Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Жемқорлыққа қарсы әрекет жасау

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (ZIP 248 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау туралы (ZIP 6 Kb)

2018 жылды «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылының ведомстволық жоспары

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (2017 ж. 27.09.)

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — әр азаматтың iсi

2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшелiктерiнiң бiрi қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра бiлу қабiлетiн бiлдiредi. Осындай адамда құқықтық мәдениеттiң де болуы маңызды.

2018 жылғы 25 мамырда қала әкiмдiгiнде құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi, оның барысында қала әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру туралы мәселе қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру құқықтық сауаттылықтың негiзiн қалыптастыруды, сондай-ақ, мүдделер шиеленiсiнiң барлық көрiнiстерiне төзiмсiздiктi қалыптастыруды көздейдi.

Осы мәселенi талқылауға қала әкiмдiгi коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнiң өкiлдерi қатысты. Қоғамның барлық мүшелерiнiң негiзгi мiндетi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша күрестi жалғастыру болып табылады, осыған байланысты, құқықтық жаппай оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту бойынша шешiм қабылданды.

Қала әкiмi аппаратының
Заң бөлiмi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — әр азаматтың iсiСыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — әр азаматтың iсi

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту» 13 қадамын iске асыру аясында 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданды. Оның ерекшелiгi осы үрдiске барлық қоғамды тартумен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетiктерiн енгiзу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шаралары жүйесiнiң бiр элементi ретiнде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру болып табылады.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмайынша, оны көпшiлiк алдында айыптамайынша қалаған нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру — тұлғаның адамгершiлiк, зияткерлiк, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсендi азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздiксiз процесi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бiлiм, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылады.

Түсiндiру жұмысы барысында тек қана мемлекеттiк қызметшiлерге ғана емес, қала әкiмдiгiнiң басқа да қызметкерлерiне ерекше назар аударылады. Осылайша, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында құқықтық жаппай оқытудың 10 отырысы өткiзiлдi.

2017 жылғы 29 қарашада сағат 11-00-де барлық қала мектептерiнде (9-11 сынып оқушылары және мұғалiмдер үшiн) бiрыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат сағаты өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлықтың әр түрлi көрiнiстерiне нөлдiк төзiмдiлiк атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Болашаққа парасыз. Бiрге!» аясында қала әкiмдiгi қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдiк топпен кездесуi өткiзiлдi, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрiнiстерiне қарсы әрекет етуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп сақтауына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетiне ерекше назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мәселелерi бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау курстарынан өту кезiнде қаралады. Қала әкiмi аппараты мен әкiмдiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң барлық қызметкерлерi әр үш жыл сайын өз бiлiктiлiгiн арттырады, мемлекеттiк қызметке алғашқы рет қабылданған қызметкерлер қайта даярлау курстарынан өтедi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтi таныту бойынша маңызды мiндеттердiң бiрi БАҚ тартумен кең ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргiзу болып табылады. Қалалық баспа басылымдарында «Жемқорлыққа- жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Тәртiптiк кеңес», «Әдеп жөнiндегi кеңес», «Жемқорлық орға жығады» айдарлары жұмыс iстейдi. Qyzyljar телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында бейне роликтер көрсетiледi.

Қала кiтапханаларында тұрақты түрде «Маңызды мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл», «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Әдебиеттегi сыбайлас жемқорлық тақырыбы» кiтап көрмелерi жұмыс iстейдi.

И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананың оқу залында СКУ колледжiнiң оқушылары арасында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен бiрлесiп «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — ол адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра бiлу қабiлетi. Қоғам мүшелерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетi әлеуметтi тұрақтандыру факторларының бiрi болып табылады, қоғамның кез-келген құрылымдық деңгейiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң жетiстiгiн айқындайды.

Петропавл қаласы әкiмi аппараты
Заң бөлiмiнiң бас маманы
Е. Ефремова

Қала әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi

Әрбiр мемлекеттiк қызметшi борышына адал және кәсiби қызмет етудiң үлгiсi болуы тиiс. Оның ең басты құралы жергiлiктi жерлерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

2018 жылғы 09 ақпанда Петропавл қаласының әкiмдiгiнде құқықтық жаппай оқу болып, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн сақтау бойынша мәселе талқыланды.

Құқықтық жаппай оқудың отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бас маманы А.Е. Сатанов, сондай-ақ қаланың коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнiң өкiлдерi қатысты.

Құқықтық жаппай оқуды өткiзу қорытындылары бойынша қала әкiмдiгiнiң коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiне мемлекеттiк қызметтiң беделiн түсiретiн құқық бұзушыллық жасауға жол бермеу шараларын қабылдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Қала әкiмi аппаратының
заң бөлiмi

Қала әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдiҚала әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi

Петропавл қаласында «Адал жол — Честный путь» акция-марафоны басталды

Бүгiндерi Қазақстан барлық әлем танитын тәуелсiз мемлекет. Мемлекетте мiнсiз және нәтижелi жұмыс жасаудың маңызды критерийi адалдық, әдiлдiк және сатылмайтындық сияқты iргелi құндылықтар болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа төзiмсiздiк көзқарас әрбiр азаматтың азаматтық ұстанысы болуы тиiс және әр адам қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн бар күшiн салуы тиiс.

Азаматтарда адалдық пен сатылмайтындық қағидаларын қалыптастыру мақсатында «Адал жол — Честный путь» республикалық акция-марафоны бастау алды. Осы эстафетаны Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi бастады.

2018 жылғы 08 ақпанда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәжiлiс залында өткен акцияның тұсаукесерiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшысының орындары Е.Ф. Степаненко, Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесi төрағасының орындары И.С. Татваев, облыстық мәслихат депутаты Е.С. Старостина, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi Ұлттық бюроның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң инспекторы С.Н. Зайцева, қалалық мәслихат депутаттары М.Т. Дарбаева және В.Н. Витченко қатысты.

«Адал жол — Честный путь» акция-марафоны ағымдағы жылғы 9 желтоқсанға дейiн жалғасатын болады, осы күн бүкiл әлемде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнi ретiнде атап өтiледi.

Марафон барысында дөңгелек үстел, семинар, конкурс, флешмобтар сияқты және басқа да нысандағы әртүрлi жұмыс форматтары қолданылатын болады. Оларға халықтың әртүрлi топтары тартылады. Осы iс-шараларды өткiзудiң мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиенi қалыптастыру, сондай-ақ жастардың адамгершiлiгiн дамыту. Барлық жұмыс сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзiмсiздiк атмосферасын құруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталатын болады.

Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты

Петропавл қаласында «Адал жол — Честный путь» акция-марафоны басталды

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне
қарсы iс-қимыл жөнiндегi
жаднама

2018 жыл

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың алғашқы белгiлерi пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне телефон шалыңыз.

2. Сыбайлас жемқорлық ол мемлекеттiң экономикасына зиян келтiретiн қылмыс.

3. Барлық азаматтар мен заңды тұлғалар, органдар, мекемелер мен кәсiпорындар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi

366-бап. Пара алу

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушiлiгi үшiн өзiне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бiрнеше рет жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жетпiс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса iрi мөлшерде жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртiппен қудаланады.

367-бап. Пара беру

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға не оған теңестiрiлген адамға немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) iрi мөлшерде;

3) бiрнеше рет жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сомасы немесе құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықты бiрiншi рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергенi туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттiк органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

368-бап. Парақорлыққа делдал болу

1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келiсiмге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол iс-әрекет -

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Сыбайлас жемқорлықты бiрге жеңемiз және болашақты бiрге жасаймыз!

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 12:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2018 15:11

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Промышленная Революция 4.0
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Маусым 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25
26 27 28 29 30  
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
A- A A+