Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қызмет туралы есеп

АХАТ бөлiмiнiң 2019 жылғы қызметiнiң қорытындысы туралы ақпарат

2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 Азаматтық хал актiлерiн тiркеу және апостильдеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартқа сәйкес, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мемлекеттiк қызметi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi ХҚКО); «электрондық үкiметтiң» веб-порталы»; сондай-ақ тiкелей АХАТ бөлiмi арқылы жүзеге асырылады.

АХАТ бөлiмiмен реестрге сәйкес 10 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi соның iшiнде:

  1. Неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу мемлекеттiк орган, сонымен қатар электронды үкiмет порталы арқылы қол жетiмдi (бұдан әрi — ЭҮП).
  2. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды беру мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.
  3. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу мемлекеттiк орган, мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.
  4. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу мемлекеттiк орган, мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.
  5. Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу мемлекеттiк орган, мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.
  6. Әкелiктi анықтауды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу мемлекеттiк орган арқыла қол жетiмдi.
  7. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру мемлекеттiк орган, мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.
  8. Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу мемлекеттiк орган, мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.
  9. Бала асырап алуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу мемлекеттiк орган арқылы қол жетiмдi.
  10. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою мемлекеттiк орган, мемлекеттiк корпорация және ЭҮП арқылы қол жетiмдi.

Ағымдағы жылдың 12 айында «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiмен 19742 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

  • қызметтi берушiлермен қағаз түрiнде 563 қызмет көрсетiлдi;
  • мемкорпорция арқылы 15197 қызмет көрсетiлдi;
  • электрондық веб-портал арқылы 3982 қызмет көрсетiлдi;

Ең көп сұратылатын мемлекеттiк қызмет.

  1. Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу — 3742 қызмет.
  2. Неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу — 2294 қызмет.
  3. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды беру — 8756 қызмет.
  4. Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу — 2654 қызмет.
  5. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу — 1587 қызмет.

Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 612-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Ақылы негiзде:

  1. Туу туралы, неке тiркеу туралы, әкелiктi анықтауды тiркеу туралы, қайтыс болуды тiркеу туралы, бала асырап алуды тiркеу туралы, некенi бұзуды тiркеу туралы, атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу туралы азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулердi енгiзуге байланысты қайталама куәлiктердi беру үшiн 0,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.
  2. Неке қиюды мемлекеттiк тiркеу үшiн 1 (бiр) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.
  3. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды беру үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
    1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктi бергенi үшiн — 1 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК);
    2) азаматтық хал актiлерi туралы анықтама бергенi үшiн — 0,3 АЕК;
    3) азаматтық хал актiлерi туралы куәлiктi ТМД елдерiнен сұратып алдырғаны үшiн — 0,5 АЕК;
    4) азаматтық хал актiлерi туралы куәлiктi ТМД елдерiн қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырғаны үшiн — 1 АЕК.
  4. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу үшiн 2 (бiр) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.
  5. Шетел азаматтарымен бала асырап алуды тiркеу үшiн 2 (бiр) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.
  6. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
    1) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша — 2 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК);
    2) сот шешiмi негiзiнде — 1,5 АЕК (ерлi-зайыптылардың бiрiнен немесе екеуiнен де);
  7. 3) сот шешiмiнiң негiзiнде белгiленген тәртiпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелiсi сырқаты немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардан не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан — 0,1 АЕК.
  8. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою үшiн 0,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.

Барлық 10 стандарт бекiтiлген.

Қызмет беруден бас тартылған қызметтердiң жалпы саны — 403, оның iшiнде: 64 — электрондық түрде берiлген, 339 — қағаз түрiнде берiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде әлеуметтiк мағынадағы проблемалық мәселелер туындамайды. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi бұзылған емес. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде халықтың тарапынан шағымдар түскен емес. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi қатаң қадағаланады.

Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сонымен қатар, Әдiлет департаментiнiң ғимараттары мемлекет қызмет аларда, ХҚКО қызметкерлерiн шақыратын қажеттi түймешiкпен және мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға арналған арнайы сырғыма баспалдақтармен жабдықталған. Лауазымдық нұсқаулықпен барлық мамандарға мемлекеттiк қызметтi сапалы және уақытылы көрсетуге жеке жауапкершiлiк бекiтiлген.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат (стандарттар мен регламенттер) электрондық үкiметтiң сайтында, ХҚКО, АХАТ бөлiмiндегi ақпараттық стендттерде, Петропавл қаласы әкiмiнiң ресми сайтында орнатылған. Сонымен қатар, сенiм телефоны және қабылдау кестесi жарияланған.

Әдiлет департаментi ғимаратының фойесiнде электрондық үкiметке қолжетiмдi өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

2019 жылы «Мелекеттiк қызметтердi көрсету сапасы» тақырыбындағы бiлiктiлiк арттыру курсынан 3 маман өттi.

Бөлiмнiң барлық мамандары «Электрондық үкiмет» порталымен қолдану оқуларынан өттi.

Электрондық үкiмет порталы арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi және ХҚКО арқылы балама баламалы қызметтердi беру туралы халықты кең ақпараттандыру мақсатында тұрақты негiзде лекциялар және семнарлар өткiзiледi. 2019 жылы «Неке қиюды тiркеуге электрондық өтiнiш беру», «АХАТ саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет», «ЭҮП арқылы тууды тiркеу», «Проактивтi нұсқада SMS хабарлама арқылы тууды тiркеу», «Электрондық үкiмет» порталында қызмет алудың басымдылығы», «Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi» тақырыптарына 29 лекция өткiзiлдi. «Электрондық Үкiмет Порталы» арқылы электрондық түрде мемлекеттiк қызметтердi алуға қолжетiмдiлiк және және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету Петропавл қ. № 1, №2 бөлiмдерiнде «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және қолжетiмдiлiк» тақырыбында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнiнде 2 семинар-отырыс жүргiзiлдi. Жалпы — 885 қала тұрғыны қамтылды.

2019 жылы 7 мақала «Qyzyljar nury», «Северный Казахстан», «Проспект СК», «Добрый вечер», «Неделя СК», газеттерiнде жарияланды.

2019 жылы бөлiм мамандары — 2 облыстық радио«Golden City» бағдарламасында, 5 мемлекеттiк қзметтер жәрмеңкесiне қатысты. Барлығы 65 азаматқа кеңес берiлдi, 368 брошюра таратылды. Жылына әлеуметтiк желiде 3 бейнеролик жарияланды.

СҚО ӘД, СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасының, СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының, СҚО әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының, Солтүстiк Қазақстан облыстық адвокаттар коллегиясының, СҚО нотариалды палатасының, «Солтүстiк Қазақстан «Содружество» құқық және медиации орталығы» ҚБ өкiлдерi бiрiгiп, түзету мекемелерiндегi сотталған, жаза мерзiмiн өтеушiлерге түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзу және құқықтық көмек көрсету жүргiзу жөнiнде Петропавл қ. ЕС-164/3 мекемесiне — 2 шығу жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы алаңында -2 ашық есiк күнi өткiзiлдi, барлық қалаушыларға электронды АХАЖ мұрағатын қолдану мүмкiндiгiне және электронды портал үкiметi арқылы мемлекеттiк қызмет алуға түсiнiктемелер берiлдi. Барлығы — 130 азамат түсiнiктеме алды.

Петропавл қаласының тұрғындарының арасында құқтық түсiнiктеме жұмыстары жүргiзiлген кезде, бөлiм мамандарымен мемлекеттiк қызметтер, қызмет алушылардың құқығы туралы заңнамаларды, түсiндiру жөнiндегi үндеу парақтары мен буклеттер, сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ақпараттық брошюралар таратылады.

Тоқсан сайын Петропавл қаласы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында мемлекеттiк қызмет алу ақпарат кестесi орналастырылады.

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2019 22:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2020 16:50

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков