Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қызмет туралы есеп

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ 2019 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызмет нәтижелерi туралы есебi

Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес бiлiм беру бөлiмi мен бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру саласына қатысты 25 мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

2019 жылы 23070 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Оның iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет»мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 1351, мемлекеттiк органдар арқылы — 7418, электрондық үкiмет порталы арқылы — 14301. Мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

Көп талап етiлетiн мемлекеттiк қызметтер:

Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау — 4969 қызмет;

Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (6 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою — 4820 қызмет;

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау — 4074 қызмет;

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұсыну — 2062 қызмет;

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және мамандарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жоқ.

Жасырын қызметтер жоқ.

Қызмет алушылар үшiн жағдайлар жасалған. Кабинеттер бiрiншi қабатта орналасқан, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, жарықтандырылған. Күту орындары бар. Бiрiншi қабатта стенд орнатылған,ыңғайлы болу үшiн онда стандарттар мен регламенттер, мемлекеттiк қызметтердi ұсыну туралы ақпарат орналастырылған. Сонымен қатар, барлық ақпарат http://petropavl.sko-bilim.agartu.kz/, http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/edu_gu.html?lang=ru веб-порталда орналастырылған.

Қалалық әкiмдiк ғимаратында бiлiм бөлiмiнiң мамандарынан түсiнiктеме алуға немесе кеңес алуға болады. Электронды кезек жүйесi және кеңесшiлермен ресепшн енгiзiлдi. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлық мамандар әкiмдiк ғимаратында орналасқан. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету үшiн үй-жайда бейне және аудио-тiркеу камералары орнатылды. Сондықтан барлық процесс бақыланады және сақталады. Жыл сайын мемлекеттiк органдар қағаз түрiнде көрсететiн қызметтер саны қысқаруда.

Мүмкiндiгi шектеулi адамдарға да жағдай жасалған. 33 мектеп пен 26 балабақшада мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған пандустар мен шақыру түймелерi орнатылған. Бiлiм беру ұйымдарында 38 өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылды.

2 маман 2019 жылдың 20-24 мамыр аралығында «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасы» тақырыбында Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша бiлiктiлiктi арттыру курсынан өттi.

Бөлiм қызметi өтiнiш берушiнiң мiндеттi физикалық қатысуынсыз мемлекеттiк қызмет көрсетудi электрондық форматқа толық ауыстыруға бағытталған. Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң автоматтандырылған нысанының артықшылығын атап өткен жөн: қызметтердi алуға байланысты ақпаратты алуға қолжетiмдiлiк; мемлекеттiк қызметтi алу рәсiмдерiн оңайлату; қызметтердi алуға байланысты уақытша шығындарды қысқарту; үй немесе жұмыс компьютерiнен Мемлекеттiк қызметтердi ұсыну туралы өтiнiш беру мүмкiндiгi. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша тұрғындар арасында кеңiнен ақпараттық және түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

Instagram ресми беттер жұмыс iстейдi.

Электрондық мемлекеттiк қызметтердi E-gov порталына, Indigo24kz, http://school.petropavl.sko-bilim.agartu.kz сайтынан алу барынша ыңғайлы.

2019 жылы бiлiм беру мекемелерiнде «Электрондық үкiмет порталы» арқылы «Азаматтарға арналған мемлекеттiк корпорация» КЕАҚ мамандары 1066 адам мемлекеттiк қызмет дағдыларына оқытудан өттi.

Жыл бойы «Проспект СК», «Қызылжар нұры», «Солтүстiк Қазақстан»газеттерiнде 3 мақала жарияланды.

Бөлiм мамандары Береке, Жас Өркен, Подгора, Борки, қаланың орталық бөлiгiнде орналасқан 5 Мемлекеттiк қызмет жәрмеңкесiне қатысты. Разработан баннер о популяризации электронных услуг.

2019 жылдың 7 маусымында бөлiм қызметкерлерi арасында ««E-gov»веб-порталының үздiк пайдаланушысы» байқауы өткiзiлдi. Жеңiмпаздар сертификаттармен марапатталды.

«Азаматтарға арналған мемлекеттiк корпорация» КЕАҚ қызметкерлерiмен Мемлекеттiк қызмет көрсетудi түсiндiру бойынша семинар-кеңес, сондай-ақ «Электрондық үкiмет порталы» арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу» тақырыбында 2 семинар-оқыту өткiзiлдi.

7 июня 2019 года проведен конкурс среди сотрудников отдела «Лучший пользователь веб-портала «E-gov»». Победители награждены сертификатами.

2019 жылдың қыркүйек айында «Электрондық мемлекеттiк қызметтер — сапалы, қолжетiмдi, жылдам» облыстық шығармалар байқауының қалалық кезеңi өткiзiлдi. Конкурс Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң департаментiмен 9-11 сынып оқушылары арасында электрондық мемлекеттiк қызметтердi танымал ету, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық әлеуетiн ашу мәселелерiнде өскелең ұрпақтың белсендi азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткiзiлдi. Байқау жеңiмпаздары Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының мәселелерi тұрақты бақылауда.

Басшы С.М. Рамазанова

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2019 15:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2020 11:09

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков