Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Әдеп жөнiндегi уәкiл

Дёрова Наталья БорисовнаПетропавл қаласы әкiмiнiң 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 22-ө өкiмiмен «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ заң бөлiмiнiң басшысы Наталья Борисовна Дёроваға әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциялары жүктелдi.

Байланыс ақпараты: Қазақстан Конституциясы к., 23, 425 каб. Тел. 50-21-75.

Азаматтарды қабылдау кесте бойынша әр сәрсенбi сайын сағат 15:00-ден 18:30-ға дейiн.

 

 

 

Мемлекеттiк қызметшiлердiң заңмен белгiленген шектеулер мен тыйымдарын сақтауы, ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыру туралы

Қазақстан мемлекет тәуелсiздiгiнiң бiрiншi күнiнен бастап тиiмдi, әлемдiк стандарттарға сай келетiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл институттары мен тетiктерiн құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүрiп келедi.

Әр мемлекеттiк қызметшi қызметтiк әдептi сақтау үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауы қажет, ал қоғам мемлекеттiк қызметшiлер барлық күш-жiгерiн, бiлiмiн және тәжiрибесiн өздерi жүзеге асыратын кәсiби қызметке жұмылдырып, өз Отаны — Қазақстан Республикасына адал қызмет ететiнiне сенiмдi болуы тиiс.

Елiмiзде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әрекет етуде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары оның негiзi болып табылады, онда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» және «мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулер» бөлек баптармен көрсетiлген.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшi:

  1. өкiлдi органның депутаты болуға;
  2. педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетiн қызметпен айналысуға;
  3. кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
  4. өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тiкелей бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;
  5. өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
  6. ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
  7. лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетiлетiн қызметтерiн жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) немесе жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқара алмайды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен басқа да шектеулер көзделген.

Өздерiнiң мемлекеттiк немесе соған теңестiрiлген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздерiне тәуелдi мемлекеттiк қызметшiлерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетiмен кетушiлiк үшiн сыйлықтарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi қабылдауы.

Белгiленген мiндеттер, шектеулер қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде басшылыққа алу қажет болатын мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлқының негiздерi болып табылады.

Мемлекеттiк қызметке өткен кезде әр мемлекеттiк қызметшi аталған шектеулердi қабылдайды.

Ұжымдағы адамдардың мiнез-құлқын реттеу құралының бiрi ретiнде ұжымдағы өзара қарым-қатынас мәдениетi болып табылады.

Мәдени қарым-қатынастың маңызды жағы — өз талғамдары мен әдеттерiн мiндеттемей, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай бiлуi.

Қызметтiк әдеп нормаларын сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай ұжымдағы жұмыс сапасына әсер етедi. Өткен жылы Петропавл қаласы әкiмдiгi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң арасында сауалнама жүргiзiлдi. Сауалнама нәтижелерi әкiмдiк бөлiмдерiнiң ұжымында жағымды моральдық-психологиялық климатты, ұжымда iскерлiк пен мейiрiмдiлiк қарым-қатынастың орнағанын көрсеттi.

Мемлекеттiк қызмешiнiң жеке мүддесi өз лауазымдық өкiлеттiктерiн орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға әкелiп соқтыратын мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүддесi мен оның лауазымдық өкiлеттiктерi арасындағы қарама-қайшылықтар.

Мемлекеттiк қызметтегi мүдделер қақтығысы көбiнесе мемлекеттiк қызметшiнiң өзi немесе қандай да бiр мiндеттемелермен байланысы бар үшiншi тұлғалар үшiн қандай да бiр пайда алуға қызығушылығынан туындайды.

Мүдделер қақтығысын реттеу аса маңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетiктерiнiң бiрi ғана емес, сонымен қатар, қызметтiк құқықтық қарым-қатынастың тиiсiнше жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудiң тәсiлi болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру құқықтық сауаттылық негiздерiн қалыптастыруды, сондай-ақ, мүдделер қақтығысының барлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыруды көздейдi.

Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң тәуекелдерiн төмендетуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ, қала әкiмдiгi қызметкерлерi жұмысының ашықтығына бағытталған.

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
Әдеп жөнiндегi уәкiлi
Н.Б. Дёрова

Мақаланың шыққан күні: 04.12.2017 09:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.04.2020 10:31

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков