Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Петропавл қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың алдын алу шаралары

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ (бұдан әрi — бөлiм) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу үшiн:

Бекiтiлген кестеге сәйкес бөлiм басшысы және басшының орынбасары азаматтарды қабылдауды тұрақты жүзеге асырады, жеке қабылдауға өтiнiштер түскен жоқ.

Мемлекеттiк органдарға деген сенiмдi арттыру мақсатында бөлiм мамандарының қала тұрғындарымен кездесуi болды. 2018 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелерiмен 11 жиын және мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Құқықтық жалпы оқыту мектебiнiң жұмысы жалғасуда, онда қолданыстағы заңнаманы түсiндiру жұмыстарына көп көңiл бөлiнедi, 9 семинар-кеңес өткiзiлдi.

БАҚ-та сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тоқсан сайын ақпараттық-түсiндiру мақалалары орналастырылады. 2018 жылы 3 мақала жарияланды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтар: ұғымы және мақсаты», «Сыбайлас жемқорлық — бұл оң немесе терiс құбылыс», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесi».

Әрбiр мемлекеттiк қызметшi есте сақтау қажет:

  1. Этикалық кодекс пен ҚР заңнамасы нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеу және олардың жолын кесу;
  2. Басшының тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi және шынайы мәлiметтердi ұсыну;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа негiзсiз көпшiлiк алдында айып тағылған жағдайда осындай айып анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдансын;
  4. Жоғары тұрған басшыны және уәкiлеттi органдарды оны басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы жазбаша нысанда дереу хабардар етуге мiндеттi.

Ережелер мен заңдар бойынша өмiр сүрiңiз, сатып алмаңыз, асықпаңыз, қызмет бабын асыра пайдаланбаңыз, сыбайлас жемқорлық көрiнiсiне немқұрайлы қарамаңыз!

Сулейменов Т.С.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау
сектордiң меңгерушiсi

Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң халықаралық тәжiрибесi

Жемқорлықтың пайда болу себебi қандай да бiр елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму фазасына байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың әмбебап құралдарын дамыту мүмкiн емес.Сонымен қатар, халықаралық жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық жазаланатын жемқорлық құқық бұзушылық белгiлерiн түсiндiруде түрлi елдердiң құқықтық жүйелерiнiң арасындағы айырмашылықтар кедергi жасайды.Сонымен,кей елдерде (мысалға Тайваньда) пара алу үшiн ғана қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады,ал басқа елдерде(Чили)-жағдай тiптi қарама-карсы:пара беру қылмыс болып табылады, егер лауазымды тұлға өзге де құқық бұзушылық жасамаса оны алу саналмайды.

Жоғарыда көрсетiлген айырмашылықтарға қарамастан, көптеген елдер көбiнесе заңнамалық реформаларды ең қарапайым, бiрақ ең тиiмдi жемқорлыққа қарсы құрал ретiнде таңдайды- бұл сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық үшiн жазаны қатаңдату ғана емес, сонымен қатар билiктi асыра пайдалану мүмкiндiгiн төмендету үшiн мемлекеттiк бақылауды (тексерiстердiң,салықтардың төмендеуi) жеңiлдету және қысқарту. Мысалы, бiрқатар шет мемлекеттерде (АКШ, Франция, Нидерланды) мемлекеттiк басқару саласындағы және мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қайта бөлуге арналған бiрқатар нормалары әзiрленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды жетiстiктерге жеткен мемлекеттер ерекше қызығушылық тудырады,өйткенi жемқорлыққа қарсы тиiмдi бағдарлама түрiнде жағымды шетелдiк тәжiрибе қабылдау, елiмiздегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасаудың механизмiн жасауға көмектеседi.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
ветеринария бөлiмiнiң»
бас маманы Жарылғапова Б.

Сыбайлас жемқорлық — қоғамға терiс құбылыс

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы билiк пен ақшаның ықпалында болатын, қоғамға тән терiс құбылыс. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мемлекет және мемлекет атынан шешiм қабылдайтын лауазымдық тұлғалардан бастау алады. Мемлекеттiк жүйедегi сыбайлас жемқорлық, ол шенеунiктiң өзiне тиiстi емес ресурстарға шешiм қабылдау жолдарымен билiк етуiнен пайда болды.

Билiк органдарындағы сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк қауiпсiздiктi тудырады, ол қоғамдық құндылыққа, моральдық және мемлекеттiк тұрақтылыққа, қабылданған шешiмдердiң әдiлдiгiне тiкелей зиянын тигiзедi. Сыбайлас жемқорлықтың қауiпсiздiгi, ол қабылданатын шешiмдерде, алдымен тәжiрибелiк қызметiнде қоғам және мемлекеттiк үшiн позитивтi характерiнде бола бермейдi. Сыбайлас жемқорлық өнеркәсiптiк саясаттың тиiмдiлiгiн төмендетедi және салықтық, әкiмшiлiк және қылмыстық заңнамаларды бұза отырып, жеке бизнестi көленкеде кетуiне ықпал етедi. Сонымен бiрге сыбайлас жемқорлықтың даму факторына мемлекеттiк басқару жүйесiнiң күрделенуi мүмкiндiк туғызады, атап айтқанда пара шешiмдердi қабылдаудың құрылғысы болып табылады.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық — жеке мүддесi үшiн қызмет көрсете отырып, материальдық құндылықтарды мемлекеттiк және қоғамдық мүдделерге алмастыра отырып, мемлекеттiк органдарда және жеке мекемелерде, лауазымды тұлғалардың әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң күрделi әлеуметтiк құбылысы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтар: ұғымы және мақсаты

Бiздiң қоғамда заң, сыбайлас жемқорлық және мемлекет туралы тұрақты пiкiрлер қалыптасқан. Сыбайлас жемқорлық проблемалары қоғамымыздың санасына тамыры жайылған және қоғамымызда осылай қалыптасқан құбылыс сияқты қабылдайды. Осы мәлелелерде елеулi рөлдi бұқаралық ақпарат құралдары басты рөл атқарады, өйткенi күн сайын газеттерде және телеэкрандарда азаматтарға осы бағытта мемлекеттiк органдардың жұмыстарының нәтижелерi төмен екендiгi туралы айтылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтар шеңберiнде отбасының рөлiн бағаламауға болмайды. Осы аспектiдегi мәселелер, ол ата-аналар балаларын ересек, саналы өмiрге дайындауға жеткiлiксiз көңiл бөледi. Немесе керсiнше, елiмiздегi сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы олар тек үстел үстiнде, тұрмыстық деңгейдегi әңгiмелермен ғана шектеледi, бұл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы терiс элементтерге әкеп соқтырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтардың негiзгi мақсаты бұл:

  • қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресiн түсiну және бiлiмiн көтеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша механизмдерiн iске асыру;
  • сыбайлас жемқорлықтың зардаптары және оларға оның ықпал етуi және олар осы үшiн нақты не iстеу қеректiгi туралы қоғамды хабарландыру.

Заңға құрмет көрсететiн қоғамымызды дайындау призмасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемаларын қарап отырып, заңнан қандайда бiр ауытқу қоғамды керi тартады, осыған қарап мынадай шешiмге келуге болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтардан күткен негiзгi нәтижелер, пара беруден, параға сатып алудан, ж.т.б. аластай отырып, құқықтық негiзде үкiметтiк өкiлдермен өзара iс-қимыл жасау немесе үкiметтiк уәкiлеттiлiктi орындау қабiлеттiлiгiн арттыру. Менiң ойымша — сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтар және тәрбиелеу жүйесi бұл базалық тапсырма. Егер лауазымды тұлғалар әрқашан ережелерi бойынша әрекет жасасайтын болса, онда олар ережелердi бұзбайды және бұзушылық жасағанына пара ұсынбайды.

Атап өтемiн: тек жас ұрпақтармен жұмыс iстеу нәтижесiнде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеумен сыбайлас жемқорлықты жеңуге болатынына мен сенiмдi емеспiн. Құқықтық сана сезiмi және оның құқықтық мәдениетi қоғамның жоғары элементi болып табылғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықтар, құқықтық мемлекет құруда өзiнiң ерекше орнын алатынына сенемiн.

Ә. Әлiмбаев
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ
басшысының орынбасары

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуы және профилактикасы бойынша қолданылған шаралары туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң профилактикасына бағытталған, қолданылған шаралары туралы тұрғындарды ақпараттандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Бөлiм жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету үшiн, Бөлiм парағына тоқсан сайын жаңартылып отыратын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдары» мамандандырылған салымы құрылды, жеке және заңды тұлғалардың хаттары және өтiнiштерi үшiн пошта жәшiгi, «сенiм телефоны» жұмыс iстейдi.

Бекiтiлген кестеге байланысты, басшы және басшының орынбасары азаматтарды тұрақты түрде қабылдауды жүзеге асырады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдары туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын түсiнiктеме беруде зор көңiл бөледi және құқықтық бiлiм мектебiнiң жұмыстары жалғастырылуда. Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары басшылықпен бекiтiлдi.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiптерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қаралады. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау сапасына және уақытында қамтамасыз ету үшiн осы бағыттар бойынша жұмыс жағдайларына талдау өткiзiлдi, берiлген мерзiмде өтiнiштердi қарауда бұзушылықтарға жол бермеуге, бақылауларды күшейту бойынша шаралар қабылдануда.

Мемлекеттiк органдарға деген сенiмiн көтеру мақсатында, басшының тұрғындармен болған кездесуiнде, өткiзiлген жұмыстары, толғандырылған проблемалары, олардың шешу жолдарын анықталу туралы тұрғындарға ақпарат бердi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мәселелерi Бөлiмнiң отырыстарында қаралады.

2017 жылғы 9 айында Бөлiммен өткiзiлдi: 3 семинар кеңес, 3 лекция оқылды. Бұдан басқа, Бөлiмнiң жұмыс тобымен 2017 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдiлiктерiне талдау өткiзiлдi, тәуекелдiлiктер анықталды, осы қорытындылар бойынша ұсынымдар әзiрлендi.

Бөлiм осы бағытта жұмыстарын жалғастыра бередi.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерi!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, кiм өзiн шын мәнiнде нағыз азаматпын деп санаса, мен барлықтарыңа ойлануды шақырамын, осы сыбайлас жемқорлық қалай пайда болды, пара беру арқылы әр түрлi мәселелердi шеше алатын жемқорлыққа белiнен батқан шенеунiктер және бизнесмендер қайдан келдi. Оларды кiм тәрiбиеледi және неге бiздiң қоғамымыз осындай көлемде вирус жұқтырған?

Қайда барсаң естисiң: полициялар жұмыс iстемейдi, ал оларға еңбек ақыларын көтерiп жатыр, шенеунiктер құрылыстар салуға тек пара беру арқылы шешедi; маршруттағы қоғамдық көлiктер қалай болса солай жүредi, неге десеңiз олар әкiмдiк қызметкерлерiнiң «қолына» бередi — тiзе берсеңiз жалғасы шексiз кете бередi. Бiр жағынан адамдардiкi дұрыс — мемлекеттiк қызметшiлер пара алып, өздерiнiң мәртебелерiн бүлдiредi. Бiрақ сыбайлас жемқорлыққа тек шенеунiктердi кiналаған азаматтар өтiрiк айтады: атап айтсақ олардың өздерi көбiнесе «келiсiмге келудi» бiрiншi ұсынады.

Бүгiнгi күннiң шындығы былай, мемлекеттiк көрсетiлген тәртiптердi ж.т.б. бастап аяғына дейiн ұзақ уақытын кетiргенше, заңды айналып өту кей кездерi ыңғайлы. Осындай кезде әркiмнiң өзiнiң iшкi пiкiрi жұмыс iстейдi — осындай кiшкене нәрселерден сыбайлас жемқорлық басталады.

Азаматтардың құқықтық мәдениетiн көтеру — оңай шаруа емес. Бiр күнде бiздiң ой өрiсiмiз өзгермейдi, сондықтан тұрғындардың заңдық сауаттылығын жүйелi түрде көтеру қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мақсаты — тек заң шеңберiнде iс-әрекет жасау, әр уақытта проблемалар құқықтық негiзде шешiлуi тиiс.

Былай қарасақ мемлекеттiң қолданылып жатқан барлық шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған. Бiрақ тағы қайталаймын, осы құбылыспен тек үкiметтiң күшiмен ғана қарсы тұру мүмкiн емес. Осы қылмыстар латенттiкке жатады, осылар туралы айтқылары келмейдi (адам маған ақшаға болсада көмектестi, неге мен оларды құқық органдарына хабарлауым керек, кейiн тағыда өтiнуiм керек қой ж.т.б.). Сондай-ақ осындай фактiлердi азаматтардың қатысуынсыз анықтау едәуiр қиындатады.

Бұл жағдайда бiзге басқа елдерден үйренетiнiмiз көп, егер адам оларға күдiк туғызса, олардың адал азаматтары мiндеттi түрде полицияға өтiнедi. Олар оны бiрiншi өзi үшiн, сосын өзiнiң жақын туыстары және басқада азаматтардың қауiпсiздiгi үшiн iстейдi. Ал ондай адамдарды бiздiң елде қалай айтады?… Бұл бiздiң менталитет. Осындай кездерi бiз көбiнесе қашқақтап тұрамыз, бiреудiң iсiне жолама, тек өзiме тиiспесе болды, тек солай өзiмiздi жұбатамыз және ыңғайлы.

Бiз әрбiрiмiз өз елiмiзде, өз өңiрiмiзде, өз қаламызда болып жатқан жағдайларға жауапкершiлiкпен қарауға мiндеттiмiз. Ертеде ақылгөй айтқан екен: егер өзiң өзгерсең — айналаңдағы барлығыда өзгередi.

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
ветеринария бөлiмi» КММ
басшысының орынбасары Ә. Әлiмбаев

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ
басшысы Е.С.Жанмұханбетовтың
бұйрығымен бекiтiлген
10 наурыз 2017 жыл № 16.15.5-01/19

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмi» КММ мамандарымен құқықтық оқытуды өткiзу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және профильдi заңнаманы зерделеу 2017 жылға арналған жоспары

№ п/п Тақырыптар атауы Оқыту мерзімі Жауапты
1. «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының новеллалары, 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпан Жарылғапова Б.А.
2. Мемлекеттік кірістер органына кірістер туралы декларацияны тапсыру тәртібі наурыз Нұрдаулетова Л.Е.
3. Мемлекеттік ызметкерлердің еңбек ақысын төлеу факторлы-балды шкаласы сәуір Гаголин В.В.
4. «Ветеринария туралы» ҚР Заңындағы толықтырулар мен өзгертулер мамыр Тараканова Н.Е.
5. «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіндегі толықтырулар мен өзгерістер маусым Сәрсембаева А.Т.
6.  «Терроризмге қарсы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі ҚР № 416 Заңы шілде Воробьев В.В.
7.   «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы тамыз Әлімбаев А.Т.
8. Мал шаруашылығындағы ветеринарлы-профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығы қыркүйек Мұқанова Г.Ш.
9.  Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер қазан Сүлейменов Т.С.
10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы толықтырулар мен өзгертулер қараша Гаголин В.В
11. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу тәртібі, соңғы толықтырулар мен өзгертулерді оқыту желтоқсан Тараканова Н.Е.

«Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ-сi қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2016 жылғы 1-шi жарты жылдығына арналған мониторингi

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ басшысының орынбасары Әуесбек Төребекұлы Әлiмбаевпен жүргiзiледi.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау нысаны — «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жасау кезеңi — 2016 жылдың 1-шi жарты жылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жасау үшiн жауапты лауазымдық тұлға — «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ басшысының орынбасары Әуесбек Төребекұлы Әлiмбаев.

Нормативтiк құқықтық актiлерiнде және құқықтық актiлерде, Бөлiмнiң iс әрекетiн қозғайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзұшылық жасауға мүмкiндiк беретiн дискрециялық өкiлеттiк және нормалар анықталған жоқ.

Бөлiмнiң ұйымдастыру-басқару әрекетiнiң сұрақтары:

Бөлiм «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн бекiту туралы» Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 14 тамыздағы №1457 Қаулысы негiзiнде «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн бекiту туралы» Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы №1197 Қаулысымен бекiтiлген «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже негiзiнде әрекет етедi. Бөлiм «Петропавл қаласының кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта құру жолымен, «Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ-нiң бөлiну жолымен Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 25 ақпандағы № 404 Қаулысына сәйкес құрылды. Бөлiмнiң штаттық саны 11 бiрлiк, Бөлiмде бос орындар жоқ, кадр ауысымы жоқ.

Мүдделер қақтығысы жоқ.

Бөлiм келесi мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

  1. мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытындысын беру;
  2. ветеринариялық анықтаманы беру;
  3. ауыл шаруашылық жануарларына паспортын берiп түгендеу жасау;
  4. ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызмет ететiн заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау.

Мемлекеттiк қызметтер 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министiрiнiң бұйрығымен бекiтiлген, ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандартына сай және 2016 жылғы 16 маусымдағы № 222 Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Қауылысымен бекiтiлген ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер регламентiне сәйкес көрсетiледi.

2016 жылғы бiрiншi жарты жылдық iшiнде Бөлiмге — 14 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде — 8 жеке тұлғалардан, 7 өтiнiш қарастырылды, 1-уi аумақтығы бойынша басқа мемлекеттiк органға жiберiлдi. Заңды тұлғалардан 5 өтiнiш түстi, оның iшiнде 4 — өтiнiш, 1 — сұраным, өтiнiштер қарастырылды, сұранымға жазбаша жауап берiлдi. Көрсетiлген қызметтер бойынша шағымдар, терiс пiкiрлер болған жоқ.

Бөлiм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру 2016 жылғы 3, 4 тоқсанында жоспарланып отыр.

Бөлiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есепке алу және құқықтық статистика Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Басқармасының қызметкерiмен заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру есебi және тәртiбi туралы заңнамасын қолдануы, сонымен қатар 2015 жылы және 2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша «Айқын» жобасын iске асыру бойынша тексерiс өткiзiлдi, тексерiс аяқталған соң анықталған бұзушылықтар бойынша (басшысының қабылдауынан өтiнiштердi АИС ЕУОЛ базасына тiркелмеген) 2016 жылғы 20.06. ақпараттық хат жiберiлдi. Анықталған бұзушылықтар мәлiмет үшiн қабылданды, өткен 2015 жыл және 2016 жылдың 1 тоқсан бойынша «Заңды және жеке жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды статистикалық есебi қалыптасып өзгертуге жатпайды, сондықтан бұзушылықтарды жоюға мүмкiндiк жоқ. Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және есепке алу туралы заңнамамен жұмыс iстеу бойынша шаралар қолданды, бөлiмде ұқсас бұзушылықтарды болдырмау мақсатында семинар-кеңес өткiзiлдi (2016 ж. 22.06. семинар-кеңестiң хаттамасы). Заңнаманы орындау үшiн бақылау күшейтiлдi.

Рұқсат функциялары, бақылау функциялары орынды түрде қолданылады.

Ұсыныстар — Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу, алдағы уақытта осыған ұқсас бұзушылықтарды болдырмау.

Сыбайлас жемқорлық дегенiмiз не?

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес «сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

Жемқорлыққа әрдайым пара берушi тұлға мен пара алушы тұлға қатысады.

Пара берушi тұлға — ол өз мақсатында кейбiр пайданы лауазымды тұлғаның уәкiлеттiгiн пайдалану мүмкiндiгiне айырбастаған азамат. Ақша, материалдық құндылықтар, қызмет түрлерi, жеңiлдiктер және басқалар пайда болып саналады. Осы ретте лауазымды тұлғада өкiмшiлдiк немесе әкiмшiлiк функцияларының болуы мiндет шарт болып табылады.

Пара алушы тұлға өзiнiң мiндеттерiн белгiлi бiр тұлға (тұлғалар тобы) үшiн ақылы жүзеге асыратын лауазымды тұлға, мемлекеттiк қызметшi болуы мүмкiн. Ол тұлғадан оның мiндеттерiн орындау, сондай-ақ орындамау, ақпаратты беру және т.б. күтiлуi мүмкiн. Бұл ретте, ол талаптарды өздiгiнен не болмаса өзiнiң дәрежесiн, беделiн және билiгiн пайдалана отырып, талаптарды басқа тұлғаларға орындатуға жағдай жасатуы мүмкiн.

Қазiргi күнi халықтар арасында жемқорлықты әлдебiр нәрсе ретiнде бағалайтын азаматтардың жеткiлiктi үлкен тобы орын алды.

Параны беретiн немесе алатын адам әп-сәттiлiк пайда табады. Олардың бiразы, тiптi өз iс-әрекеттерiнiң сыбайлас жемқорлықпен тиiмдi күресуге жағдай жасамайтынын ойламайды. Азаматтардың елге және жеке тағдырларының сыбайлас жемқорлық ситуацияларына деген селқостығының келесi себептерi:

Сыбайлас жемқорлық iс-әрекетiнiң себептерiне төмендегiнi жатқызуға болады:

  • сыбайлас жемқорлықтың анықталуына халықтың толеранттылығы;
  • оны алу негiзiн тексеру кезiнде болашақта алынған игiлiктi жоғалтып алу қаупiнiң жоқтығы;
  • лауазымды тұлғада алдына қойылған сұрақты дүұрыс және терiс шеше алатын iс-әрекет нұсқасын таңдай алу;
  • азаматтың лауазымды тұлғамен сөйлесу кезiнде психологиялық сенiмсiздiгi;
  • азамат өз құқықтарын, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа мекемедегi басқару функцияларын орындайтын жоғары лауазымды қызметшiлер немесе тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн бiлмеуi;
  • лауазымды тұлғалардың iс-әрекетiне басшылар тарапынан тиiстi бақылаудың болмауы.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең бiрiншi, азаматтардың сыбайлас жемқорлық байланысына қатысуына қаламаушылық бiлдiрумен айқындалуы қажет.

«Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi» ММ
басшысының орынбасары А. Алимбаев

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2017 11:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.10.2018 16:12

СҚО Петропавл қаласының әкiмi
Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Промышленная Революция 4.0
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17
18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Премьер-министр Казахстана
egov.kz
Ассамблея народа Казахстана
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
IPO
ДКБ2020
Алтын сапа
Әділет
Модернизация пенсионной системы
Казконтент
Иновационные гранты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Защита бизнеса СКО
Электрондық еңбек биржасы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
100 жаңа есім
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Астана — Ұлы дала елордасы
A- A A+