Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қызмет туралы есеп

«Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» КММ-нің 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есебі

«Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда (толық автоматтандырылған) көрсетіледі.

2.Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда (толық автоматтандырылған) көрсетіледі.

3.Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда (толық автоматтандырылған) көрсетіледі.

4.Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанда көрсетіледі.

5.Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанда көрсетіледі.

6.Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанда көрсетіледі.

2019 жылы 6 мемлекеттік қызмет бойынша өтінімдер түскен жоқ.

Ең көп сұранысқа ие қызметтер жоқ.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман тағайындалды.

Сонымен қатар қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері бойынша ақпаратты орналастырумен стенд ресімделді, қызмет тұтынушыларына арналған жиһаз (үстел, орындықтар) орнатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайтының интернет – ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері 2 тілде орналастырылған.

Электрондық қызметтерді көпшілікке тарату мақсатында, сонымен қатар сандық технологияларды енгізу бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының мамандары мемлекеттік қызметтерді алу дағдылары бойынша оқыту жүргізді.

Қалалық мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында сөйлеген сөздерінің әзірленген және бекітілген Медиа – Жоспарына сәйкес бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2 материал жарияланды (2019 жылғы 14 маусымдағы № 23 (803) «Проспект СК», 2019 жылғы 14 маусымдағы № 23 (758) «Қызылжар нұры»).

2019 жылы ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 бейнеролик әзірленді.

Электрондық қызметтерді көпшілікке тарату мақсатында, сонымен қатар цифрлық технологияларды енгізуге арналған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мамандандырылған қызмет көрсету бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы »ҰАК» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу дағдылары бойынша сабақтар өткізді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментімен бірлесіп бекітілген 2019 жылға арналған СҚО-да мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 30 қазанда өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Бөлім басшысының қатысуымен бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері бойынша брифинг өтті.

Халықтың ақпараттандырылуы бойынша жүргізілетін түсіндіру жұмыстары барысында 2019 жылы қала тұрғындарына 800 ақпараттық материал үнпарақтар, брошюралар, буклеттер таратылды. Тарату қала базарларында, сауда үйлерінде, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу кезінде жүзеге асырылды.

5 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесіне қатысқан 203 қала тұрғындары түсініктеме алды.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша тексеру жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мәселесі тұрақты бақылауда.

Басшының м.а. Ә.Бейсенова

 

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2019 22:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.05.2020 14:50

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков