Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді НҚА

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы (ZIP 51 Kb)

«Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама алуға» қадамдық нұсқаулық

www.egov.kz порталында тіркелу қажет, ал егер сіз тіркелген болсаңыз, онда ЖСН мен парольді пайдалана отырып немесе ЭЦҚ көмегімен авторлану

www.egov.kz порталында «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуды» таңдау «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беруді» таңдау.

Одан әрі «онлайн қызметке тапсырыс беруді» таңдау.

1-қадам (Іздеу) Өтініш берушінің ЖСН енгізу. Одан әрі «қол қою және анықтаманы алу» батырмасын таңдау

2-қадам (қызметке қол қою)

СМС-паролін пайдалана отырып / ЭЦҚ пайдалана отырып. Бұдан әрі «код» алу. Растау.

3-қадам (мәртебесі). Өтінім мәртебесін жаңарту (сұраныс оң өңделген). Анықтаманы жүктеу.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» қадамдық нұсқаулық

Бұл қызметті алу үшін бастапқыда жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу қажет, оны онлайн жасауға болады. Ол үшін www.egov.kz порталында «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуды» таңдау қажет. «Жұмыс іздеген тұлғаны тіркеу» қойындысын таңдау. Одан әрі «онлайн қызметке тапсырыс беруді» таңдау.

1-қадам (жеке мәліметтерді толтыру) бөлімді таңдау (СҚО, Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы)

2-қадам (деректерді толтыру)

  • білімі туралы деректер,
  • еңбек жолы туралы мәліметтер,
  • жұмысқа орналасу кезінде басым мүмкіндіктерді алу үшін мәліметтерді дұрыс толтыру қажет (қажетті алаңды таңдау)

3-қадам (қызметке қол қою)

Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою

4-қадам (мәртебесі)

Мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

«www.egov.kz» порталының көмегімен(Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу, сурдо- тифло- техникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу, Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу) Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау)

1 Қадам. ЭЦҚ көмегімен порталда авторлану қажет.

2 Қадам. Электрондық үкімет порталының басты бетінде «Электрондық өтініштер» сервисін таңдаңыз.

3 Қадам. Қызмет бетіндегі жоғарғы оң жақ бұрышында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын пайдаланыңыз.

4 Қадам. Пайда болған бетте «Құру»батырмасын пайдаланыңыз.

5 Қадам. Бұдан әрі ұсынылған нысанды толтырыңыз.

6 Қадам. Бұдан әрі Сіздің электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ) арқылы өтінімге қол қою қажет.

Осымен Электронды Үкімет Порталы арқылы мемлекеттік қызметке электрондық өтінішті беру — сәтті аяқталды.

Жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан мәнюде «Қызметтерді алу тарихына» көшеміз, онда сіз берілген өтінімнің мәртебесін көре аласыз.

Біздің мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 36.
Телефон: 8-715-2-40-05-88.

«www.egov.kz» порталы арқылы тұрғын үй көмегін алуға өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

1 Қадам. (www.egov.kz) порталында тіркелу, ал егер сіз тіркелген болсаңыз, онда ЖСН және пароль пайдалана отырып немесе ЭЦҚ көмегімен авторлану қажет.

2 Қадам. Электрондық үкімет порталының басты бетінде «Жылжымайтын мүлік» «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» қосымшасына кіріңіз

3 Қадам. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қосымшасына өтіңіз

4 Қадам. Қызмет бетіндегі оң жақ жоғарғы бұрышында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын пайдаланыңыз

5 Қадам. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою. Өтінімге келесі сканерленген құжаттарды қоса тіркеу:

отбасының табысын растайтын құжаттар;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртектер

мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттар

6 қадам. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

1 қадам. (www.egov.kz) порталында тіркелу, егер сіз тіркелген болсаңыз, ЖСН мен порольді пайдалана отырып немесе ЭЦҚ көмегімен авторлану қажет (сертификатты таңдайсыз).

2 қадам. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді іздестірушігу басасысыз, «Отбасы» «Қамқорлық, қорғаншылық, қолдау» қосымшасына кіріңіз

3 қадам. «Онлайн қызметке тапсырыс беру» қосымшасына көшесіз.

4 қадам. «Өңір» бөлімінде «СҚО» таңдаймыз, содан кейін Петропавл қаласын таңдаймыз.

5 қадам. Барлық құжаттарды қолданамыз.

6 қадам. Пайда болған бланкіде туу куәлігі бойынша баланың деректерін толтырамыз, содан кейін төменде

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Содан кейін «Сұрау жіберу» батырмасын басыңыз.

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметті алуға өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

1 қадам. (www.egov.kz) порталында тіркелу қажет, егер сіз тіркелген болсаңыз, ЖСН мен порольді пайдалана отырып немесе ЭЦҚ көмегімен авторлану (сертификатты таңдайсыз).

2 қадам. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруді іздеушіге басасыз.

3 қадам. Басты терезеде 3 қадам болады:

1 қадам өтініш берушіге (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тарихы Өтініш берушіге (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тарихы белгісімен белгілеу қажет . Содан кейін өтінімге қол қою және анықтама алу батырмасын басу.

2 қадам. Қол қою әдісін таңдаңыз.

3 қадам. Қызмет туралы мәлімет шығады. Мәртебені жаңартасыз, файлды жүктейсіз.

 

  1. Ақталған адамға куәлік беру (ZIP 25 Kb)
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж (ZIP 25 Kb)
  3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу (ZIP 28 Kb)
  4. Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу (ZIP 35 Kb)
  5. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру (ZIP 32 Kb)
  6. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет (ZIP 32 Kb)
  7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (ZIP 35 Kb)
  8. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (ZIP 29 Kb)
  9. Мүгедектерге кресло-арбалар беру (ZIP 27 Kb)
  10. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу (ZIP 28 Kb)
  11. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету (ZIP 28 Kb)
  12. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету (ZIP 29 Kb)
  13. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (ZIP 28 Kb)
  14. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап (ZIP 31 Kb)
  15. Тұрғын үй көмегін тағайындау (ZIP 58 Kb)
  16. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу (ZIP 29 Kb)

 

 

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2019 20:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2020 09:14

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков