Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығымен 11 қыркүйекте Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесіне 24 кәсіпорын мен ұйым, оның ішінде «ПетропавловскСпецКомунСтрой», «Құрылыс Сервис СК», «Коммунхоз» ЖШС, «Средаэнергомонтаж Петропавловск», «Magnum Cash & Cary», «ЭТАЛОНСЕВЕРВОДСТРОЙ», «СУ Энергострой» ЖШС, «ЗМО» ЖШС, «BI Grup» ЖШС және басқалар қатысты.

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға 70 жұмыс берушіден 900 аса бос орын ұсынылды, оның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 500 бос орын.

Жұмыс іздеушілер ретінде жәрмеңкеге барлығы 30 адам қатысты, олар «Еңбек» бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шаралары, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асырылатын жобалар бойынша жұмысқа орналасу мәселелері туралы кеңестер алды, сондай-ақ олар жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтті.

Сонымен қатар, жұмыс іздеушілерге жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар бойынша 164 бос орын ұсынылды.

Бар бос орындар туралы мәлімет Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (http://ozsp-petropavl.sko.kz) және Халықты жұмыспен қамту орталығының (http://cz -petropavl.sko.kz) ресми сайттарында орнастырылған.

Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының мамандары ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде ZOOM конференциясы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне келесі «Жұмыс іздеушілерге көмек» және «Мүгедектерді курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі туралы оқытылды.

Келесі сұрақтар қойылды:

  1. Егер адам мүгедек туысымен бірге жүрсе, жол жүру ақысы төленеді ме?
  2. Жұмысынан айрылуына байланысты жәрдемақы қалай алуға болады? Жәрдемақы мөлшері қандай? Жұмыстан айрылу кезеңі?

28 тамызда «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» мына тақырыптарда жаппай оқыту өткізілді:

  1. «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
  2. «Карантиндік және шектеу шаралары кезеңінде халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерді қарау».

20 тамызда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» тақырыбында жалпы білім өткізілді. Мамандарды қызықтырған басты сұрақ: «Үш немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үй көмегі қалай есептеледі?» 12 адам қатысты.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2020 жылғы 11 тамызда Фейсбук бөлiмiндегi ресми бетте «Адал көмек» жобасы аясында адвокат Айман Умарованың бастамашылық етуiмен «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасын iске асыру туралы «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысы Д.Е. Асылбековтың сөз сөйлеуi болды. Сөз сөйлеу барысында жазылушылардан сұрақтар келiп түскен жоқ.

https://www.facebook.com/100022924445870/videos/757972958310179/?sfnsn=mo&d=n&vh=i

***

3 және 8 шiлдеде Н. Погодин атындағы облыстық театрында халықты жұмысқа орналастыру мақсатында сонымен қатар Халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен «Жол картасы» бағдарламасы аясында бос орындар жәрмеңкесi өткiзiлдi. Бос орындар жәрмеңкесiнде 29 кәсiпорын мен ұйымдар қатысты. Жәрмеңкеге барлығы 400 үмiткер қатысты, соның iшiнде жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша «Еңбек» бағдарламсын iске асыру аясында мемлекеттiк қолдаудың шаралары туралы 160 адам, жұмысқа орналасудың Жол картасын iске асыру аясында 50 адам кеңес алды. 80 аса адам жұмыс берушiлермен әңгiмелесуден өттi. Өткiзiлген жәрмеңкенiң нәтижесi бойынша 112 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 25 адам, жастар тәжiрибесiне 27 адам, әлеуметтiк жұмысшы орындарына 16 адам. Өткiзiлген шара 1 Северный, МТРК, Қызылжар телеарналарында жарияланды.

***

15 мамыр күнi Жұмыспен қамту бөлiмiнде және халықты жұмыспен қамту орталығында ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөнiндегi бас маман О.В. Просоловамен «Электрондық форматта мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi» тақырыбында құқықтық оқу өткiзiлдi.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2020 жылғы 03 наурызда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң маманы Т.М. Құлмағамбетовпен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының қызметкерлерiмен «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» тақырыбына семинар-кеңес өткiзiлдi.

***

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ «Электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу» тақырыбында 19 ақпанда «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша алаңында және 20 ақпанда Халықты жұмыспен қамту орталығында «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi.

***

2020 жылғы 17 ақпанда Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң мамандары Т. Жақыпов және Д. Сегiзбаев атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың жаңа тетiктерi мәселесi бойынша облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасының ұжымымен кездесу өткiздi.



Мақаланың шыққан күні: 04.11.2019 15:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.09.2020 17:05

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков