Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласының әкімі Б.С. Жұмабековтің 2019 жылғы 29 шілдеде қалалық мәслихат сессиясындағы баяндамасының тезистері

Бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпіні байқалуда.

7% өсумен инвестициялар көлемі 27 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3%, бөлшек сауда 2,4% артты.

Өткен жылдың деңгейінде тұрғын үй берудің оң серпіні қамтамасыз етілген.

Өнеркәсіп

Қалада 392 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, онда 40 мың адам еңбек етеді, аталған сала қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 6% артты және 119 мың теңгені құрады.

Қаланың 28 қайта өңдеуші кәсіпорны 30 млрд. теңгеге азық-түлік өндірді, ол өткен жылдың ұқсас кезеңінен 9% артық.

Ірі машина жасау зауыттарында: «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ — 7,3%, «Мұнаймаш» АҚ — 21,6%, «ВФ Поиск» ЖШС — 25,4% өсу байқалуда.

Өндіріс көлемінің төмендеуі «ПЗТМ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ байқалуда.

ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯ

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасына құны 13 млрд. теңге 18 жоба енгізілді. 2015-2018 жылдары кәсіпорындарда 445 жаңа жұмыс орны құрылды.

2019 жылдың қорытындылары бойынша 334 жұмыс орнын құрумен 1,6 млрд. теңге сомасына 3 жобаны іске асыру күтілуде.

Дамытудың кешенді жоспары аясында «ПЗТМ» және «Киров» зауыттарын жаңғырту жалғасуда.

Мемлекеттің қолдауымен «Радуга» ЖШС кәсіпорны негізінде жеке индустриалдық аймақ дамытылуда.

Индустриалдық аймақта бірнеше өндіріс жұмыс істейді, соның ішінде азық-түлік шығару, бірінші кезектегі қажетті тауарлар жасаумен екінші полимерді қайта өңдеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта көтерме-тарату орталығының (КТО) құрылысы жүргізілуде.

Бүгінгі күні көкөніс сақтау қоймасы ашылды, 80 жұмыс орны құрылды. Қоймалар құрылысы жалғасуда және сол жерлерде қосымша тағы 45 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 250 тонна қатты және 250 тонна сұйық сабын — көлемі 500 тонна тұрмыстық химия өндіру бойынша фабриканы іске қосу жоспарлануда.

«Масло-Дел» ЖШС негізінде ультрапастерленген сүт пен қаймақ өндіру және қаптау бойынша желіні іске қосу және 2020 жылы «Радуга» ЖШС қағаз өнімдері зауытын салу секілді жергілікті өндірістік кластерді дамыту бағыты басымдыққа ие.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Бүгінгі күні бизнес қала экономикасының дамуына оң әсер етуде. Кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты шағын және орта бизнес субъектілерін экономикалық қолдау және несиелеу болып табылады.

Бизнес субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі, соның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, несиені кепілдендіру, жетіспей тұрған инфрақұрылымды жүргізу, кәсіпкерлікті жүргізу негіздері бойынша білім алу («Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Бастау» бағдарламалары).

Кәсіпкерлер үшін негізгі проблема несие алу үшін кепілдік қамтамасыз етудің болмауы болып табылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында несиені 85% кепілдендірген жағдайда осы мәселені шешуге болады.

2019 жылғы 1 шілдеге «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы несие сомасы 390,5 млн. теңгеге 20 жоба қолдау тапты.

Мақұлданған 20 жобаның 55%-ы тамақ өнімдерін (кондитерлік өнімдер, ұн) өндіруге, 35%-ы халыққа қызмет көрсету жөніндегі жобаларға (жүк тасымалы, білім беру), 10%-ы битум эмульсиясын өндіруге тиесілі.

Өткен жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,7%-ға өсті.

Қалада жергілікті кәсіпкерлер өздері өндіре алулары мүмкін бірқатар тауарлар бар.

Осы міндетті іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске қосылды. Инвестициялардың (50%) және айналым капиталының (50%) тең арақатынасымен кредиттер бойынша төмен пайыздық мөлшерлеме (жылдық 6%) кәсіпорындар үшін үлкен қолдау болып табылады.

Қала бойынша 11 әлеуетті жобалардың ішінен екінші деңгейдегі банктер 553 млн. теңгеге 4 жобаны мақұлдады, 6 жоба 2,2 млрд. теңге сомасына жұмыс барысында, 1 жоба — бизнес-жоспар 30 млн. теңге сомасына ойластыру мен әзірлеу сатысында.

Бұдан басқа, жүргізілген түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысуға тағы 32 кәсіпкер ниет білдірді (45 кәсіпкер қамтылған, 13 жұмыс барысында).

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қазіргі уақытта 3 жалға берілетін және 8 несиелік көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (1333 пәтер).

Сондай-ақ аз қамтылған отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы әзірленді, ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2% жеңілдік ипотекасын қарастырады.

3 жалға берілетін үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен «Береке» шағын ауданында 100 пәтерлік үйдің құрылысы жүргізілуде, Первомайская көшесіндегі 93-пәтерлі № 1 үй және Первомайская көшесіндегі 93-пәтерлі № 2 үй.

«Береке» шағын ауданында тұрғындарды жалға берілетін тұрғын үймен одан әрі қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта екі 128 пәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірленді.

Сондай-ақ, алты 100 пәтерлі үйге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Ағымдағы жылы сегіз көп пәтерлі несиелік үй (1047 пәтер) және «Солнечный» кентінде 128 бір пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде.

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл 420 пәтер сатылды.

Алдағы уақытта құрылыс жүргізу үшін 6 шағын аудан анықталды: «Жас-Өркен», «Береке», «Шығыс», «Копай», «Юбилейный» (Ж. Қизатов көшесі бойындағы), Уәлиханов-А. Шәжімбаев тұйық көшесі-Нұрсұлтан Назарбаев-Мүсірепов көшелерінің шекарасындағы шағын аудан.

Соңғы екі жыл ішінде құрылыс салушылардың өз қаражаты есебінен тұрғын үй салу үрдісі бар, яғни құрылыс бюджет қаражаты есебінен де, құрылыс компаниялары есебінен де жүргізілуде.

«Жас Өркен» шағын ауданында коммерциялық құрылыс салу үшін Б. Петров-Алтынсарин-Горький-Труд көшелері шекарасында 4 квартал белгіленді, онда мүдделі құрылыс компаниялары бүгінгі күні ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. 9 қабаттан 17 қабатқа дейін көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жоспарлануда.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қаланы көгалдандыру аясында 1000-нан астам ескі теректерді тамырымен жұлу жүргізілді, оның орнына 3700-ден астам ағаш отырғызылды.

13,2 мың м2 алаңда көгал жайластырылды, 4 км бұта-теректер өсіріп қоршаған шарбақ орнатылды, гүлзарларды отырғызу алаңы 1,2 есеге артты.

Қизатов, Брусиловский, Жамбыл көшелеріндегі саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 32 қасбетті сырлау және 7 көп пәтерлі үйді жарықтандыру аяқталды.

Жоспарланған 60 ауланың 400 млн. теңге сомасына жалпы ауданы 59 мың шаршы метр 35 аулаішілік аумақ пен өтпе жолдарға асфальт төселді. Бұл жұмыстың нақтыланбаған көлемімен байланысты. Осыған байланысты, ағымдағы жылы ПИК (КСК) төрағаларының кеңесі қажетті жұмыс түрлерін нақты анықтай отырып, аулаларды тексеруді бастады.

Мекен-жайы және асфальт жабынының ауданы көрсетілген осы тізім қала әкімінің сайтына орналастырылады.

Балалар ойын алаңдарын абаттандыруға 46 аула аумағында 135 млн. теңге, спорт алаңдарына — 10 мекен-жай бойынша 50 млн. теңге, 10 мекен-жай бойынша спорттық жаттығу құралдарын орнатуға 15 млн. теңге бөлінді.

Жол желісін қалыпта ұстау үшін ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы сомасы 493 млн. теңгеге көшелерді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Береке шағын ауданы, Заречный кенті, Солнечный кенті, Жұмысшы кентінің жеке секторының 30 көшесі бойынша төмендетілген жерлерге себумен қара жолдарды бейіндеу бойынша, сондай-ақ, жалпы сомасы 120 млн. теңгеге бау-бақша серіктестіктеріне кірме жолдарды салу жұмыстары аяқталды. 178 млн. теңге сомасына ұзындығы 2,2 шақырым 6 көше орташа жөндеуден өтуде.

195 млн. теңге сомасына ұзындығы 1,2 км тротуарлар орнатумен Ухабов және Досмұхамбетов көшелерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 345 млн. теңгеге Панфилов, Украинская көшелері бойынша ашық нөсер кәрізін орнату жұмыстары басталды.

Жолаушылар көлігі саласының мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Бүгінгі күні 11 автобус, 12 шағын автобус маршруттары жұмыс істейді, барлығы 330 бірлік жылжымалы құрам жұмылдырылды. Өткен жылы 21 автобус, ағымдағы жылы 5 автобус сатып алынды, жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары жалғастырылатын болады.

ТКШ бөлімі мониторинг арқылы, сондай-ақ осы қосымшаны пайдалана отырып, жолаушылар көлігінің жұмысын бақылауды қамтамасыз етулері, апта сайынғы негізде қалалық жолаушылар паркінің рейдтерін жүргізуді, жолаушылар тасымалын жедел басқаруды қамтамасыз етулері қажет.

Сонымен қатар, халық, қала бюджеті, тасымалдаушылар үшін де көптеген артықшылықтары бар жолаушыларды электронды билеттеу жүйесін енгізу жоспарлануда.

Банктер мен көлік ұйымдары арасында екі автобус бағыты бойынша QR-код арқылы электрондық төлем жобасын іске асыру үшін пилоттық режимде шарттар жасалды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

Бүгін қалада 1231 көп балалы ана ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады.

Тегін тамақтандырумен сомасы 75 млн. теңгеге аз қамтылған отбасылардан 1 967 оқушы қамтамасыз етілді, 71 балаға бюджеттен киім мен мектеп құрал-жабдықтарына қаражат бөлінді.

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, оның ішінде аз қамтылған көп балалы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.

Атаулы әлеуметтік көмекті бүгін сомасы 208 млн. теңгеге 900 астам отбасы, оның ішінде 116 аз қамтылған көп балалы отбасы алды. Бірінші жарты жылдықта 1485 жаңа жұмыс орындары құрылды, 2617 адам жұмысқа тұрғызылды.

«2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына 2,5 мың адам тартылды.

Оның 1315 адамы тұрақты жұмыс орындарына, 745 адам уақытша жұмысқа, 334 адам кәсіби даярлау және қайта даярлауға, «Бастау Бизнес» бойынша оқуға 106 адам жолданды, оның ішінде 15 адам 171 млн. теңгеге шағын несиелер алды. Гранттік көмекті сомасы 18 млн. теңгеге 69 адам қолданды.

БІЛІМ БЕРУ

Бүгінгі күні 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды, соның ішінде көп балалы отбасылардағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесі толықтай, 100% шешілді.

Қаладағы үш кезеңдік оқу мәселесін шешу үшін 2400 орынға 3 мектеп құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Кешендік жоспар шеңберінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру 3 есеге өсті. Жөндеу жұмыстарымен сомасы 840 млн. теңгеге 28 білім беру объектісі қамтылды. Жобалармен 25 ұйымда терезелерді ауыстыру, 3 мектепте қоршауларды жөндеу, 3 мектепте жабын мен спорт залдарын жөндеу көзделген.

Ағымдағы жылы қаланың мектепке дейінгі ұйымдары үшін сомасы 4 млн. теңгеге 16 бірлік компьютерлік техника алынды.

Жалпы саны 23,5 мың оқушыға бір оқушы үшін шығын жылына орташа 283 мың теңгені құрайды.

Жыл басынан бастап білім беру саласындағы 7,5 мың қызметкердің еңбекақысы 30% өсті.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде 29 жасқа дейінгі жастар үшін сомасы 52 млн. теңгеге 200 ОАК (505 мың теңге) бойынша 102 грант көзделген. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша 106 адам оқудан өтті, оның ішінде 84 жастар, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде 70 адам оқудан өтуде, жылдың соңына дейін жоспар 140 адам.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Қоғамдық тәртіпті сақтауға жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік режимде ПБ Жедел басқару орталығына шығарумен 410 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

2019 жылдың 2 тоқсанында 1953 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, жалпы қылмыстың ашылуы 58,7% құрады.

Сыртқы бейнебақылау жүйесін қолданумен 36 мың құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 2 мың құқық бұзушыға айыппұл салынды, сомасы 176 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

2 215 әкімшілік құқық бұзушылық жазылды, 76 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2019 жылдың 6 айында 37 кәмелеттік жасқа толмаған бала және 46 нашар отбасы есепке қойылды. 748 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін 102, кәмелеттік жасқа толмағандарды түнгі уақытта үйден тыс тауып алғаны үшін 467 заңды өкіл. Қалалық оқу орындарында құқықтық сауаттылық мәселесі бойынша 648 дәріс, сұхбаттар мен «дөңгелек үстелдер» өткізілді, БАҚ 35 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ОРЫНДАУ

2019 жылғы есеп беру кездесулеріне дайындалу және жүргізу барысында қала тұрғындарымен 672 ұсыныс пен ескерту айтылды.

Мәселелердің маңыздылығын және бюджеттік мүмкіндіктерді негізге ала отырып, оның 354 қалалық Іс-шаралар жоспарына енгізілді, оларды іске асыру барысы ерекше бақылауда, тұрақты мониторингілеу жүргізілуде, әкімдіктің отырыстарында, аппараттық, жұмыс кеңестерінде талқылануда, қалалық газеттерде, әкімдіктің ресми сайтында жариялануда.

Есепті кезеңде 212 тілек немесе 60% орындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық кешендердің жұмысы мәселесі бойынша 318 ұсыныстың 190 немесе 60% орындалды, оның ішінде тұрғын үй аулаларында 41-ден 36 балалар ойын алаңын, жасанды жабынымен 5 шағын футбол алаңын, спорт тренажерлерінің 4 жинағын орнату жүргізілді; 60-тан 35 аула ішілік өтетін жолға асфальт төселді; 25 өтініш бойынша көшелер және тұрғын үйлердің учаскелерін жарықтандыру қалпына келтірілді; қарды жинау және шығару; канализациялық құдықтарды, нөсер канализацияларын жөндеу және тазалау; су бұру мен тасқын суларды тартып шығару; ҚТҚ ұйымдастыру және шығару; аялдама павильондарын орнату бойынша тілектер толықтай шешілді.

Жолаушылар көлігімен сапалы қамтамасыз ету, қозғалысты қалпына келтіру, жаңа бағыттарды ашу және қолданыстағыларды ұзарту бойынша барлық 18 өтініш орындалды. Тұрғын үйлерді жөндеу, оларды су, жылумен жабдықтау бойынша барлық 9 тапсырма орындалды.

Жолдарды жөндеу және салу бойынша 22 тапсырманың 14-і іске асырылды. Қалалық ішкі істер басқармасы ТКШ бөлімімен бірге жолдардағы, қоғамдық орындар және тұрғын үй аулаларындағы қауіпсіздік бойынша айтылған барлық 7 өтініш орындалды.

13 өтініш бойынша білім беру ұйымдарында қасбеттерді, терезелік блоктарды, қоршауларды күрделі жөндеу аяқталуда.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. 2 гүлбақты абаттандыру, әлеуметтік объектілер жанында 2 тұрақ орнату, тұрғын үй аулаларында 5 балалар ойын алаңын орнату, 34 өтініш бойынша аула ішілік өтетін жолдарға асфальт төсеу, жүргізілген жөндеу жер жұмыстарынан кейін 2 аумақты қалпына келтіру; 8 өтініш бойынша жолдар мен тротуарларды жөндеуді аяқтау, тұрғындардың 64 өтініші бойынша апаттық ағаштарды кесу; нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін алу, оларды санитарлық тазалау және абаттындыру бойынша мәселелерді шешу күтілуде.

Қалған жазғы-күзгі кезеңде оларды толық көлемде сапалы және уақытылы орындау бойынша барлық шаралар қабылданатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 30.07.2019 22:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.07.2019 12:08

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22
23
24
25 26 27 28 29 30  
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
Қаржы орталығы
A- A A+