Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

Құрметтi Петропавл қаласының тұрғындары!

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердi жекешелендiрумемлекеттiк қызметтерiн «Электрондық Үкiмет» Порталы арқылы (www.egov.kz) онлайн алуға болады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сiз Петропавл қаласының әкiмдiгiне, «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23, №8 кабинетке (дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн) немесе Call center 1414 телефоны бойынша (тәулiк бойы) хабарласа аласыз.

***

2020 жылғы 21 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО алаңында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң мамандарымен «Есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Мемкорпорацияның 1, 2, 3 бөлiмдерiнiң қызметкерлерiмен бiрлескен кеңес өткiзiлдi.

Бас маман Р.К. Мұратовпен барлық қойылған сұрақтарға түсiнiктеме берiлдi.

Күн тәртiбiндегi негiзгi мәселелер — қызмет көрсету мерзiмдерiн өзгерту және аталған қызмет бойынша қызмет алушылардан артық құжаттар сұратуды болдырмау.


 

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2019 23:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2020 16:11

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков