Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қызмет туралы есеп

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ 2019 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызмет нәтижелерi турал есебi

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 13 мемлекеттiк қызмет көрсетедi (бекiтiлген стандарттар — 13, регламенттер — 13).

  • Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
  • Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру;
  • Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
  • Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға рұқсат беру;
  • Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру (II кезең);
  • Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткiзудi талап етпейтiн, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сатып алу;
  • Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн анықтау;
  • Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру;
  • Жер учаскесiн жеке меншiкке бөлiп-төлеу тәсiлiмен сату;
  • Жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасау;
  • Жер учаскесiн жалдау шарттарын жасау;
  • Жер учаскесiн алуға кезекке қою;
  • Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сату.

Қызметтер қағаз және электрондық нұсқаларда, сондай-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық стендтер (стандарттар, мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерi) Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.

2019 жылда Бөлiм 2768 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде Е-лицензиялау электрондық үкiмет веб-порталы арқылы электрондық түрде — 2103, МО ХҚКО ИАЖ арқылы — 207, бөлiмнiң кеңсесi арқылы — 458.

2019 жылы 279 қызмет алушыға келесi мемлекеттiк қызметтер бойынша бас тартылды: «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» — 84 бас тарту, «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» — 177 бас тарту, «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн анықтау» — 17 бас тарту, «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру» — 1 бас тарту.

Жоғарыда аталғандардың iшiнен ең талап етiлетiн мемлекеттiк қызмет: «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» (2019 жылы 1866 қызмет көрсетiлдi).

«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру» мемлекеттiк қызметiнен басқасының барлығы тегiн негiзде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтердi жедел және сапалы көрсету үшiн барлық жағдайлар жасалған. Бiрiншi қабаттың кiреберiсiнде дайын құжаттарды қабылдау және беру, сондай-ақ жауапты мамандармен кеңес беру жүргiзiледi. Электрондық кезек жүйесi өтiнiш берушiлер мен көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қолайлы жағдай жасайды.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңға және бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2019 жылы 1 маман «мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы» тақырыбында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.

Жыл бойы бөлiм мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3 түсiндiру iс-шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiмен бiрлесiп наурыз, маусым, тамыз және желтоқсан айларында 200-ден астам адам қатысқан жұртшылықты тарта отырып, ашық есiк күндерiн өткiздi.

Подгора, Жас Өркен, Береке, Борки ш/а және қала орталығының тұрғындары үшiн 5 мемлекеттiк қызмет жәрмеңкесiн өткiзуге қатысты. Аталған жәрмеңкелерде 117 қала тұрғындарына түсiнiк берiлдi, жалпы жыл iшiнде электрондық қызметтердi iлгерiлету бойынша үнпарақтар, брошюралар түрiнде 940 ақпараттық материал таратылды.

Бөлiмде электрондық қызметтердi танымал етудi арттыру мақсатында, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгiзу бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Петропавл қаласының № 2 бөлiмiмен Бөлiм қызметкерлерiн электрондық форматта мемлекеттiк қызметтердi алу дағдыларына оқыту өткiзiлдi.

2019 жылдың 30 қыркүйегiнде бөлiм қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету бойынша құқықтық оқыту өткiзiлдi. Қазан айында мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша ашық есiк күнi өткiзiлдi.

«СҚО әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» КММ-мен бiрлесiп «Жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi» тақырыбында брифинг өткiзiлдi, оған бөлiм басшысы қатысты.

Бақылау iс-шараларын қала әкiмiнiң аппараты жер қатынастары бөлiмiнде өткiздi. Тексеру барысында (МҚАД сарапшыларымен бiрлесiп тексеру жүргiзу кезiнде) жер қатынастары бөлiмi бойынша 2354 (Мемлекеттiк қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды және ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етудiң 348 фактiсi, 2006 жерге орналастыру жобаларын бекiту туралы бұйрықтарды «Е-Лицензиялау» МДҚ» АЖ уақтылы енгiзбеу фактiлерi) сәйкессiздiк анықталды.

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» қызмет бойынша екiншi санатқа рұқсат беру ресiмiн бұзуға қатысты 2006 фактiлер бойынша МҚАД 12 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырды (айыппұл 2,4 млн. теңге).

Мамандандырылған әкiмшiлiк соттың 17 және 18 қыркүйектегi қаулысымен бөлiм басшысы ауызша ескертумен шектелiп, құқық бұзушылықтың маңыздылығының аз болуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылды.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР Жер кодексiне өзгерiстер енгiзiлдi, атап айтқанда бөлiм құзыретiнен «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» қызметi алынып тасталды.

Жеке және заңды тұлғалар өтiнiш берген кезде қажеттi кеңестер көрсетiледi, мемлекеттiк қызметтер мен өтiнiштер бойынша құжаттаманы тiркеу журналдары, шағымдар мен ұсыныстар кiтабы, мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерi бар ақпараттық стендтер бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының мәселелерi тұрақты бақылауда.

Басшы Ж. Еркiн

Мақаланың шыққан күні: 01.11.2019 23:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2020 14:06

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11
12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Виртуалдық қабылдау Виртуалдық қабылдау
Промышленная Революция 4.0
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
АҚ ҰК «Kazakh Invest»
«БЖЗҚ» АҚ
Қаржы орталығы
A- A A+