкес № 14 орта мектептің 3-ші қабаты мен бастауыш сынып рекреакциясының терезе блоктарын ауыстыруға қаражат бөлініп, ЖСҚ әзірленді. Терезелерді ауыстыруға қаражат қажеттілігі 2018 жылғы бюджетке енгізілді; қаланың 10 мектебіне 250 жұп шаңғы сатып алынды.

Ағымдағы жылы «Береке» шағын ауданында «Егоровские склады» ЖШС концессиялық шарт бойынша балабақша салу мәселесін шешу мүмкін болмады.

№20 ОМ; №44 ОМ; аумағында; Интернациональная к., 16-20; Абай к., 120А; Мир к., 339; Болатбаев к.,4; Әуезов к., 147 тұрғын аулаларда жасанды жабынмен шағын футбол алаңы жайластырылды.

Мүсірепов к., 16 — №5 ОМ аулаларындағы бұзылған, бұрын орнатылған жасанды жабынмен шағын футбол алаңын жөндеу орындалды.

Сүтішев к., 15; 21; Рыжов к., 18; Уәлиханов к., 48; Партизанская к., 185 мекен-жайындағы аулаларда спорт тренажерлері орнатылды.

Талаптарға сәйкес «Страна товаров» СҮ меншік иесімен барлық іргелес аумақтардан көктемгі, қар және күзгі суларды жүйелі тартып шығару, жауын су канализациясын тазарту жүргізілді. Жазғы кезде осы аумақты асфальттау жұмысы орындалды.

Жеңіс саябағының жанындағы тасталған ерітпе торабын бөлшектеу жұмысы жүргізілді. Алдын алу жұмысы және тұрғындардың шағымын болдырмау мақсатында ҚІІБ кейін оларды пысықтаумен қаңғыбас тұлғаларды айқындау бойынша осы учаскеде күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Жер мәселесі бойынша 4 талаптың барлығы пысықталды.

2-ші Первомайская к., 5А мекен-жайында орналасқан жер учаскесінің иесімен учаске аумағын тазарту және барлық жиналған қоқысты шығару бойынша жұмыс жүргізілді. ҚІІБ кейін оларды пысықтаумен қаңғыбас тұлғаларды айқындау бойынша осы учаскеде күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Алматы к., 38А мекен-жайында орналасқан жер учаскесінің иесімен учаске аумағын тазарту және барлық жиналған қоқысты шығару бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта меншік иесімен дүкен салуға құжаттама әзірленуде.

Талапқа сәйкес Алматы көшесінің бойындағы өздігінен орнатылған металл гараждарды бөлшектеу жұмысы жүргізілді.

Жерлеу мақсатындағы объектілерге санитарлық-техникалық ережелерге сәйкес, шекті сыйымдылыққа қол жеткізуге байланысты, 2017 жылғы 6 сәуірдегі ТКШ бұйрығымен Новопавловка кентіндегі зират жабылды.

Құрметті Петропавлдықтар!

Өткен жылдың сәуір айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру басталды, ол мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі болып табылады және оның негіздерінің бірі өзінің кіші отанына — Туған жеріне деген сүйіспеншілігі қаланады.

Туған жер — ол әрбір петропавлдықтың туған қаласында өмір сүруге жайлылықты арттыруға қосқан үлесі.

Қала аумағында «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберіндегі 21 жобаның 20-ы қазірдің өзінде іске асырылды. Жобалар абаттандыру, білім беру, дене шынықтыру және спорт салаларындағы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Дәл осындай азаматтық әлеуметтік жауапкершілік жергілікті атқарушы органның жұмысымен жиынтықта біздің қаламызды жақсартуға мүмкіндік береді.

2018 жыл

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2018 18:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.01.2018 10:33

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Наурыз 2021
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6
7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
«БЖЗҚ» АҚ
Қаржы орталығы
A- A A+