Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзуге өтiнiш беру тәртiбi

Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңымен регламеннелген.

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңының 10-бабы, «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзудiң қосымша тәртiбiн бекiту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуiрдегi № 4 шешiмi (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2016 жылғы 16 мамырда № 3744 тiркелген, 2016 жылғы 27 мамырдағы № 22 «Қызылжар нұры», 2016 жылғы 27 мамырдағы № 22 «Проспект СК» газеттерiнде жарияланған) негiзiнде Петропавл қаласында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымша регламенттелген.

Бейбiт жиналыстар және митингiлер өткiзу орындары:

  1. Набережная көшесi, Жеңiс саябағы (Жеңiс обелискi жанындағы саябақтың орталық бөлiгi);
  2. Жамбыл көшесi, Ядролық апаттардың құрбандарына арналған ескерткiш жанындағы гүл бағы;
  3. Абай көшесi және Әуезов көшесiнiң қиылысы (Халыққа қызмет көрсету орталығының артында);
  4. Пушкин көшесi, Театр алаңы (Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткiшi алдындағы алаң).

Шерулер мен демонстрациялар өткiзу орындары:

  1. Бөкетов көшесiнiң қиылысынан Пушкин көшесi, К. Сүтiшев көшесi, Жамбыл көшесi, Қазақстан Конституциясы көшесiнiң бойымен мәдениет және демалыс саябағындағы Даңқ ескерткiшiне дейiн;
  2. Орталық алаңнан Қазақстан Конституциясы көшесiнiң бойымен Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi стеласына дейiн;
  3. Орталық алаңнан Қазақстан Конституциясы көшесiнiң бойымен Театр алаңына дейiн;
  4. Жеңiс саябағының орталық кiреберiсiнен Жеңiс обелискiне дейiн.

Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзуге өтiнiш Петропавл қаласының әкiмi М.И. Тасмағанбетовтiң атына берiледi. Өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Петропавл қаласының әкiмдiгiнде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

Өтiнiш үлгiсi (DOC 27 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.01.2018 14:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2018 14:41

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
Қаржы орталығы
A- A A+