Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қызмет туралы есеп

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ 2019 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызметi туралы есеп

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 8 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, барлығы тегiн негiзде.

Бөлiм 2019 жылы 2297 Мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде ЭҮП — 74. Ең талап етiлетiн мемлекеттiк қызмет:

1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы. 2019 жылы барлығы 1170 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi;

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 168.

Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

2019 жылғы 23 сәуiрде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң (№1, 2 және 3 бөлiмдер) қызметкерлерiмен Мемлекеттiк қызмет көрсету, атап айтқанда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жекешелендiру мәселелерi бойынша оқыту семинары өткiзiлдi.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi» КММ басшысының м.а. Д.С. Босыновтың 2019 жылғы 30 сәуiрдегi бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздерiнiң кестесiне сәйкес өңiрлiк телеарнада мемлекеттiк қызмет көрсету туралы сөз сөйлеуi болды.

2019 жылғы 28 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң (№1, 2 және 3 бөлiмдер) қызметкерлерiмен Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша, атап айтқанда «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы», «Мемлекеттiк кәсiпорынның не мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» оқыту семинары өткiзiлдi.

Жалпы жыл iшiнде 205 дана кiтапша, кiтапша түрiнде ақпараттық материал таратылды.

Қазан айында мекенжай анықтамаларының күшiн жоюды түсiндiру бойынша Ашық есiк күнi өткiзiлдi, 40 қала тұрғыны тұрғылықты жерi бойынша тiркеу туралы мәлiметтердi алу әдiстерiне оқытылды. Жас Өркен, Подгора, Береке, Борки және қаланың орталық бөлiгiнiң тұрғындарына арналған мемлекеттiк қызмет жәрмеңкесiне 125 қала тұрғыны қатысты.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселесi тұрақты бақылауда.

Басшысының м.а. Д. Босынов

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ 2018 жылғы қызметi туралы есеп

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызмет тiзбесiне 9 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, барлығы тегiн негiзде, оның iшiнде 2980 мемлекеттiк қызмет«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы, 62 мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк органдар арқылы, 57 мемлекеттiк қызмет ПЭП көрсетiледi

Бөлiммен 2018 жылы 3099 мемлекеттiк қызмет ұсынылды, оның iшiнде ең көп талап етiлген мемлекеттiк қызмет:

1)Есепке алу және кезекке тұру, сондай-ақ мемлекеттiк атқарушы органдарменмемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдау. 2018 жылы барлығы — 1419 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 187.

Есептiк кезең кезiнде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.

2018 жылдың 31 шiлдесiнде Бөлiм мамандары Рабочий кентiнiң тұрғындары үшiн № 42 орта мектепте мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi.

2018 жылғы 28 тамызда бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк органдар басшыларының сөз сөйлеу кестесiне сәйкес Бөлiм басшысы Д.Н. Ташкенов мемлекеттiк қызметтер ұсыну мәселесi бойынша аймақтық телеарнада сөз сөйледi. Басшы сөз сөйлеу кезiнде қала әкiмдiгiмен жүргiзiле бастаған, қызмет алушыларға жайлы жағдай жасаумен, электрондық кезек ыңғайлы жүйесiмен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетумен ерекшеленетiн «Ашық әкiмдiк» жобасытуралы айтып кеттi.

2018 жылғы 31 тамызда Бөлiм СҚО бойынша тұрғын-үй коммуналдық Шаруашылық басқармасымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсыiс-қимыл агенттiгiнiң қызметкерлерiмен бiрiгiп, сектордың жұмысына қатысты мәселелердi түсiндiре отыра, 17 қызмет алушыға Бөлiммен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасы бойынша «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi.

2018 жылғы 30 қазанда Бөлiм қал Мәдениет үйiнде өткен «Ашық есiк күнi» iс-шарасына қатысып, 25 қызмет алушыға барлық қызықтырған сұрақтарына жауап бердi.

2018 жылғы 11 желтоқсан Заречный және Былғары зауыты кентiнiң тұрғындары үшiн № 13 орта мектепте өткен мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесiне қатысты, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасы туралы 18 кiтапша таратылып, 9 кеңес берiлдi.

Қалалықтарға арналған мемлекеттiк қызметтерге уақытылы көрсетiлуi бойынша ақпаратқа қолжетiмдiлiк мақсатында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ғимаратында ақпараттық стендте «Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiалушылардың құқықтары» «Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртiбi»тақырыбындағы ақпараттар мен кiтапшалар, және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ«Мемлекеттiк қызмет алу кезiндегi менiң құқығым», қала әкiмдiгiнiң ресми сайтында «Мемлекеттiк қызмет ұсыну механизмi» тақырыбындағы ақпарат орналастырылды.

Шамамен бiр жылда үндеу парақ, кiтапшалар түрiнде 205 дана ақпараттық материал таратылды.

2018 жылы Бөлiмнiң 2 маманы мемлекеттiк қызмет көрсету шеңберiнде бiлiктiлiк арттыру бойынша оқу оқыды. Бөлiмде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер кезеңдеп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн болдыртпайтын және Мемлекеттiк органның қызмет алушымен қарым-қатынасын болдыртпайтын электрондық нысанға ауысуда.

Күн ара Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына бақылау жүргiзiледi, әрбiр қызмет алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет қорытындысымен келiспеген жағдайда, Бөлiмнiң кеңсесiне шағым жаза алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселесi тұрақты бақылауда.

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2019 23:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2020 17:36

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков