Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

11 қыркүйекте отбасы күнін мерекелеу аясында Instagram тікелей эфирінде «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ АХАТ бөлімі басшысының неке қию және некені бұзуды тіркеу мәселесі бойынша Петропавл қ. Жастар ресурстық орталығының өкілімен кездеуі өтті, онда неке қию жасы, мемлекеттік бажды төлеу, неке қиюды тіркеуге құжаттар тізбесі мен өтінімді қалай беруге болатыны туралы түсініктеме берілді.

2020 жылғы 18 тамызда АХАТ бөлiмiнiң маманы татуластырушы судья, медиатор және отбасы психологының қатысуымен «Соттан тыс ажырасу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Ажырасудың азайғаны және отбасыны әрi қарай сақтап қалу бойынша қолданатын шаралар бойынша сұрақтар талқыланды.

«Соттан тыс ажырасу» «Соттан тыс ажырасу»

***

2020 жылғы 11 тамызда «Петропавл қаласы әкiмдiгi аппараты» КММ АХАТ бөлiмi қызметкерлерiмен «Жұбайлық некеге тұрудың мемлекеттiк тiркеу тәртiбi» тақырыбында семинар өткiзiлдi, оған 6 адам қатысты.

Келесi сұрақтар қаралды:

  1. Басқа мемлекет азаматымен некеге тұру кезiндегi қажеттi құжаттардың тiзiмi.
  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Некеге тұруды (жұбайлық), соның iшiнде азаматтық жағдайлардың актiлерiн жазуда өзгертулер, толықтырулар мен түзетулердi тiркеу».

СеминарСеминар

***

2020 ж. 09.07. «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiнiң қызметкерлерi арасында мемлекеттiк қызмет сапасын арттыру үшiн Қазақстан Республикасының Неке және отбасы заңнамасын (зерттеу) түсiндiру өткiзiлдi.

***

2020 ж. 15.07. «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiнiң қызметкерлерi «Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу, әке болуды анықтауға, бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттiк тiркеу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар енгiзу тәртiбi» тақырыбында семинар өттi.

Семинар барысында келесi сұрақтар қаралды:

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың туу туралы акт жазбасын қай жасқа дейiн қалпына келтiруге болады?
  2. Баланың тууы бойынша ата-аналардан бiрлескен өтiнiш берген кезде порталда бiрден тиiстi өтiнiш нысанына өзгерiстер енгiзу қажет пе? (жаңа деректер).

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2020 жылғы 20 шiлдеде «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ №2 бөлiмiнде «АХАТ бөлiмi» КММ қызметкерлерiмен «Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру қағидаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тақырыбында семинар өткiзiлдi.

Мемкорпорация қызметкерлерi мынадай сұрақтарға қызығушылық танытты:

  • Егер жұбайыңыз тегiн өзгерткен болса, отбасының қалған мүшелерi де оны өзгерте ала ма?
  • Егер балаға туған кезде ұлттық дәстүр бойынша тегi берiлсе, оны ата-анасының тегiне ауыстыруға бола ма?

Қатысқандар 6 адам.

***

Құрметтi тұрғындар!

Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi «Азаматтарға арналған үкметi» мемлекеттiк корпорациясының модернизациялануына және жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, АХАТ бөлiмiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы мемлекеттiк қызметтердi www.egov.kz порталы арқылы және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦК) АХАТ желiсi бойынша алуға азаматтардың ыңғайлығы үшiн, өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды.

Бiздiң мекенжайымыз Петропавл қаласы Конституция көшесi 72 үй телефон 8-(7152)-31-06-26.

***

Отбасы қоғамның төрт iргелi институттарының бiрi болып саналады, оған тұрақтылық пен әрбiр келесi буында халықтың демографиялық деңгейiн арттыру мүмкiндiгiн бередi. Бiр мезгiлде отбасы қоғамның ең ұйымшыл және тұрақты ұяшығы — шағын топ болып табылады.

Облыстың АХАТ қызметкерлерiмен жыл сайын отбасылық құндылықтарды, мықты адамгершiлiк негiздердi, аға буынға көңiл бөлудi насихаттауға бағытталған iс-шаралар өткiзiледi. Аталған iс-шаралар Халықаралық отбасы күнi, балаларды, қарт адамдарды қорғау күнi және басқа да мемлекеттiк мерекелердi мерекелеу шеңберiнде өткiзiледi.

Ағымдағы жылғы 15 мамырда облыстық Әдiлет департаментiнiң Тiркеу қызметi саласындағы әдiстемелiк қамтамасыз ету және бақылау бөлiмiнiң басшысы Т.П. Горичевамен Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты АХАТ бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп неке қиюды тiркеу жүргiзiлдi.

Жас жұбайларды жаңа өмiрдiң басталуымен құттықтап, денсаулық, бақыт және бiрлескен ұзақ өмiр тiледi.

2020 жылдың басынан АХАТ органдарымен 805 неке қию және 2204 туу туралы акт жазбасы тiркелдi.

***

2020 жылғы 15 мамырда халықаралық «Отбасы күнi», «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiнiң басшысы Б.Н. Ахметова облыстық «Qyzylzhar» телеарнасына сұхбат бердi.

Сұхбат барысында Петропавл қаласында төтенше жағдай кезiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу сатистикасы және азаматтарды толғандырған мәселелер айтылды.

АХАТ бөлiмiмен төтенше жағдай кезiнде 295 туу туралы акт жазбасы, 108 неке тiркелдi. Карантин жеңiлдетiлгеннен кейiн дайын құжаттарды беру жұмысы басталды. Электронды түрде өтiнiм берген азаматтар санитарлық нормаларды сақтай отырып, құжаттарды алу үшiн АХАТ бөлiмiне жүгiне алады.

***

Отбасы бұл үй, әке, ана, жақын адамдар. Бұл жалпы алаңдаушылар, қуаныш, iстер, Отбасы тiршiлiктiң негiзi және тiрегi.

Қарапайым сөзбен айтқанда отбасы — бұл жалпы өмiрi, бюджетi, тұрмыстық, отбасылық құндылықтары мен басымдылығы бар бiр шаңырақ астында тұратын адамдар.

15 мамыр — отбасы күнiне орай Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi жаңа туылған балаларға мерекелiк атмосферада жаңа туған нәрестелерге денсаулық тiлей отырып құжаттар тапсырылды.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

***

***

2020 жылғы 20 ақпанда Петропавл қаласы әкiмi аппараты АХАТ бөлiмiнiң бас маманы А. Әсриевамен И.П. Шухов атындағы кiтапханада азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласында «Электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу» тақырыбы бойынша дәрiс өткiзiлдi.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2020 жылғы 14 ақпанда АХАТ бөлiмiнiң маманымен СҚО Әдiлет департаментiмен бiрлесiп, «Ана Үйi» дағдарыс орталығында қиын өмiрлiк жағдайға тап болған аналармен көшпелi кездесу ұйымдастырылды. Аталған iс-шараның мақсаты — заң кеңестерiн беру, құқықтық сауаттылықты арттыру, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Заңға енгiзiлген өзгерiстер, сондай-ақ Электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу бойынша құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу болды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы заңнамалық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президентімен 2019 жылғы 25 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістердің басты мақсаты — азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Атап айтсақ,бала асырап алуды (29-т. 248-256-б.) және әке болуды анықтауды(26-т. 204-219 б.) мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ сот шешімі негізінде неке бұзу секілді акт жазба түрлерін тіркеу (23-б. 2-т.) алынып тасталды.

Мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы некесот тәртібінде бұзылуы тиіс болса, нәтижесінде АХАТ органдарына жүгініп, барып куәлік алуға міндетті (ортақ кәмілетке толмаған балалары, мүліктік даулар, ерлі-зайыптылардың бірі келіспеген жағдайда).

Сот тәртібінде неке бұзылған жағдайда енгізілген өзгерістерге байланысты заңды күшіне енген сот шешімі сотпен «АХАТ» ТП ақпараттық жүйесінде некені бұзу туралы және акттік жазылымдарға некені тіркеу туралы белгіні енгізу үшін АХАТ органдарына жолданады.

Конституцияда және Кодексте кепілдік берілген отбасы құпиясын, бала асырап алудың, баланың шығу тегінің құпиясын сақтаумақсатында әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу тараулары алынып тасталды. Бұл ретте, баланың жеке және ата-анасы туралы деректері туу туралы куәлікте ғана көрсетіледі.

Қазір баланы асырап алған немесе әкелік анықталған кезде балаға 2 куәлік беріледі — асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәлік. Жаңа өзгерістерге сәйкес артық құжаттарды жою мақсатында азаматтар үшін де, тіркеуші орган үшін де тәртіпті жеңілдету арқылы балаға қажетті тек туу туралы куәлік беріледі.

Енді азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, акт жазбаларды қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларалу бойынша мемлекеттік қызметтер эксаумақтық қағидат бойынша көрсетіледі.

Мысалы, құжаттарын (туу туралы, қайту туралы, некені тіркеу туралы, некені бұзу туралы, баланы асырап алу туралы, әкелікті анықтау туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті) жоғалтқан жағдайда, азамат қай аймақта тұратына, туған жеріне қарамастан,кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін (анықтама) ала алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) азаматтармен мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды.

Ата-аналардың таңдауы бойынша SMS-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеу мүмкіндігі заңнамалық түрде реттелді.

Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратынқұжатының болмауына қарамастан,нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлікберіледі (3-т. 187-б. 1-т.).

Шетелде туылған балалардың тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді. Бүгінгі таңда шетелде туылған баланың туу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерде жоқ, себебі туу туралы куәлік шетелдің тіркеуші органдарымен берілген (188-б.).

Қазақстан Республикасының сыртында туған баланы туу мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде, немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда ата-аналарының қалауы органына немесе екеуінің бірі осы Кодекспен белгіленген мерзімде шетел тіркеу органдарындағы тіркеуден тәуелсіз келесі құдаттардың бірін ұсына отырып, тіркей алады:

  1. Туу туралы куәліктің тұпнұсқасын;
  2. Туу туралы акттік жазылымның көшірмесін;
  3. Туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, тту туралы факті анықтау үшін сот шешімінің көшірмесі ұсынылады.

Осыған орай, егер баланың ата-анасы Қазақстанның туу туралы куәлігін рәсімдегісі келсе, олар қалауы бойынша тіркеуші органғабарып, шетелде берілген туу туралы куәлікті (қажет болған жағдайда апостиль мөрі қойылған немесе заңдастырылған), туу туралы акттің көшірмесін, туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын ұсынса жеткілікті.

Баланың нақты туылған жері көрсетіліп, Қазақстан Республикасында белгіленген үлгідегі жаңа туу туралы куәлік беріледі.

Мысалы, бала Өзбекстанда туылса, ата-анасы туу туралы куәлігін тіркеуші органға ұсынып, баланың туған жері Өзбекстан деп көрсетілген Қазақстанның туу туралы куәлігін ала алады.

ТМД елдерінде берілген құжаттарға апостиль қою немесе заңдастыру қажет еместігін атап өту қажет.

Бұл новелла шетелде туылған Қазақстан Республикасы азаматтарымен өз балаларына қатысты толыққанды мемлекеттік қызметтерді: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және т.б. алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 53-б. 2-т. балаға ата-анасы қосарланған есім бергісі келсе, оның есімін дефис арқылыжазу және әкесінің аты қосарланған болса, баланың әкесінің атындефис арқылы дұрыс жазумүмкіндігі қарастырылды. Мысалы, әкесінің аты Әли-Асқар болса, оған Әли-Асқарович немесе Әли-Асқарұлы деген әкесінің атын беруге болады.

Қазіргі кезде қайтыс болған азаматтың тумалары қайтыс болу туралы куәлікті алу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.

Бірақ отбасында қайғылы жағдай орын алып, тума-туысы тіркеуші органға келуге мүмкіндігі болмайтын немесе қайтқан адамның мүлдем тумалары жоқ болатын жағдайларда кездеседі, онда Кодекстің 270-бабы негізіндеегер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеу органында жүзеге асырылады.

АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың едәуір уақытын қаржылай шығынын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді аса сапалы пішімге көшіруге мүмкіндік береді.

***

2020 жылғы 4 ақпанда «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiмен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша алаңында «Мемлекеттiк қызметтердi Электрондық үкiмет порталы арқылы алу» тақырыбында «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi.

Тууды тiркеуге және неке қиюды тiркеуге электрондық өтiнiш беру мәселесi тұрғындар ең көп қойған сұрақтардың бiрi болды.

***

2020 жылғы 20 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО алаңында «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi, онда барлық ниет бiлдiрушiлерге АХАТ электрондық мұрағатын пайдалану мүмкiндiктерi туралы түсiнiктеме берiлдi.

АХАТ бөлiмiнiң маманы С.Т. Әдiлбаевамен «жеке кабинетке» кiрiп «электронды үкiмет» порталы арқылы, сондай-ақ, қандай да бiр қызмет алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген және сәйкессiздiктер анықталған кезде; мемлекеттiк органдарға, ақпараттық жүйелерi АХАТ жүйесiмен бiрiктiрiлген жеке нотариустарға жүгiнген кезде жеке деректерiн тексеру тәсiлдерi бойынша азаматтардың барлық қызықтыратын сұрақтарына түсiнiктеме берiлдi.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2020 жылғы 16 қаңтарда АХАТ бөлiмiнiң басшысы Баян Нұрғалиқызы Ахметовамен және бас маман Айнұр Асқарқызы Жарасовамен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалында «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы заңнама жаңалықтары» тақырыбында семинар-кеңес өткiзiлдi.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерiн мынадай мәселелер қызықтырды:

  • Эксаумақтылық бойынша туу туралы куәлiктi қайта беру туралы өтiнiш қандай жағдайларда қабылданады және қандай мерзiм қойылады;
  • Егер клиент тiркелген жерiнен туу туралы куәлiктi алуды талап еткен жағдайда (мысалы, ол Астанада туған) бұл жағдайда не iстеу керек.

***

2020 жылғы 15 қаңтарда АХАТ бөлiмiнiң бас маманы М.А. Есiмбаевмен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ № 2 бөлiмiнде «Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тақырыбында дәрiс өткiзiлдi.

Мемкорпорация қызметкерлерiн мынадай мәселелер қызықтырды:

  • баланың туған жерi бойынша экстерриториалдық қағида бойынша өтiнiм жiберуге бола ма?
  • балаға дефис арқылы қос есiм беруге бола ма?

***

Әдiлет министрлiгiмен Мемлекет басшысының мемлекеттiк қызметтердi электронды форматқа ауыстыру жөнiндегi тапсырмасын орындау үшiн белсендi жұмыс жүргiзiлуде.

2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi «Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары бастамашылық жасаған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстiң 50 аса бабына өзгерiстер енгiзiлдi.

2020 жылғы 13 қаңтарда «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiнiң бас маманы Аққу Алғалиқызы Әсриевамен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi СҚО бойынша департаментiнде «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы заңнама жаңалықтары» тақырыбында дәрiс өткiзiлдi.

Аталған iс шараның басты мақсаты азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбiн жеңiлдету, артық құжаттарды сұратуды болдырмау, мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмдерiн айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау.

Egov Egov Egov Egov

Баланың тууын онлайн е.gov.kz порталы арқылы тiркеу (ҚР электронды үкiмет порталы) (ZIP 363 Kb)

Некенi тiркеуге электрондық өтiнiш беру (ZIP 250 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2019 23:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2020 16:01

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков