Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

2018 жылғы қала әкімінің есептік кездесуі бойынша қорытынды баяндамасы

Петропавл қаласының әкімі М.И. Тасмағанбетовтің
тұрғындар алдындағы есепті баяндамасы

Құрметті қалалықтар!

Өткен 2018 жылы Петропавлда оң өзгерістер көп болды, қаламыз құлпыра түсті. Қалалықтар ел үшін маңызды оқиғалардың куәгерлері болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Елбасының Астанадағы Парламент палаталарының бірлескен отырысында әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын жария еткен Үндеуінде айқындалған міндеттер дамудың стратегиялық маңызды және негізгі бағыты болып табылады.

Елбасы өткен жылдың қазан айындағы Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды қызметіміздің басым бағыты ретінде анықтап берді. Барлық жұмыс осы негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталуы тиіс, себебі адам – еліміздің басты байлығы.

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болып саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты іргелі еңбегі де ұлтымыз үшін маңызды. Бүгінде экономикамызды нығайтып, сыртқы және ішкі саясатпен айналысумен қатар елдің тарихын білу, отансүйгіштікті насихаттап, тарихи-мәдени мұраларды түгендеуіміз қажет.

Бәріміз үшін Астана қаласының 20 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес айтулы оқиға болды.

Былтыр біздің қалада маңызды оқиға – екі ел Президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Бұл алқалы жиын сауда-экономикалық, туристік және іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді, үлкен перспективаларды ашты. Оның нәтижесі еліміздің және біздің өңірдің инвестициялық ахуалының одан әрі жақсаруына септігін тигізеріне сенімдімін.

Қалалық атқарушы биліктің қызметі Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауларында, Қазақстанның 2050 жылға дейін даму Стратегиясында, Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Петропавлдықтар қаламыздың серпінді дамуының, оның жаңа сәулеткерлік бейнесінің қалыптасуының, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің және сапасының жақсаруының куәгері болуда.

Петропавл қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оң серпінді көрсетті. Экономиканың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсу қарқыны сақталды.

Өнеркәсіп

Қаламыздың өнеркәсіп кәсіпорындары 2018 жылдың он бір айында 151,8 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды.

Өнеркәсіп өндірісіндегі жалпы көлемі 62,9 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібі сомасы 95,5 млрд. теңге болатын өнімдер өндірді.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі негізгі үлес өңдеу өнеркәсібінің мына салаларына тиесілі: тамақ өнімдерінің өндірісі – 35 пайыз, машина жасау – 17,5 пайыз.

53,1 млрд. теңгенің тамақ өнімдері шығарылды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8 пайызға көп. Ұн өндіру 9,8 пайызға, сүт өнімдері – 7,5 пайызға, нан-тоқаш өнімдері – 8,1 пайызға, сондай-ақ, сусындар өндіру 14,4 пайызға ұлғайтылды.

Қаланың машина жасау кәсіпорындарының өндіріс көлемі 2018 жылдың он бір айында 26,6 млрд. теңге болды. Өндіріс көлемін «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-ы – 1,5 есе, «Мұнаймаш» АҚ-ы – 18,8 пайызға, «ВФ «Поиск» ЖШС-і 4,9 пайызға ұлғайтты.

Сондай-ақ, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару салаларында өндіріс көлемі 11,4 пайызға өсті.

Біздің елімізде индустриялық-инновациялық даму қарқыны жақсы. Петропавл қаласының кәсіпорындары мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. 2018 жылдың 11 желтоқсанында жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет басшысына «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы құны 894 млн. теңге болатын «Халық тұтынатын тауарлар өндірісімен қайталама полимерлерді түйіршектеу» жобасы таныстырылды. Бұл жоба қосымша 35 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Жаңа зауыт Жолдауда атап көрсетілген қолжетімді және бәсекеге қабілетті тұтыну тауарларын жаппай шығаруды көздейтін «қарапайым заттардың экономикасы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Кәсіпорын республикамыздың барлық өңірлерінен және жақын шетелдерден келіп түсетін қайталама шикізатты жинаудан бастап, өңдеуге және дайын өнімдерді шығаруға дейін пластикті өңдеудің толық циклін жүргізетін Қазақстандағы бірегей зауыт болып табылады.

«SMBGROUPFamily» ЖШС-нің полипропилен жәшіктерінің өндірісін ұйымдастыру, «Максимальный размах CORPORATION» ЖШС-нің тоңазытылған және тоңазытылмаған ет пен көкөністің жартылай фабрикаттарын өндіру жөніндегі фабрикасының құрылысы, «Рим-КазАгро» ЖШС-нің сабынды жуу құралдары өндірісін ұйымдастыру жобалары 2019 жылы жүзеге асырылмақ. Жобалардың жалпы құны – 1,6 млрд. теңге, 334 жұмыс орны ашылады.

Шағын және орта бизнес

Қалада тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20,5 мыңға жетті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 3 пайызға көп. Сондай-ақ, 2017 жылға қарағанда, шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны 16 пайызға артып, 22 122 адамға жетті.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті ынталандыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 41 ұсынысы мақұлданды. Бұл жобалардың 49 пайызы тұрғындарға қызмет көрсетуге, 27 пайызы құрылыс материалдарын, металл, ағаш және басқа да дайын өнімдер шығаруға, 24 пайызы тамақ өнімдерінің өндірісіне қатысты болды. Шұжық өнімдері мен жартылай дайын өнімдер өндірісі жөніндегі қызметті кеңейту («Фрегат» ЖШС, Шаров В.Н. ЖК) жөніндегі жоба жүзеге асты, нан-тоқаш (Жулдубаев ЖК), кондитерлік (Рубан ЖК), ұн («Ертегі» ЖШС-і) өнімдерінің, жиһаз (Кутиков ЖК), металл және ағаш бұйымдарының («АРТ-СТРОЙ» ЖШС-і) өндірістерін жаңғырту үшін қондырғылар сатып алынды, «RoyalPalace» қонақүй-мейрамхана кешенінің құрылысын жүргізу үшін Жоланов Б.С. ЖК-нің несиесіне кепілдік беру түрінде қолдау көрсетілді.

Мемлекет тарапынан берілетін арзан несиенің сомасы 818,6 млн. теңге болды. Бағдарлама қабылданған сәттен бастап 3,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 2010 жылдан бері қала кәсіпкерлерінің 43 млрд. теңге болатын 620-дан астам жобасы мақұлданды.

«Есіл Диагностик» ЖШС-іне тұрғындарға амбулаториялық және стационарлық көмек көрсететін офтальмологиялық диагностика орталығының құрылысы үшін қолдау жасалды.

Сауда және қызмет көрсету саласы

Тауарларды сату көлемінің ұлғаюын оң үрдіс деп қабылдау керек. Былтыр тауар айналымы 156,2 млрд. теңгеге жетті, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 13,1 млрд. теңгеге көп.

Жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау, сонымен қатар кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін ашу үшін жағдай жасау маңызды міндет болып табылады. 2018 жылы жалпы аумағы 3342 шаршы метр болатын жаңа үш сауда нысаны: «Грейт Шоп» ЖШС-нің – «Береке» шағын ауданындағы және Парк көшесіндегі «Семейный» супермаркеттері, «Таткрафт-инвест» ЖШС-нің «Космос» сауда орталығы пайдалануға берілді. Жаңа нысандар қала тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарта түсетіні сөзсіз.

Сауда алаңдары сәулет тұрғысынан да, жаңашылдық тұрғысынан да ерекше.

Былтыр «Hampton byHilton» жаңа сауда қонақүй кешені, «Restoration» ЖШС-і мен «Телеграф» мейманханасы пайдалануға берілді.

2019 жылы «Береке» шағын ауданында «Nord Plaza» сауда-ойын-сауық орталығын ашу жоспарланған, онда супермаркет, балалардың ойын-сауық орталығы мен демалыс орындары орналасып, жаңадан 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

«Северный» дүкендерінің сауда желісі кеңейтілмек. «Северный-3" сауда орталығын ашу жоспарланған, онда нан-тоқаш, кондитерлік, кулинарлық өнімдер мен жартылай фабрикаттар өндірісі ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде 100 адам жұмысқа орналастырылмақ.

«DostykMall» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл орталық ғимаратының сәулеткерлік жобасы жақсы, қасбеті ұлттық реңктегі элементтермен айшықталған. Мұнда 500 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Ынтымақтастық форумы

2018 жыл тек біздің қала үшін ғана емес, тату көршілік қатынастағы екі ел үшін де маңызды, ауқымды шара өткізумен есте қалды. XV өңіраралық ынтымақтастық форумы мен оның аясында өткен «Қазақстан және Ресейде туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» тақырыбындағы көрме өз тиімділігін көрсетті. Екі ел Президенттерінің қатысуы бұл шараға ерекше мәртебе берді. Екі күн ішінде біздің қалаға Қазақстан мен Ресейдің 38 өңірінен 2,5 мыңға жуық адам келді.

XV өңіраралық ынтымақтастық форумы мен көрме жаңадан бой көтерген қос нысанда өткізілді. Бұл нысандар облыс орталығының әлеуметтік-мәдени және спорттық инфрақұрылымын айтарлықтай жақсарта түсті. «Жас өркен» жаңа шағын ауданындағы 1000 орындық теннис орталығы және Оқушылар сарайының әрқайсысы өзінше ерекше. Мәселен, әмбебап теннис орталығында еуропалық стандарттарға сәйкес келетін төрт жабық және үш ашық корт орналасқан, бұл біздің қалада халықаралық деңгейдегі жарыстар мен басқа да шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Оқушылар сарайы – жас солтүстікқазақстандықтарға Мемлекет басшысы жасаған ерекше сыйлық. Бұл – ең соңғы әлемдік талаптарға сай жабдықталған ІТ-орталық. Онда болашақтың технологиясын қолдану арқылы балалар үшін бірегей білім беру кеңістігі құрылған. Мұндағы сабақтар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі салаларды қамтиды. Бүгінде Оқушылар сарайында бірнеше бағыт бойынша 6 кабинет пен 2 зертхана жұмыс істейді.

Сонымен қатар қосымша білім беру мекемелері мен көркем лицей орналасқан. АҚШ, Италия, Қытай, Ресей мен Германия елдерінен әкелінген қондырғыларды қолдану арқылы біздің балалар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, робототехника, мехатроника, 3D-прототиптеу салаларында жаңа тәсілдерді белсенді игеретін болады. Мұнда бір мезгілде 1800 оқушы өзінің сүйікті ісімен шұғылдана алады.

Петропавл қаласында қызмет көрсету саласы айтарлықтай жақсарды. 511 нөмірлік 21 мейманхана мен 289 пәтерлі 7 пәтер бюросы бар. Меймандарды қарсы алған «Астана», «Қызылжар», «Скиф», «Алтын адам», «Лина» мейманхалары мен пәтер бюроларында күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізілді. Форум қарсаңында 45 нөмірлік қоры бар екі мейманхана (14 нөмірлік «Телеграф» пен 31 нөмірлік «Алтын орда» қонақүй кешендері) бой көтерді. Олар әлемдік стандартқа сәйкес келетін осы заманғы қондырғылармен және жиһазбен жабдықталған.

Сонымен бірге көптеген бизнес нысандары өздерінің сыртқы келбетін өзгертті. Мәселен, «Семейный» супермаркеті мен «Яблонька» дүкені бірыңғай визуалды сәулеткерлік стильге келді. «Ажар» сауда үйінің қасбеті толық жаңғыртылды және «Марс» дүкенінің қасбеті боялды. «Лана» дәмханасының қасбеті өзгерді. «Волна» супермаркеті де жаңғырды. «Су-808» ЖШС-і де ғимараттың қасбетін жөндеді. «Green Park» отбасылық парк-отелінде көп жұмыс атқарылды. Өнеркәсіп аймағындағы қоршаулар ауыстырылып, сырланды.

Форум кәсіпкерлер жұмысына серпін беріп, әдеттегіден екі-үш есе көп пайда табуға мүмкіндік жасады. Ең бастысы, Петропавлдың әлеуеті жоғары екенін дәлелдеді, қаламыз маңызды шараны ұйымдастыруда тәжірибе жинап, алдына қойылған міндетті ойдағыдай жүзеге асыра білді.

Мұның барлығы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін берді. Инвестициялық тартымдылығын арттырып, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету саласында жайлы жағдай жасауға мүмкіндік тудырды.

Бір атап өтерлігі, форумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстарына Петропавл қаласы тұрғындарының басым бөлігі тартылды. Әрқайсысы өңір үшін маңызды оқиғаға өзіндік үлесін қосты. Олар – құрылысшылар, тасымалдаушылар, коммуналдық қызмет және бюджеттік ұйым қызметкерлері, жастар, еріктілер, қоғамның белсенді өкілдері. Барлық іс-шаралар облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тікелей бақылауымен жүргізілді.

Құрылыс

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы адами ресурстарды дамытуға бағытталған. Тұрғындарды қолдаудың арзан ипотека, салықтық жүктемені азайту, білім беру саласындағы гранттар санын ұлғайту, тұрғын үй құрылысының өсуі сияқты түрлері қолданылуда. Бұл – баспанаға қол жеткізе алмай жүрген мыңдаған жас отбасы үшін таптырмас мүмкіндік.

Президенттің бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын үйдің қазақстандықтар үшін қолжетімділігін арттырады. Мұның барлығы экономиканың, шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Петропавлда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2018 жылы «Береке», «Жас өркен» шағын аудандарында, Жуков көшесінің бойында бюджет қаражаты есебінен көпқабатты 7 тұрғын үй, ал «Солнечный» кентінде бір пәтерлі 83 баспана салынды.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ы желісі бойынша «Береке» шағын ауданында, Қ.Байболов көшесі бойында жалпы аумағы 8,2 мың шаршы метр 96 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. «Основание» ЖШС Мир көшесі бойында 6,7 мың шаршы метрлік 49 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға берді.

Тұрғындардың жеке қаражаты есебінен 46 мың шаршы метр баспана салынды.

Жаппай құрылыс алаңына айналған «Береке», «Жас өркен» шағын аудандарына және «Солнечный» кентіне инженерлік-коммуникациялық желі, соның ішінде жылу, су, жарық тартылуда.

«Жас өркен» шағын ауданында 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған тұрғын үй кешені мен көп пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, «Береке» шағын ауданында көп пәтерлі екі тұрғын үй, Жуков көшесі бойында да екі баспана салынуда.

Қаланың құрылыс компаниялары Жамбыл, Порфирьев, Крылов және Горький көшелері түйісетін тұста 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен қалада көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұған жаппай құрылыс және даму аймағына айналған «Жас өркен» шағын ауданын мысалға келтіруге болады. Бұған дейін қаланың бұл аумағында ескі типтегі жер үйлер орналасқан болатын. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 635 ескі үй, өткен ғасырдың 40-50-ші жылдары тұрғызылған ескі нысандар сырылды. Қазірдің өзінде «Жас өркен» заманауи ғимараттар бой көтерген, инфрақұрылымы дамыған шағын ауданға айналып отыр. Мұнда 2500 пәтерге шақталған 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланған. Дәл осы жерде мектеп пен қазақ драма театрының құрылысы басталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Облыс орталығын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап айту керек. Көшелерге жаңа шамдар орнатылып, жолдар жөнделді, жаңа саябақтар салынып, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды.

Петропавл тұрғындары мен қала қонақтары Бескөл ауылы жағынан шаһарға кіреберістің көркейе түскенін бірден аңғарады. Жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен кейін Пестрое көлінің жағажайы адам танымастай өзгерді. Ол 2,2 гектарға кеңейтіліп, шамдар, балалар ойын алаңдары, шатырлар орнатылды. Топырақ төгіліп, өрнектастар төселді, қабырғалар гранит плиталармен көмкерілді. Шырша, шетен және терек көшеттері отырғызылып, жағажай жасыл желекке оранды. Енді суға түсу маусымында 4 мыңға жуық адам жағажайда емін-еркін демала алады.

Жаужүрек батыр және білікті қолбасшы, ұлы ақын Қожаберген жыраудың ескерткіші ерекше әсер қалдырады. Бұл ескерткіштің біз үшін маңызы зор, себебі, жерлесіміздің есімі өңір тарихымен тікелей байланысты. «Жеті жарғы» заңы авторларының біріне арналған монумент қаланың кіреберісіндегі айналма жолдың дәл ортасына орнатылып, қалаға айбын беріп тұр.

Облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу барысында біз ландшафтық дизайнға жүгіндік. А.Винокуров атындағы Спорт сарайы, теннис орталығы, К.Сүтішев, Қазақстан Конституциясы көшелері, Жамбыл көшесінің бойындағы саябақ безендірілді.

Жалпы 30,4 мың шаршы метр аумаққа көгал төселсе, 3 мың көшеттен құралған 8,4 шақырымдық бұталы қоршау жасалды. 2 мыңнан астам ағаш пен бұта көшеттері отырғызылды. Көшеттер өңіріміздің және Ақмола облысының тәлімбақтарынан жеткізілді. Бұталы қоршауға қажетті жабайы алма ағаштарының көшеттері саяжайлардан, бөріжидек пен ақ көріктал Кондратовка тәлімбағынан әкелінді. Бұдан бөлек, облыс орталығының гүлзарларына 2500 әртүрлі гүл отырғызылды.

65 көпқабатты тұрғын үй мен ғимараттардың қасбеті жарқын түстерге боялып, қаламыз ажарлана түсті.

Қаланың алты учаскесінде шағын сәулет мүсіндері қойылды. Атап айтқанда, Бөкетов көшесінің бойындағы өнер колледжіне қарама-қарсы жерде – «Қобыз», М.Әуезов және Абай көшелерінің қиылысында – «Гүл толы арба», К.Сүтішев көшесіндегі шахмат клубының алдында – «Шахмат», Ж.Қизатов пен Мир көшелерінің жолайрығында – «Арқар», Қазақстан Конституциясы көшесіндегі «Үкілі Ыбырай» саябағының алдында – «Білезік», К.Сүтішев және М.Жұмабаев көшелерінің қиылысында «Шаңырақ» атты шағын сәулет мүсіндері орнатылды.

Жамбыл, Н.Болатбаев, Ж.Қизатов көшелеріндегі шағын саябақтар абаттандырылды, 12 мың шаршы метр жерге өрнектас төселді, көгалдар мен жиектастар орнатылды, қала бойынша орындықтар, қоқыс жәшіктері, шам бағандары, шамдар, 250 бірлік сәндік безендіру элементтері орналастырылды. Ж.Қизатов көшесіндегі саябақта балаларға арналған ойын кешені мен веложолақ жасалды.

Тұрғын үйлердің аулалары мен қала көшелеріне заманауи көрік беретін абаттандыру жұмыстарына көп көңіл бөлінді. Жалпы 43 мекенжайда және Уәлиханов көшесіндегі саябақта балалар ойын алаңдары орнатылды.

Қаланың 9 көшесіндегі 35 шақырымды құрайтын жарық беру желісі қайта жаңғыртылды. 1018 ескі темір-бетон бағандар заманауи баламасына алмастырылып, 40 шақырым сым тартылды, 2295 электр үнемдегіш шам орнатылды.

Жалпы аумағы 93,5 мың шаршы метрді құрайтын 112 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Сондай-ақ, өткен жылы республикалық қордан бөлінген 1,8 млрд. теңгеге 16,8 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың 21 көшесінің 3673 шаршы метрінің ой-шұңқыры тегістелді. Ұзындығы 15 шақырымды құрайтын жалпы 82 мың шаршы метр жерге қиыршықтас төселіп, 14 саяжай серіктестігіне апаратын жолдың 131 шақырымы, қаладағы он көше, Жұмысшы кентіндегі зиратқа кіреберіс жол, қалалық жағажайға апаратын жол жөнделді.

«Рим-Каз-Агро» ЖШС-нің аумағындағы 900 шаршы метр жаяу жүргінші жолы абаттандырылып, Я.Гашек көшесіндегі шұңқырлар жөнделді. Тұрғындардың өтініші бойынша 300 шаршы метр аумаққа жаяу жүргіншілер жолы төселді. Жолдағы жағдайды жақсарту мақсатында Бөкетов, Жамбыл және Хименко көшелерінде бұрылыстар салынды.

Қаланың коммуналдық шаруашылығы 1073 көп пәтерлі тұрғын үй қорынан тұрады. Оның 581-і тұрғын үйлерді басқару формаларымен қамтылған.

Бюджетке қайтарылған 90,2 млн. теңгеге Егемен Қазақстан көшесі, 30, 2-ші Заречный, 51 А және Ухабов көшесі, 6 мекенжайларында орналасқан 3 көп пәтерлі тұрғын үй жаңғыртылды.

Үстіміздегі жылы ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу бағдарламасы аясында К.Сүтішев, 38, Орал, 3 және 4 мекенжайларында орналасқан үш тұрғын үй сырылды. 2019 жылы 2-ші Первомай көшесі бойында орналасқан апаттық жағдайдағы 4 баспана бұзылып, оның орнына 93 пәтерлі екі үй тұрғызылады. Баспана иелері және ПИК өкілдері өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ниет танытып отырғандығын атап айтқым келеді.

Үстіміздегі жылы облыс орталығының көшелеріне 51 аялдама орнатылды. Оның екеуі – тақырыптық (Жамбыл көшесі бойында орналасқан бірінші жалпы білім беретін лицей жанында және Пушкин көшесі бойындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасының жанында).

Сондай-ақ, қала тұрғындары жолаушылар тасымалын жақсарту және автопаркті жаңарту мәселесіне қатысты өтініштерін жеткізуде. Петропавл қаласында күн сайын 330 қоғамдық көлік жолға шығады. Жыл басында 6 автобус сатылып алынды. Өткен жылдың желтоқсан айында «Партнер-Авто» ЖШС-і бірден 15 көлікті жаңартты. Автобус паркін жаңарту жұмыстары 2019 жылы да жалғастырылады. Жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерлер 26 көлік сатып алуды жоспарлап отыр.

«SmartCity» бағдарламасы

Петропавл қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сандық технологияны енгізу бойынша тапсырмасы сәтті жүзеге асырылуда. Осыған орай қаламызда «SmartPetropavl» тұжырымдамасы жасалды. Онда көпшілік үшін қалалық ортаны қолжетімді және қолайлы ету мақсатында білім беру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, денсаулық сақтау секілді негізгі салалар белгіленген.

Білім беру саласында төрт жоба жүзеге асырылуда. «Алтын бесік» балабақшасында «Smart-балабақша» қанатқақты жобасы бастау алды. Нақтырақ айтар болсақ, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметі толығымен автоматтандырылған, яғни білім беру, тамақтандыру, баланың денсаулығы, қауіпсіздігі секілді бағыттар қамтылған. Аталмыш жоба қаламыздың төрт балабақшасында жүзеге асырылатын болады.

«Интегро» компаниясы «Қалалық классикалық гимназия» КММ-нің негізінде «Smart-мектеп» жобасын енгізді: турникет, асхана мен кітапханада терминал орнатылып, компьютерлер арнайы бағдарламамен қамтылды. Барлық оқушылар мен қызметкерлерге куәліктер таратылды. Бұл жоба қаламыздың тағы 4 мектебінде: №8 орта мектеп, «БЭСТ» және қазақ мектеп-гимназияларында, бірінші жалпы білім беретін лицейде енгізілуде. Сонымен қатар мектептерде «Е-асхана», «Е-кітапхана» жобалары қолға алынбақ. Басқарудың заманауи жүйесі ата-аналардың ұялы телефонына push-хабарлама жіберу арқылы оқушылардың сабаққа қатысуына бақылау жасауды қамтамасыз етпек. Бұған қоса, мектеп ғимаратына кіруді автоматты түрде бақылайды.

2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту Жол картасына сәйкес, биылғы оқу жылында Петропавлдағы 12 білім беру мекемесінде робототехника үйірмелері жұмыс істейді. Қала мектептері үшін 87 бірлік мультимедиалық жабдықтар сатылып алынды.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Балалар үшін ІТ-сыныптар» жобасы бүгінгі күні қазақ мектеп-гимназиясы мен №43 орта мектептің базасында табысты жүзеге асырылуда.

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» және «1-сыныпқа қабылдау туралы жолдама беру» онлайн-сервисі іске қосылды. Барлық қалалық білім беру мекемелері ұлттық білім беру деректер қорын толтырады, «Күнделік» және электронды журналға көшті. Біздің барлық мектептер кеңжолақты интернетті пайдаланады.

Сандық технология көлік саласына да енгізілуде, бүгінгі күні мұнда бес жоба жүзеге асырылуда. 2016 жылдан бері жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру және жолаушылар көлігі жұмысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында диспетчерлік жүйе жұмыс істейді.

«InfoBus» ұялы қосымшасы арқылы онлайн режімде барлық қалалық автобустардың қозғалысын бақылауға болады. Қоғамдық көліктерде GPS-навигация жүйесі орнатылған. Қала тұрғындарын қоғамдық көліктердің қозғалысы жөнінде ақпараттандыру мақсатында 29 сандық ақпараттық табло орнатылды. «Петропавл автовокзалы» ЖШС-і билеттерді онлайн-режімде электронды сатылымға шығарды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында алты жоба жүзеге асырылуда, соның бірі – «Smart-көшелерді жарықтандыру» нәтижесінде облыс орталығының 12 көшесіне үш мыңға тарта электр үнемдегіш шам орнатылды. Сондай-ақ, ескі темір-бетон тірек бағандар жаңартылған заманауи баламасына алмастырылды. Жол қауіпсіздігі қозғалысын қамтамасыз ету үшін күн батареяларымен жұмыс істейтін 17 жарықдиодты автономды жол белгілері орнатылды.

«SmartCity» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Е-ПИК» жобасы іске қосылды. Бүгінгі күні порталға 58 тұрғын үйдің төрт мыңға жуық тұрғынын қамтыған 6 пәтер иелері кооперативі тіркелді. Төрт тұрғын үйге орталық серверге су көрсеткішін қашықтан беретін құрылғы орнатылды.

«СевКазЭнерго» компаниясының электр қуатын коммерциялық есептеу автоматты жүйесінің аясында 26 мың жаңғыртылған есептегіштер орнатылды, бұл жалпы 86 мың тұтынушының 30,2 пайызын құрайды. Бүгінгі күні 1073 көп қабатты тұрғын үйдің 757-сіне жалпы жылу есептегіш құрал қойылған, оның 537-сі мемлекеттік бағдарлама аясында орнатылды.

Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін Бірыңғай есептегіш орталық жұмыс істейді. Жұртшылық бұл жерден төлемдер жөніндегі ақпаратты ала алады. Сонымен қатар «Бір терезе» қағидаты бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет түрлері үшін осы орталықта есеп айырыса алады. Есеп айырысу орталығына 168 көпқабатты тұрғын үй қосылған.

Ішкі істер министрлігімен бірге қауіпсіздікті цифрландыру бойынша Жол картасы жасалып, бекітілді. Бүгінгі күні департаменттің жедел басқару орталығына төрт мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған. Олардың арасында әлеуметтік және мәдени-ойын-сауық нысандары да бар. Петропавл станциясының теміржол және автовокзалдарында орнатылған, жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау жүйесінде тұлғаларды тану мүмкіндігі бар. Нөмір белгілерін тану және жолда жүру ережелерін бұзуды тіркеу бойынша 11 жүйе жұмыс істейді.

Мемлекеттік басқару саласында «Ашық әкімдік» қанатқақты жобасы қолға алынғаннан бері бөлімдерге 35 мыңнан астам адам жүгінді. «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін қалалық әкімдіктің бірінші қабатында «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы орналасқан. Көрсетілетін қызмет түрлерін бақылау және сапасын жақсарту мақсатында «Жеке қабылдау» модулі енгізілді. Азаматтарға SMS-хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Ашық әкімдік» негізінде заманауи медиа орталық құрылды. Бұл тұрғындарды ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру

Елбасымыз өз Жолдауында атап өткеніндей, экономиканы жаңғыртудың негізі – сапалы адами капитал. Білім беру бағдарламалары жаңаша ойлауға, бизнес-дағдыларға, сондай-ақ, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге үйретуі тиіс. Оқыту үрдісі заманауи әдістер мен технологияларға құрылуы керек.

Белгіленген басымдықтарды ескере отырып, білім беру саласын қаржыландыру да артты. 2018 жылы ол қала бюджетінің 70 пайызын немесе 8,8 млрд. теңгені құрады.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 272,2 млн. теңге бөлінді, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 163 млн. теңге қарастырылды. Осылайша, 10 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, соның ішінде 7 мекемеде терезелер алмастырылды (№1, 23, 32, 14, 40 орта мектептер, бірінші гимназия, әл-Фараби мектеп-лицейі), №21 орта мектеп ғимаратының қасбеті және №40 орта мектептің шатыры жөнделді, 4 мекеменің қоршауы ауыстырылды (№1, 7, 8, 40 орта мектептер). Бұған қоса, №7 , №8 және №40 орта мектептердің қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала мектептерінің асхана жабдықтары жаңартылды.

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында №9 орта мектепте 92,3 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді – 330 терезе, 1500 шам, электр сымдары ауыстырылды.

Төртінші жыл қатарынан қала мектептерінің оқушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. 250 мың кітап сатып алуға 2018 жылы 343,5 млн. теңге жұмсалды.

Соңғы 3 жылда қала мектептерінде оқушылар саны айтарлықтай артып, бүгінде 24 мыңға жетті. Бұл ретте мектеп тапшылығы 3804 орынды құрап отыр.

Оқушылар санының ұлғаюына байланысты Н.К. Крупская атындағы №10, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептер және әл-Фараби мектеп-лицейі үш ауысымда білім беруде. Осы мәселені шешу үшін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен өткен жылы «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында 900 және 600 орындық заманауи екі мектептің құрылысы басталды. Мұнда оқушыларға 3D-модельдеу, дербес сайттар, WEB-қосымшалар жасау дағдылары үйретіліп қана қоймай, сонымен қатар олар әлемдік қарым-қатынас тілінде ақпараттық технологияларға оқытылатын болады. Сәйкесінше, мектептер барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылады.

Мектепке дейінгі тәрбиемен 8238 бала қамтылған, соның ішінде 2325 бала жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға барады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2018 жылы жұмыс істеп тұрған жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерді кеңейту есебінен 65 орын іске қосылды.

Қазіргі уақытта 0-ден 5 жасқа дейінгі 9004 бала балабақша кезегінде тұр, ал бұрын кезекте тұрғандардың саны 10,5 мыңға жақын болатын. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілгенін атап өту керек, қамту 100 пайызды құрайды. Сонымен қатар 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 49,6 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл мәселені толық шешу үшін қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдары «бөбекжай-бақша» мәртебесіне ауыстырылуда. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарда сәбилер санын екі есе арттыруға мүмкіндік берді.

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қолдауымен 2018-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары қабылданып, оған 850 млн. теңгеден астам сомаға қаланың 30 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі 32 жоба кірді.

Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы биліктің күші тұрғындарды оқытудың тиімді жүйесін құруға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған. Президент Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз ету, әрбір азаматтың әлеуетін іске асыру мақсатында жағдай жасаудың маңыздылығы атап өтілді. Адамдарға нәтижелі жұмыспен қамту, яғни өз ісін ашу немесе жаңа мамандық алуы және жұмысқа орналасуы үшін көбірек мүмкіндіктер беру қажет.

Қалада жаңа өндірістер ашып, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту нәтижесінде 2018 жылы 2646 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша тұрақты жұмыс орындарына 3075 адам орналастырылды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз ету үшін «2017-2020 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға 333, 7 млн. теңге жұмсалды. Халықты жұмыспен қамту орталығы деректер базасындағы бос жұмыс орындарына 2794 адамды орналастырды.

Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен 1759 адам немесе жұмыс іздеп жүгінгендердің 95 пайызы қамтылған: олардың 472-сі – уақытша қоғамдық жұмыстарға, 172-сі – әлеуметтік жұмыс орындарына, 499-ы – кәсіптік оқуға, 181-і жастар тәжірибесіне жіберілді. Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру барысында қатысушыларға 300 млн. теңгенің шағын кредиттері берілді.

Өткен жылы жұмыспен қамту бөлімі он бір бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды, онда 3351 тұрақты бос жұмыс орны ұсынылды.

2018 жылы халықты әлеуметтік қорғау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 246,8 млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы аясында табысы кедейлік шегінен төмен 302 отбасының 1117 мүшесіне төлемдер тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 69,5 млн. теңгені құрады. Өтініш білдірген аз қамтылған азаматтардың 30-дан астам еңбекке жарамды мүшелері мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға, сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды және кәсіптік оқуға жіберілді.

Тұрғын үй көмегін 1000-нан астам отбасы пайдаланды. Осы көмекті төлеуге бағытталған қаржы көлемі 22,3 млн. теңгені құрады, оның 2,8 млн. теңгесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысқан 190 отбасына ай сайынғы шығын ретінде аударылды. Сонымен қатар 194 аз қамтылған отбасы тұрғын үй көмегін ортақ жылу есептегіш құралдарын орнату үшін пайдаланды.

148,8 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі 3600-ден астам қала тұрғынына көрсетілді, соның ішінде 24,3 млн. теңге – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 78,6 млн. теңге өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға бөлінді. Ерекше қажеттіліктеріне қарай үйде оқытылатын балалары бар 109 отбасына 6 млн. теңгеден астам соманың материалдық көмегі көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету саласында қаржыландыру артқанын атап өткен жөн. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жеке көмекшінің және ымдау тілі мамандарының қызметтерін алуға 2018 жылы бюджетте 252,3 млн. теңге қарастырылған болатын.

142 азаматқа жеке көмекшілердің, есту кемістігі бар 115 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылды, 926 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. «Инватакси» және «Әлеуметтік такси» қызметі 7523 азаматқа көрсетілді. Жұмыспен қамту бағдарламасы мен аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында 172 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылды.

Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде үйде әлеуметтік көмек көрсету жөнінде 6 бөлімше жұмыс істейді, онда 481 жалғыз тұратын зейнеткер мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға, 80 мүгедек балаға қызмет көрсетіледі.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Мәдениет қазіргі заманғы адам мен қоғамның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік жаңғыртудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Петропавл қаласы аумағында 13 мәдениет ошағы жұмыс істейді, оның ішінде: 3 театр, 3 мұражай, 3 кітапхана, кинобейнеқорды сақтау және пайдалану орталығы, филармония, халық шығармашылығы орталығы, қалалық Мәдениет үйі бар. Осылардың ішінде екі мекеме қалалық бюджет есебінен қаржыландырылады: И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана және қалалық Мәдениет үйі. Қалалық Мәдениет үйі негізінде 17 шығармашылық ұжым жұмыс істейді (600 қатысушы), соның ішінде алтауы – балалар ұжымдары (477 бала). 6 ұжым – «халықтық», 2 ұжым «үлгілі» атағына ие. Вокалдық хор, фольклорлық, хореографиялық жанрлар тұрақты дамуда. 2018 жылы 2 шығармашылық ұжым құрылды: «Тұмар» би ансамблі және «Лаула» вокалдық тобы.

Есепті кезеңде барлығы 353 іс-шара өткізіліп, оған 100 мыңнан астам адам қатысты.

Мәдениет үйінде материалдық-техникалық база жаңартылып, LED-экран, жарық және дыбыс аппаратурасы сатылып алынды, шығармашылық ұжымдардың костюмдері жаңартылды.

Қала кітапханаларының қоры 3457 данаға толықты, соның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны 1196-ға артты. Жалпы қорда 143 мың 617 кітап бар. Қалалық кітапхана оқырмандарының саны 10 мың адамнан астам. Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға Брайль әдісімен басуға арналған принтер, Брайль бойынша өзіндік оқытушы және түрлі түсті принтер сатылып алынды.

Қалада 117 ескерткіш бар, соның 102-сі тарих және мәдениет ескерткіші, 14 монументтік өнер ескерткіші бар. 2018 жылы ұлы ақын, батыр әрі қолбасшы Қожаберген жырау мен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевқа арналған екі жаңа ескерткіш ашылды.

Спорт

Саламатты өмір салтын дамыту үшін кең ауқымды акциялар мен спорттық іс-шараларды өткізуден басқа, тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін жағдай жасау қажет. Бүгінде спортпен 65 079 адам қамтылған, бұл тұрғындардың жалпы санының 29,7 пайызын құрайды.

2018 жылы Петропавл қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты. Әмбебап теннис орталығы, қыс маусымында футболмен айналысуға арналған жабық манеж пайдалануға берілді. 10 тұрғын үйдің ауласында жаттығу құралдары орнатылды. Сондай-ақ, аулалар мен білім беру мекемелерінің аумағында жасанды жабыны бар 10 шағын футбол алаңы салынды. Мұнда футбол, күрес, ұлттық спорт түрлері (бес тас, асық ату) бойынша сабақтар өтеді. Жаз мезгілінде Пестрое көлінің жағажайында «Дельфин» БЖСМ-ның жаттықтырушылары жүзуді үйренгісі келетіндер үшін сабақ өткізеді.

Материалдық базаны дамыту спорттық-бұқаралық жұмысты айтарлықтай жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Жыл бойы 200-ден астам спорттық іс-шара өткізілді, соның ішінде еңбек ұжымдары арасында «Қызылжар» спартакиадасы, «Қызылжар барысы», шаңғы күні, медицина қызметкерлері арасындағы қалалық спартакиада бар. Әуесқой командалар арасында футболдан қаланың ашық чемпионаты өткізіліп, оған 20 команда қатысты.

Қысқы спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Шаңғы жарысы, конькимен сырғанаудан, шайбалы хоккейден жарыстар өткізіледі. 20-сыншы шағын ауданда «Петрогорки» экстрим-саябағы ашылды. Бұл – экстремалды спорт түрлерін сүйетіндерге арналған таушаңғы кешені.

Жүйелі жұмыс спортта жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Біздің қаланың спортшылары 2018 жылы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Евгений Павлов кикбоксингтен жастар арасындағы әлем кубогында және Италияда өткен әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды. Иван Аржанников студенттер арасында конькимен сырғанаудан өткен әлем чемпионатында 1-орынға ие болды.

2018 жылы Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Ярослава Кузнецова және Кирилл Новиков (спорттық би), Мария Тимошина (пауэрлифтинг) Азия чемпиондары атанды. Азия чемпионаттарының жүлдегерлері атанғандар: Михаил Литвин – 2-орын (жеңіл атлетика), Маргарита Мукашева – 2-орын (жеңіл атлетика), Иван Ван-Хон-Тун – 2-орын (тай боксы), Қанат Қазанғапов – 2-орын (джиуджитсу).

Петропавлда дене шынықтыру мен спортты сүйетіндер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өткен жөн. Біз тұрғындардың бұдан да көп бөлігін спортқа тарту мақсатында жұмысты одан әрі жалғастырамыз.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

Өткен жылы тәртіп сақшылары 3781 қылмысты тіркеді, бұл 2017 жылғы деңгейден 2,9 пайызға төмен. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 320-дан 226-ға дейін, яғни 29,4 пайызға азайғаны байқалады. Қарақшылық шабуылдар – 50 пайызға, тонау – 9,5 пайызға, ұрлық – 10,1 пайызға, қала көшелерінде жасалған қылмыстар – 4,3 пайызға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 7,1 пайызға, мас адамдар жасаған қылмыстар – 17,9 пайызға және топ болып жасаған қылмыстар саны 14,1 пайызға азайды.

Қоғамдық тәртіпті полиция басқармасының жедел басқару орталығына қосылған 410 бейнекамера (оның 223-і – бұрылатын, 187-сі – стационарлық) тәулік бойы қадағалайды.

Сыртқы бейнебақылау жүйесін қолдану нәтижесінде 17126 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның 13284-і – жол қозғалысы ережесін бұзу.

2017 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 20 пайызға, онда жараланғандар саны 27 пайызға азайған. Қала жолдарында барлығы 73 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тауып, 89-ы жарақат алды.

Ювеналды полиция инспекторлары кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған 175 жедел-алдын алу және рейдтік шаралар өткізді. Кәмелетке толмағандар 25 қылмыс жасаған (2017 жылы – 31). Қаладағы білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылық мәселелеріне арналған 2270 дәріс, әңгімелесу, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп, БАҚ-та 22 мақала жарияланды.

Қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша шаралар қабылдануда.

(Жалғасы 4-бетте).

(Басы 1, 2, 3,-беттерде).

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың 421 адамнан тұратын 69 жасағы атсалысады. 13 учаскелік полиция қосынының қоғамдық кеңесі 39 адамнан тұрады, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың 86 адамнан құрылған 29 жасағы және күзет құрылымдарының 160 адамнан тұратын 20 жасағы бар.

2018 жылдың қаңтар-ақпанындағы қала әкімінің тұрғындар алдында есепті кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының қорытындысы

Петропавл қаласының әкімдігі, қалалық ведомстволар және қызметтер 2018 жылғы есепті кездесулерде қалалықтар айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізді.

Әкімдік аппаратында, қалалық мемлекеттік органдарда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторинг жүйесі жетілдірілген. Қала тұрғындарының талаптарын іске асыру барысы тоқсан сайын әкімдік отырыстарында сарапталды, аппараттық және жұмыс кеңестерінде қаралды. Қалалықтардың талаптарын шешудің, оларды қаржылық қамтамасыз етудің, уақытында орындаудың нақты жолдары туралы барлық қалалық мемлекеттік органдар мен қызметтер басшыларының ұсыныстары жүйелі түрде тыңдалды. Сондай-ақ, телеарналарда, қалалық «Qyzyljar nury» және «Проспект СК» газеттерінде, қала әкімінің ресми сайтында тұрғындардың сын-ескертпелерін орындау барысы туралы мәліметтер жарияланды.

Сонымен қатар қалалықтардың талаптарын орындау жөніндегі жүйелі және сапалы жұмысты қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жоспарына енгізілген мәселелерді шешу бағытында қала әкімі жеке жұмыс жүргізді. Нысандар мен мекенжайларға шығып, қалалықтармен кездесулер ұйымдастырылып, онда орындаушылар әр талаптың орындалуы туралы есеп берді. Осындай ұтымды бақылау және жұмыс сапасын өтініш берушілердің тікелей бағалауы жұмысты анағұрлым жақсартуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай іс-шаралар жоспарына енгізілген 401 тапсырманың барлығы орындалды.

Талаптардың ең көбі – 374-і, яғни жалпы санының 93 пайызы қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты. Бұл ретте, қалалықтарды толғандыратын басты мәселелер: абаттандыру – 273 талап; жол құрылысы және жөндеу – 32 талап; көшелер мен аулаларды жарықтандыру – 29 талап; қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмысы – 14 талап; тұрғын үйлерді жөндеу, оларды сумен, жылумен қамтамасыз ету – 26 талап.

Абаттандыру

Барлық 273 тапсырма орындалды.

41 балалардың ойын алаңы жөнделіп, шағын сәулет мүсіндері, балалар аттракциондары, спорт кешендері, құм алаңдары, орындықтар, урналар орнатылды: Уәлиханов к., 7; 23; 30; 34; 36; 38; Новая к., 108; Ж. Қизатов к., 4; 4-ші линия к., 16 – Базарбаев к., 4; Болатбаев к., 28 – 30; Шухов к., 32А; Гашек к., 13; Победа к., 14 – Набережная к., 25; Мүсірепов к., 13А - Алтынсарин к., 339А; Мир к., 123; 264 – 266; 270; 290; 327Б; Мир к., 111 – Абай к., 43; Бостандық к., 17; Амангелді к., 167; Абай к., 25; 45-47; 49; 57; 98; Әуезов к., 153; Мұқанов к., 68; Алматы к., 6; 11; Алтынсарин к., 188 – Абай к., 62; Володар к., 75; Гоголь к., 36; Сейфуллин к., 58; Батыр Баян к., 67; Гагарин к, 23; Кожевенный қысқа к., 4-12.

Уәлиханов көшесіндегі 3 үйдің ауласындағы 2016 жылы салынған балалар алаңының құм салғышына құм әкелінді. Бостандық көшесіндегі 56-шы тұрғын үй ауласында 4 балалар аттракционы, балалардың ойын алаңы орнатылды. Үстіміздегі жылы осы алаңда қосымша тағы 8 ойын элементі қойылады. Сондай-ақ, Батыр Баян к., 67 және Абай к., 98 мекенжайларында алаңдар қосымша балалар аттракциондарымен жабдықталатын болады. Ухабов көшесіндегі 25А үйдің ауласындағы балалар алаңы үйді салған кезде, яғни 2016 жылы орнатылған болатын, үстіміздегі жылы осы аулада спорттық жаттығу құрылғылары орнатылады.

Интернационал көшесіндегі 21-ші үйдің ауласында балалар алаңын жасау мүмкін емес және бұл жерде балалар алаңын орнатуға тыйым салынған, өйткені, бұл аумақ «СҚ РЭК» АҚ-ның қорғалатын аймағы болып табылады.

Рига көшесі, 112 мекенжайында тұрғын үйдің ауласы қоршалды. 6 талап бойынша комиссиялық тексеру жүргізіліп, жұмыс ауқымы анықталды, шығындар сметасы жасалды. 2019 жылғы бюджетте бірінші кезекте Хименко к., 2; Мир к., 278; Т. Мұхамед-Рахимов к., 72; К. Сүтішев к., 77; Абай к., 120А; Выемка 137 шақырым мекенжайларындағы аулаларда балалар ойын алаңдарын салуға қаржы жоспарланған.

68 талап бойынша мына көшелердегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жолдар асфальтталды: Уәлиханов к., 11; 20; 21; 22; 23; 24; Набережная к., 19; 25; Гашек., 4А; 17А, Жуков к., 21Б; Шухов к., 32; 32А; Болатбаев к., 28; 30; 32; Айыртау к., 3; Новатор к., 1; Мир к., 158; 187; 280; 290; 345; 347; Мир к., 131 – Володар к., 94; Уәлиханов к., 5-7 – Мир к., 252А – Айыртау к.,17; Рига к., 1Д; Совет к., 45; Володар к., 73; Жұмабаев к., 113 – Абай к., 34; Жұмабаев к., 102 – Бөкетов к., 5; Совет к., 35; Алтынсарин к., 339 – Мүсірепов к., 13А; Алтынсарин к., 266; Әуезов к., 153; 173 – Чайковский к., 18 – 20; Парк к., 161; Астана к., 40; Жұмабаев к., 102; Әуезов к., 161 – Абай к., 88 – Алматы к., 39; Жамбыл к., 123; 150-152; 157; 200; 290; 292; Сүтішев к., 49; Бөкетов к., 30 – Амангелді к., 159; Мұқанов к., 72; Әуезов к., 161 – Абай к., 88 – Алматы к., 39; Әуезов к.,167 – Алматы к., 28 – Чайковский, 13; Абай к., 88; Алматы к.,6; Амангелді к., 1А; Интернационал к., 8; 56; 58; 62; 64; Чайковский к., 5; 9; Батыр Баян к., 3; Жамбыл қысқа к. 1А; Рига к., 22 үйдің ауласына кіреберіс.

Абай к., 120А мекенжайындағы тұрғын үйдің аулаішілік жолдары 2016 жылы жөнделген, асфальт жабыны қанағаттанарлық жағдайда. Алайда, кей аумақтың табиғи шөгуінің салдарынан 1-ші және 3-ші кіреберістердің жанында су жинала береді. Үстіміздегі жылы «Kaz Fortiz» ЖШС кепілдік міндеттемелер аясында жол төсемін жөндеп береді.

Мир к., 189 – Мүсірепов, 14 мекенжайындағы аулалардың жолдары 2016 және 2017 жылдары асфальтталған. Ахременко к., 4 мекенжайындағы тұрғын үйдің ауласындағы жолдар комиссиялық тексеру барысында қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды, жөндеудің қажеті жоқ.

Комиссиялық тексеру жүргізіліп, үстіміздегі жылы бірінші кезекте Ж. Қизатов к.,2 – 6; Победа к., 7 - Хименко к., 14; Мир к., 117 – 119; 129; 266; 270; Мир к., 124 – Брусиловский к., 34 – Бөкетов к., 9; Әуезов к.,147; 150; 174; Абай к., 49 – 51; 67; 81; 102; Брусиловский к., 58; 74; Бөкетов к., 20; 53; Амангелді к., 160; Бостандық к., 23; 27; 56; Пушкин к., 101; Қазақстан Конституциясы к., 32; 53; Алматы к., 9; 11; 314-ші атқыштар дивизиясы к., 142; Гоголь к., 25; Интернационал к., 40; 53; 92; Театр к., 47; Сәтбаев к., 42; Батыр Баян к., 32; 58; Кошуков к., 12; Гагарин к., 2; Украин к., 219; Островский к., 114; 2-ші Заречная к., 54; Брусиловский к., 76 мекенжайындағы «Чайка» балабақшасының жанындағы аумақты жөндеуге жұмыс ауқымы анықталып, шығындар сметасы жасалып, 2019 жылғы бюджеттен қаржы қарастырылған.

Жер қазу жұмыстарынан кейін аумақтарды қалпына келтіру жөнінде қойылған 13 талаптың барлығы орындалды.

«ПТС» ЖШС-і №1 жылу магистралін қайта жаңартудан кейін аумақты абаттандырып, асфальт-бетон жабынын қалпына келтірді. Алтынсарин, Пионер көшелерінің көлік жүретін бөлігіне Алтынсарин көшесінен Мир көшесіне дейін, Алматы к., 6 мекенжайындағы үйге және нашар еститін балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа өтетін жолға асфальт-бетон жабыны төселді, «Айгөлек» балабақшасының жанындағы тротуар абаттандырылып, 3000 шаршы метр аумаққа және қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлерінің алаңдарына қиыршық тас төселді.

Сакко және Ванцетти көшесіне Пушкин көшесінен Крепостная көшесіне дейінгі учаскеге топырақ төселді; Уәлиханов к., 32 – 36 мекен-жайындағы кәріз құдығының жанындағы аумаққа қиыршықтас төселді. Интернационал к., 92-ші тұрғын үйдің 1-ші және 8-ші кіреберістерінің жанындағы, Театр-Интернационал көшелерінің қиылысындағы асфальт жабыны қалпына келтірілді; Сәтбаев к., 40-шы үйдің ауласындағы учаскеге қиыршықтас төселді. Жамбыл көшесінде орташа жөндеу жүргізген кезде Шухов көшесінен Чайковский көшесіне дейін бұзылған көгалдар қалпына келтірілді.

17 талап бойынша қала аумағындағы кәріз жүйелері мен құдықтар жөнделіп, тазартылды, соның ішінде Алтынсарин к., 339А, Мир к., 109 мекенжайларындағы аулаларда; Мұқанов к.,68 үйдің ауласындағы кәріз құдығының деңгейі көтерілді, Амангелді к.,169-шы үйдің ауласындағы кәріз құдықтары тегістелді. Ишим к., 34; Володар к., 24 мекенжайларындағы аулалардағы құдықтардың қақпақтары қалпына келтірілді.

Караван, Украин, Панфилов, Пугачев көшелерінде (Урожайная көшесінен Космодемьянская көшесіне дейін), Потанин көшесінде, Жұмысшы кентінің басқа да көшелерінде ағынды сулар кәріздері жөнделіп, қалпына келтірілді және тазартылды, су бұрылып, көлденең құбырлар жібітілді; Береке, Жұмысшы, Ойқала кенттерінің су басатын учаскелерінде су мотопомпалармен және ассенизаторлық машиналармен сорылды; Париж коммунасы көшесінің бойындағы ағынды сулар кәрізі Островский көшесінен Украин көшесіне дейінгі учаскеде қолмен тазартылды; Лазутин к. бойындағы ағынды сулар кәрізі тазаланып, Матвеев көшесі арқылы су жүргізетін құбыр салынды.

Көктемгі су тасқыны кезінде Заречный кенті аумағы ұдайы бақылауда болды. Тұрғындардан шағым түсе салысымен су бірден сорылды.

Рига к., 1Д мекенжайындағы тұрғын үйдің ауласы асфальтталып, оның барысында аула аумағының деңгейі көтерілді. Бұл суды бұрып, ауланы жаңбыр және еріген қар суының басуынан қорғайды.

Гашек к., 4А, 11; Айыртау к., 3; Уәлиханов к.,3, 7, 19, 30, 32, 34, 36, 38; Хименко к., 2; Молодежная к., 4; Мир к., 121; 123, 156, 211, 268, 286, 327Б, 339, 339А, 341, 349, 351; Жамбыл к., 157, 161, 292; Шәжімбаев к.,136; Володар к., 75, 77; Крепостная к., 156; Интернационал к., 8, 41, 64; Жұмабаев к., 113; Рига к., 112; Брусиловский к., 5; Чайковский к., 20, 21; Абай к., 49, 67, 68, 90; Қазақстан Конституциясы к., 76; Бостандық к., 17, 54, 86; Әуезов к., 167; Амангелді к., 159, 167; Алматы к., 11; Завод к., 18; Қ. Кеншінбаев к., 7; Батыр Баян к., 67; Сәтбаев к., 40, 42; Мичурин к., 6 мекенжайларында аулалардағы және «Чайка» балабақшасының жанындағы қураған, апаттық ағаштарды кесу, сирету туралы қойылған 59 талап түгел орындалды.

Электр желісі мен көрші үйдің жақын орналасуы себепті, техника өтетін жолдың жоқтығынан Сейфуллин к., 49-51 үйлерінің ауласындағы ағаштарды кесу мүмкін болмады. Комиссиялық тексеріс барысында А. Шәжімбаев к., 66-шы үйдің ауласындағы теректің, сондай-ақ, Березовая к., 3-ші үйдің ауласындағы қарағай мен қайыңның қурамағаны, апаттық жағдайда еместігі, сондықтан оларды кесудің қажеті жоқтығы анықталды. Мир к., 158-ші үйдің тұрғындарының жазбаша түрде бас тартуынан кейін ауладағы ағаштар кесілген жоқ.

10 өтініш бойынша аялдама павильондары орнатылды: орташа жөндеу жасау барысында Хименко көшесіндегі «Космос», Гашек көшесіндегі «Гедеон» дүкендерінің алдына, Рыжов көшесіндегі газ құю стансасы, Труд көшесіндегі «Өрлеу» орталығы маңына жаңа үлгідегі павильондар орнатылды.

Урожайный көшесіндегі мектеп-интернат маңындағы аялдама Панфилов көшесінің бойына көшіріліп, павильон қойылды. Абай көшесінде ХҚКО-на қарсы бетке қосымша аялдама орнатылды. Заречный кентінің аялдама павильондары қаланың орталық көшелерінде жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары барысында босаған павильондармен алмастырылды.

Н. Болатбаев көшесі бойындағы, Ж. Қизатов – Хименко көшелерінің қиылысындағы және Жамбыл көшесіндегі интернационалист жауынгерлер ескерткіші орналасқан саябақтарды абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылды. Бірінші жалпы білім беру лицейі мен «Цесна банк» және Алматы к., 13-ші үй арасындағы учаске де көркейтілді.

Абаттандыру бойынша өткізілген үш айлық барысында Мещан орманы аумағындағы қоқыс шығарылып, санитарлық тазалау жүргізілді. Қалалық №1 емханаға автокөлік тұрағын орналастыру үшін 0,09 га. жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді.

1506,6 га аумақтағы инженерлік желілер енгізілген, графикалық материалдар кіріктірілген және жиынтық электронды кезекші жоспар жасау үшін сандық жоспарлаудың негізі қаланған мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу үшін қаланы дамытудың кезекші жоспарлары жасалды.

Әуезов көшесіндегі ЗИМ зауытының алды мен Мир – А. Шәжімбаев көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдары учаскесіндегі механикаландырылған тазалау және қар шығарудың сапасына қатысты барлық кемшіліктер жойылды. Көшелердің көлік қозғалысы мен аялдау бөліктерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, аялдама павильондары алаңдарын көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп тұрды.

Тұрғындардың өтініші бойынша Мир к., 290-294 тұрғын үйлер маңында, № 26 орта мектеп пен №35 дүкен аралығында, Водосточная мен Лазутин көшелеріндегі жырада санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, рұқсатсыз төгілген қоқыс сыртқа шығарылды.

Жоспарға сай қала аумағында, сондай-ақ, Былғары зауыты кенті тұрғындарының ескертулері бойынша иесіз жануарлар ауланды.

Жол құрылысы және жөндеу

Қалалықтардан келіп түскен 32 өтініштің 31-і орындалды. Жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын асфальттауға қатысты – 17, жер жолдарды жөндеуге қатысты 14 өтініш жүзеге асырылды.

Ғ. Мүсірепов көшесінің Т. Мұхамед-Рахимов көшесімен қиылысынан Жамбыл көшесіне дейінгі, Жамбыл көшесінің Шухов көшесінен Чайковский көшесіне дейінгі, Хименко көшесінің Набережный көшесінен бастап Мир көшесіне дейінгі, Алтынсарин көшесінің Абай көшесінен Интернационал көшесіне дейінгі, «Егемен Қазақстан» көшесінің Партизан көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі, Универсал көшесінің Қазақстан Конституциясы көшесінен Рыжов көшесіне дейінгі көлік жүретін жолдарының асфальт-бетон қабаты орташа жөнделді.

Шухов және Ухабов көшелері және № 43 орта мектеп пен Гашек к., 13 мекенжайындағы тұрғын үйге кіреберіс жолдардың ой-шұңқыры тегістелді.

Чкалов көшесінің Пушкин көшесімен қиылысынан бастап Жамбыл көшесіне дейінгі, Совет көшесінің Пионер көшесінен жыраға дейінгі, Минск көшесінің Украин көшесінен жыраға дейінгі, 3-ші Кірпіш көшесі, Разин көшесінің Совхоз көшесінен жыраға дейінгі, 2-ші Щорс қысқа көшесінің Панфилов көшесінен К. Цеткинге дейінгі аралықтардағы автокөлік жолдарына, «Звездочка», «Полет» саяжай серіктестіктері мен Ишим к., 34 тұрғын үйіне кіреберіс жолдарына қиыршық тас төселді.

Тұрғындардан келіп түскен 7 өтініш бойынша Ульянов көшесіндегі; Кошуков көшесінің Батыр Баян көшесімен қиылысынан бастап ет комбинатына дейінгі; «Егемен Қазақстан» көшесінің Универсальная және Бөкетов көшелері аралығына дейінгі, Жамбыл көшесінің Чайковский көшесінен Шухов көшесіне дейінгі, Ухабов көшесінің 4, 6-үйлері арасындағы, Сәтбаев көшесінің Кошуков пен Медведев көшелері аралығындағы, № 4 орта мектеп бойы мен Уәлиханов к., 23-ші үйден Мир көшесіне дейінгі аралықтардағы жаяу жүргіншілер жолдары жөнделіп, жаңадан салынды.

Украин көшесінің Караван көшесімен қиылысынан бастап Чапаев көшесіне дейінгі аралығындағы 3 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру үшін комиссиялық тексеріс жүргізіліп, жұмыс көлемі анықталып, шығындар сметасы жасалды және үстіміздегі жылдың бюджетінен қаражат қарастырылды.

Қоғамдық жолаушылар көлігінің жұмысы

Жолаушылар тасымалы сапасын арттыру бойынша келіп түскен 14 өтініштің барлығы да шешімін тапты.

Ведомствоаралық комиссия «Түркістан» ойын-сауық орталығынан Новопавловка кентіне қатынайтын жаңа автобус бағытын ашуға рұқсат бермеді. Өйткені, бұл жерге жақын маңда орналасқан «Сәлем» базарынан «Вокзал – Новопавловка» бағытында № 27 автобус қатынайды. Жолаушылардың аздығынан Жұмысшы кенті – интернат – Береке бағытын ашу туралы ұсыныс қабылданбады.

Кейбір автобус бағыттарының қозғалыс кестесін өзгертуге келісім берілмеді. Вокзалға дейін жүретін саяжай бағытындағы №41 автобус жолаушылардың аздығынан және саяжай серіктестігі төрағаларымен келісімнің жоқтығынан, ал Ж. Қизатов көшесінен «Береке» шағын ауданына дейін жүретін автобустардың қозғалыс кестесіне енгізілген учаскелер болғандықтан, № 23М бағытындағы автобусқа Әуезов көшесі – Индустриальный қысқа көшесі – Ғ. Мүсірепов – Мир көшесі бағытымен жүруге рұқсат берілмеді. Сол сияқты № 6, 25 бағыттарының «Атлантида» аялдамасы арқылы Чайковский көшесімен жүруіне де келісім берілмеді. Себебі, бұл бағыт жаяу жетуге болатын қатарлас орналасқан Абай көшесі бойында жүзеге асырылады.

Ведомствоаралық комиссия әскери институт жанындағы айналма жолдан қазақ театры арқылы «Черемушки» шағын ауданына дейін; «Береке» шағын ауданы – Сенная база – Әуезов көшесі – Партизан көшесі – Мир көшесі – ескі тігін фабрикасы және кейін қарай тігін фабрикасы – Мир көшесі – Партизан көшесі – «Қызылжар» базары – теміржол вокзалы – Назарбаев зияткерлік мектебі; Рига к., 22-үйден №3 қалалық емханаға дейінгі бағыттарды қамтитын қозғалыс кестесін жолаушылар ағынын бағалау жөнінен шешім қабылдап, автокөлік кәсіпорындары жетекшілеріне жаңа эксперименттік бағыттарды сынап көру бойынша ұсыныстар жасап, БАҚ арқылы хабарландырулар берді. Алайда, бұл бағыттар бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруға ниетті тасымалдаушылар табылмады.

Комиссия шешімімен № 2 жылу-электр орталығына дейін жүретін № 25М бағытындағы автобустың қозғалыс кестесі (жылу-электр стансасы жұмысшыларының өтініші бойынша) – 19.00-ге дейін, ал №11М, 26М, 31 бағыттары 21.00-ге дейін ұзартылды.

Есепті кездесулерде тұрғындар шағым білдірген №6 және саяжай бағытындағы №30, 44 автобустарының қозғалысы (қозғалыс кестесіне саяжай серіктестіктері мен саяжайшылармен келісілген өзгерістер енгізу арқылы) басшыларды, механиктер мен автобус жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту, айыппұлдар салу арқылы жүйелендірілді.

Новопавловка кентінен шығып, жолай «Сәлем» базарына соғатын саяжай бағытындағы №40-шы автобустың қозғалыс кестесі өзгерді. Қоғамдық жолаушылар көліктерінің жұмыс сапасын жақсарту мақсатында қала аумағында кешенді рейдтік шаралар ұдайы өткізіліп, талап бұзған лауазымды тұлғалар мен жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көліктердің санитарлық және техникалық жағдайы да тұрақты түрде бақылауға алынды.

Су және жылумен қамтамасыз ету

Барлық 19 өтініш-тілек орындалды. Мир көшесі, 177, Интернационал көшесі, 57 мекенжайларындағы үйлерде су беру жүйесіндегі қысым қалпына келтіріліп, түзету жұмыстары жүргізіліп, сумен қамту жүйесі реттелді; Жамбыл көшесі, 252 мекенжайында су құбырының жұмысы реттелді. Алматы көшесіндегі 28 үйде су құбыры мен суық су беру жүйесі түтікшесі жөнделді. Интернационал көшесі, 21 мекенжайында зақым келген суық су беру жүйесі құбыры қалпына келтірілсе, М.Жұмабаев көшесі, 98 мекенжайында су құбыры ауыстырылды.

Карьер қысқа көшесі 10А және 2-ші Лазутин қысқа көшесіндегі су тарататын колонкалардың жұмысындағы ақаулар жойылды, Борки кентіндегі су тарату колонкалары орналасқан аумақ абаттандырылды.

Кешенді зерттеу мен ішкі жылу жүйесін реттеу нәтижесінде Жамбыл көшесі, 248, Пугачев көшесі, 240, Некрасов көшесі, 34, 2-ші Заречная көшесі, 51А мекенжайларындағы тұрғын үйлерде температуралық режім қалыпқа келтірілді. Ахременко көшесі, 4 мекенжайындағы үйде жарамсыз жылу есептегіш құралының орнына жаңасы орнатылды, ол кейін коммерциялық есепке алынды.

Кошуков көшесі, 12 мекенжайындағы тұрғын үйдің жылу құбыры ішінара ауыстырылды. Тимирязев, 23 мекенжайындағы тұрғын үйдің пәтер иелерімен жылыту және кәріз жүйелерінің сыртқы және ішкі құбырларын жөндеу мәселелері бойынша жиналыс өткізіліп, онда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында кондоминиумның ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу шарттары мен тетіктері түсіндірілді және осы бағдарламаға қатысу және жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу туралы шешім қабылданды.

«Баларман» балабақшасы мен Абай көшесі, 67, Бостандық көшесі, 86 мекенжайындағы тұрғын үйлерге баратын жылу құбырлары оралды.

Жарықтандыру

Барлық 29 өтініш-тілек орындалды. «Казахстанская правда» көшесі, 334, Маяковский (№10-14-ші үйлер аумағы) көшесі, Колхозный косогор көшесі, 26-28А, Заозерная көшесі, 4-24, Надежда көшесімен қиылысатын Карьер қысқа көшесі, Пионер (Пушкин көшесінен Совет көшесіне дейін) көшесі, Васильев көшесі (Брусиловский көшесінен Қазақстан Конституциясы көшесіне дейін), Заовражная, Островский көшелері мен Островский көшесі,114 мекенжайындағы үй, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жатақханасы, Чкалов көшесінен Жамбыл, Новая көшелеріне дейінгі аралықта жарықтандыру жүйесі қалпына келтірілді (Алтынсарин көшесімен қиылыстан Мир көшесіне дейінгі аралықта күзет аумағы орналасқандықтан, көшеге жарық беруді қалпына келтіруге техникалық мүмкіндік жоқ).

Островский, к., Сәтбаев к., 40, 114, Мир, к., 229, 290-294, 266-270, 284, Уәлиханов к., 21, Шухов к., 14, Ж. Қизатов к., 2, Интернационал к.,12, Бөкетов к., 3, Жұмабаев к., 113, Гашек к.,13 мекенжайындағы үйлер мен Сүтішев-Пушкин-Қазақстан Конституциясы-М. Жұмабаев көшелері аумағындағы тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылды.

Сондай-ақ, өтініш берушімен келісіле отырып, Батыр Баян көшесі, 32 мекенжайындағы үйге прожектор орнатылды, өйткені, инженерлік желілердің өтуіне байланысты электр желісінің бағандарын орнатуға техникалық мүмкіндік жоқ. Абай көшесі, 49 мекенжайындағы тұрғын үйдің ауласында көлбеу тұрған электр желісі бағаны қалпына келтірілді.

Тұрғын үйлерді жөндеу және баспана мәселесі

Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық 7 шағым орындалды. Ж. Қизатов көшесі, 3И мекенжайындағы тұрғын үйдің кіреберістері жөндеуден өткізіліп, Жамбыл көшесі, 71А мекенжайындағы үйде ыстық су жүйесіндегі қысым қалпына келтіріліп, жөнделді, Әуезов көшесі, 182 мекенжайындағы үйге электр қуатын берудегі ақаулар қалпына келтірілді. Ахременко көшесі, 2 мекенжайындағы үйді электр қуатымен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп, электр кабелі ауыстырылды. Бірінші Заречная көшесі, 97 мекенжайындағы үйде істен шыққан электр есептегіш құралы алынып тасталды.

Батыр Баян көшесі, 61 мекенжайындағы үйдің шатырына жөндеу жүргізумен айналысқан «Эзар» мердігер компаниясы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда олар банкротқа ұшырап, жұмысын тоқтатты. Сондықтан оны жұмысты аяқтауға міндеттеу мүмкін емес.

Орал көшесі, 3 мекенжайындағы апаттық үйдің тұрғындары уақытша берілген баспаналарға орналастырылды, оның ішінде Ружейников көшесі, 95 мекенжайындағы жатақхана бар.

Жолда, қоғамдық орындар мен аулаларда қауіпсіздікті сақтау

Қалалық полиция басқармасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық бес мәселені шешті.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын азайту мақсатында тұрғындардың талаптарына сәйкес Труд көшесіндегі «Өрлеу» орталығы маңында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды. Уәлиханов көшесінің тақ жағындағы «Изюминка» дүкенінің алдында «Жаяу жүргіншілер жолы» қосымша жол белгісі орнатылды. Заречный кентіндегі бөгет бұрылысы мен Пушкин-Чкалов көшелерінің қиылысында автокөліктердің жылдамдығын шектейтін жол белгілері орнатылды.

Әлеуметтік сала нысандары желісін дамыту, материалдық базасын нығайту

Келіп түскен барлық 18 талап орындалды.

Әл-Фараби мектеп-лицейі мен №4, 32 орта мектептің терезе жақтаулары күрделі жөндеуден өтіп, №21 орта мектептің қасбеті жөнделді.

№ 6 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 106 миллион теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жөндеуге қажетті қаржы 2018-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенді бағдарламасына енгізілді. Мектептерге, соның ішінде №14 мектепке лингафондық-мультимедиялық кабинеттер, робототехника, компьютер және ұйымдастыру техникасын сатып алу үшін 76,8 миллион теңге бөлінді.

№ 26, 43 орта мектептердің аумағы мен Украин көшесі, 215, 219, Хименко көшесі, 2, Бөкетов көшесі, 51 мекенжайындағы тұрғын үйлердің аулаларында жасанды жабыны бар шағын футбол алаңдары орнатылды.

Жамбыл көшесі, 193 А – Володар көшесі, 126 мекенжайындағы үйлердің ауласы арқылы сумен қамтамасыз ету жүйесінің инженерлік желісі өтетіндіктен, шағын футбол алаңын орнату мүмкін болмады.

Гашек көшесі, 11, Пушкин көшесі, 57, Мүсірепов көшесі, 10, Жұмабаев көшесі, 116, Гагарин көшесі, 23 мекенжайларындағы тұрғын үйлердің аулаларында спорттық жаттығу кешендері орнатылды.

Тұрғындардың өтініші бойынша қалалық мәдениет және демалыс саябағында қайтадан «Күз сыйы» көрмесін өткізу қолға алынды.

Жер мәселесі бойынша тұрғындардан түскен екі талап орындалды. Чкалов көшесі, 65, Володар қысқа көшесі, 20 мекенжайларындағы жер телімдері мемлекет меншігіне өтті. Аталмыш үйлердің тұрғындары аумақты күл-қоқыстан тазартты. Тұрғындардың өтініші бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі Володар қысқа көшесіндегі қамысты шапты.

Құрметті қалалықтар!

Біз өткенді қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарды белгілеп отырмыз. Қаланың даму мүмкіндігі зор екенін сеніммен айта аламын. Шаһардың жаңғыру жолына түскені өткен жылы атқарылған жұмыстардан анық білінеді. Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз керек.

Өңіріміз бен Петропавл қаласын дамытуға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасалып, Үкімет бекіткен Солтүстік Қазақстан облысының 2018-2021 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасы елеулі серпін берді. Аталмыш құжаттың жүзеге асырылуы әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымызды арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Тек біздің бірлесе атқарған жұмысымыз ғана оң нәтиже беріп, әрбір петропавлдықтың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды.

9 қаңтар 2019 жыл

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2019 15:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2019 15:55

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
Қаржы орталығы
A- A A+