Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қала басшылары

Әкiм

Болат Серiкұлы Жұмабеков

Болат Серiкұлы ЖұмабековСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Болат Серiкұлы Жұмабеков Петропавл қаласының әкiмi болып тағайындалды.

Б.С. Жұмабеков 1972 жылы туған. Бiлiмi жоғары.

Ақмола ауыл шаруашылық институтын, М. Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн бiтiрген. Ғылыми агроном, құқықтану бакалавры мамандығы бар.

Еңбек жолын 1997 жылы Тимирязев ауданы әкiмi аппаратының маманы болып бастады.

1998 жылдан 2005 жылды қоса кезеңде жер қатынастары мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдарда iстедi. Солтүстiк Қазақстан облысының жер ресурстары басқармасы бойынша Тимирязев аудандық комитетiнiң төрағасы болды.

2005 жылғы ақпанда Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды.

2007 жылдан 2009 жылды қоса аралықта Тимирязев ауданының әкiмi болып жұмыс iстедi.

2009 жылғы сәуiрден 2011 жылғы қыркүйектi қоса  — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы.

2011 жылғы қыркүйекте облыс әкiмiнiң өнеркәсiп, кәсiпкерлiк және ТКШ мәселелерi бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2012 жылғы ақпаннан 2013 жылғы сәуiрдi қоса — Петропавл қаласының әкiмi.

2014 жылғы ақпаннан 2014 жылғы тамызды қоса — «JELS-ASTANA» ЖШС коммерциялық директоры.

2014 жылғы тамыздан 2018 жылғы қаңтарды қоса — Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкiмi.

2018 жылғы қаңтардан 2019 жылғы сәуiрдi қоса — Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi.

«Нұр-Отан» партиясының мүшесi.

Мынадай мемлекеттiк наградалармен марапатталған: 2010 жылы «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, 2016 жылы «Құрмет» орденiмен, 2018 жылы «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалiмен.

Қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары

Қайролла Төлейұлы Ғалеев

Қайролла Төлейұлы ҒалеевҚайролла Төлейұлы Ғалеев 1967 жылы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Чистовский совхозында туған.

1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры дипломын алды.

Еңбек жолын 1989 жылы «Отделстрой» ҚМБ 3 дәрежелі электриктен бастады. 1990 жылы Булаев ауданы «Авангард» кеңшарындағы мал шаруашылығында аға дәнекерші болып істеді.

1994–1998 жылдары — Булаев ауданы «Дәурен» ҚШ инженер-механик болып жұмыс істеді.

1998–1999 жылдары — Булаев минципальдық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының конкурстық басқарушысы лауазымында болды.

2000–2002 жылдары — Булаев «Сельхозмеханизация» МКК астық қозғалысы жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.

2006–2009 жылдары — «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

2009–2011 жылдары «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2011–2012 жылдары «Коммунхоз» МКК директоры болып жұмыс істеді. 5-ші шақырылған Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болды.

2012 жылғы қазаннан бастап қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарының міндеттерін атқарды.

Қала әкiмiнiң экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары

Смаилова Сания Николаевна

Смаилова Сания НиколаевнаСмаилова Сания Николаевна 1969 жылдың 17 маусымында СҚО Возвышен ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Омбы ауылшаруашылығы институтын жерге орналастыру-инженерi, 2001 жылы Кокшетау гуманитарлық-экономикалық университетiн экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Возвышен аудандық қаржы бөлiмiнiң аға маманы, болып бастаған.

1997-1998 жылдар аралығында Булаев аудандық қаржы бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еткен.

1998-2013 жылдар аралығындан СҚО қаржы басқармасының бiлiм мекемелерiн қаржыландыру бөлiмiнде жетекшi маман, бас маман, бөлiм бастығы қызметтерiн атқарған.

2013 жылдан осы тағайындауға дейiн СҚО бiлiм басқармасы жетекшiсiнiң экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары лауазымында болды.

 

Қала әкiмiнiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары

Бос орын

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты КММ басшысы

Қалия Батталқызы ТөреноваҚалия Батталқызы Төренова қала әкiмiнiң өкiмiмен «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ басшысы болып тағайындалды.

Қалия Батталқызы Төренова 1966 жылғы 23 наурызда Омбы облысы Есiлкөл ауданы Боевое ауылында туған.

1988 жылы Ушинский ат. Петропавл педагогикалық институтын «орыс тiлi және әдебиетi» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1983 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев АХАБ Жастар ОМ пионер жетекшiсi болып бастады.

1988 жылдан 1993 жылды қоса Солтүстiк Қазақстан облысы №2 Булаев ОМ орыс тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi болып жұмыс iстедi.

1993 жылдан 1998 жылды қоса Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев аудандық әкiмшiлiгi тiл бөлiмнiң меңгерушiсi лауазымын атқарды.

1998 жылдан 2003 жылды қоса Солтүстiк Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты iшкi саясат және әлеуметтiк-мәдени сала бөлiмiнiң меңгерушiсi.

2003 жылдан 2006 жылды қоса Солтүстiк Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы әкiмiнiң орынбасары.

2007-2009 жылдары — «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша департаментiнiң менеджерi, бас менеджерi.

2009-2011 жылдары — «Астана қ. Қазақ инжиниринг» ұлтттық компаниясы» АҚ әкiмшiлiк департаментi кадрлар бөлiмiнiң бас менеджерi.

2011-2015 жылдары Астана қ. «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» ЖШС адам ресурстарын басқару бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.

2017 жылғы ақпаннан бастап осы тағайындауға дейiн Астана қ. «Мырза-Хан» ЖШС персоналмен жұмыс бөлiмiнiң бастығы лауазымын атқарды.

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 09:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.04.2019 16:20

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Промышленная Революция 4.0
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17
18
19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қаржы орталығы
A- A A+