Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

2020 жылғы 19 және 20 ақпанда мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстары аясында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмiмен гимнастикадан балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнде және «Қызылжар» футболдан балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнде қала тұрғындары үшiн «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi.

***

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасы — өмiр сүру сапасы

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын артыру және олардың қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету мемлекеттiк саясатының басым бағыттарының бiрi болып қала беруде. Жоғары сапалы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге ашық әрi бәрiне бiрдей тең қол жеткiзу мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк разрядты спортшы спорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру»,«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне тұрғын үй беру», «Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау» үш мемлекеттiк қызметiкөрсетiледi.

Халыққа қолжетiмдi болуы және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жайлы сұрақтарға мәлiмет беру мақсатында, әкiмдiк ғимаратында көрсетiлетiн қызметтер стандарттарымен ақпараттық стендтер орналастырылған. Регламенттерi және стандарттарды қоса мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзбесi Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Ақпараттық технологиялардың белсендi қолданушысы бола отырып, заманауи қоғам мемлекеттiк қызметтi алу үшiн «электронды үкiмет веб-порталына», яғни, Интернет желiсiне қосылған компьютер (смартфон, планшет) және электронды-сандық қолтаңба (ЭСҚ) болса үйден шықпай-ақ, жүгiне алады.

Қызметтi алудың бұл түрi азамттардың ыңғайлылығына ғана емес, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты, бюрократиялықты, қағазбастылықты және мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiндегi өзге де кедергiлердi түп-тамырымен құртуға бағытталған.

Дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң мамандары Петропавл қаласының тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiне қатысты егжей-тегжейлi мәлiметтер берiп, түсiндiруде.

Бүгiнгi таңда 2015-2025 жылдарға арналған Тұжырымдама аясында бүкiл азаматтық қоғамның күшiн бiрiктiру негiзiнде Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты саясат жүргiзуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсытұжырымдаманы iске асыру кезеңiнде мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы саясат орнады, азаматтардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетiнiң деңгейi артты, қоғамдық сана қайта жаңартылуда, бұл дегенiмiз — Қазақстанымыз одан да мықты әрi гүлденген мемлекетке айналады.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң дене
шынықтыру және спорт бөлiмi» КММ

басшысы Д. Жолдасбаев

Мақаланың шыққан күні: 02.11.2019 00:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2020 16:15

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков