Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

Құрметтi Петропавл қаласының тұрғындары!

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс iстейтiнiне байланысты Мемлекеттiк қызметтер: жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру, елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру, Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру, Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну, эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсу, жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм, Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат берудi «Электрондық Үкiмет» порталы арқылы онлайн алуға болады (www.egov.kz).

Барлық туындаған мәселелер бойынша Сiз Петропавл қаласының әкiмдiгiне, «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» КММ, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23, № 10 кабинетке (дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн) немесе Call center 1414 телефоны бойынша (тәулiк бойы) хабарласа аласыз.

***

2020 жылғы 17 ақпанда құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiмен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ алаңында «Мемлекеттiк қызметтердi электрондық үкiмет порталы арқылы алу» тақырыбында «Ашық есiктер күнi» өткiзiлдi.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

Мақаланың шыққан күні: 06.11.2019 17:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.05.2020 23:58

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков