Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Қызмет туралы есеп

«Петропал қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ 2019 жылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саласындағы қызметi туралы есеп

Тiзiлiмге сәйкес бөлiм «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы спорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру», «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне тұрғын үй беру», «Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау» үш мемлекеттiк қызметтiкөрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтер «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментi Солтүстiк Қазақстан облысының филиалы арқылыжеке тұлғаларға баламасыз негiзде тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердii нысаны — қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерiн бұзу болған жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 139 бұйрығымен бекiтiлген.

2019 жылы бөлiммен 967 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, олардың iшiнде: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы спорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру» бойынша 628 мемлекеттiк қызмет және

«Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау» бойынша 339 мемлекеттiк қызмет.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары және мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша толық ақпарат Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiңн қызметтер» бөлiмiнде және мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы жөнiндегi бөлiмнiң ақпараттық стендiнде орналастырылған.

2019 жылғы 30 қазанда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмi «Қызылжар» футболдан балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» КММ ғимаратында қызметкерлер мен жаттықтырушылар үшiн мекенжай анықтамасын алып тастау және оны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнен шығару және «Электронды үкiмет» порталы арқылы, «ВКонтакте» әлеуметтiк желiсi, Android және iOS операциялық жүйелерiндегi e.gov мобильдi қосымшасы арқылы анықтаманы алу тәсiлдерiн түсiндiру бойынша «Ашық есiк күнiн» өткiздi.

e.gov мобидьдi қосымшасы көмегiмен «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi 10 адам өз бетiнше алды.

Мекенжай анықтамасын алып тастау жөнiндегi 40 ақпараттық кiтапша таратылды.

2019 жылғы 01 қарашада қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмi «Күрестен мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi» КММ және «Гимнастикадан балалар-жасөспңiрiмдер спорт мектебi» КММ ғимаратында қызметкерлер үшiн мекенжай анықтамасын алып тастау және оны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнен шығару және «Электронды үкiмет» порталы арқылы, «ВКонтакте» әлеуметтiк желiсi, Android және iOS операциялық жүйелерiндегi e.gov мобильдi қосымшасы арқылы анықтаманы алу тәсiлдерiн түсiндiру бойынша «Ашық есiк күнiн» өткiздi.

e.gov мобидьдi қосымшасы көмегiмен «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi 10 адам өз бетiнше алды.

Мекенжай анықтамасын алып тастау жөнiндегi 35 ақпараттық кiтапша таратылды.

Жыл барысында бөлiм екi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесiне қатысты, онда 15 қала тұрғынына түсiндiрме берiлдi және кiтапша түрiнде 35 дана ақапараттық материал таратылды.

Жыл барысында бөлiм мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасына қатысты 1010 ақпараттық кiтапша таратты.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасына қатысты тексерiстер өткiзiлген жоқ.

Бөлiм басшысы Д. Жолдасбаев

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2019 16:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.02.2020 10:09

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков